ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
I
ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... .
7
1.1
Жылу реттелуі. Жылу балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2
Ауа температурасы мен ылғалдылығының спорттық жұмысқа қабілеттілікке ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.3
Жылуға бейімделу (акклиматизация) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
II
СУДЫ ЖОҒАЛТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАРЫС КЕЗІНДЕ ТОЛТЫРУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
2.1
Су қабылдау режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
2.2
Орта биіктік және климаттық белдеулердің ауысуы жағдайларында спорттық жұмысқа қабілеттілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
2.3
Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмыска қабілеттілік...
52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
62
КIРIСПЕ
Қазіргі кездегі жаңашыл спорттың негізгі белгілері- оның жасаруы және спорттық жетістіктердің өсуі.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ғылымда шешілмеген мәселелер қалмаған сияқты көрінеді. Сонымен қатар нәтижеге жету үшін тәжрибеде аз күш пен құралдар жұмсауға ұмтылу қажет. Яғни, қоғамдық еңбектің өнімділігін, сапасын және тиімділігін арттыру қажет. Соған байланысты күрделі жағдайлар туындайды. Бұл үшін жаңа әдістер, технологиялар, оқыту құралдары қажет.
Біразға дейін алға қойылған мақсаттарды шешудің жаңа тәсілдерін табу бұрыннан белгілі ғылми білімдерге негізделеді.Бірақ, ерте ме, кеш пе ол білімдер қазіргі заман талаптарына жауап бере алмайды. Сол себептен теориялық білімдерді кеңейту қажеттілігі туындайды. Жаңа ғылыми база, жаңа идеялар, концепциялар мен ғылыми ілімдер ұсынылады.
Нәтижелердің үздіксіз өсуі жас спортшылармен жұмыс істеудің жаңа формаларын, құралдарын және әдістерін іздеуді талап етеді. Мақсатты түрде көпжылдық дайындық және жоғары классты спортшыларды тәрбиелеу - бұл өте күрделі процесс, ол бірқатар факторлармен анықталады. Осы факторлардың бірі- икемділікті дамыту. Тиімді тәсілдер, құралдар, әдістер қолдану арқылы қысқа уақытта жоғары нәтижелерге жетуге болады. Соңғы жылдары спортпен айналысушылар жасының күрт төмендеуіне байланысты 8-9 жастағы жас аралығындағы балаларға көпсайыстың 4- 6 түрінен жарыс бағдарламасын орындаулары қажет. 1- 2 жыл көлемінде оқушылардың бір-бірінен айырмашылығы бар әртүрлі заттармен жұмыс істеуді үйрету керек. Яғни, икемділікті дамыту маңызды және оқу-жаттықтыру ісінің негізі болып табылады. Кейбір кезде жекелеген икемділіктерді дамытуға баса назар аударылып, сол себепті оқушылардың қөзғалыс дайындығының төмендеуі байқалады.
Бүгінгі таңда сапалық өсу көрсеткіші- бір сападан екінші сапаға біртіндеп ауыстыра дамыту болып табылады.
Берілген тақырыпта қоршаған ортаның ерекше жағдайларындағы спортқа қабілеттіліктіе физиологялық ерекшеліктерінің маңызды тәсілдер - икемділік пен қөзғалыс үйлесімділігін дамыту принциптері туралы сөз қөзғалады.
Икемділік - берілген спорт түрінің негізгі сапасының бірі болып табылады. Қөзғалыс үйлесімділігі көркем гимнастикамен ғана байланысты емес, ол адам өмірімен де тығыз байланысты. Аталған сапаның ғылми негіздерімен қатар, баланың жеке ерекшіліктерін де есепке алған жөн. Әр баланың бейімділігі және қабілеті әртүрлі болады. Бала бойындағы қажетті сапаны (икемділік пен қөзғалыс тепе-теңдігін) дамыту үшін әр балаға жеке әдістер мен тәсілдер таңдау қажет. Икемділік ерекше сапа болып табылады, ол балада тұрақты дағдылар мен қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі, сондықтан біз дәстүрлі әдістерді қолдансақ та белгілібір нәтижеге жетеміз. Өйткені, адамның қабілеті дене қөзғалысына тәуелді емес, оның ішкі дамуы заңдылықтарына байланысты. Біздің міндетіміз - адам ағзасын дәстүрлі емес әртүрлі дене қызметіне үйрету. Жаттықтырушының міндеті- әртүрлі бағыттағы жаттығулардың әмбебап кешенін құру. Сол арқылы жаттығушыларда қөзғалыс үйлесімділігін және жаңа сапалық деңгейді арттыру.
Жаттықтырушының жұмысында қолданылатын әмбебап жаттығулар кешені икемділік пен қөзғалыс үйлесімділігін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жаттығушылардың күш, жылдамдық, шыдамдылық және т.б. негізгі қасиеттерін дамытуға және бекітуге арналуы керек.
Зерттеу мақсаты:
-Спортпен айналысатын жаттығушының дене қөзғалысын педагогикамен ұштастыра отырып, денешынықтыру теориясына байланысты әркезде жарық көрген психофизиологиялық, педагогикалық оқу әдістемесі мен рухани тәрбиеге арналған еңбектерді талдап түсіну және сол еңбектердегі қазіргі заманға сай тәжрибелерді бүгінгі әдістемеде пайдалану.
-Спортшының қөзғалыс қабілетінінің тиімділігі мен сапасын арттыру, оның білімі мен дағдыларын қадағалап, әңгімелесу, сауал қою, бақылау және эксперименттік зерттеу арқылы анықтау.
Зерттеу нысаны: икемділікті және қөзғалыс үйлесімділігін дамытатын әдістер мен арнайы тәсілдерді қолдану және оқыту.
Дипломдық жұмыс мақсаты: икемділік және қөзғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалау.
Зерттеу міндеті:
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді іріктеу.
Жас гимнастарда икемділік пен қөзғалыс үйлесімділігін оқыту әдістемесін құру.
Әдістеменің жаттығу барысындағы тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
І ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жылу реттелуі. Жылу балансы
Микроклимат және спортшылар денсаулығы қазіргі спорттық медицинаның маңызды мәселелерінің бірі. Жоғары білікті спортшыларды даярлауда сыртқы қоршаған орта факторларының адам организмінің жұмыс қабілеттілігіне әсері мен биоырғақты ескеру қажет. Мәселен, американдық ғалымдар Чикаго марафоншылары нәтижелеріне талдау жүргізу барысында оның қоршаған орта температурасымен және уақытпен тікелей байланысты екендігі көрінген (1-сурет). Бұл спорт түрінде сыртқы орта температурасының өнімділік пен зат алмасуға ықпалы термодинамикалық қүбылыстармен айтарлықтай тәуелділікте болады.
1-сурет. Чикаго марафоншылары нәтижелеріне (2014 және 2018 жылдар) қоршаған орта мен уақыт көрсеткіштерінің ықпалы (Geoffrey Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientific American, 2018)
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотермия) ішкі орта тұрақтылығы (гомеостазистің) негізгі көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қанша құбылмалы болса да төтеп береді. Қоршаған орта температурасына тәуелсіз адамның дене температурасы тұракты болады. Қалыпты дене температурасы 36,6°-37,0°С, ол көптеген ферментативтік реакциялар, ұлпалардың физика-химиялық қасиеттері (тұтқырлығы, беттік керілу, коллоидтар ісінуі), өткізгіштік, қөзу, сіңіру, бөліп шығару, т.б. физиологиялық үдерістер үшін қолайлы болып табылады [1].
Жылу реттелу - қоршаған орта температурасы мен ішкі жылу түзілу деңгейінің өзгерісі кезінде дене температурасын белгілі бір шектеулі диапазонда ұстаптүру. Яғни жылу реттелу дегеніміз - сыртқы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасының қалыпты тұрақты күйінде сақталуы.
Организмнің температуралық гомеостазын қолдайтын жылу өндіру және жылу берілу үдерісін термореттелу деп атайды. Тем - пература оптимумы тыныштық күйде 37°С, қарқынды бұлшық ет жұмысында 39°С құрайды. Гомойотермді (жылықанды) организмдерде физиологиялық мағынада:
ядросы (температурасы түрақты ішкі құрылымдар, мәселен, ми мен ішкі мүшелер);
оны қоршап тұратын қабығы деп екі бөлімді ажыратады.
Дене температурасы деп дене ядросының температурасын үғады.
Ең қарапайым жолмен дене температурасы қолтық астынан, ауыз қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы температурасынан 0,5°С-1,5°С төмен. Адам суық суда немесе суық ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы 35°С дейін төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуін дене гипотермиясы деп, ал жоғарылауын дене гипертермиясы деп атайды. Ядро температурасының түрақтылығы дене қабықшасына тэуелді. Қалыпты жағдайда адамның температурасы түрақты: қолтықта ор - таша 36,5°С-36,9°С, тік ішекте (ректалды) 37,2°С-37,5°С болады. Ішкі мүшелердің температурасы 38°С-38,5°С-қа тең болады.
Автономды жылу реттелуішкі және сыртқы орта температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне белгілі бір жауап реакцияларымен қамтамасыз етіледі және жылу өндіру мен жылу шығару үдерістерін басқарудан түрады (перифериялық және вазомоторлық тонус өзгерісі, тер бөліну, термиялық тахипноэ, суықтық дірілдеу). Автономды жылу реттеуші реакциялар сананың кагысуынсыз жүзеге асырылады және үлкен ми сыңарларын алып тастаған жағдайларда да бұзылмайды [2].
Сыртқы орта температурасы қаншама құбылмалы болса да (Жер- де арктикалық қыс кезінде температура -50°С, кейбір шөлдерде жазда +60°С-қа дейін болады) адам денесі температурасы өзгермейді. Дене температурасының мұндай тұрақтылығы жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты үдерістерге қатысатын біркатар мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нэзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі. Адам организмінде жылу өндіру мен оның сыртқа шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Мұнда энергия үнемі қандай да бір жұмыска жұмсалады және жылу өндіру оның салдары (нақтырақ айтқанда оны қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың салдары) болып табылады. Тыныштық күйде адамда жылудың 70%-ы ішкі мүшелермен, ал 30%-ы бұлшық ет арқылы өндіріледі. Дене жұмысы (жаттықтыру) кезінде жылу түзілу бірнеше есеге артады жәнеБұл үдерісте бұлшық ет жұмысының үлесі мол. Жылу өндіру ең бастысы бұлшық ет жұмысы қарқындылығына байланысты.
Адамның қалыпты тіршілік әрекеті белгілі бір бірнеше гра - дус температура диапазоны аралығында мүмкін болады. Дене температурасының 36°С-тан төмендеуі және 40-41°С-тан жоғарылауы қауіпті және организм үшін ауыр зардап тарттырады. Көбіне, ұлпалардың тоңуы кезінде түзілген кристалдардың әсерінен нәзік жасушалық құрылымдардың бұзылатыны байқалған. Темпе - ратура 45°С-тан жоғары болғанда белоктар денатурациясы жүреді. Белоктар барлық реттеуші қызметтерге аса жауапты болғандықтан олардың құрылымдық және функциялық тұтастығының өмірлік қажеттілігі зор. Температура тірі ұлпалардың метаболизміне күшті ықпал етеді, өйткені биохимиялық реакциялар жылдамдығы қоршаған орта температурасына байланысты жәнекөбіне, ол температураәр 10°С жоғарылаған сайын 2-3 есеге артады [3].
Жылу реттелу жылу түзілудің күшеюі (немесе әлсіреуі) есебінен немесе жылу шығару қарқындылығының өзгерісімен жүзеге асыры - лады. Организмде жылу шығару сәуле шыгару, жылу өткізу, судың булануы арқылы жүреді.
Жылу түзілуі мен оның шығарылуы арасындағы қажетті баланс ОЖЖ арқылы сақталады. Және жылу реттелу үдерісінде ОЖЖ бақылауында болатын эндокриндік жүйе үлкен рөл атқарады. Мысалы, қалқанша безі гормондары зат алмасу қарқындылығын жоғарылатады, сәйкесінше, жылу түзілуді күшейтеді, ал бүйрек үсті безі гормондары тотығу үдерістерін күшейтеді, тері тамырларын та- рылтады, жылу шығаруды төмендетеді.
Дене температурасы сыртқы орта жағдайымен қатар оның дене белсенділігі күйіне де байланысты. Тыныштық күйде дене темпе - ратурасы 37°С жуық болады, дегенмен тәулік барысында (ұйқы кезінде барынша төмендейді) өзгереді. Бұлшық ет жұмысы кезінде жылу өндірудің күшеюі салдарынан дене температурасы бірнеше градусқа жоғарылайды[4].
Температура дененің барлық бөлімінде бірдей емес және ішкі температураның таратылуы түрлі ұлпалардың күрделі қызметі болып табылады, қан айналымы нәтижесінде жылудың тасымалдануы және жергілікті температуралық градиенттерге байланысты. Егер бұлшьщ ет жұмысын есептемесе, метаболизмдік жылу өндірудің көп бөлігі ішкі мүшелерде, сонымен қатар мида жүреді. Дененің терең аймақтарында түзілген жылу немесе ішкі жылу дененің беткейіне өтуге тиіс. Перифериялық (шеткі) температура дененің терең аймақтарынан тасымалданған жылумен және ауа температурасымен анықталады. Сэйкесінше, дене ішкі, салыстырмалы түракты температураға және организмнің энергиялық балансына байланы - сты өте қүбылмалы қабықшадан түратын оқшаулайтын қабатқа ие деп есептеуге болады. Суық ортада периферияға қан келуі баяулайды және бұл перифериялық температураның төмендеуін тудырады. Қоршаған ортаның жоғары температурасы кезінде жылу шығару қиындайды және ішкі температура дененің барлығына дерлік бөлімдеріне таратылуы мүмкін.
Қалыпта (ягни тепе-теңдік жағдайында) организмде өндірілген жылу қоршаған кеңістікке дене беткейімен беріледі [5].
Аяқ-қолда бойлай тігінен (осьтік) температуралық градиент, со - нымен катар радиалды (перпендикулярлық беткей) температуралық градиент болады. Дененің геометриялық формасының дүрыс еместігіне орай дене температурасының кеңістіктік таратылуы күрделі үш өлшемді қызметпен сипатталады. Мысалы, жеңіл киінген ересек адам ауа температурасы 20°С мекен жайда болганда санның терең Бұлшық ет бөлімінің температурасы 35°С-қа, балтыр бұлшық ет терең қабаттары 33°С, табан орталығында тек 27- 28°С-қа жетсе, ал ректалды температура шамамен, 37°С-қа тең.Өзгермелі сыртқы орта жағдайларына дене температурасының өзгерістері айтарлықтай жоғары дәрежеде дене беткейіне жақын жерлерде және аяқ, қол басында (акралды зоналар- да) көрінеді.
2-суретте көрсетілген изотермалар қоршаған ортаның төмен және жоғары температура жағдайларындағы адам денесіндегі температуралық градиенттерді сипаттайды.
Ішкі дене температурасының өзі тұракты болып табылмайды. Тіпті, термобейтарап жағдайларда ішкі аймақтарда темпера - тура айырмашылығы 0,2-1,2°С, мида орталықтан сыртқы бөлімге дейін 1°С-тан жоғары радиалды температуралық градиент болады. Негурлым жоғары температура тік ішекте байқалады. Адам денесіндегі әртүрлі мүшелер мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасу деңгейіне байланысты да өзгереді. Мысалы, бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С, қолтықта 36,0-36,9°С.
Жылу балансы. Дене температурасы тұрақты болу үшін жылу шыгару сыртқы ортадан немесе метаболизмдік жылу өндіру нәтижесінде келетін мөлшерге тең болу қажет. Егер жылудың берілуіне қарағанда келуі көп болса, жылу жинақталып температурандщ жоғарылауын, яғни гипертермияны тудырады [6].
Гипертермия - термобейтарап жағдайда тыныштық күй үшін орташа түрлік арнайы қалыптан (нормадан) бір стандарттық ауытқудан асатын дене температурасының жоғарылауымен жүретін жылу шығарудың жгткіліксіздігі есебінен организмде жылудың аккумуляциялануы (шоғырлануы). Дене жұмысы кезіндегі жылу өндірудің жоғарылауы жұмыс гипертермиясы дами отырып, жылу реттелудің қайта қүрылуимен қатар жүреді.
Жылу сыртқы орта жағдайларына байланысты сәуле шығару, жылу өткізгііінтік және конвекция жолдарымен берілуі және шығарылуы мүмкін. Жылу орқашан организмде жүретін химиялық реакциялардыч жанама (қосымша) өнімі ретінде түзіледі.
Температурасы абсолюттік нөлден (-27°С) жоғары барлық заттар энергияны сәулелену жолымен шағылыстырады (сейілдіреді) неме - се қайтарады.. Сәуле шығару электрлік магниттік толқындар түрінде жүреді. Жылу шығарудың радиациялық жолы жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру арқылы тіршілікке бірден-бір колайлы (кажетті) температураға (18-20°С) сэйкес бөлінетін жылудың 66%-ы сыртқа шығады [7].
Беткейдің сәуле шығару қабілеті сэуле шығарушы ретінде оның касиеттерімен байланысты. Сэулелік энергияны сіңіретін және мүлдем шағытыстырмайтын беткей 1-ге тең болатын максималды сәуле шыгару қабілеттілігіне ие. Егер беткей барлық сәулелік энер - гияны шағылыстырса, оның сэуле шығару қабілеттілігі 0-ге тең бо - лады.
Көбіне, заттар толығымен бір ұзындықтағы толқындарды сіңіреді және сонымен қатар баска үзындыктағы голқындарды күшті шағылыстырады. Мәселен, адамның ақ түсті терісі сияқты пигментті терісі де күннің барлығына дерлік инфрақызыл сәулелерін сіңіреді [8].
Бір затган екіншісіне олардың беткейлерінің жанасуы кезінде жылудың көиуі жылу өткізгіштік деп аталады. Денеге тиген заттарға жылу беруде жылу неғүрлым жылы заттан неғүрлым суық затқа жылу градиенті бойынша орын ауыстырады. Жылы немесе суық затқа жанасуды сезіну жылудың өту жолымен оның қөзғалыс бағытымен байланысты.
Жақсы өткізгіштерге күміс, мыс сияқты металдар, ал нашар өткізгіштерге газдар жатады. Биологиялық ұлпалар мөлшермен су сияқты изолятор болады, май бұл жағынан алғанда бұлшық ет неме - се сүйек ұлпаларынан 2 есеге тиімдірек келеді. Май қабаты болмаса, тері температурасы ішкі дене температурасына (37°С) жуық және жылу жоғалу 10 есеге көп болушы еді.
Сұйык және газ тәрізді ортамен қөрніалған заттан жылудың та- сымалдануы конвекцияарқылы жүреді. Жылу ағымы неғұрлым жылыдан неғұрлым суық учаскелерге қарай жүреді. Егер ауа темпера - турасы дене температурасынан жоғары болса, жылу денете беріледі. Бұл жолмен пайда болатын барлық жылудың 15%-ы кетеді.
Егер денені қоршаған ауа қөзғалыссыз болған жағдайда теріден шыққан жылы ауа қоршаған ауаға өтіп, молекула сияқты энергияны да тасымалдайды. Мүндай үдеріс бос конвекция деп аталады [9].
Егер қоршаған ауа қөзғалыста болса, онда мұндай үдеріс мәжбүр конвекция деп аталады. Күшті жел кезінде ауа суығырақ болып сезіледі.
Дене беткейінен судың булануы кезінде ол сүйықтықтың газ тәрізді күйге көшуге энергия жүмсауы салдарынан салқындайды. Тері мен өкпе арқылы жылу шығару жолымен сыртқы жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. Буланған судың (тердің) әр граммына мөлшермен 0,59 Втсағ. кетеді (1 мл суды буға айналдыру үшін 0,53 ккал жылу жүмсалады). Қоршаған ортаның кез келген жағдайында су дене беткейінен толассыз буланады жәнежылу шығарудың маңызды механизмін қүрайды. Судың жоғалу көлемі қоршаған орта факторларына, әсіресе, ауа температу - расы мен ылғалдылығына байланысты [10].
Егер ауа су буымен қаныққан болса (100% салыстырмалы ылғалдылық), тері беткейінен булану болмайды. Буланудың жоғары ауа температурасы кезінде аса үлкен мәні бар. Өйткені дене темпе - ратурасына (немесе дәлірек тері температурасына) тең ауа темпе - ратурасы кезінде жылу шыгарудыц кәдімгі механизмдерінің (сәуле шығару, жылу өткізгіштік, конвекция) ешқайсысы қызмет етпейді.
1.2 Ауа температурасы мен ылғалдылығының спорттық жұмысқа қабілеттілікке ықпалы
Ұзақуақыт (мысалы, марафондық жүгіру) және күш салуды қажет ететін спорттық жүктемелер кезінде жұмыс атқаратын Бұлшық еттердегі жылу өндіру негізгі алмасу жылу өндірілуінен
20 есе асады. Бұлшық еттердегі барлық түзілген жылу алдымен қанға беріліп, қан арқылы дене температурасын 39-40°С және одан да жоғарылата отырып (жұмыс гипертермиясы), дене ядросына тасымалданады. Мұндай жағдайларда организмнің жылу реттелуі жылу шығарудың күшеюіне багытталган, яғни дене беткейіндегі жылудың артығы тері тамырлары торларында қан айналуды күшейту жолымен тасымалданады. Одан жылу ең бастысы тердің булануы есебінен қоршаған ортаға беріледі [11].
Қоршаған ауаның жоғары температурасы мен ылғалдылығы дененің қызып кету қатерін тудыра отырып, жылу шығаруды елеулі қиындатады. Неғұрлым сыртқы температура жоғары болған сайын, соғұрлым дене температурасы көп көтеріледі. Ыстық және ылғалды күндері марафоншының дене температурасы 41°С-қа жетуі мүмкін. Тер булануының күшеюі дененің су балансының бұзылуына, яғни дегидратацияга әкеледі. Соның салдарынан жүрек-тамыр жүйесіне көп күш түседі. Сондықтан мұндай жағдайларда спорттық жұмыс қабілеттілік төмендейді және организмнің қызып кетуі - жылылық соққы қаупі туындайды.
Жоғары ауаның температурасы мен ылғалдылығы жағдайында спорттық жұмыс қабілеттіліктің төмендеуін:
Дененің қызып кетуі;
Жылдам дегидратация;
Жүрек-тамыр жүйесінің оттегі тасымалдау мүмкіндігінің төмендеуі сияқты үш негізгі факторлар анықтайды.
Тыныштық күйде және бұлшық ет әрекеті кезінде де қоршаған ортаға денеден жылу шығарудың түрлі жолдарының маңызы бірдей емес және сыртқы ортаның физикалық факторларына байланысты өзгеріп отырады.
Тыныштық күйде сыртқы температураның қолайлы температурадан жоғарылауы (18°С жуық) кезінде жылу өткізу конвекция арқылы күшейеді. Тек ауа температурасы 30°С-тан асқанда, яғни тері температурасына жуықтағанда жылу шығару жылудың булану жолы арқылы күшейе бастайды. Ыстық күндері қоршаған ауа мен тері арасында температура айырмасы аз болғандықтан жылудың конвекциямен жоғалуы минимальді болады. Сыртқы температу - ра дене температурасынан асқанда (33°С жуық) жылу алмасудың бағытталуы қарама-қарсы жағдайға ауысады және дененің беткей орналасқан ұлпалары жылуды қоршаған ортадан алады. Күн радиациясы организмге қосымша термиялық күш түсіреді [12].
Жұмыс күйінде жылу шығарудың негізгі жолы тері беткейінен тердің булануы болып табылады. Сыртқы температураның жоғарылау мөлшері бойынша бұл механизмдердің рөлі арта түседі. Тердің булану жылдамдығы тер түзілу жылдамдығымен және қоршаған орта факторларының арасында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ең маңызды болатын кейбір физикалық сипаттамалармен анықталады. Тердің булану жылдамдығы тері ылғалдылығы (Рт) мен атмосфералық ауа ылғалдылығы (Ра) арасындағы айырмасына байланысты. Тер түзілу жылдамдығының артуы Рт жоғарылауын тудырады және осылайша аталмыш сыртқы жағдай кезінде тердің булануын жылдамдатады. Жоғары ауа ылғалдылығы кезінде тері мен ауа арасындағы ылғалдылық градиенті (Рт-Ра) азаяды және тердің булануы баяулайды.
Қоршаған ауадағы су буының қысымы 40 мм сынап бағанасына жоғарылағанда тері беткейінен тердің булануы нөлге тең. Сондықтан тіпті, ауаның жоғары температурасы, бірақ оның оның салыстырмалы ылғалдылығы аз кезде спортшы ауаның төмен температурасы мен жоғары ылғалдылығы кезіндегідей қиындықты сезінбейді. Субмаксималды аәробтық жүктеме кезінде жылу шығарудың 5%-ға жуығы ауа тасымалдау жолдарында судың булануы есебінен жүреді. Қоршаған ортаның ылғалдылығының жоғарылауы кезінде жылу шығарудың бұл механизмі де әлсірейді[13].
Сайып келгенде, қоршаған ортаның жоғары температура - сы ауа мен тері арасындағы, сонымен бірге тері мен дене ядролары арасындағы температуралық градиентті азайтады. Бұл жылу шығарудың қиындауына әкеледі. Аталмыш қиындықтарнеғүрлым сыртқы температура тері температурасына жуық болған сайын соғұрлым көп болады. Қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығы булану жолымен жылудың жоғалуына кедергі келтіреді. Ұзақ уақыт және күш сала орындалатын спортгық әрекеттер кезінде ауа тем - пературасы мен ылғалдылығының бір мезгілде жоғарылауы дене температурасының шектен тыс жоғарылауына әкеледі.
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жылу шығарудың күшеюі екі негізгі физиологиялық механизмдермен: тер бездерін сумен қамтылуын қамтамасыз ететін дене беткейіне ішкі жылудың көшірілуін арттыратын тері қан айналымының күшеюімен және тер түзілудің күшеюімен жүзеге асырылады [14].
Тері қан айналымы және тері температурасы. Сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары кезінде ересек адамның тері қаи ай - налымытыныштық күйде 0,16 лм2 мин-қа жуық, жұмыс кезінде 1 лм2мин-қа дейін, ал өте жоғары сыртқы температура кезінде2,6лм2мин-қа жетуі мүмкін. Бұл өте ыстық жағдайларда дененің қызып кетуінің алдын алу үшін жүректің минуттық қан көлемінің 20%-ға дейін тері тамырлары торларына бағытталатындығын көрсетеді. Қолайлы жағдайда осындай жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемінің осы үлесі тек 5%-ға жетеді. Жүктеме қуаттылығы тері температурасына ықпал ете қоймайды. Тұрғын жайда велоәргометрде жұмыс кезіндегі терінің орташа температу - расы сыртқы температураның сызықтық қызметі (5°С-тан 35°С-қа дейін шамада).
Дене жүктемесі ықпалынан ішкі температура жоғарылайды, ал орташа тері температурасыжұмыстың әсерінен тердің бөлінуі мен булануы салдарынан төмендейді. Субмаксималды жұмыс кезінде ішкі температураның жоғарылау дәрежесі тер бөліну жүрмейінше кең диапазон (15-35°С) шегіндегі қоршаған температураға тәуелді болмайды (M.Scurpiri et al, 1972). Сусыздану (кеберсіну) ішкі температураның көтерілуіне әкеліп, осылайша жұмыска кабілеттілікті лимиттейді. Марафоншыда жүгіру кезінде ректалды температура 39-40°С, ал кейбір жағдайларда 41°С-қа да жетуі мүмкін (М. В. Maron et al., 1977).
Тері температурасы тері қан айналымы көлемімен сызықтық байланысты. Тері қан айналымының күшеюі оның температурасын арттырады және егер қоршаған орта температурасы тері температурасына қарағанда төмен болса, онда конвекция мен радиация жолдарымен жылудың жоғалуы жоғарылайды. Тері температурасының жоғарылауы, сонымен бірге сыртқы радиацияның денеге ықпал стуін азайтады [15].
Ауа қөзғалысы конвекция және булану арқылы жылудың шығаруын күшейтеді. Нәтижесінде орташа тері температура - сы Төмендейді және осылайша конвекция және радиация арқылы жылудың жоғалуы үшін жағдайды онан әрі неғүрлым жеңілдететін ядро-тері мен тері-қоршаған орта температуралық градиенттері артады. Жоғары ауа температурасы кезінде оның қосымша қөзғалыстары жұмыс гипертермиясын қалыпты етеді. Ауаның күшейген конвекциясы арқасында велосипед тепкен кезде жүгіруге қарағанда орташа тері температурасы айтарлықтай Төмен, ал жылу шығару жоғары болады.
Тер түзілуі және тер бөлінуі. Адамда жылу шығару, ең бастысы тыныс алу жиілеуі жолымен емес, тер бөліну есебінен жүреді. Тер бөліну жолымен булану энергияның көп шығындалуымен байланысты емес. Дегенмен, ұзақ көп тер бөліну сусыздануға (кеберсінуге) және тұздардың жоғалуына әкеліп, электролиттер балансын бұзады. Баланстың қалпына келтірілуіне тұз және микроэлементтерді пайдалану қажет етіледі [16].
Адам терісінде қызметі симпатикалық жүйке жүйесімен реттелетін 2 млн астам тер бездері бар. Олар терінің жергілікті температурасына да және ми орталықтары облыстары температурасына да сезімтал келеді. Тер бөліну ішкі және перифериялық температуралардың жоғарылауы кезінде максималды болады.
Тер түзілуі және тер бөлінуі жылдамдығы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде ең бастылары энергия өндірілу жылдамдығы мен қоршаған ортаның физикалық жағдайлары (ауа температурасы мен ылғалдылығы) болып табылады. Егер сол бір дене жүктемесі түрліше сыртқы температура (өте төмен және өте жоғары температураны есептемегенде) кезінде орындалса, дененің ішкі температурасы бірдей болып түрады, ал тер бөліну орташа тері температурасының сызықтық қызметі ретінде артады. Керісінше, түрақты сыртқы температура кезінде орташа тері темпе - ратурасы тұрақты, ал тер бөліну жылдамдығы өз кезегінде жүктеме қуаттылығы қызметі болып табылатын дененің ішкі температурасымен сызықтық байланысты болады. Сәйкесінше, неғұрлым орындалатын жұмыс қуаттылығы көп болса, соғұрлымсол орташа тері температурасы кезінде тер бөліну жылдамдығы жоғары болады. Сайып келгенде, тер бөліну жылдамдығы ішкі дене температурасы - на сияқты және оның қабық температурасына тәуелді болады.
Жоғары ауа ылғалдылығы тіпті, салыстырмалы Төмен ауа тем - пературасы кезінде де тер булануын қиындатады: тиімді тер булануынсыз тер түзілу күшейеді. Тыныштық күйде 43°С ауа температурасы кезінде егер ауа ылғалдылығы 30-дан 84%-ға дейін жоғарыласа, тер секрециясы 3 еседен көбірек артады. Ауыр емес жұмыс кезінде ауа ылғалдылығының 30-дан 57%-ға дейін жоғарылауы тер түзілу жылдамдығын 2 есеге арттырады [17].
Қарқынды спорттық әрекет кезінде тер бөліну жылдамдығы өте жоғары болады. Мысалы, ауа ылғалдылығы салыстырмалы аз жағдайда марафондық жүгіру кезінде жаттыққан спортшының тер бөліну жылдамдығы 20-25 млмин-қа (1200-1500 млсағ.) жетеді. Басқа осыған ұқсас жағдайларда ауа қөзғалысы жылдамдығының артуы тер бөліну үдерісін жылдамдатады. Желсіз ауа-райында ауа ылғалдылығы жоғары кездерде тер булануы баяулайды, тер түзілу жылдамдығы төмендейді. Бұл дене температурасының қосымша көтерілуіне әкеледі.
Ыстық жағдайларда болу барысында тер түзілу жылдамдығы біртіндеп төмендейді (қажу), Бұл тіпті, судың жоғалуын толығымен ішілген сумен толықтарған жағдайда да байқалады. Ыстық құрғақ ауа кезіне қарағанда жоғары ауа ылғалдылығы жағдайларында тер түзілу жылдамдығының төмендеуі неғұрлым айқын көрінеді. Тер түзілудің мүндай қажу үдерісінің табиғаты әлі ашылмаған. Егер адамның саунада (құрғақ ыстық ауа) қайталап болуынан кейін тер түзілуінің қажуы жүрсе, ал бұлшық ет жұмысы әлі де бол - са, онда жеткілікті қарқынды тер бөлінуін тудыруға қабілетті келеді. Теріні дамыл-дамыл сүрту немесе ауа қөзғалысы жылдамдығын артыра отырып, құрғату бұл жағдайларда тер бөліну үдерісін жылдам - датады.
Бірдей дене жүктемесі мен сыртқы температура кезінде ер адамдарға қарағанда, әйелдерде тер бөліну азырақ болатынын атап өткен жөн.
Су-түз балансы. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында орындалған бұлшық ет жұмысы кезінде тер бөліну күшеюінің ең ауыр салдарының бірі организмдегі су-тұз балансының бұзылуы болып табылады. Ол дененің суды тез жоғалтуымен, яғни жедел дегидратациямен (сусызданумен), сонымен қатар дененің су кеңістіктерінде бірнеше электролиттер (тұздар) мөлшерінің өзгеруімен көрінеді [18].
Дегидратация туындауының әртүрлі себептері бар: сыртқы ортаның жоғары температурасы жағдайында болу (термиялықде - гидратация), ұзақ және қарқынды бұлшық ет жұмысы (жұмыс дегидратациясы) жәнебұл екі жағдайдың комбинациясы, яғни жоғары температура кезіндегі қарқынды бұлшық ет жұмысы (терможұмыс дегидратациясы). Дегидратацияның әртүрлі формалары организмнің түрлі жүйелері мен ұлпалары қызметінің біркелкі емес өзгерістерін тудырады [18].
Жұмысдегидратациясы кезінде дене жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіерекше байқалады. Айтарлықтай жұмыс дегидратациясы әсіресе, жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында орындалған тек ұзақ (30 мин. аса) және жеткілікті қарқынды жаттығу (субмаксималды аэробтық қуаттылықты) кезінде дамиды. Ауыр, бірақ қысқа мерзімдік жұмыс кезінде тіпті, жоғары ауа температура - сы мен ылғалдылығы жағдайының өзінде соншалықты айтарлықтай дәрежеде дегидратация дамып үлгермейді.
Дене температурасын организм үшін жарамды мөлшерде ұстап тұру суды сақтауға қарағанда маныздырақ. Күшті тер бөлінумен қатар жүретін ұзақ ауыр жұмыс кезінде денеде үлкен су тапшылыгы туындауы мүмкін. Мысалы, марафоншылар ыстық жағдайларда жарыс кезінде термен 6 л-ге дейін су жоғалтуы мүмкін. Тіпті, арақашықтықта сүйықтық қабылдау арқылы жоғалған суды тольщтырып отырғанның өзінде, марафоншылар жалпы су мөлшерінің 13-14%- ын жоғалта отырып, дене салмактары орта есеппен 5%-ға, ал шекті жағдайларда 8%-ға төмендейді. Бұлшық ет жұмысы нәтижесінде жалпы судың жогалуын осы аралықта ішілген суды ескере отырып, дене салмағын жұмысқа дейін және одан кейін салыстыру арқылы оңай бағалауға болады [19].
Судың көп мөлшерін жоғалтқан адам ыстыққа төзімсіз келеді, оның жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Тіпті, суды жоғалтудан дене салмағының 1-2% азаюының өзі дене жұмыс қабілеттілігін (әсіресе, жаттықпаған адамдарда) төмендетеді. Дегидратация жағдайында организм дене температурасын нашар реттейді, сондықтан бірдей жүктеме кезінде қалыпты гидратация тән тұлғаларға қарағанда, дене салмағын 3-4%-ын жоғалтқан сусызданған адамдардың дене темпе - ратурасы жоғары болады. (2-сурет).
(2-сурет).
Жұмыс кезінде негүрлым дегидратация дәрежесі жоғары болса, соғұрлым дене температурасы жоғарырақ келеді. Дене салмағының 3%-ы жоғалуымен жүретін дегидратация кезінде тер бездерінің белсенділігі төмендейді.
Дегидратацияның барынша жағымсыз салдарының бірі қан плазмасы көлемінің азаюы болып табылады. Дене салмағының 4% жоғалуымен жүретін жұмыс дегидратациясы кезінде плазма көлемі 16-18% төмендейді. Сәйкесінше қан айналымдағы қан көлемі азаяды, бұл систолалық көлемнің төмендеу салдары ретінде веналық қайтарылудың азаюына әкеледі. Систолалық келемді өтеу үшін ЖЖЖ жоғарылайды [19].
Қан плазмасы көлемінің төмендеуінің басқа салдары жүрекке көп күш түсіретін және оның қызметін төмендететін қан тұтқырлығы мен гематокрит көрсеткіштерінің жоғарылауымен жүретін гемокон - центрация болып табылады.
Дененің суды көп жоғалтуының зардапты әсерлерінің бірі жасуша аралық (Ұлпалық) және жасуша ішілік сұйықтықтар көлемінің азаюы болып табылады. Су мөлшері азайған және электролиттер тепе-теңдігі өзгерген жасушалардың қалыпты тіршіліктері бұзылады. Бұл атап айтқанда, дегидратация жағдайында жиырылу қабілеті айтарлықтай төмендейтін қаңқа мен жүрек бұлшық еттеріне қатысты.
Бүкіл дене мен оның ішкі сүйық ортасындағы қалыпты су-түз балансын сақтап тұруды бақылайтын физиологияльщ механизмдер сан алуан. Плазмадағы су мөлшерінің азаюы онда электролиттер және т.б. заттар концентрациясын жоғарылатады. Бұл плазманың осмостық қысымының жоғарылауына әкеледі. Жұмыс үдерісінде қан плазмасының осмолярлығы да қанға белсенді Бұлшық ет жасушаларынан төмен молекулалы метаболизмдік өнімдер мен ка - лий иондарының шығарылуы салдарынан үздіксіз жоғарылайды. Нәтижесінде сұйықтықтардың бір бөлігі жасуша аралық (ұлпалық) кеңістіктен тамырларға плазманың жоғалуын толықтыра орын ауыстырады. Осының арқасында плазма көлемін қалпына келтіру және оны жұмыс басындағы төмендеу кезеңінен кейін салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұру мүмкін болады. Термиялық дегидратацияның дамуы барысында (жұмыс дегидратациясынан айырмашылығы) плазма көлемі толассыз азаяды [20].
Жоғары сыртқы температура кезінде тері қан айналымының күшеюі нәтижесінде тері капиллярларынан терінің тамырдан тыс (ұлпалық) кеңістіктігіне сүйықтықтардың қарқынды фильтрациясы жүреді. Бұл осы кеңістіктіктерде салыстырмалы көп болатын белоктардың лимфа айналысына қарқынды өтуіне әкеледі және одан қан айналу жүйесіне барады. Қанға белоктардың өтуі осылайша қан айналымдағы плазма (қан) көлемін ұстап тұруға көмектесе отырып, жасуша аралық (тамырдан тыс) су кеңістіктерінен капиллярларға судың адсорбциясының күшеюін тудыратын оның онкотикалық қысымын арттырады. Қанға тері Ұлпалық кеңістіктерден белоктардың өтуі қарқынды тер буланудан туындаған қан плазмасының күшті суды жоғалтуын автоматты түрде өтейді.
Бұлшық ет жұмысы кезінде неғұрлым жұмыс қарқындылығы және кейбір жағдайларда неғұрлым ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым көбірек бүйрек қан айналысы төмендейді. Параллельді түрде аз дәрежеде болса да, бүйрек шумақтарында су фильтрациясы жылдамдығы азаяды, яғни зәр түзілу жылдамдығы төмендейді. Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйрек қан айналысының және зәр түзілу жылдамдығыньщ төмендеуі бүйректерде судың кідірілуін (антидиурезді) күшейтеді. Мұндай кідіру механизмдерінің бірі плазма көлемінің төмендеуі (дегидратация) мен оның осмолярлығының артуына жауап ретінде гипофизден антидиурездік гормонның (АДГ) көп бөлінуі болып та - былады [21].
Ұзақ уақыт күш сала орындалатын бұлшык ет жұмысы кезінде (әсіресе, ыстық кезде) тер бөлінудің күшеюі салдарынан туындаған су жоғалтуды толықтыру үшін жұмысты орындап жатканда және одан кейін де сүйықтықтарды (су немесе су ерітінділерін) қабылдаубасты рөл атқарады.
Организм термен суды жоғалту кезінде кейбір минералдық заттарды (тұздарды) да жоғалтады. Баска сұйықтықтармен салыстырғанда тер күшті сұйытылған су ерітіндісі болып табылады. Ондағы натрий және хлор иондарының концентрациясы олардың шамамен, плазмадағы концентрациясының 13-ін және бұлшық етте 15-ін қүрайды. Сонымен тер - қан плазмасымен салыстырғанда гипотониялық ерітінді. Әртүрлі адамдарда тердің иондық концен - трациясы түрліше және тер бөліну жылдамдығы мен жылылық ак - климатизация күйіне өте тәуелді болады.
Тердегі натрий және хлор иондарының концентрациясы тер түзілу жылдамдығының артуымен жоғарылайды, кальций иондары концентрациясы азаяды, ал калий және магний өзгермейді. Сәйкесінше, ұзақ күш сала орындалатын жұмыс кезінде (мыса - лы, марафондық жүгіру кезінде) спортшы термен бірге негізінен жасушадан тыс кеңістіктер сұйықтығында - плазма мен ұлралық сүйықтықтарда болатын натрий және хлор иондарый жоғалтады. Бұлар - плазма мен ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын, демек, денедегі жасушадан тыс сүйықтық көлемін баскалардан көп анықтайтын басты электролиттер. Жасуша ішілік су кеңістігіндегі калий және магний иондарын жоғалту айтарлықтай аз [22].
Дегенмен, термен электролиттерге (тұздарға) қарағанда судың салыстырмалы көп кететінін ескеру қажет. Сондықтан электролиттер мөлшерінің жалпы төмендеуі кезінде олардың дене сүйыктығындағы концентрациясы жоғарлайды. Сәйкесінше ұзақ күшті тер боліну кезінде организмнің электролиттерді дереу қалпына келтіруге Қарағанда суды алмастырудагы қажеттілігі кебірек.
Бұлшық ет жұмысы кезінде зәрмен электролиттерді жоғалту көбіне, өте айтарлықтай емес, себебі бұл кезеңде зәрдің түзілуі аз, ал бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зәрмен натрий иондарыныц экскрециясы кідіруін қамтамасыз етеді. Бұл үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.
Дене жаттығуларының алғашқы минуттарында плазма көлемі дереу азайып, кейіннен тердің көп бөлінуіне қарамастан төмендеу қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон - центрациясы, керісінше, жаттығу барысында бір қарқындылықпен жоғарылап отырады (3-сурет).
Ыстык жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік береді, өйткені плазма көлемі және қалған жасушадан тыс сүйықтық олардағы натрий иондарыныц мөлшеріне пропорциялы болады [23].
Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек вазоконстрикциясы мен жоғары дене температурасы нәтижесінде зәрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін болатын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.
3-сурет. Альдостерон концентрациясы мен плазма көлемінің 2 сағаттық циклдік жаттығулар кезіндегі өзгерісгері (A. Giovanelli мәліметтері
бойынша)
Қан айналу жүйесі. Жоғары ауа температурасы кезінде (мы - салы, күн ыстық күндері) дененің тікелей қызып кетуі жағдайында адамның тыныштық күйінде тері қан айналысы күшейеді және ЖЖЖ жоғарылауынан жүректің минуттык кан көлемі артады. Мұнда систолалық көлем өзгеріссіз қалады. Жалпы перифериялық тамыр кедергісі және артериялық (систолалық) қысым төмендейді. Мәселен, құрғақ ыстық ауа болатын фин моншасына (саунаға) түсу шамамен, жүректің минуттық қан көлемінің 70%-ға және ЖЖЖ 60%-ға аса артуын тудырады [22].
Бұл артқан жүректің минуттық қан көлемі жылу шығаруды күшейту үшін тері тамырларына бағытталады. Бұдан баска тері қан айналысы құрсақ қуысы мүшелері мен Бұлшық ет арқылы (аз дәрежеде) кан айналысының азаюымен жүретін жүректің минуттық қан көлемінің қосымша қайта таратылуы есебінен артады. Жатыр және бүйрек қан айналысы тері температурасының жоғарылауына тура пропорциялы төмендейді.
Аәробтық қуаттылықты жұмыс кезінде көбіне, жоғары ауа тем - пературасы 02 пайдаланудың жалпы жылдамдығына елеулі ықпал жасамайды. Тек ыстық жағдайда жеңіл жұмысты орындау кезінде бейтарап жағдайға қарағанда оттекті пайдалану біршама жоғары болуы мүмкін [23].
Жоғары ауа температурасы ұзақтығы 4-6 мин-қа дейін қысқа мерзімдік жұмысты орындау кезінде жүрек-тамыр жүйесі қызметінің көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді. Максималды аәробтык жұмыс кезінде (ОМП деңгейінде) ыстык және бейта - рап жағдайларда максималды жүректің минуттық қан көлемі, ЖЖЖ және жүйелік АВА-02 бірдей болады. ОМП ыстық жағдайларда да азаймайды, бірақ ОМП деңгейінде жұмыстың шекті ұзақтығы күшті қысқарады.
Ыстық жағдайда ұзақ мерзімдік жұмыстыорындау кезінде жүрек-тамыр жүйесі жұмыс атқарушы Бұлшық еттерге қажетті оттегі мөлшерін жеткізу үшін (метаболизмдік сүраныс) олардың адекватты (барабар) қанмен жабдықталуын жәнежылу шығару жоғары болу үшін (жылу реттеуші сұраныс) тері қан айналысының күшеюін бір мезгілде камтамасыз ету қажет. Бұл міндет одан әрі қан айналымдағы қан көлемінің азаюынан және оның тұтқырлығының жоғарылауынан барынша күрделене түседі [24].
Ыстық жағдайларда жүректің жиырылу жиілігі және жүректің минуттық қан көлемі ортаның бейтарап жағдайында осындай жұмысты орындау кезіне қарағанда жоғары болады. Жүректің жиырылу жиілігіне температурадан басқа жоғары ауа ылғалдылығы да ықпал етеді. ЖЖЖ артуы ыстық жағдайда жұмыстың жаңа басталған кезінен байқалады. Жүректің минуттық қан көлемі жұмысты орындау үдерісінде біртіндеп артады, ал систолалық көлем прогрессивті (ілгерілей) азаяды. Жүректің минуттық қан көлемінің артуы жылу шығарудың күшеюі үшін тері тамырлары арқылы қосымша қан айналысын қамтамасыз етеді [25].
Орындалатын жұмыс куаттылығының артуымен жүректің минут- тық қан көлемінің жылылық өсуі азаяды. Ыстық жағдайларда субмаксималды және максималдыга жуық аәробтъщ жүктемелерді орындау кезінде жүректің минуттық қан көлемі шамамен, бейтарап температуралық жағдайдағы сияқты болады. Дегенмен, жоғары ауа температурасы кезінде ЖЖЖ қосымша жоғарылауымен өтелетін систолалық көлемнің елеулі төмендеуі жүреді. Жүректің минуттық қан көлемі одан әрі арта алмайтындықтан, тері қан айналысының әрі қарайғы күшеюі тек жүректің минуттық қан көлемінің қайта тара- тылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде жұмыс атқаратын Бұлшық еттер арқылы қан айналысы азаяды, олардың оттегімен жабдықталуында тапшылық туындайды, Бұлшық еттердің энергия өндіруде анаәробтық үлесі артады. Сондықтан сол бірдей субмаксималды жәнемаксималдыға жуық аәробтық жүктемелер кезінде қандағы лактат концентрациясы бейтарап жағдайларға қарағанда ыстық жағдайларда жоғары болады [26].
Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің қанмен жабдықталуының на- шарлауы - ыстық жағдайларда жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінің басты себептерінің бірі. Жоғарыда айтылғандар бойынша Бұлшық ет қан айналысының нашарлауы екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz