Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-бөлім.Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық
тәрбиесінің теориялық аспектілері
1.1.Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі
балалардың игеруі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-14
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің
басты міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-20

ІІ-бөлім.Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі.
2.1.М.Монтессори мен Фребельдің балалардың сенсорлық
тәрбиесін дамыту әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-26
2.2.Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ..27-28

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-30
ІV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы материалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.
Баланың дамуы баланың ойын бөлмесі қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты. Ана мен әкемнің міндеті кішкентай адам өзін қауіпсіз сезінетін үйде ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз орынды қамтамасыз ету болып табылады. Кішкентай балалардың ашық алаңдарда және демалу үшін толық жабдықталған бөлмесінде өз бұрышы болуы керек.
Сенсорлы қабылдауды жақсарту үшін келесі міндеттер қойылды: мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған материалдарды таңдау; жасөспірімдерде сенсорлықты дамыту диагностикасын жүргізу.
Сенсорлық білім - бұл әр түрлі параметрлерде, мысалы, конфигурация мен мөлшерде, пәннің түстерін сіңіру үшін, интегралды объект қалыптастыру үшін тәжірибе алу мүмкіндігі. Мұның бәрі біртіндеп игерілді. Осы мақсатқа қол жеткізудегі ең үлкен кедергі - ерте жаста. Сенсорлық тәрбие жоспарланып, негізгі біліммен үйлесімді болуы керек, сондықтан бұл жұмыс қосымша жұмысқа айналмайды. Яғни, баланың дамуының белгілі бір физикалық деңгейі болған жағдайда ғана объектінің шамасы, нысаны мен түсі туралы білімді белсенді түрде біріктіру мүмкін болады.
Сенсорлықты дамыту кезінде, буып-түю объектілеріне арналған іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қолдың мобильділігі маңызды рөл атқарады.
Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала дене шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жетілетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау - дұрыс ұғынуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог
Қ. Жарықбаев былай деген: Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады .
Міне, осы мақсаттарды зерттеу практика барысында жүзеге асыру үшін мен курстық жұмыс тақырыбын Мектепке дейінгі баланың сенсорлық дамуы деп таңдадым.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, баланың жан-жақты дамуындағы алатын рөлін талдау.
Зерттеудің міндеті:
-баланың жалпы дамуына жақсы жағдайдың жасалу жолдарын анықтау;
-әлемдегі, түстер мен көлеңкелерде, сондай-ақ әр түрлі объектілердің шамаларын түсіну арқылы балалардағы сенсорлық және психомоторлы ортаны дамытуға ықпал ету;
-баланың ерте жастан сенсорлы моторикасын дамытудың тиімді жолдарын қарастыру;
-тиімді ойындарды, жаттығуларды, ортақ даму бойынша сабақтарды таңдау;
даму процесіне әкелер мен аналарды тарту;
Зерттеу нысаны:сенсорлық тәрбиені ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, бағдараламалық талаптары.
Зерттеу пәні: педагогика пәні бойынша балабақшадағы балалардың сенсорлық әрекеттері негізінде бейнелі ойлау қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастырудың тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, сенсорлық мәдениетті қалыптастыруды жан-жақты тиімді жолдарын қарастырып, және де сенсорлы моториканы дамытуға бағытталған әртүрлі іс-әрекет түрлері ұйымдастырылып оны жүзеге асырып отырса, онда баланың қоршаған ортаны толықтай жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеруге толықтай негіз бар, өйткені сенсорлық тәрбиені жүйелі жүргізу баланы дамытудың ең негізгі нысаны болып табылады.

І-бөлім:Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілері.
1.1.Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың игеруі.
Сенсорлық тәрбие-ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибиесінің дамуын және және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігі қалыптастырылады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Сенсорлық сөзі латынның sensus-сезім, түйсіну, қабылдау, түйсіну қабілеті деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғышарты болып табылады.
Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық мәдениет үшін де зор маңызы бар. Түсін реңкін, формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен тембрін ажырата білу, бейнелеу мен музыка өнері шығармаларын жақсы түсінуге, музыканы тыңдауын, картиналар мен скльуптура және т.б көруден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Сенсорлық тәрбие сондай-ақ тактильді сезімді- заттың сапасын сипап байқау арқылы ажырата білу және оларды: тегіс, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б. деп дұрыс атай білуді дамытуды қамтиды. Иіс пен дәм түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиенің бір қыры болып табылады.
Күнделікті өмір процесінде, ойындарда және оқу сабақтары кезінде тәрбиешінің басшылығымен мектепке дейінгі балаларды жан-жақты сенсорлық тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі балалардың заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру- бұл нәтиежесін кейін қандай да мазмұнды қызметке пайдалану үшін арнайы ұйымдастырылған қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем, форма, кеңістік қатынастарын, түсті, адам сөзіндегі дыбыстардың музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін бөліп қарауға әрі оларды бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.
Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі балалардың сенсорлық эталон туралы ұғымын қалыптастыру болып табылады. Сенсорлық эталон- бұл қоғамдық- тарихи тәжірибе процесінде туған үлгі.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.
1- бөлім - эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.
2- бөлім - есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.
3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.
Заттармен іс-әректетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін, тағы басқаларды дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарлығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады. Балалардың кеңістік бағыттарын, заттардың өзара орналасуын, оқиғалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жетіле түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстарады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтиежесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз- қасиеттер мен қарым-қатнастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұған түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалары жатады. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады, осылардың жәрдемі арқылы сәйкес қасиеттер мен қатнастарды анықтайды және белгілейді. Мысалы, пішінді қабылдауда геометриялық фиуралар (дөңгелең, квадрат, үшбұрыш, т.б) жөніндегі түсініктер, түсті қабылдауда, түстің жеті спектрі, ақ және қара түстер жөніндегі түсініктер эталон болады.
Табиғатта түс пен пішіннің шексіз көп түрі бар. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айнасынан көргендей қабылдауға мүмкіндік береді. Кез-келген түсті спектрдің негізгі түстер реңінің бірі ретінде (қошқыл қызыл) олардың қосылысының нәтиежесі ретінде (сары жасыл), не қара түс пен ақ түс арасындағы аралық түс (сұр) ретінде ажыратуға болады. Сондай-ақ кез-келген заттың пішінін белгілі тәртіппен орналасқан осындай бірнеше фигуралардың үйлесімі ретінде қабылдауға болады (мысалы, қардан соғылған адамды бір-бірінің үстіне үйілген шеңбер арқылы бейнелеуге болады). Мұнда әңгіме сөз түрінде бейнелеуде болып отырған жоқ, біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс үлгілердің жеке түрлері мен үйлесімі ретінде қабылдаймыз. Эталонның әр түрі жеке үлгілердің жай ғана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі бір тетелестікпен орналасқан, қалай да бір тәртіппен топталған, айқын белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын жүйе болып келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық эталондарды игеруі балалар бақшасының программасына сәйкес жеке геометриялық фигуралармен, түстермен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен тиімді іс-әректтердің көптеген түрлерін меңгеру процесінде өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке түрлерін көпшілік қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды арнайы үйретпегеннің өзінде мектеп жасына дейінгі бала сурет салу, құрастыру мозайка мен жапсырманы салғандағы материал қолдануында қажетті үлгілер болады. Мысалы, бала сурет салғанда күн спектірінің түрлеріне сәйкес таңдалып алынған бояуларды пайдаланады, кубиктерді құрастырғанда әр түрлі шамадағы үшбұрыштық, тікбұрыштық, шаршы элементтерді қолданады. Мозайка мен жапсырманың материалдарында түрлі түсті дөңгелекшелер, үшбұрышшалар, квадратшалар т.б. болады.
Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түсерді атайды.
Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болуы сияқты сенсорлық эталонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтиежесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз. Бала қасиеттердің ішінен барлық қалғандарына эталон ретінде қолданылатын солармен көпеген заттардың қасиеттерін салыстыруға болатын жеке түрлерін бөле білуі керек. Көпшілік қабылдаған эталондарды меңгеруге қажетті жағдайлар алғаш рет әректтің тиімді түрлерінде жасалады. Балаларға суретінде, құрстыруында, жапсырмасында, белгілі бір затты көрсете білу тапсырмасы қойылғанда ол осы заттың ерекшеліктерін қолындағы материал ерекшеліктеріне қатыстылығын айқындауға тырысады. Бұл баланы материялды бірнеше рет тексеруге мәжбүр етеді, түр-түсін, кубик формаларын, мозайка элементтерін еске сақтауға тура келеді. Түрлі заттардың бейнелерін жасағанда балалар әр жолы да сол бір түсті кубиктерді, мозайка элементтерін пайдаланады, олардың қасиеттері көптеген заттардың қасиеттерімен қатнастылығы айқындалады да біртіндеп үлілердің, эталондардың мәніне ие бола бастайды.
Арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбиесіз-ақ әдетте балалар тек кейбір, мысалы, дөңгелек пен квадрат формалары, қызыл сары, жасыл және көк түсті эталондарын игереді, өйткені бұл формалар мен түстер өзгелерден жиі кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша сияқты форманы, қызғылт-сары, көгілдір күлгін түс туралы түсініктерді едәуір кеш меңгереді. Кейбір эталондар ғана игерілгенде, бала заттардың осы эталонымен сәйкес келетін қасиеттерін өте анық және дәл қабылдайды, ал эталоны әлі игеріп болмаған өзге жеке түрлер қасиеттерін тиянақсыз және көбіне қате қабылдайды.
Белгісіздеу қасиеттер меңгерілген жуықтағандай, соларға теңегелгендей болады, заттардың қаситтерінің өзіндік жалпылануы орын алады. Мысалы, квадрат туралы түсінігі бар бірақ тік бұрыш пен трапеция жөнінде түсінігі жоқ бала квадраттан сәл ғана айырмасы бар трапециялар мен тікбұрыштарды квадраттар ретінде қабылдайды. Дәл сондай-ақ сары және қызыл түстер жөнінде түсінігі бар, ал қызғылт сары түсі жөнінде түсінігі жоқ балалар қызғылт сары немесе қызыл түс түрінде қабылдауға бейім тұрады. Меңгерілген эталондар олардың жай тек атауларына ғана емес, ең алдымен қасиеттерді қабылдаудың өзіне ықпал ететіні балаларға үлгіге сай дәл сол түсті заттарды үнсіз таңдау ұсынылғанда тәжірбиелерде байқалады.
Мектепке дейінгі үш жастағылар көптеген жағдайларда сары түсті үлгі бойынша тек сары заттарды, ал қызғылт сары түсті үлгі бойынша қызғылт сары түсті де, сары түсті де таңдайды, көк түсті үлгі бойынша тек қана көк түсті көгілдір түстіге қарап көгілдір түсті де , көк түсті де таңдайды. Бұл әсіресе, алдымен балаларға үлгіні көрсетіп, кейін оны жасырып қойып таңдауды ойша жүргізілген жағдайда айқын көрінеді. Бұл фактілерді балалардың сары мен қызғылт сары көк пен көгілдір түс арасын ажырата білмейді деп түсіндіруге болмайды. Таныс түс үлгісі бойынша таңдау дұрыс жүргізіледі, ал аз таныс үлгі бойынша қателіктер болады. Мұның себебі-балалар, мысалы сары үлгіні алғанда оны өзіндегі эталонмен ара-қатысын ажыратады да сары түс деп таниды. Мұнан кейін олар сары заттарды таңдап ала бастайды, қалғандарын түсін жете тексріп жатпай ақ ондай емес деп жәй шетке ығыстырады. Қызғылт сары түс баланы қиын жағдайда қалдырады. Қызғылт сары түс жөнінде оның түсінінгі болмағандықтан бала оның орнына өзінде қалыптасқан эталондарға бәрінен жуығырақ келетін сары түсті пайдаланады. Сондықтан бала үлгіге сәйкеспейтін бірақ таныс эталонға сәйкесетін заттарды да таңдайды.
Әрекеттің тиімді түрлерін күрделендіру нәтиежесінде бала біртіндеп форма мен түстің эталондарын игереді және шамамен төрт - бес жасқа жеткенде, олардың біршама толық жиынын меңгеріп алады.
Заттардың шамасы жөніндегі түсініктерді бала үлкен қиындықтармен меңгереді. Форма мен түстің эталондарына қарағанда, шаманың көпшілік, қабылдаған эталондары шартты сипаттар келеді. Бұған адамдардың саналы қолданатын өлшемдері (сантиметр, метр) жатады. Өлшемдер жүйесі және оларды пайдаланудың жолдары, әдетте мектепке дейінгі балалық шақта меңгерілмейді. Мектеп жасына дейінгі баланың шаманы қабылдауы басқа негізде дамиды. Олар заттардың шама жағынан қатнастары жайлы түсініктерді меңгереді. Бұл қатнастар зат басқа заттар қасында орын (үлкен, кіші, ең үлкен тағы басқалар) алатындығын көрсететін сөздерімен белгіленеді.
Әдетте мектепке дейінгі жастың бас кезінде балаларда бір мезгілде қабылданатын қос зат арасындағы шама қатынасы туралы ғана түсінік болады (үлкен кіші).
Оқшауланған заттың шамасын бала анықтай алмайды, өйткені оның өзге заттар арасындағы орынын ойда келтіріуі қажет. Мектепке деінгі кіші және естияр жастағы балалрда үш зат арасындағы шама қатынасы туралы түсініктер (үлкен кіші, ең кіші) қалыптаса бастайды. Балалар кейбір өздеріне таныс заттардың үлкендігі мен кішілігін олардың өзге затттармен салыстыруға байланысынсыз-ақ анықтай бастайды (піл үлкен, шыбын кіші).
Бес-алты жасар бала түс пен форманың жеке эталондарын меңгеру арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатнастарды, заттардың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді игеруге көшеді. Үлкендердің жәрдемімен арнаулы ұйымдастырылған әрекетте бір ғана форманың өзі бұрыштарының шамасы, осьтері мен қабырғаларының ара-қатнасы жағынан түрлене алатынын, түзу сызықтарды қисық сызықтардан бөле отырып формаларды топтастыруға болатындығын балалар меңгеріп алады. Мұнда форманың сенсорлық эталондарының жүйесі геометриялық фигуралардың математикада берілетін ғылыми бөлінуінен басқаша болады. Ал, егер де геометрияда дөңгелек - сопақшаның жеке бір түрі, квадрат тікбұрыштың жеке бір түрі болып көрінетін болса, сенсорлық эталондар ретінде бұл фигуралардың бәрі тең праволы, өйткені олардың бәрі тең дәрежеде белгілі бір заттар тобының формасы туралы түсінік береді.
Түстер туралы түсініктерді жетілдіру спектірдің түстік (тон реңктерін) меңгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан өзгеретіндігін, түстер көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінде топталатынын біліп алады, жұмсақ, көзді тартарлық түстердің баттиған, қарама - қарсы түстерге ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама жөніндегі түсінігі көбейеді. Балаларда шаманың жалпы эталаондарынан басқа олардың ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде түсініктер қалыптасады.
Барлық осы түсініктерді балалар нақты іс-әрекет процесінде төңірекке күнделікті бағдар тұтудың нәтижесінде менгереді және әрдайым сөз арқылы бейнелене, ұғыныла бермейді.
Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың түсі мен формасын ғана қатысты емес. Заттар мен құбылыстардың өзге қасиеттеріне де қатысты болады.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттері. Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру - мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы тиіс. Қасиеттердің жеке эталондары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы балаларды сурет салуға жабыстыру ісіне, құрастыруға, музыка сабақтарына үйрету, яғни бала қабылдауына барған сайын күрделірек міндеттерді қоятын және сенсорлық заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралығы табысты іс-әрекеттер үшін мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы - жаманды етіп сала алады, бірақ ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша текшелерді құрастыру процесінде белгілі форма мен өлшемдегі текше жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып алады, әйтседе қажетті текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс-әрекетпен байланысты балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін көрсетеді.
Бес, алты жасар балаларда затты неғұрлым жоспарлы да тұрақты тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай-бұлай аударып-төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра белгілі ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді. Тек жеті жасқа жеткенде (сонда да балалардың бәрінде емес) заттарды толықтай жүйелі, жоспарлы қарайтындықты бақылауға болады. Олар тікелей көру қабылдауын пайдалана отырып, заттың қасиеттерін ойдағыдай толық сипаттайды.
Эксперименттердің бірінде балаларға қарап көру және кейін тани білу үшін бұрыс формалы фигуралар берілді. Фигураға көз жүгірту киноға түсіру арқылы бақыланды. Үш жастағы балалар фигураның ішіне көз жүгіртеді, кейде осьтік бағыт бойынша да көз салады. Көз жүгірту саны онша көп болмайды. Төрт жастағы балалардың көз жүгіртуі көбінесе фигураның ішкі жағымен өтеді. Контур бойынша көз жүгірту мүлде жоқ деуге болады. Сонымен бірге фигураның ерекше белгілеріне көз тастайды, бір-біріне жақын орналасқан көз салуды жазу топтары да пайда болады. Көз жүгіртудің жалпы саны фигураны қараған кезде үш жастағы баланың көз жүгіртуімен салыстырғанда екі есе артады. Таңдау нәтижелері жақсара түседі. Бес жастағы балалар да фигураны төрт жасар балалар сияқты қарап шығады, бірақ олармен салыстырғанда, нұсқаның бір ерекше бөлігін тексереді. Таңдау кезіндегі қателер мүлде дерлік жойылады. Ақырында алты жастағы балалардың көз жүгіртуі мүлде дерлік фигураның нұсқасы арқылы өтеді. Көз жүгірту саны айтарлықтай көбейеді. Фигураны таңдауда қателер болмайды.
Заттардың формаларын қабылдау тәсілдеріндегі ұқсас өзгерістер фигуралармен сезіну арқылы танысу процесіндегі бала қолының қозғалыстарын зерттегенде осыны байқауға болады (бала фигураны қарап көрмей қолымен сипап көреді). Үш жастағы балалар қолына фигураны ұстап сілкіп қояды, бірақ сипап қарамайды. Төрт жаста фигураның нұсқасын бір қолымен, бірақ саусақтарымен емес, алақанымен сипап қарау әрекеті пайда болады. Бес жасар балалар фигураны екі қолымен сипалайды жеке ерекше белгілерін (ойыңқы, шығыңқы жерлерін) мұқият тексереді. Алты жастағылар фигураның нұсқасын саусақтарының ұшымен біршама толықтай сипалап шығады. Мұнда сезіну қабылдауының дамуы көру қабылдауынан кейін қалыптасады және оның нәтижелері біраз төмен болады.
Мектеп жасына дейінгі балада қабылдау іс-әрекеттерін жетілдіру өзінің негізінде бізге бұрыннан таныс заңдылықты, яғни сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің қабылдау іс-әрекеттеріне айналуын көреміз. Сыртқы бағдарлау іс-әрекеті (бұларды бала бүкіл мектепке дейінгі шақ ішінде меңгереді) қабылдау жәрдемімен балалар әлі шеше алмайтын міндеттерді байқап көру жолымен шешуге қызмет етеді. Енді міндеттердің өзі анағұрлым күрделірек болып шығады: әр түрлі заттардың қасиеттерін бала игерген сенсорлық эталондармен салыстыруға, теңестіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы сенсорлық тәрбие
Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Сенсорлық тәрбие ұғымы
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер