НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3 1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5 1.1 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 5 1.2. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясы 10 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ 16
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі 16
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі 20 2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару 22 2.4 Негізгі құралдардың түгендеу есебі 24 3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ ЕСЕБІ 27 3.1 Негізгі құралдар қозғалысының құжаттық есебі 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және оның кәсіпорында қалай жүргізілуін жалпы талдау, сондай-ақ оларды бухгалтерлік есепте есепке алынуын көрсету.
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтерімен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес, әлеуметтік салада да ұзақ уақыт бойы, бір жылдан астам қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машина және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар, құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар.
Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC- қа сәйкес ұйымдастырылады.
Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.
Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық ісінде қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 1.1 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
Негізгі құралдар - дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс циклдерінде пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор. Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады.
Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтасады:
- салалар бойынша;
- мақсатына қарай;
- түрі бойынша;
- қайтарылатындығына қарай;
- пайдалану сипатына қарай,
- салық салу мақсатына қарай.
Экономикалық мақсатына - қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
ғимараттар;
құрылыстар;
өткізгіш жабдықтар;
машиналар мен жабдықтар;
көлік құралдары;
аспаптар;
өндірістік инвентар және керек жарақтар;
шаруашылық инвентары;
кітапханалық активтер;
кітапхана қоры;
жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
басқа да негізгі құралдар.
Қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оны баланста көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алған құралдар боп саналады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгіқұралдарға күрделі қаржы жұмсау) жатады.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, оларамортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:
Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш приборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістік-шарауашылық және басқа еңбек құралдары жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни, тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын-үй шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.
Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады. Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады. Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект саналады;
Үйлер - халыққа еңбек ету, тұру, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, құбырлар).
Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады.
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдармен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механика- ландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және басқасын өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары).
Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
Шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал -- ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;
Көп жылдық өсімдіктер -- қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) -- ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту);
Басқа да негізгі құралдар -- кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар. Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі - бүл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі - бүл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
1.2. Негізгі құралдардың тозу және амортизациясы
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);
2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.
Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.Амортизация - активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шықкдн айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Ұйым негізгі құралдардың әр тобы бойынша амортизация есептеу тәсілін өзі таңдайды. Таңдап алынған тәсілдер, негізгі құралдарды экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану мақсатында, басқа тәсілді таңдап алғанға дейін, жылдар бойы өзгеріссіз қолданылады. Таңдау кезінде табыс пен кірістің тең болу қағидасы сақталуға тиіс. Мысалы, өндірістік кешенді пайдаланудан түсетін табыс жылдарға тең бөлінген, олай болса, шығындар қатарына жатқызылатын амортизацияны есептеу үшін бірқалыпты тәсіл пайдаланылады.
Негізгі құралдарға амортизация есептелініп отырады. Есептелген амортизациялық сома негізгі құралдардың бастапқы құны сомасынан біртіндеп шегеріледі. Бастапқы құннан есептелген амортизациялық соманы азайтқандағы қалған сома, қалдық құн деп аталады. Негізгі құралдардың қызмет көрсету мерзімін, олардың жағдайына,климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік технологиямен оның өзгеру бағытына орай әрбір ұйым өз бетінше анықтай алады.
Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.
Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:
1.Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
3. Азайып отыратын қалдық әдісі.
Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады. Мысалы, объектінің құны 100000 теңге, қызмет мерзімі - 10 жыл. Есептік жою құны- 2000 теңге. Тозуға жыл саынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)10. Ал ай сайынғы тозу сомасы 817 теңге (980012).
Өндірістік әдісте әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолданылу жиілігіне тікелей байланысты жерлерде осы әдіс қолданылады. Мысалы, жабдық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға қабілетті. Объектінің құны 27000 теңге , жою құны- 3000 теңге. Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері: (27000-3000)5000=5,34 теңгеге тең болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5,34*400).
Қалдықты азайту әдісі кезінде, түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қосылады. Болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды, амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы құнды қоспағанда. Мысалы, объектінің қызмет мерзімі- 5 жыл, бастапқы құны 100000 теңге, ал жою құны 1000 теңге. Түзу сызықты тәсіл кезінде қолданылатын амортизация нормасы- 20% (1005) тең болады. Онда жеделдетілген амортизация үшін 2 коэффициентін ескере отырып бұл норма 40% болады және қалдық құнға тағайындалған ставкасы болып табылады. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар келесі түрде есептеледі:
Кесте №1
Бастапқы құны
Амортизация нормасы
Қалдық құны
1 жыл 10000
4000=(40%*10000)
6000
2 жыл 10000
2400=(40%*6000)
3600
3 жыл 10000
1440=(40%*3600)
2160
4 жыл 10000
864=(40%*2160)
1296
5 жыл 10000
296=(40%*1296)
1000
Негізгі құралдардың тозуының синтетикалық есебі үшін 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы тобы шоттарында жүргізіледі. Бұл шотта ұйымның негізгі құралдарының жинақталған тозуы туралы, сонымен қатар олардың құнсыздануы туралы ақпараттар жинақталады. Жыл сайын әрбір ұйым баланс күніне құнсыздануға тест жүргізу керек.
2420 шоттарының кредиті бойынша есептелген амортизация сомасы келесі шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі: 7110 "Тауарларды және қызмет көрсетулерді сату бойынша шығындар", 7210 "Әкімшілік шығындар", 8410 "Үстеме шығындар" және тағы басқа.
Жинақталған тозу сомалары негізгі құралдар шыққан кезде ғана есептен шығарылады және 2420 шоттардың дебеті бойынша 2410 кредиті бойынша көрсетіледі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы
айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде
танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.
Сонымен қатар амортизациялық аударымда мынадай жағдайларда есептелінбейді:
Қайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта.
Негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың
бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар
сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz