Клиникалық белгілері. Балауы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Тақырыптың өзектілігі
III. Негізгі бөлім
1. Нутталлиоз,
2. Эпизоотологиялық деректері
3. Клиникалық белгілері.
4. Балауы.
5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
6. Емі
7. Алдын алу шаралары
8. Тақырыпқа байланысты қызықты материалдар
Қорытынды
Әдебиеттер
Тақырыпқа байланысты тапсырмалар

Кіріспе

Малдың протозоидтық ауруларының патогенезі толық зерттелмеген. Ол мал (макроорганизм) мен қоздырғыштың (микроорганизм) бір - біріне қарым - қатынасынан туындайды. Жалпы мал организмінің паразитке қарсы жауап әсері, нерв жүйесі арқылы реттелетін иммундық қорғаныс жүйесінің және ішкі мүшелердің физиологиялық қызметіне байланысты. Паразиттің мал организміне әсері, ең алдымен оның патогенділігіне байланысты (ауру қоздырғыштық қабілеті). Әдетте қарапайымдылардың бір түрі малдың белгілі бір түріне ғана патогенді болады, бірақ қарапайымдылардың кейбір түрлері, малдың бірнеше түріне жұғуы мүмкін. Мысалы, токсоплазмалар, көптеген мал мен құс түрлеріне жұғады. Әрбір патогенді қарапайымдыларда өзіне тән вируленттік (уыттылық) қасиеті бар, ол өзгеріп отырады. Оны физикалық немесе биологиялық факторлармен төмендетуге болады. Суықтық пен әсер етіп, кейбір мал пироплазмоздары қоздырғыштарының вирулентті қасиетін уақытша азайтуға болады. Иммундық жүйесі мықты, өте резистентті малға жұқтыру арқылы да паразиттердің вируленттілігін төмендетуге болады. Қоздырғышты бір малдан екінші малға жұқтырып (пассаж), кейде оның вируленттілігін арттыруға болады. Қоздырғыштардың вируленттік қасиетінің өзгеруі, олардың кейбір кенелерде өсіп-дамуында байқалған. Мысалы: Hyalomma plumbeum кенелерінен жұққан инвазияға қарағанда, Dermacentor кенелері тасымалдаған 113 нутталлиялар жылқы нутталиозының ауыр түрін қоздырады. Рентген сәулесімен әсер еткенде де кейбір қарапайымдылардың уыттылығы бәсеңдейді. Патогенді қарапайымдылардың вируленттік қасиеті көп қырлы және инвазияланған организмде ол әр түрлі байқалады. Оның уыттылығы қызбамен, жүйке құбылыстарымен, қан тамырларының қанталауымен байқалады. Қарапайымдылар организмде көбейіп, өз иесіне трофикалық (қоректік) әсер етеді. Қарапайымдылардың тіршілігінен, зат алмасуынан пайда болған улы заттар қан арқылы малдардың әр түрлі мүшелеріне, ұлпаларына тарайды. Бұл заттар бүкіл организмді уландырып, инвазияның ауыр түрін туындатады. Осылардың әсерінен малдың дене қызуы жоғарылайды, жүрек қантамыр және ас қорыту жүйелерінің және нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Сонымен қатар, қарапайымдылар аллергиялық реакция туындату арқылы да мал организімін нашарлатады. Торша ішінің паразиттері, мысалы пироплазмдар эритроциттер ішінде тез көбейіп, оларды ыдыратады. Ыдыраған эритороциттер ішіндегі гемоглобиннің бір бөлігі биллирубинге айналып, ал оның басым көпшілігі бүйрек арқылы шығарылғандықтан гемоглобинурия пайда болады. Ішек торшалары ішіндегі паразиттер, мысалы, эймериялар (кокцидиялар) ішектің эпителий торшаларын зақымдайды. Бұл паразиттер пиноцитоз арқылы қоректенеді, олар торшаның цитоплазмасын зақымдап, оны ыдыратады. Егер, эймериялардың саны тым көп болса, ішектің кілегей қабығы ыдырап, ас қорыту қызметі бұзылады, қан тамырлары қансырап, организмге патогенді микроорганизмдер енеді, ішек қыртысы қабынып, энтерит және колит белгілері пайда болады.
Негізгі бөлім
Нутталлиоз қарапайымды қан паразиттері нутталиялар қоздыратын, ауырған мал денесінің қызбасымен, қанының азаюымен, сарғаюмен, ағзаларға қан құйылуымен, орталық жүйке, жүрек, қан тамырлары және ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін трансмиссивтікауру.
Нутталлиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есекқашыр) жануарлар ауырады.

Қоздырғышы Nuttalіa equі Theіlerіdae тұқымдасына жататын қан эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні
сопақ, алмұрт тәрізді және нүкте тәрізді болып келеді. Паразиттің тұрқы 1-4мкм. Тұрқы жағынын олар үш түрлі болады: ірілерінің тұрқы эритроцитрадиусына тең, орташалары эритроцит радиусының жартысындай, ал ұсақ түрлері радиустың төртінші бөлігіндей. Жылқы қанында бұл паразиттер екі, үш және төртке бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест тәрізді түрлері пайда болады.

Паразиттің бұл түрлерін "мальта кресі" деп атайды. Тақ тұяқтылардың қанында нутталиялар өте ұзақ уақыт 6 жылға дейін, ал кейбір деректерге қарағанда 18 жылға дейін сақталады. Егер жылқы қанында паразиттердің ірі және орташа түрлері басым болса, нутталиоз жіті және жітілеу түрінде байқалады, ал оның түрлері көбірек болса, аурудың созылмалы болғаны.
Нутталиоз ауруының қоздырғышын Dermacentor туысына жататын кенелер және Hyalomma plumbeum, Rhіpіcephalus bursa кенелері тасымалдайды. Нутталиялар кене арқылы жылқыға трансфазалы жолмен таралады. Кене, балапан кене не нимфа сатысында инвазияланса, онда нутталиоздарды келесі сатылары нимфа немесе имаго таратады. Сондайақ, нутталлиялар кененің келесі ұрпағына трансовариалды (жұмыртқа арқылы) жолмен де ауысады. Кене мал денесінен қан сорғанда, паразиттер оның сілекейімен жылқы организміне өтеді. Олар лимфа бездері арқылы қанға өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген паразиттер өсіпдамуын жалғастырып, жедел түрде бөлініп көбейе бастайды. Нәтижесінде нутталлиялар қандағы эритроциттердің 10-30 % -ын зақымдайды.

Эпизоотологиялық деректері
ТМД (тәуелсіз мемлекеттік дамуында) елдерінің орталық және оңтүстік аудандарында кездеседі. Солтүстік және орталық белдеулерде сирек кездеседі. Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда нутталиоз мамыр айынан бастап, жаз бойы тіркеледі. Нутталлиоз әдетте пироплазмозбен аралас кездеседі. Бұл ауруға жас мал, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды жылқы шалдыққыш келеді. Ауру қан арқылы іштегі төлге де жұғуы мүмкін. Жергілікті байырғы жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын кенелердің талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін табиғи түрде арттырып отырады. Нутталлиозбен ауырып жазылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық ауруларды балау әдістері. Патогенді коккалар
Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары
Шошқалардың африкалық обасы
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы
Туберкулезді балау әдістеріне қысқаша балау
Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Тудың патологиялық кезінде акушерлік көмек көрсету туралы
Қоздырғыштарды зертханалық зерттеу әдістері. Микотоксикоздар тудыратын аурулар
Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар жайлы
Пәндер