Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған жабдықтар


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ұңғыманы салудың қолданыстағы технологиясы жер бетінің техногенді ластануы деп те, бұрғылау процессінде қабат коллекторын ашу барысында тереңдікте физика-химиялық өзгерістер деп те атауға болады.

Ұңғыманы бұрғылау кезінде қоршаған ортаны ластаушы бұрғылау ертіндісін дайындауда қолданатын көптеген химиялық реагенттер болып табылады. Бұрғылау ертіндісінің сапасын жоғарылату үшін тазалау жүйесі қолданады.

Тазалау блогы аз қалдықты технологиясы бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған және бұрғылау қондырғыларының барлық калсстарының айналым жүйесінің құрамына кіреді. Айналым жүйесінің жабдықтары келесі жұмыстарды қамтамасыз етеді:

- виброелектегі шламнан бұрғылау ертіндісін тазалай;

- ертіндіні төмен ылғалды шламды бөлумен құм және саз бөлгіштерде өңдеу;

- бұрғылауда ертіндіні бірнеше рет қолдану және онан коллоидты фазалардың артығын алу, сонымен қатар ұңғыманы бұрғылауды аяқтағаннан кейін баритті регенерациялау;

- бұрғылау ертінділерінен айдау су мен төмен ылғалды шламға бөлу арқылы ертіндінің артығын өңдеу;

-бұрғылау ертінлерін газсызданыру.

Толық жиынтықты тазалау блогын қолдану бұрғылау қалдықтарының көлемін 1, 5 есеге азайтады, 15-20% - химиялық реагенттердің шығынын төмендетеді. Амбарсыз бұрғылау процессінде тазалау блогынан төмен ылғалды шлам шығады, және ол контейнерде немесе бортты тасымалау құралдарында тасымалдауға жарамды.

Мұндай шламды аз шығыда белгілі технология бойынша залалсыздандыруға болады.

Сапалы тазаланған бұрғылау ертіндісі авариялық жағдайлардың болу мүмкіндігін едәуір төмендедеті, сонымен бірге бұрғылау жабдықтарының жөндеу аралық периодын ұзартады.

1. Техникалық бөлім

1. 1 Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған жабдықтар

Бұрғылаудың технологиялық операцияларын орындау үшін, әртүрлі функционалды мақсаттардағы машина жабдықтар, механизмдер мен жабдықтар қолданылады. Осы бұрғылау жұмыстарын орындау үшін, қолдану кезіндегі функциялары және техникалық параметрлері ұқсас, қосалқы сипаттағы ортақ пайдалануға арналған жабдықтарды - бұрғылау кешені деп атаймыз. Бұрғылау кешенінің орталық буыны бұрғылау қондырғысы болып табылады.

Бұрғылау қондырғысы - бұрғылау машиналары, механизмдері мен жабдықтарының жиынтығы.

Қазіргі заманғы бұрғылау кешендері төмендегідей бөлімдерден тұрады:

- бұрғылау жабдықтары (тальдік механизм, сорап, бұрғылау лебедкасы, вертлюг, ротор, күштік жетек және т. б) ;

- бұрғылау құрылымдары (мұнара, мұнараның қозғалмайтын бөлігі, стеллаждар және т. б) ;

- ауыр жұмыстарды механикаландыруға арналған жабдықтар (қашаудың берілуін реттегіш, көтеріп-түсіру операцияларын автоматтандыру тетіктері, автоматтандырылған бұрғылау кілті, көмекші лебедка, жөндеу жұмыстарына арналған крандар, бақылау пульті т. б) ;

- бұрғылау ерітінділерін дайындау, тазарту және регенерациялауға арналған жабдықтар(дайындау блогы, виброелек, құмбөлгіш, таңдамалы сораптар, химиялық реагенттер үшін ыдыстар, ) ;

- манифольд (дросселдік-жапқыш құрылғы және т. б) ;

- бұрғылау қондырғыларының блоктарын жылыту құрылғылары (жылу генераторлары, қыздыру радиаторлары, ) .

Құрастырылуы жағынан бұрғылау жабдықтары әмбебап жөнделетін механизмдер болып табылады. Осыған байланысты, бұрғылау қондырғысын универсалды өңдеу мен тасымалдауда өзінің тиімді жақтарын қалыптастырады және оның жөндеу сипаттамалары: салмағы, секциялары.

Техникалық деңгейіне байланысты әсіресе, жаңа заманғы бұрғылау жабдықтары ұңғыма құрылысы технологиясының осы заманғы талаптарына және шет ел аналогтарының осы заманғы деңгейіне сәйкес келеді.

Күрделі өнімнің сапа деңгейін бағалау тапсырмасына бұрғылау жабдықтарының сапасын бағалауды да жатқызуға болады. Ол барынша еңбек сыйымдылықты, көп кезеңді және спецификалық болып табылады.

Бұрғылау жабдықтарының көп жағдайларда жеке номенклатуралы көрсеткіштерімен сипатталатын, көп функцоналды айырмашылықтары бар кешендерден тұратыны белгілі. Сондықтан, бұрғылау жабдықтарының сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдай отырып, оның қажеттілігі мен жеткіліктілігіне негізделген және де өз негізделуін талап ететін қиын және біркелкі емес болып табылады. Қиындықтың басқа ерекшелігі мынада, ондағы сапа көрсеткіштерін таңдау, осы көрсеткіштер мағынасын анықтау мүмкіндігін есепке алумен жүзеге асады.

5

6

4 8 7

3

10 9

2

Бұрғылау тізбегі

1

Сурет 1. 1. Бұрғылау қондырғысының функционалды сұлбасы

1 - жалғастырушы және орталықтандырғыш; 2 мен 3 - жетекші құбырдың және ұршықтың жалғастырушысы; 4 - ілмек; 5 - канаттың жетекші ішегі; 6, 7, 9 - шығыр, сораптар және ротордың трансмиссиясы; 8 - жоғары қысымды құбыржелісі; 10 - ротор қысымы.

Зерттеу жұмыстарының нысаны бұрғылау жабдықтарының техникалық деңгейі мен сапасы, оның ішінде бұрғылау қондырғыларының көтеріп-түсіру және сорапты жүйелері болып табылады.

Бұрғылау жұмыстарының өнімділігінің жоғарылауы және бұрғылау жабдықтарының техникалық дәрежесі көп жағдайда бұрғылау жабдықтарын жасап шығаратын аудандардағы ғылыми - зерттеу және тәжірибелі - конструкторлық жұмыстардың тиімді жасалуына негізделеді.

Бұрғылау қондырғысының кинематикалық сұлбасы бәрінен бұрын жетектің түріне тәуелді. Осыған орай өндірістегі бұрғылау қондырғыларының кинематикалық схемасын, негізгі үш түрге бөлуге болады: топтастырылған, жеке және аралас жетектер.

Осылайша, негізгі бұрғылау жабдықтарын жинақтаған кезде негізгі моментіне: түрі, жетектің типі және кинематикалық схемасы жатады. Бұрғылау жабдықтарының орналасуы жөндеу қабілеттілігіне, тасымалдануына, басқарудың ыңғайлылығына және т. б. жағдайларға байланысты болады.

1. 1. 1. Бұрғылау қондырғысының сорапты - айналым кешені

Тереңдігі 2500м болатын ұңғылардағы бұрғылау сұйықтығының церкуляция сұлбасы және де сұйық ағынының жоғалу салдары 1. 3-суретте көрсетілген. Резервуардағы (13) таза дайын сұйықтар қосалқы сораптар (14) арқылы бұрғылау сораптарына (1) жеткізіледі. Соңғылары бұрғылау сұйықтығын жоғары қысыммен (30МПа) тасымалдау желісіне айдайды. Бұрғылау сұйықтығы тіреу (2), икемді жең (3), вертлюг(4) және жетекші құбыр (5) арқылы ұңғыма сағасына (6) жеткізіледі. Сорап қуатының бір бөлігі, жер асты қысымына төтеп беруге жұмсалады. Әрі қарай бұрғылау сұйықтығы бұрғылау колоннасынан (7, бұрғылау құбырлары, УБТ) өтіп бұрғылау қашауына (10) өтеді. Осы жолда бұрғылау сұйықтығы гидравликалық кедергілерге төтеп беріп, өз қуатының басым бөлігін жоғалтады.

Бұрғылау сұйықтығы құбыр ішіндегі және ұңғы түбіндегі қысымдардың айырмашылығы салдарынан, үлкен жылдамдықпен қашау басы тесіктерінен атқылап шығып, қашау және ұңғы түбін бұрғылау жыныстарынан тазалайды. Ал сұйықтың қалған қысымы, бұрғылау жыныстарын жер бетіне көтеруге және құбыраралық кеңістік (8) қысымына төтеп беруге жұмсалады. Жер бетіне көтеріліп шығарылған ерітінді құбыр желісі (11) арқылы тазалау блогына (12) жеткізіледі. Тазалау блогынан кейін қоймаға (15) және резервуарға (13) құйылып, параметрлерін қалпына келтіру құрылғыларынан (16) өткен бұрғылау сұйықтығы қайтадан косалқы сораптарға бағытталады.

Сурет 1. 2. Тереңдігі 2500м болатын ұңғылардағы бұрғылау сұйықтығының айналым жүйесінің сұлбасы

Манифольд - жоғарғы қысымды құбырлар желісінен тұрады. Манифольд задвижкалармен және бақылау-өлшеу қондырғыларымен жабдықталады. Салқын климатты өңірлерде құбыр желісін жылыту қондырғыларымен де жарақталады.

1. 2. Бұрғылау сұйықтығы

Бұрғылау сұйықтығы - бұрғылау процесінде ұңғымаларды шаю үшін қолданылатын, күрделі көп компонентті сұйықтықтар. Ұңғыманы бұрғылау үшін бұрғылау сұйықтығын пайдаланудың тиімді екенін, француз инженері Фловилем 1833 жылы ұсынған. Ол бір бұрғылау жұмыстары кезінде, арқанның жер қабатындағы сулы қабатпен қақтығысып, нәтижесінде фонтанды сулар арқан бойындағы бұрғылау қалдықтарын тиімді алатынын көрген.

Осыдан кейын ол ұңғыма бағанымен штанга аралығына су айдайытын құрылғы ойлап тапты. Жоба бойынша сол аралықта жиналған су көмегімен бұрғылау қалдықтарын жууға мүмкіндік бар деп есептелді . Бұл принцип әлі күнге дейін қолданыста болып табылады. Бұрғыланатын тау жыныстары орнықты, опырылмайтын болған жағдайда ұңғыны жууға таза су қолдануға болады. Бұрғылау сұйығы ретінде қолданылатын кәдімгі судың артықшылығы оның бағасының арзандығы, тұтқырлығының балшық ерітінділерімен салыстырғанда көп еместігі және бұрғылау аспаптарының кескіш ұштарын салқындатудың тиімділігі болып есептеледі. Егер сумен ұңғы қолайлы жағдайларда бұрғыланса механикалық жылдамдық, балшық ерітінділерін қолдануға қарағанда, бірнеше рет өседі. Сонымен қатар, балшық ерітінділерін жасауға, балшық пен химиялық реагенттерді тасуға кететін шығындарды да едәуір үнемдейді. Осыған қарамастан суды орнықсыз, опырылмалы және жарқыншақты тау жыныстарын бұрғылағанда қолдануға болмайды.

Айналмалы тәсілмен Ұңғыманы бұрғылағанда, бұрғы аспабы забойдағы тау жыныстарын талқандап, бұрғылау ұнтақтарын шығарады. Бұл ұнтақтарды жер бетіне көтермесе, олар көбейген сайын Ұңғыманы әрі қарай терендетуге кедергі жасайды. Сонымен бірге бұрғы аспаптарының кескіш ұштары үйкелесу салдарынын қызады, сондықтан оларды салқындату керек.

Осы айтылған жұмыстарды орындау үшін Ұңғыманы жуу керек. Ұңғымаға сұйық жіберіп жуғанда, забойдағы бұрғылау ұнтақтары жуу сұйығымен жер бетіне көтеріледі. Бұрғы аспабының кескіш ұштары жуу сұйығының шырайналмалы ағысынан салқындайды. Бұл айтылған жұмыстар Ұңғыманы жуудың негізгі міндеттері болып саналады. Ұңғыманы жуудың қосалқы міндеттеріне мыналар жатады: опырылғыш немесе жылдам ерігіш тау жыныстарын бұрғылағанда Ұңғыманың қабырғасын бекіту; су, мұнай немесе газ кездескен гаризонттарды бірінен-бірін уақытша ажырату; забойдағы тау жыныстарын қосымша талқандау; бұрғы құбырлары мен олардың қосылыстарын, яғни құлыптарын майлау т. с. с.

Механикалық бұрғылау жылдамдығының қашауға түсірілетін өстік салмақ пен қашаудың айналу жиілігіне қатысты өсуі тек, Ұңғыма түбі бұрығыланылған тау жыныстары бөлшектерінен толық тазаланған жағдайларда ғана байқалады.

Ұңғыма түбі жеткілікті тазаланбаған жағдайларда, өстік салмақ өскенмен механикалық бұрғылау жылдамдығының қарқыны керісінше төмендейді. Себебі қашауға жеткізілетін энергияның едәуір бөлігі Ұңғыма түбінен көтерелмеген тау жыныстары бөлшектерін қайта уатуға жұмсалады

Мұнай және газ кен орындарында, ұңғыманы терең бұрғылаудың

технологиялық көрсеткіштерінің өсуі, бұрғылау сұйықтығына және оның құрамының технологиялық қасиеттеріне тікелей тәуелді.

Бұрғылау сұйықтығының құрамының технологиялық қасиеттеріне, ұңғы ішін бұрғылау жыныстарынан тазалау, ұңғы іші қабырғасына төзімділік қасиет беру, бұрғылау қондырғыларының үйкелісу күшін төмендету және жалпы айтқанда бұрғылау жұмыстарын жеңілдету болып табылатынын түсіну керек.

Бұрғылау қашауының, ұңғыдағы гидравликалық және электр қозғалтқыштарының, бұрғылау құбырларының және жерасты бұрғылау қондырғыларының жұмысына елеулі әсері бар.

Мұнай-газ кен орындарында «бұрғылау сұйықтығы» термині өзімен синонимдес «саз ерітіндісі», «жуу сұйықтығы», «жуу ерітіндісі» деген сөздердін орнына кең қолданыс тапты. Бұрғылау ерітіндісімен қатар қолданыста тығындама ерітінділері бар. Бірақ екі сұйықтық түрін шатастыруға болмайды. Себебі, олардың қолдану ортасы басқа. Тығындама сұйықтықтары ұңғыманың жөндеу жұмыстары кезінде және шегендеу құбырларын ұңғыма қабырғасына ұстату кезінде қолданады. Бұрғылау сұйықтығына қарағанда тығындама сұйықтықтары қатты денеге айналу қасиеттері бар. Тығындама сұйықтығының тұтқырлығын көтеру мақсатында көбіне портландцемент қолданады.

Ұңғыманы жуудың екі түрлі әдісі бар: тура және кері жуу. Тура жуғанда жуу сұйығының ағыны насос арқылы айдаған шлангаға беріледі де, одан әрі сальниктен өтіп, бұрғы құбырлары колоннасының ішімен бұрғы снарядынан шығып, Ұңғыма қабырғасы мен бұрғы снарядының арасындағы сақиналы саңылаумен жоғары көтеріледі.

Кері жууғанда жуу ағыны сорап күшімен Ұңғымаға кіріп, бұрғы снарядының ұшымен забойдың арасындағы саңылаудан өтіп, бұрғылау құбырлары колоннасының ішімен жоғары көтеріледі.

Әдетте, Ұңғыманы тура жуу жие қолданылады. Оның себебі, тура жуудың кері жууға қарағанда мынадай артықшылықтары бар: біріншіден, көтеріліп келе жатқан ағын Ұңғыманың қабырғасын қоршап тұрған тау жыныстарының опырылып забойға құлауына кедергі болады; екіншіден, жуу ағынының бұрғы құбырларына кірер жерін герметезациялау және оған керекті тетік жасау, кері жуу әдісімен салыстырғанда жеңілірек. Ол үшін конструкциялары әр түрлі сальниктерді қолданады.

Кері жуудың артықшылығы - Ұңғыма забойының бұрғылау ұнтақтарының жылдам тазаруында. Өйткені бұрғылау құбырларының іші тар болғандықтан кері жуғанда ағын жылдам көтеріледі және бұрғылау ұнтақтырын өздерімен бірге забойдан жоғары қарай ала кетеді. Сондықтан кері жууды тау жыныстарының ұнтақты көп беретін түрлерін бұрғылағанда қолданылады.

Бұрғыланып жатқан тау жыныстарының ерекшеліктеріне және Ұңғыманың алдына қойған мақсатына қарай Ұңғыманы жуу үшін әр түрлі жуу сұйықтары қолданылады. Жуу сұйығы ретінде ұңғы ішіндегі жерасты суларын немесе арнайы жоғарыдан құйылған жуу сұйығын пайдаланады. Ұңғы түбінде жуу сұйығының мтұйық шырайналмалы қозғалысы болу үшін арнайы сорапсыз бұрғылауға арналған аспаптар қолданылады. Егер бұрғыланатын тау жыныстары опырылмайтын яғни орнықты болса, онда жуу сұйығы ретінде кәдімгі суды қолданады. Қатты тау жыныстарын бұрғылағанда қаттылықты төмендететін әр түрлі ерітінділер қолданылыды. Олар забойдағы тау жыныстарын жұмсартып, бұрғылаудың жылдам жүруіне септігін тигізеді. Орнықсыз, опырылмалы тау жыныстарын бұрғылағанда, Ұңғыманы жуу үшін балшық ерітінділер қолданылады . Бұл ерітіндіні жуу сұйығы ұңғымадан шықпай, шырайналмалы ағыс жоғалып кететін жағдайда қолданады.

Балшық ерітіндісін ұңғыманы жуатын сұйық ретінде қолдану шегендеуші құбырлардың шығынын азйтумен бірге ұңғыманың конструкциясын женілдетуге, бұрғылау жылдамдығын көбейтуге және жұмыстын өзіндік құнын арзандатуға себеп болады.

Жуу сұйығы ретінде, кейде минералдық тұз ерітінділерін, балшық араластырылмаған ерітінділерді және аэрацияланған сұйықтар мен мұнайды да қолданады.

Мәңгілік тоң қатып жататын солтүстік аудандарда ерітінді салқындап, қатыпта қалуы мүмкін. Сондықтан ерітіндінің қату температурасын төмендету үшін оған ас тұзын қолданады.

Бұрғыланатын жыныстар ішінде жылдам еритін тұз болса, онда Ұңғыманы сол тұздың қаныққан ерітіндісімен жуады.

Аэрацияланған сұйықты кәдімгі жуу сұйықтарына ауа қосу арқылы алады. Оны сұйықтың жұтылуына қарсы қолданады.

Ұңғымада болатын күрделі аварияны жою кезінде ұңғыманы кәдемгі мұнаймен немесе тұзды қышқылмен жуады.

Қалыңдығы мол балшық пластарын бұрғылағанда Ұңғыманы химиялық реагентпен өңделген сумен жуады. Мұндай сұйықты балшықсыз немесе балшық араластырылған ерітінді дейді. Ұңғыманы балшықсыз ерітіндімен жуғанда, одан жер бетіне химиялық өндеуден өткен, сапасы жоғары балшық ерітіндісі шығады. Ол басқа Ұңғымаларды жуу үшін пайдаланылады.

Ұңғыманы жуудың қандай түрі болса да жуу сұйығының шыр айналымына, тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері, мұнай мен газ және жер асты суларының мөлшері, ағу жылдамдығы, қысымы, температурасы және т. б жағдайлары өте үлкен әсер етеді. Мысалы, мұнай мен су атқылаушы ұңғыларда жуу сұйығының шыр айналымы толығымен бұзылады, ал жоғары температуралы ұңғыларды бұрғылағанда, жуу сұйығы тек қана өз қасиеттерін жойып қоймай, әсіресі, жуу сұйғы ретінде су қолданылса, олар буға айналып кетуі мүмкін.

Қорыта келгенде, белгілі бір геологиялық жағдайда қазылатын Ұңғыманы жуу үшін оған қандай параметрлі балшық ерітіндісі керек екенін алдын ала біліп алып, сондай қасиеті бар ерітінді жасай білу керек.

Бұрғылау сұйықтығының технологиялық функциялары

Бұрғылау процесі ұңғы өтуін анықтайтын әр түрлі технологиялық операциялардың жиынтығынан тұрады, сондықтан функция технологиялық деп аталады.

1. Гидравликалық функциялар бұрғылау сұйықтығының ағынымен жүзеге асырылады және төмендегідей болады;

- ұңғымадан бұрғылау жыныстарының шығуы;

- сорап қуатының ұңғыма ішіндегі қозғалтқыштарға тасымалдануы;

- бұрғылау процесі кезінде қашаудың салқындатылуы;

2. Гидростатикалық функциялар тұрған бұрғылау ерітіндісімен жүзеге асырылады. Функциялардың бұл тобына жататындар:

- ұңғыма бағанының жүйесінде гидростатикалық тепе-теңдіктің жасалуы;

- бұрғылау ерітіндісінің айналуы тоқтатылғанда, бұрғылау жыныстарының бір бөлегін ұстап қалуы;

- ұңғыма қабырғасының нашар цементтелген жерлерінде гидростатикалық қысымды жасауы;

- таль жүйесіне түсетін жүктемені кішірейтуі;

3. Қабықтану процесіне қатысты функция.

Коллоидты бөлшектерден тұратын бұрғылау ерітіндісі, ұңғы ішінде жоғары-төмен жүрісі кезінде, жұқа қабықтар түзеді. Топқа жататындар:

- ұңғыма қабырғаларының түсуін азайту;

- нашар цементтелген жыныстардың ұсталуын күшейту және сақтау;

- бұрғылау құбырларымен ұңғыма қабырғаларының үйкелісін төмендету;

4. Физика-химиялық функция. Бұрғылау жұмыстары кезінде, бұрғылау ерітіндісінің құрамына химиялық реагенттердің қосылуы. Бұл процесс химиялық өңдеу деп аталады. Бұл функцияға жататындар:

- ұңғыма қабырғасын құрайтын жыныстардың беріктілігін күшейту;

- бұрғылау қондырғыларын коррозиядан және мерзімсіз тозудан сақтау;

- бұрғылау жұмыстары кезіндегі бұрғылау ерітінділерінің керекті қасиеттерін сақтау;

- қатты жыныстарды бұрғылау сапасын арттыру.

Бұрғылау сұйықтығының басқа функцияларына жататындар:

- ұңғының геологиялық тілінуін анықтау;

- көп жылдар бойына қатып жатқан жыныстардын жылулық тәртібін сақтау.

Бұрғылау сұйықтығының негізгі параметрлері

Тығыздық (г/см³) - сұйықтық массасының оның көлеміне қатынасы. Жуықтама және шын тығыздық мәні болып ажыратылады. Біріншісі ұңғымадан газ аралас шыққан сұйықтықты, ал екіншісі газ араласпаған сұйықтықты мінездейді. Бұрғылау сұйықтығының тығыздығын қалыпты жағдайда үлкейтудің қажеті жок. Себебі тығыз бұрғылау сұйықтығы бұрғылау жыныстарының жарықшаларына жылдам кіріп, көлемін тез азайтады. Колонкалы бұрғылауда қолданылатын бұрғылау сұйықтығының тығыздығы 1, 15-тен 1, 25 г/см³-ге дейін барады. Ауырланған бұрғылау сұйықтығының тығыздығы 2 г/см³-ге дейін барады, кейде одан да ауырлау болуы мүмкін.

Шартты тұтқырлық (Т, сек) - 500см³ қалыпты құйғыдан сұйықтықтың ағып шығу уақыты. Тұтқыр ерітінділер бұрғылау ұнтақтарын жер бетіне жылдам шығарады. Сорап тоқтаған уақытта тұтқыр ерітінді ұнтақтардың тұнуына кедергі жасап, олардың бір қалыпта қалықтап тұруына септігін тигізеді. Ұңғыманы жуып тұрған сұйық жер бетіне шықпай, жоғалып кеткен жағдайда, жуу сұйғы ретінде өте тұтқыр бұрғылау сұйықтығын қолданған дұрыс.

Сүзілу (см³/30мин) - дисперстік ортамен анықталған сұйық көлемін, 30 мин ішінде сүзгі қағаз арқылы өткізу мүмкіндігі.

Үйкеліс коэффициентті (К үйк ) - бұрғылау сұйықтығы ортасындағы екі металл беттердің арасындағы үйкеліс күшінің мөлшері.

Көбіктену коэффициентті - бұл бастапқы ерітіндінің көлеміне, көбіктенген ерітінді көлемінің қатынасы.

Сүзгі қабықтың жуандығы (мм) - бұрғылау ерітінділерін сүзу жұмыстары нәтижесінде жиналады. Су беруін өлшеп болғаннан кейін, қағаз сүзбенің бетіне отырған балшық қабыршағының қалыңдығын өлшейді. Қабыршақтың жұқа, тығыз келуі ерітіндінің жақсы екенін көрсетеді.

Сутек иондарының шоғырландырылуы pH саны бұрғылау сұйықтығының саңылаудылығын мінездейді. pH жоғары болса, сәйкесінше саңылаудылық артады.

Қалыпты жағдайда қолданылатын бұрғылау ерітіндісің параметрлері мынадай мөлшерде болғаны жөн: тұтқырлығы 21сек; тығыздығы 1, 2г/см құм мөлшері 4% ; 30 минут ішінде су беруі 25см ³ ; коллоидтығы 96%; тәуліктік тұнбасы 4%; балшық қабыршағының қалындығы 3мм.

Бұрғылау сұйықтығын дайындау материалдары

Су негізіндегі бұрғылау сұйықтығын дайындау үшін дисперстік фаза түзетін материал қажет. Бұл материал балшық болып табылады. Балшықтардың көп түрлері бар. Балшықтардың химиялық құрамы әртүрлі, бірақ ортақ кремний және алюминий тотығымен біраз су қоспасынан тұрады.

Балшық құрамы шартты түрде: хА12О3 . уSiО2. zН2О болып жазылады. Сазды жыныстардың жыныстары: монтмориллонит, палыгорскит және каолинит.

Балшық ерітінділерінің тиімді себептері.

  • ұңғының қабырғасына қабыршақ орнатып, оларды опырылудан сақтайды; бұрғы және шегендеуші құбырларды тозып, мүжілуден сақтап олардың қолдану мерзімін ұзартады; ұнтақталған тау жыныстарын, бұрғылау процесі тоқталған жағдайда, ұңғы түбіне түсірмей, қалқытып ұстайды да, бұрғылау аспаптарын жыныс ұнтақтарымен бастырылып қалуынан сақтайды; сыбағалы салмағы үлкен болғандықтан, су, мұнай және газдың ұңғыдан кенеттен атқылауына кедергі жасайды.

Балшық ерітіндісі су мен балшықтан тұрады. Ол екеуін араластырғанда

тұрақты қасиеті бар физикалық-химиялық қосынды балшық ерітіндісі шығады.

«Балшық» деген сөз негізінде үш мағынада қолданылады:

  • тау жынысының бір түрі; майда түйіршекті кристалдық минералдардың жеке тобы; ұңғыларды бұрғылағанда пайда болатын ұнтақталған тау жыныстары ретінде.

Балшықтар жер қыртысында ең көп тараған шөгінді тау жынысы. Олардың ең маңызды қасиеттері - ісінулігі, иілімділігі, иондық айырбастылығы және су ішінде өте кішкентай бөлшектерге бөлінуі болып есептеледі.

Балшық ерітіндісінің сапасы оның құрамына кіретін су мен балшықтың сапасымен тығыз байланысты. Сондықтан балшық ерітіндісін дайындайтын судың сапасы өте жоғары болу қажет. Теңіз суын немесе жерасты тұзды суларын қолданған жағдайда, олардың сапасы төмен болады. Сол себептен, сапалы балшық ерітіндісін жасау үшін судың жалпы қатаңдығы (3÷4) ∙10 ־ ³ моль/литрден аспауы қажет. Егер судың қатаңдығы бұл мөлшерден асып кетсе, онда оны алдын ала жұмсарту керек. Осы мақсатпен суға калцийлендірілген сода немесе тринатриййфосфат қосады.

Балшық ерітіндісін жасау үшін кесек немесе ұнтақталған балшықтар қолданылады.

Кесек балшықтардың мөлшері 150-200 мм аспауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру
Хазар жүзбелі бұрғылау қондырғысы
Газ ұнғымаларының жабдықтары
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Ұңғымаларды жөндеу жұмыстарының классификаторы
Сораптар диагностикасы
Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары
Бұрғылау жабдықтарын есептеу және конструкциялау
Пресс - қайшылардың негізгі операциялары
Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz