СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І. ЖАРНАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Сыртқы жарнаманың құрылу және даму тарихы 5
1.2 Сыртқы жарнаманың міндеттері мен ерекшеліктері 9
1.3 Сыртқы жарнаманың түрлері 11
ІІ. СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 15
2.1 Кәсіпорынның жарнамалық қызметін ұйымдастыруды бағалау 15
2.2 Сыртқы жарнаманы шаруашылық әдісімен айқындау 17
2.3 Сыртқы жарнаманы сатып алу, орнату, пайдалану 18
2.4 Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны 19
ІІІ. ТУРИЗМДЕГІ ЖАРНАМА ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 22
3.1 Туристік кәсіпорындардағы түрлі жарнама шығындар түрлерін есептеу 22
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Жарнама - тұтынушыларға хабарлау және сұранысты туғызу мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және тағы басқа туралы ақпарат беру жолы. Әдетте жарнама қызметімен мамандырылған жарнама агенті, яғни тауары мен қызметін өткізу үшін сатып алушыны іздеп табуға ұмтылатын тапсырыс берушінің жарнамасын және жарнама құралдарын өңдеп,дайындайтын шығармашылық,қызметкерлер мен коммерсанттардан тұратын тәуелсіз кәсіпорын.
Жол органдары өтінішке сәйкес обьектіні орналастыру орнын анықтайды, сондай-ақ обьектінің көлемі мен көркемдігі қолданыстағы нормативті - техникалық құжаттардың талабымен қаншалықты сәйкес келетінін тексереді.
Жарнама - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, интернет, плакаттар) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
Сыртқы жарнама - бұл көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Жарнама - қаржылау көзі анық көрсетілген төлемді ақпарат құалдары арқылы орындалатын коммуникация дербестелінбеген формасы.
Жарнамаға ақша шығаратындардың арасында коммерциялық фирмалармен қатар, өз мақсаттарын әртүрлі нысаналы аудиториялар алдында жарнамалауға тырысатын мұражайлар, қорлар және әртүрлі қоғамдық мекемелер де болады.
Мекемелер жарнаманы өткізуге әртүрлі жолдармен келеді. Майда фирмаларда жарнамамен осы агенттікпен анда-санда байланыс жасайтын өткізу бөлімінің бір қызметкері айналысады. Ірі фирмалар өздерінде жарнама бөлімдерін құрады. Мұндай бөлімінің басқарушысы маркетинг бойынща вице-президентке бағынады. Жарнама бөлімінің міндеттіне жалпы жарнама бюджетін бекіту, тікелей пошта жарнамасы шараларын өткізу, дилерлік мекемелерде жарнамалық безендіруді ұйымдастыру және жарнама агенстволары айналыспайтын жарнаманың басқа түрлерін іске асыру жатады.
Жарнаманы жоспарлау процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
:: мақсатты аудиторияны таңдау;
:: жарнама мақсатын анықтау;
:: хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
:: жарнама қүралдарын таңдау;
:: жарнама тиімдідігін бағалау.
Кең аудиторияға арналған жарнама әрқашан тиімді бола бермейді, сондықтан мақсатты аудитория анықталады. Бұл - жарнама бағытталған тұтынушылардың нақты тобы. Тұтынушылардың мінез-құлықтарын анықтаған соң, жарнама науқанына кірісуге болады.
Кез келген жарнама мақсаты -- мақсатты аудиторияға бағытталған акпараттың нәтижесінде шешілуі тиіс нақты міндет. Жарнаманың мақсаттары тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады

І. ЖАРНАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Сыртқы жарнаманың құрылу және даму тарихы

Жарнаманың тамырлары ескі кезеңдерді қамтиды. Кез-келген деңгейдегі және даму сатысындағы өндірушілер өздерін жариялау үшін, сонымен қоса өнімдеріне сату, айырбастау операцияларын қамтамасыз еткісі келуімен байланысты. Көшбасшылар, командирлер, діни лидерлер өздерінің кескіндері мен жасаған әрекеттерін мақтанышпен жазуларын қажет етті.
Жарнамалау бөлек қоғамдық қызмет түрі ретінде қалыптасқан жоқ, өндірушілерге тауарды тұлғалармен байланыспайтындай, басқа коммуникациялық құралдар арқылы ұсыну қажеттілігінен туды. Бір қызығы, бұл қажеттілік жарнама ұғымының анықтамасынан, тіпті алғашқы кітапты басып шығарғанға дейін пайда болды.
Жарнама сөзі reclamare латын сөзінен шыққан, бұл айқайлау дегенді білдіреді. XVIII ғасырдың екінші жартысында белгілі бір қызмет түрін анықтайтын термин ретінде қалыптасты. Жарнаманың пайда болуының негізгі себептері - әлеуметтік еңбек бөлінісі және еркін нарықтың пайда болуы.
Саудагерлер әрқашан өз өнімдерінің сатылымын ұлғайту үшін сатып алушылармен байланыс нысандарын жақсартуға ұмтылды, сондықтан тарихи тұрғыда, жарнама - тұтынушыны тауарларды сатып алуға әсер ету мақсатында, саудагердің басты құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жарнаманың сипатын біржолата анықтау мүмкін емес. Өйткені, жарнама психология, математика, статистика, логистика, әлеуметтану және басқа да бірқатар ғылымдардың тоғысуында пайда болған өнер мен ғылымды біріктіреді, сонымен қатар қазіргі заманғы маркетингтің негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Жарнама дегеніміз не? Бұл анықтама Американдық маркетинг қауымдастығына тиесілі: Жарнама - бұл жеке демеушінің идеялар мен қызметтерін жылжытудың ақылы нысаны. Бұл анықтама жарнаманың ең маңызды функциясын көрсетеді, яғни потенциалды тұтынушымен тікелей байланыс орнатпастан, жарнаманың өндірушіден белгілі бір мақсатты аудиторияға ақпараттың берілу мүмкіндігін көрсетеді.
Сондай-ақ, жарнама тауарларды жүзеге асыру және сұранысқа ие болдыруы мақсатында, олардың нақты қасиеттері туралы ақпаратты жеткізеді.
Заманауи жарнаманы таратуға негіз болған - кітапты басып шығару, электр энергиясы, радио, компьютерлік революция және тағы басқа адамзаттың техникалық және ғылыми жетістіктері.
Сыртқы жарнама өз тарихын - қалалардың туылуынан және дамуынан бастады деп айта аламыз. Заманауи зерттеушілер ең көне жарнамалық мәтіндердің бірі деп - ескі қала Мемфистің қираған жерінде табылған кесілген жазбаны атайды: Мен, Рено, Крит аралынан, құдайлардың еркімен түс жоримын Бұл қабырғаларда көмірмен түрлі жарнамалар жазылған-ды
Біздің уақытқа дейін бірінші болып жеткен жарнамалық материал ол - египеттік папирус қағазы, онда құлдық сатылуы жөнінде хабарланған. Суретшілер болса, өздерінің еңбектерінде фамилияларын қалдырған. Кейбіреулер болса, картиналардың керемет жасалған копияларын, көшірме ретінде ұсынды.
Жарнама тәжірибесі жазу тарихының ертедегі құжаттарынан-ақ көрініс табады. Жерорта теңізінің маңындағы елді-мекендерді зерттеу барысында археологтар әртүрлі оқиғалар мен ұсыныстар жазылған хабарландыруларды тапқан. Римдіктер қабырғаларға гладиаторлардың жекпе-жегі туралы хабарландырулар ілсе, финикиялықтар жол бойындағы жартастарға әртүрлі шерулер мен тауарларды жарнамалайтын жазулар жазған. Бұның бәрі қазіргі сыртқы жарнаманың алғышарттары болатын. Помпейдегі қабырға жазуларының бірі саяси қайраткерді мақтап, оған дауыс беруге шақырған.
Басқа ертедегі жарнаманың бір түрін қалалық глашатайлар атқарған. Ертедегі Грецияның Алтын ғасырында Афина көшелерінде құлдардың, малдың, басқа да тауарлардың сатылатындығы жөнінде айтып жүрген глашатайларды кездестіруге болатын еді. Осы сияқты ертедегі жарнаманың бір түрі - қол өнершілер өздері жасаған тауарлары мен қолөнер бұйымдарына жапсыратын таңбасы болған. Бүгінгі күні де осы мақсаттарға байланысты тауарлық белгілер мен маркалық атаулар пайдаланылып жүргендігі белгілі. Өндірісті орталықтандыру мен базарларды қысқарту дәрежесіне қарай жапсырма таңбаның маңызы артып келеді.
Жарнаманың дамуына күшті әсер еткен оқиға - 1450 жылы Гутенбергтің баспа станогын ойлап табуы болды. Жарнама берушілер өз хабарландыруларын қолдан жасамайтын дәрежеге жетті. Ең алғашқы қағазға басылған хабарландыру ағылшын тілінде 1478 жылы пайда болған.
1662 жылы ағылшын тілінде Уикли ньюс газетінің жарық көруі жарнаманың дамуына жаңа қарқын берді. Кейінірек Эдисон мен Стилдің шығарған Тэтлер газеті жарнама нарығын одан әрі дамытты. Эдисон жарнама жасаушыларға төмендегідей кеңес ұсынады: Жарнамалық мәтінді жазудағы ұлы өнер - оқырман назарын аудартатын дұрыс жолдарды іздеу, әйтпесе жақсы жаңалықтың өзі белгісіз болып қалады немесе банкроттық хабарландырулардың арасынан орын алуы мүмкін. Жарнама Америка Құрама Штаттарында кең етек жайды.
Еліміздің даму деңгейіне қарай жарнама біртіндеп жеке салаға - концерндер, корпорациялар, кәсіпорындар мен фирмалар мүддесіне қызмет ететін ірі индустрияға айналып, олар тарапынан нарықты жаулап алып, көп пайда табу құралына айналып келеді.
Сонымен, жарнама 20-шы ғасырда қазіргі заман образының органикалық бөлігіне айналды.
20-шы ғасырдың басында Қазақстанда баспа жарнамасы тез дамыды, сонымен қатар газет-журналдардағы жарнама да қарқынды дамуда. Арнайы жарнамалық журналдар, газеттер тағы басқалары жарық көруде.
Жаңа қоғамдық және экономикалық қатынастар талаптарына сай жарнама мақсаттары да өзгеріске ұшырады. Қазір жарнама экономикалық негіздің нығаюы мен шаруашылықтың нығаюы үшін қажетті жағдайларды жасауға қызмет етеді.
Қазіргі күні жарнама біздің өмір салтымызға жат, қажетсіз институт деген де көзқарас бар. Мұндай көзқарастың пайда болуына түрткі болған нәрсе - жарнаманы екінші кезектегі жұмыс деп қарастыру мен жақсы тауар жарнамасыз-ақ сатылады деген пікір. Тәжірибе жақсы тауардың байланыс құралдарынсыз, жарнамасыз өз тұтынушыларын таппай қалуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр.
Алматы қаласында 1992 жылдан бастап жарнамаға арналған көрмелер мен фестивальдар өткізіліп келеді. Қазақстан нарығында жарнаманың даму болашағы өте жоғары екендігін айтуымыз керек. Жарнама орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-ші жылдың 5-ші қыркүйегіндегі №845 қаулысымен және Алматы қалалық мәслихатының 1998-ші жылдың 30-шы қыркүйегіндегі шақырылған 22-сессиясының Алматы қаласында жарнамалық - ақпаратық өнімді орналастыру ережесін бекіту туралы шешімдер реттелді.
Бұл құжаттармен жарнаманың жалпы талабы,орналастырудың тәртібі мен шарттары, жарнаманы (траспорт, афиша, плакат сервис обьектілерін көрсетуші сілтемелер және тағы басқа) орналастырудың келісімі мен төлемақы тәртібі белгіленеді.
Ұйымдар жарнама өткізуге әртүрлі жолдармен келеді. Мәселен, шағын мекемелерде жарнамамен сату бөлімінің бір қызметкері айналысады, жарнама агенттіктерімен байланыс жасайды.
Өз жарнамасының мақсаттарын анықтап алғаннан кейін, мекеме әр тауарға жарнама бюджетін жасақтауға кіріседі. Жарнаманың басты мақсаты - оған деген сұранысты арттыру болып табылады, фирма жарнамаға өткізу көрсеткіші қанша болғандығын қаласа, сонша қаржы шығындайды.
Жарнама - өз тауарын табысты өткізу мақсатында ақпарат таратып, адамдардың санасына әсер ету арқылы өз қызмет, өнімі туралы жарнама жасайтын өнеркәсіптік, қызмет көрсетуші кәсіпорындардың табыс табу көзі.
1.2 Сыртқы жарнаманың міндеттері мен ерекшеліктері

Сыртқы жарнама (ағыл. - outdoor advertising) - тұтынушыға жарнамалық хабарламаларды баспа плакаттары, бояу немесе жарық тақталары, сонымен қатар, көлік жолдары мен теміржолдар бойында орналасқан басқа да құралдар арқылы тасымалдайтын медиа-канал.
Сыртқы жарнама - адамға үйде немесе кеңседе емес, керісінше көшеде немесе саяхаттау кезінде жол табуға мүмкіндік беретін әсер ету құралы. Қазіргі заманғы мобильді қоғамда сыртқы жарнамамен адамдардың көпшілігі кездеседі.
Сыртқы жарнама үшін бес маңызды ереже бар:
* жиі көзге түсу;
* назар аударту;
* қысқаша болуы;
* жолда оқуға оңай болу;
* түсінікті болуы.
Орташа алғанда, барлық тұрғындардың сыртқы жарнамаға көңіл бөлуі 32%-ды құрайды. Жеке жарнама екіншісіне жақын орналасқан басқа жарнамаға қарағанда өзіне 2,5 есе көп назар аударады. Осы талаптардың негізінде, сыртқы жарнама - ұсынылатын тауарларды (қызметтерді) тек қысқа бейне мен қысқаша мәтінді пайдалануда ғана тиімді. Оны танымал өнімдердің құндылығы, оларды сатып алатын жері, сондай-ақ тиімділігін аудиторияның назарына еске салатын құрал ретінде пайдалануға болады. Кейбір жағдайларда, билбордтар жарнамаланатын нысанға (коммерциялық кәсіпорын, кеңсе немесе қызметтің жанында) тікелей жақын жерде орналасқан. Демек, сыртқы жарнама, негізінен, еске салушы немесе ақпараттандырушы. Еске салу және ақпараттандыру жарнамаларының орындары ретінде, мысалы, метро, автобустардаға жарнамалық панельдер қызмет етуі мүмкін. Бұл жарнамалық тақталар жолаушылардың көп бөлігіне әсер ету үшін пайдаланылуы мүмкін, себебі метрода саяхаттайтын адамдарда жарнамалық ақпаратты оқуға жеткілікті уақыт болады. Сонымен қатар, белгілі бір сегменттің адамдарын қамтитын орындарды таңдауға болады: автобустардың артқы қабырғаларындағы жарнаманы автокөлік жүргізушілеріне көрінетін болады; автокөлікпен жүрмейтін балалар мен ересектер автобустар мен трамвай салондарындағы жарнамаларды оқитын болады; қала маңындағы теміржол вокзалдары немесе метро станцияларындағы плакаттар жолаушылардың назарына түседі; сауда алаңдарындағы қалқандар мен плакаттар үй шаруасындағы әйелдердің көзіне түседі, автопарктердегі жарнамамен автокөлік жүргізушілері танысады.
Мұнда автомобильдің жылдамдығы әдеттегіден төмен жерлерді де кірістіруге болады. Бұл жылдамдық лимиттері бар орындар: жаяу жүргіншілер жері, бағдаршамдар, қиылыстар. Тұрғындардың шоғырланған жерлерінде сыртқы жарнаманы орналастыру ұсынылады: автотұрақтар мен қоғамдық көлік аялдамаларына, қонақ үйлерде, жанармай құю станцияларында, туннельдердің қабырғаларында, үйдің қиылысындағы қабырғаларда немесе айналмалы сақинаның ортасында және тағы басқа.
Сыртқы жарнама жарнаманың басқа түрлері қамти алмайтын бірқатар мәселелерді шешеді, атап айтқанда:
* компанияны табысты түрде жылжыту;
* брендтің тұрақты жылжытылуы;
* клиенттердің жылдам тарту;
* кең аудиторияны жарнамалық хабарламалармен уақытында және оңтайлы баға-тиімділік коэффициентін қолданып, дұрыс қамту;
* басқа жарнамалық құралдармен (баспасөз, теледидар, радио) өткізілетін жарнамалық акцияларды қолдау
Сыртқы жарнама маңыздылығы мен тиімділігі бойынша БАҚ-пен бәсекелесе алады. Сыртқы жарнаманың мерзімі екі аптадан үш жылға дейін (кейбір жазба он жылға дейін), ол жарнаманың уақытша немесе ұзақ мерзімді
функцияны орындайтынына байланысты, өнімнің түсім уақытын, тұрақты
жұмыс істейтін компания мен оның ассортиментіне ықпал етеді.
1.3 Сыртқы жарнаманың түрлері

Сыртқы жарнамаға әртүрлі жарнамалық транспаранттар, жарықтық белгілер, электронды дисплейлер мен экрандар, төбелік қондырғылар, панно, кронштейндер, шатырлар, тіректер, баннерлер және тағы басқалары жатады. Сыртқы жарнаманы негізгі көлік және жаяу жүргінші жолдарында, алаңдарда, спорттық стадиондарда, көрмелерде, қоғамдық көліктер мен автокөліктердің, сондай-ақ жаппай кептелудің басқа жерлерінде орнату керек.
Сыртқы жарнамада екі бағыт бар:
* Кіре берістерді, қасбеттерді сөрелерді ақпараттық сәндеу - sign-бизнес;
* Жарнамалық тасымалдаушылар ретінде әртүрлі конструкцияларды пайдалану - сыртқы (outdoor) немесе үйден тыс (ooh)
Сыртқы жарнама және ақпарат құралдары келесі түрлерге бөлінеді:
* Сыртқы жарнаманың және ақпараттың стационарлық құралдары (өзгермейтін жері мен құрылысы сипатталады);
* Сыртқы жарнаманың және ақпараттың уақытша құралдары (орналасу кезеңімен және орналасқан жерімен сипатталады).
Сыртқы жарнама:
1) көлiк құралдарында (әуе шарларын, аэростаттарды, дирижабльды, тұрақсыз жүзу құралдарын қоса алғанда) орналасқан жарнамаға (жарнамалық ақпаратқа);
2) қалалық жерлерде жарнаманы тарату құралы ретiнде адамдар мен жануарлар қатысатын жарнамаға (жанды жарнама);
3) сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының (дәрiханаларды қоса алғанда) витринасын (терезесiн) iшкi ресiмдеуге, егер осы ресiмдерде тек осы кәсiпорындар өткiзетiн тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық ақпарат болса;
4) көрменiң жұмысы кезiнде оның аумағында орналасқан және тауарлар мен
өзге де өнiмдердiң жарнамасы, сондай-ақ көрмеге қатысушылардың жұмысы
мен қызмет көрсетулерi бар көрмелiк экспозицияға;
5) көрнекі жарнамалық ақпарат болмағанда таратылатын дыбыстық (аудио) жарнамаға қолданылмайды.
Сондай-ақ ресми мерекелер, мәдени және спорттық акциялар мен iс-шаралар өткiзген кезде елдi мекендердi безендiру объектiлерi мен жабдықтары, көлiк және жаяу жүру қозғалысын реттейтiн жол сiлтемелерi мен белгiлерi, ақпараттық кестелер, мекемелiк тақталар мен маңдайша жазулары, салынып жатқан объектiлердiң (кешендердiң) паспорттарын қоса алғанда, өзге де паспорттық немесе адрестiк ақпараттар ереженiң мәнi бола алмайды.
Сыртқы жарнаманың және ақпараттың стационарлық құралдары қаланың табиғи кешеніне зиян келтіруі мүмкін жерлерде орналастырылмауы керек. Сондай-ақ, олар шу, діріл және басқа да дыбыстармен жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі жасамауы тиіс. Сыртқы жарнаманың құралдары ғимараттар мен құрылыстарға бөлек орналастырылады.
Сыртқы жарнаманың барлық түрлерін тізімдеу өте қиын, себебі олар әртүрлі бейне де, тіпті стандартты емес түрде ұсынылуы мүмкін, мысалы, әуе шарларындағы жарнама.
Сыртқы жарнама түрлеріне жарнамалық құрылымның келесі түрлері жатады.
Панельдік қондырғылар - ақпаратты орналастыру үшін сыртқы беттері
бар және іргетас, каркас және ақпараттық алаңнан тұратын бөлек құрылымдар. Панельдік қондырғылар, әдетте, екі жақты нұсқада жүзеге асырылады. Олар иесінің сәйкестендіруімен белгіленуі тиіс. Қалқандарды жасаған кезде, көрнекі суреттер мен тауарлардың бейнелері жазулардан әлдеқайда тез көзге түсетінін, сонымен бірге, жақсы есте қалатынын ескеру керек. Тақтада орналастырылған ақпаратты қабылдау үшін ең қолайлы орындар - бағдаршамдар, қиылысулар, жаяу жүргіншілер жолы, яғни, автокөліктің жылдамдығы әдеттегіден төмен болған жерлер болып келеді. Жол жиектерінен бөлек қалқандар, мысалы, жергілікті көрікті жерлерде, үлкен дүкендерде және тағы басқа адамдардың көп шоғырланған жерлерінде орнатылады. Бұл жағдайда, жарнамалық хабарлама, кең ауқымды және компания мекен-жайы мен телефон нөмірі, тауарлар немесе қызметтердің сипаттамаларын қамтитын сипатқа ие болады, десе де, бұл хабар барлық тұрғыда анық және айқын болуы тиіс.
Панельдік жарнаманың негізгі мақсаты - әлеуетті сатып алушылардың естерінде кәсіпорынның атауы мен фирмалық белгісін, сондай-ақ оның қызмет бағытын қалдыру болып табылады;
Билбордтар көзге ерекше түсетіндей болуы керек, бірақ апат әкелетіндей емес.
Маңдайша жазу - өндірушінің (сатушының), оның брендінің және тіркелген сауда маркасының профилі туралы ақпарат береді. Маңдайша жазудың орны тұтынушыға кәсіпорынның орналасқан жерін және оған кіру орны туралы хабарлауы керек.
Маңдайша белгі қабырға панелі, кронштейн ретінде шатырда немесе бір қабатты ғимаратта, сондай-ақ дүкенде орналасуы мүмкін. Әкімшілік және қызметтік маңдайша белгілері барлық ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Ол келушілерге хабарландырудан басқа, жарнамалық жүктемені де алып жүреді.
Жер үсті панельдері - сыртқы жарнама мен ақпараттың жер бетінде орналасуы. Құрылыс материалдарын жерге кіріктіру арқылы жасайды және
мынадай түрлерге бөлінеді:
* трасса мен жолдардың беткейлеріндегі каркасты панелдер;
* әртүрлі бояғыштармен жүрегінші көше тротуарларын жабу;
* жол-құрылыс материалдарынан жасалған көше тротуарындағы панельдер
Көлемді-кеңістіктік конструкциялар - сыртқы жарнама мен ақпарат құралы болып табылады, онда ақпараттың орналасуы үшін конструкцияның көлемі мен беті қолданылады.
Төбелік құрылымдар мен қондырғылар - технологиялық күрделі және қымбат сыртқы жарнама нысаны, бірақ ақпарат тұрғысынан видео экрандардан кем түспейді және аудиторияға жету үшін биік ғимараттың төбесінде орнатылады, өйткені бұл көп адамдардың назарын аударады. Төбелік қондырғылар қауіпсіздік сараптамасынан өтуі керек, соның ішінде белгілі бір орынға байланысты желге қарсыласуы бойынша сараптамадан өтуге міндетті.
Брандмауэр - бұл ғимараттардың керең қабырғаларында орналасқан жарнама.
Шатырлар (маркизы) - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы жарнама есебі
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Компания мен сақтандыру өнімін таңдау кезінде клиенттердің әртүрлі топтарының уәждемесі
Ұйымдағы стратегиялық менеджмент
Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Қаржылық есептің ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері
Шығындар
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Дайын өнім есебі туралы
Пәндер