КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І. ЕСЕПТІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ РӨЛІ 5
1.1 Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері 5 1.2 Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тәжірибесі 8
II. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ 12
2.1 Есептік тұлғалармен есеп айырысу бойынша шаруашылық операция 12
2.2 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың
есебі 13
2.3 Іссапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі 15
2.4 Өкілдік шығыстарының есебі 17
2.5 Жоғалту мен кем шығудың есебі 18
2.6 Берілген аванс бойынша есеп айырысу мен күдікті қарыздар бойынша
резервтердің есебі 19
2.7 Басқадай дебиторлық қарыздар 21
ІІІ. ДЕБИТОРЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ БАҚЫЛАУ 24
3.1 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Менің бұл тақырыпты таңдау себебім кәсіпорындардың, есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу, іссапар бойынша жұмсалған шығыстардың есебі, берілген аванс бойынша есеп айырысу мен күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі, басқа да дебиторлық қарыздардың есебі туралы толық мағлұмат алу.
Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық ғалымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми талдайтын жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процесстерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткен, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеуге жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдалақтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Дебиторлық және кредиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен
барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын
талап етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады деп жазған.
Іссапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іссапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.
Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 6010 "Берілген аванстар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар -- 1611 "Тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар" және 1612 "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар".
Басқалай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 1200 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынадай шоттар кіреді:
- 1270 Есептелінген проценттер;
- 1250 Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары;
- 1280 Басқа да қарыздар.

І. ЕСЕПТІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ РӨЛІ
1. Дебиторлық берешек түсінігі мен түрлері

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - 1200 Дебиторлық борыштары Алынуға тиіс шоттар деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін, алынатын уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Дебиторлық борыш - заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық борышының болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретінде, демек, кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.
Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі болашақ экономикалық пайда - бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.
Осыдан шығатыны, дебиторлық борыш - бұл заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда.
Дебиторлық берешекті есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың қашан сатылғанын тануында.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
:: Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
:: Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
:: Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
:: Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
:: Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
:: Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады.
Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны.
Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен
өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардан мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар
Бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру
арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
* 1210 Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
* 1290 Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
* 1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы.
* 1280 Басқадай дебиторлық борыштар.
* 1620 Алдағы кезең шығындары.
* 1630 Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.

1.2 Дебиторлық борыштар есебінің шетелдік тәжірибесі

Дебиторлық берешекті есепке алу белгіленген стандарт бойынша жүргізіледі. Дебиторлық қарыз халықаралық және қазақстандық бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес компаниянға сатып алушылардан (дебиторлардан) алынуға тиісті ақша сомасы деп анықталады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Халықаралық стандарттар аймақтық және халықаралық (әлемдік) болып бөлінеді.
Аймақтық ұйымдарға:
* Еуропалық экономикалық бірлестік;
* Еуропалық бухгалтер - эксперттер федерациясы;
* Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес;
* Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы;
* Азия және Тынық мұхит елдерінің бухгалтерлер федерациясы;
* Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің бухгалтер федерациясы;
* Оңтүстік - Азиат бухгалтерлер федерациясы;
* Солтүстік бухгалтерлер федерациясы және тағы басқа жатады.
* Халықаралық (әлемдік) ұйымдарға:
* қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты бойынша Комитет;
* Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы;
* Біріккен Ұлттар Ұйымы;
* БҰҰ халықаралық бухгалтерлік стандарттар бойынша Үкіметаралық эксперттер жұмыс тобы;
* БҰҰ трансұлттық корпорациясы бойынша комиссия;
* Экономикалық қарым - қатынас және дамыту ұйымдары және басқа.
Қазіргі уақытта барынша тұлғалы (уәкілді) халықаралық бухгалтерлік ұйым болып 1973 жылы 29 маусымда Австралия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Канада, Мексика, Нидерландия, АҚШ, Франция, Жапония кәсіби бухгалтерлік ұйымдарымен құрылған комитет табылады.
Батыстағы дебиторлық берешектің есебі Ресейдегімен сәйкес. Мұндағы дебиторлық берешектің кең тараған түрі - есепке алынуға тиісті шоттар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек - талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады.
Батыстағы дебиторлық берешек есебі келесі шараларды қамтиды:
* Тауарды сатуда несие беру, және оның мерзімі мен жеңілдіктер жүйесін ұйымдастыру;
* Несие беру кепілдіктерін анықтау;
* Сатып алушы сенімділігін анықтау, сатып алушы мен фирма арасында сенімділік қатынасын орнату;
* Несие сомасын белгілеу.
Германиядағы дебиторлық берешек есебі батыстағымен тура сәйкес келеді. Тек ерекшелігі ретінде, шетел валютасындағы дебиторлық берешек есебін айтуға болады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек бастапқы құны мен баланс құрылған уақыттағы валюталық құнынан төмен бағамен көрсетіледі.
Соңында, шығындар валюталық курс тербелістерінен есепке алынады,
ал пайда алынбайды. Бірақ, тәжірибе жүзінде барлығы басқаша болуы мүмкін, әсіресе егер компанияның шетел валютасында байланысқан активтері немесе міндеттемелері болса. Германиядағы есептің соңғы өзгертулері бойынша, дебиторлық берешек баланста баланс құрылған уақыттағы валюталық құнымен көрсетіле алады. Бұл жағдайда, балансқа қосымша ретінде есеп әдістерін толығырақ ашып жазу керек.
Ал Испанияда дебиторлық берешек есепті кезең соңындағы бағам бойынша есептелінеді. Бағам айырмалары берешек мерзімі және валютасы бойынша топтастырылады. Оң нәтижелі топтама пайда түрінде есептелсе, теріс топтама шығындар мен пайдалар есебінен есептен шығарылады.

II. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Есептік тұлғалармен есеп айырысу бойынша шаруашылық операция

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарында есептелінетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
1620 Алдағы кезең шығындары.
1630 Берілген аванстар.

2.2 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі

Дебиторлық берешек - кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек - кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
1210 "Алынуға тиісті қарыздар";
1220 "Алынған вексельдер";
1230 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары"
2110 "Алынуға тиісті қарыздар" шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады:
Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
Кесте №1
Дт
Кт
7010 "Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны"
7020 "Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны"
1320 "Дайын өнімдер"
1330 "Алынған тауарлар"
8010 "Негізгі өндіріс"
8020 "Өз өндірісінің шала өнімдері"
8030 "Қосалқы өндіріс"

Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 3110-шоты дебеттеледі де, 6010 "Сатылған дайын өнімнен түскен табыс", 6011 " Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледі.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1050 "Валюталық шотындағы нақты ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша, 1010
"Кассадағы нақты ақша" шоттары дебеттеледі де, 1210 "Алынуға тиісті қарыз"шоты кредиттеледі.
Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады да, ол: 3510 және 3520 шоттарының дебеті және 1210-шотының кредиті бойынша кәрініс табады.
Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен кәрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 кредитінде керсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрініс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 "Сатудан жасалған жеңілдіктер", 6030 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 1210-шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы-материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.

2.3 Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі

Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.
Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іс-сапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іссапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КРЕДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
«Оралоблгаз» Ақ-да есеп-қаржы жұмыстарының ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы және ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Дебиторлық берешек есебі жайлы
Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысудың теориялық негіздері
Тауарды жеткізу шарты
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аудиті
Еңбек ақы төлеудің түрі, нысаны және шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштері
Пәндер