ВИРУСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

1. 1. Компьютерлік вирустар . . . 5

1. 2. Компьютерлік вирустар қайдан шығады . . . 8

1. 3. Компьютерлік вирустардың белгілері . . . 11

1. 4. Вирус жұққан файлдар . . . 14

1. 5. Компьютерлік вирустардың жіктелуі . . . 16

ІІ. ВИРУСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

2. 1. Макровирустар . . . 18

2. 2. Резиденттік және резиденттік емес вирустар . . . 19

2. 3. Полиморфті вирустар . . . 20

ІІІ. ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАНУ

3. 1. Вирустардан қорғанудың тәртiптерi . . . 23

3. 2. Вирустарға қарсы программалар . . . 25

3. 3. Вирустарға қарсы программалардың типтерi . . . 28

3. 4. Жүктегiш вирустарды табу . . . 34

3. 5. Вирусқа қарсы антивирустық бағдарламалар . . . 40

3. 6. Танымалы антивирус программалары. Кaspersky Antivirus . . . 41

3. 7. Norton Antivirus, Antivirus Doctor - Web . . . 44

3. 8. Microsoft Antivirus, Antivirus Advanced Diskinfoscope . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51

КIPIСПE

Бұл диплoмдық жoбaдa компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустардың белгілері, вирус жұққан файлдар, макровирустар, резиденттік және резиденттік емес вирустар, вирусқа қарсы антивирустық бағдарламалар, танымал антивирус программалары, Kaspersky Antivirus, Norton Antivirus, Antivirus Doctor - Web, Microsoft Antivirus, Antivirus Advanced Diskinfoscope қapaстыpылaды.

Бұл дипломдық жoбa компьютерлік вирустар туpaлы жaлпы мaғлұмaттap бapысындa жeтiстiктep aлу жәнe дәpiстiк мaтepиaлды тepeң бiлугe мүмкiндiк бepeдi. Сoнымeн қaтap, макровирустар, резиденттік және резиденттік емес вирустар туралы тереңірек түсiндipiлeдi.

Компьютерлік вирустар - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) прграмма. Ол өзінен өзі басқа праграммалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген “деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп оның негізгі фунциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған жұмыс істеуге тиіс басқа программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады“ және де жалпы басқада зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсытында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттерікөбнесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқару ды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ”вирус жұққандығы” бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде “вирус жұққан” программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттен тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

- кейбiр программалар жұмыс iстемей қалады немесе дұрыс жұмыс

iстемейдi;

- экранға әдеттегiден тыс бөтен мәлiметтер, символдар т. б. шығады;

- компьютердiң жұмыс iстеу жылдамдығы баяулайды;

- көптеген файлдардың бүлiнгенi байқалады және т. с. с.

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбiр файлдар мен каталогтар, дискiдегi мәлiметтер бұзылып үлгередi, оның үстiне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергiлiктi байланыс желiлерi бойымен компьютердегi вирус баса компьютерге таралып кеткенi байқалмай да қалады.

Осының бәрi вирустан дер кезiнде қорғанбасақ, оның артқы әсерi өте жағдайсыз кезеңдерге душар ететiн талас тудырмаса керек. Вирус прогрммасының байқалмау себебi олардың көлемi кiшiгiрiм ғана болады да, өздерi ассемблер тiлiнде жазылады. Кез-келген жағдайды вирус программасы қай компьютерге аарналып жазылса да, ол мәлiмет алмасып жұмыс iстейтiн басқа компьютерлерге де тез тарап кетедi және өте көп зиякестiк әрекеттер жасауы мүмкiн [1] .

І. КОМПЮТЕРЛІК ВИРУСТАР.

1. 1. Компьютерлік вирустар.

Компьютерлiк вирустар дегенiмiз - өзiнен-өзi көбейiп, компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi обьектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.

Вирус дискiдегi кез-келген файлды бүлдiре алады, бiрақ кейбiр файлдарға ол бiрден жабысады, яғни ол файлдың iшкi көлемiнен орын алып, оның қызметiн түрлендiрiп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетiн бастап кетедi. Дегенмен, көптеген программалар текстi мен құжаттарға, мәлiметтер қоймасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегi мәлiметтерге вирустар онша әсерiн тигiзе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкiн.

Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкiн:

  1. Бiрден орындалатын файлдар, белгiлi бiр iс-әрекет iстейтiн кеңейтiлулерi com. және exe. болып келген файлдар, сондай ақ басқа программаларға қажет кезiнде қосылатын оверлейлiк файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерiнiң керi әсерiн жұмыс iстейтiн, iске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауiптi вирустарға резиденттiк түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбiр программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егер де олар AUTOEXEC. BAT және CONFIG. SYS арқылы iске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшiрiлiп қайта iске қосылған сайын вирустар өз әсерлерiн тұрақты қайталап жүргiзiп отырады.
  2. Операциялық жүйенiң жүктеуiшi мен қатты дискiнiң ең басты мәлiмет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар “жүктегiш” немесе Bott -вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметiн компьютердi iске қосқанда, яғни операциялық жүйенi жүктегенде бiрден бастайды және әрдайым компьютердiң жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсiлi- компьютерге салынған дискеттердiң алғашқы жолдарына жазылған жүктегiш мәлiметiне зақым келтiру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екi бөлiктен тұрады, өйткенi дискеттiң жүктеуiш жазбасы мен операциялық жүйенiң басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады., сондықтан вирус бiрден түгелдей олардың iшiне орналаса алмайды. Вирустың екiншi бөлiгi дискiнiң түпкi каталогының соңына немесе мәлiметтер кластерлерiне жазылып қалады.

  1. Құрылғылар драйверлерi, яғни CONFIG. SYS файлының шеткерi құрылғылар көрсетiлетiн Devise деген сөз тұрған қатарында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны iске қосқан сайын қызметке кiрiседi. Бiрақ драйвердi бiр компьютерден екiншi компьютерге көшiру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелiк файлдарына да вирус жұқтырылуы теория жүзiнде мүмкiн болғанымен, олардың таралуы iс жүзiнде өте сирек кездеседi [2] .

Әдетте әрбiр вирус түрi файлдың бiр немесе екi типiне ғана “жұғады” Көбiнесе бiрден орындалатын файлдарға “жұғатын” вирустар жиi кездеседi. Дискiнiң жүктегiш аймағын зақымдайтын вирустар екiншi орында деп айтуға болады. Шеткерi құрылғылар драйверлерiн зақымдайтын вирустар сирек кездеседi, әдетте олар бiрден орындалатын файлдарға да зиянын тигiзедi.

  1. Соңғы кезде вирустың жаңа түрлерi-дискiдегi файлдық жүйенi өзгертетiн вирустар көбейiп таралуда, оларды қысқаша DIR - вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз текстiн жасырын жазып қояды да, оны дискiнiң файлды орналастыру кестесiне файлдың соңы ретiнде белгiлейдi.

Барлық . COM және . EXE типтi файлдар үшiн- каталогтағы файлдың алғашқы мәлiметi көрсетiлген орынға вирус жазылған қате орын көрсетiлiп, ал дұрыс көрсеткiш- таңбаланған түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлiгiне жасырылады. Сол себептi кез-келген программаны iске қосқанда дискiден бiрiншi вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтiн DOS программаларына жабысады. Бiрақ жалпы көрiнiс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсерi бiлiнбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемi қысқарып небәрi 512 не 1024 байт қана болып қалады.

Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар:

  • Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi.
  • Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын

файлдардың) ұлғайып кетедi.

  • Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады.
  • Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадтағы

жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды.

  • Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда

болады.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіру және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне брмейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын- оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады [3] .

Вирустың зиянды іс - әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың жағдайларын болып жатқанын сезуі өте қиын болады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбірбайқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді.

Компьютерде вирус болған жағдайда оны табу өте маңызды. Ол үшін вирустың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Негізгі белгілерге келесі жағдайларды жатқызуға болады:

  • жұмыстың тоқтап қалуы немесе бұрын жұмыс істеп тұрған программалардың дұрыс жұмыс істемей қалуы;
  • компьютердің баяу жұмыс істеуі;
  • операциялық жүйеге жүктеме жасалмауы;
  • файлдар мен каталогтардың жоғалуы;
  • файлдардың соңғы өзгерген уақытын және күнін дұрыс көрсетпеуі;
  • файлдардың көлемінің өзгеруі;
  • дискідегі файлдардың саны кездейсоқ көбейіп кетуі;
  • операциялық жадының бос көлемінің белгілі мөлшерде азаюы;
  • экранға күтпеген мәліметтердің және бейнелердің шығуы;
  • күтпеген дыбыстық сигналдардың пайда болуы;
  • жұмыс істеу барысында компьютердің жиі тоқтап қалуы және компьютер жұмысында ақау болуы [4] .

Айта кететін жағдай, жоғарыда айтылған белгілердің барлығы вирустың бар екендігін білдірмейді, кейбір жағдайларда басқ себептері де болуы мүмкін. Сондықтан да компьютердің жағдайын анықтау аздаған қиындықтар тудырады.

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер каталогтар арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютерлерге таралып кеткені байқлмай да қалады.

Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар басапқы кезде өзінің жұқанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалы, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкесттік әерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен мүжіп құртып жататын вирустарға не істеуге болады. Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. Вирустарға тән сипаттама беру өте қиын, өйткені вирустардың түрлері өте көп, осған қоса әрбіреуінің тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті болады. Кейбіреуі жасырын түрде бүлдіру іс - әрекетін бастайды, кейбіреуі тек көбейе береді, бірақ негізгісі - операциялық жүйенің түрлі объектілерге ену мүмкіндігі, өзінің дубликаттарын көбейтіп, желіге, файлдарға, компьютердің жүйелік бөліктеріне тасымалдау.

1. 2. Вирустар қайдан шығады.

Вирустар - жансыз стихия, ол еш аяуды білмейді, барлық жерден өте береді. Компьютерді жаңадан пайдаланушыға бір қарағанда компьютер кез-келген жерден, тіпті желдің соғуымен де кіргендей сезіледі. Оның жұмысының қаншалықты зиян тигізетін салдары туралы барлық жерде айтылып жүр. Сондықтан болса керек компьютерді енді ғана пайдалана бастаушылардың вирустың шабуыл алдындағы қорқынышы еш дәлелсіз жоғары. Алайда бұл қорқыныш, біздің байқағанымыздай, компьютер менгергендердің тең жартысының болып тұратын фаталистиналық босаңдықтың жағдайына пәлендей кедергі келтіре қоймайды. Бәрібір қалай дегенде құтқарыла алмайсың - жазмыш, тағдыр, түсінесіндер ме . . .

Компьютерлік вирустар дегеніміз бұл сонда не? Бәрінен бұрын бұл - өзінен - өзі көбейіп кететін бағдарламалар. Міне компьютерлік вирустарға дәл осындай анықтама берді бұл құбылысты алғашқы зертеушілердің бірі Фред Коэн.

Бұл өзінің дара еркі бойынша бола беретін бағдарламалар пайдаланушының қалауын еш қатыссыз өзінің көшірмелерін жасап алады да, оларда басқа компьютерлерге таратады.

Бұл - вирустың қызметінің бір жағы. Сонымен қатар, ең қорқынышты да емес, егерде вирус бағдарламаның жұмысына кедергі келтірмей жай ғана көбейген жағдайда, онда онымен, бәлкім байланысудың қажеті де шамалы. Әйтсе де, кіріп кеткен вирустардың айтарлықтай бөлігі дәлірек айтқанда осынау салыстырмала еш зиянсыз категорияға жатады.

Алайда, көбеюден басқа да вирустың тағы түрі басқа «хобби» бар - ол бүлдіру, былғап тастау. «Былғаудың» дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін - біреулерлері сіздің жұмысынызға кедергі келтіретін экранға мезі еткен суреттерді шығаруымен шектелсе, басқалары ерекше ойланып жатпастан-ақ мәліметтерді қатты дискіден де құртып жібереді. Шындықтың қоспасы, жарым шындық, ойдан құрастырылған қорқыныш - компьютерлік вирустар туралы біздің білетіндеріміз небәрі осы ғана . . . Ал, бұдан басқа да мынадай ақпаратта өзінің тегі жағынан вирус, оны «жұқтырып алған» тіпті көптеген ересек адамдар мүлде ели қисынға келмейтін қылықтар жасайды. Көп тәжірибе жинаған компьютершілер «дезинфекция жасау үшін» дискеттерді спиртпен сүрткен «мамандарды» еске алады.

Басқалары кез келген бағдарламаларды қоюға үрейлене қорқады, үшіншілері электрондық почтадан жалтарады . . .

Керек болса, өзінің компьютеріне сәнді антивирус қойып алған сондай пайдаланушылар нағыз қауіптен бетке - бет келгенде мүлде қорғаусыз қалады.

Таңқаларлығы, вирустар туралы ақпараттардың орасан зор мөлшері біздің сүйікті БАҚ(бұқаралық ақпарат құралдарының ) әр күнінде төніп тұратын тәрізді. Вирустарға байланысты мифтер мен пікірталастардың мөлшері тек көбейе түсуде. Онда да тура пропорцияда. Міне осы бір мифтерді бірлесіп бірнеше кеңестер берумен, осынау қырсықтан қалай өзіңді қамдасудың керектігін, әрі оның не екенін түсіндірумен біз жоюға тырысамыз [5] .

Бірінші миф кез келген вирус компьютерді “құртуға” бейім. Егерде іс осылай қалыптасқан жағдайда әлемдегі барлық компьютерлерде әлдеқашан-ақ ақпараттың таза қауызы мен сабағы ғана қалар еді. Бақытымызға орай шынайы “ажал төндіретін” вирустар соншалықты көпте емес; тіпті вирустың жарты бөлігі, өйткені бақылаусыз көбеюмен және басқа компьютер бойынша дербес бейімділігін осыған таратындығына қанағаттанған болар еді.

Бұл, шын мәнінде, вирустың пайда болуына жеңіл қарайтындыққа ешқандай мән білдірмес еді, өйткені бұл үшін сіздің өзіңіз және компьютеріңіз “мереке” жасауға, бір ғана зимиян вирустың өзі де жеткілікті болар еді.

Вирустық шабуылдың зардаптары ең болжап білмейтіндей, яғни қатты дискідегі барлық ақпараттардың жай ғана қуып шығуынан бастап, басты менгерілетін микробағдарламаның - BIOS-тың - бұзылуын материнская плата жолымен қатардан шығарып жіберуге дейін жетуіде мүмкін.

Бірінші жағдайда вирусты потенциалды жеткізушілері желіден шығып кетпендер немесе компакт-дискіден табылған бағдарламаның қондырғылы комплектілері (дистрибутивтар), ал екіншісінде, бағдарламаның “бір нәрсе салынған” электронды хаттар болуы мүмкін. Электронды почта арқылы бәрінен жиірек екінші типтік вирустары таралады - VBA-ның бағдарлану тілінде жазылған, Microsoft Office қосымшасынан құрастырылған титімдей бағдарлама скриптілер.

Бірінші жағдайдағы тәрізді Microsoft Office-тің бір қосымшасының құжатымен таралуы да мүмкін. ( бәрінен жиі - Word-тың мәніндік құжатымен doc-тың ұлғаюындағы файлмен немесе Excel-дің электрондық кестесімен, әлде таза түрде ( Vbs-тің ұлғаюындағы файлмен ) . Тағы да бұл типтің барлық файлдары міндетті түрде жұқтырылған деп ойлап қалмаңыздар - жай соған ғана ерекше ықыласпен қарауды қажет етеді. Міне осындай тәсілмен әрі көп таралған вирустардың басым бөлігі таралады. Сөзсіз тағы компьютерлік жұқтырудың әр алуандығының бірқатар мөлшері тіршілік етеді, олар айталық интернеттің гипер текстік құжаттарына қалайда паразиттік арам-тамақтық жасауы мүмкін

Интернет, скриптағы интернет, - немесе былайша аннимациялық файлдағы FLASH! Алайда біз сіздермен әзірше тіпте өзімізге таныс теріліммен ғана шектелеміз, соның да өзі жеткілікті игілік болса керек.

Көптеген пайдаланушылардың ұйғарымына қарамастан вирустар суреттер сұлбасында, музыкалық бейне файлдарда тарлмайды. Басқа жағдай, вирустар жиі бұл типтердің файлдарының астында бүркемеленеді де, алайда оған басқа біреуін табуын соншалықты қарапайым қалай? Бұл туралы біз төменде нақтырақ айтатын боламыз [6] .

Үшінші миф. Вирустар электронды хаттарды да залалдандыру мүмкін! Әрине, осындай түрде бұл тұжырымды ой - абсолютті болжам. Вирус өзінің жай ғана мәтінің білдіретін хатты барып заладануы мүмкін. Басқа жағдай, вирустар электронды почта арналары арқылы салынулы түрінде, бұл дегеніміз электронды хаттарға бекітілген файлдарға немесе хатқа қосылған гиперсілтемемен таралуы мүмкін. Сол арқылы шырт еткізіп, сіздер зиян келтіретін модулді тиеп алуларыңызға да болады.

Төртінші миф. Компьютердің залалдануы онда ең әрі дегенде вирустың бір нұсқасының көріну сәтімен болады. Және де бұл шындық емес. Қатты дискіде жатқан, инфицирленген бағдарлама не құжат бізге зиян келтіре қоймайды. Вирустың тек қана бағдарламаның жіберілу немесе құжаттың ашылу сәтінде ғана белсенді әрекетке көшеді, бұдан ерте болмайды да. Олай болу себебі, электронды почта арқылы күмәнді файл алады, ешқандай абыржымандар, тіпті мынадай жағдайда да, егерде сізге келіп түскен файл шынында да залалданса, онда сізге хатты дұшпандық бастамадан (вражеской начинкадан) алып тастасыңыз да жеткілікті. Мүмкін болса, әрине осыдан кейін сіздің почталық клиент “Удаленные” папкісін тазартып алып, содан кейін барып кіру үшін тағы және де корзинаны тазартасыз.

Ең соңында, бесінші миф. Компьютердегі кез - келген антивирустық бағдарламаның көлемі вирустан қорғауға кепілденген. Сөз жоқ, жақсы антивирустық бағдарлама - бұл вирусты құртудың мүмкіндігін төмендетүдің бір ғана тәсілі.

Антивирустық бағдарлама өзімен - өзі не жасай алар еді: бұл бар болғаны қабыршығы ғана, ең маңызды бөлігін құру (надстройка) - мәліметтер базасы. Осының арқасында ғана бағдарлама залалды нәрсені тауып алып, кәдімгі бағдарламаның файл немесе құжаттан айырып алуы мүмкін.

Алайда жаңа вирустар әр күн сайын пайда болады, және егер де сіз өзіңіздің антивирусыңыздың мәліметтер базасын жаңартуды күн сайын қадағалап отырмасаңыз, оның бүкіл қуаты пайдаға жарамай қалуы да мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды мынау: мәліметтердің антивирустық базасын бір аптадан кешіктірмей жаңартып тұру қажет, ал керек болған жағдайда - күн сайын жаңартқан жөн. Антивирустық база неғұрлым жаңартылған сайын, сіз сенімді түрде, яғни, компьютеріңіз қорғалған болып саналады. Мұнымен қатар, бір ғана антивирустық бағдарлама жеткіліксіз болып табылады, сондықтан тек қана оларды жаңартып қоюмен бірге, операциялық жүйенің өзін “жамау” (заплаток) жолының көмегімен зиян келтіретін бағдарламалардан жауып тастау қажет. Вирустың қаупі зор, зиян келтіретін бағдарламаның қаскүнемдеріне қарсы тұру егерде біліммен және сенімділікпен қаруланған болсаңыз жеңіл. Бағдарламаны секіртуден, хатты ашудан қорықпаңыз, жай ғана мұны жасар алдында сақ әрі мұқият абай болғаныңыз дұрыс. Ең бастысы нағыз қауіпті жалғанынан айыра біліңіз. Айтпақшы, қаскүнем дұшпандардың бірқатар түрлері туралы бізде келесі тарауларда арнайы сөз болады [7] .

1. 3. Компьютерлік вирустардың белгілері.

Компьютерде вирус болған жағдайда оны табу өте маңызды. Ол үшін вирустың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Негізгі белгілерге келесі жағдайларды жатқызуға болады:

  • жұмыстың тоқтап қалуы немесе бұрын жұмыс істеп тұрған

программалардың дұрыс жұмыс істемей қалуы;

  • компьютердің баяу жұмыс істеуі;
  • операциялық жүйеге жүктеме жасалмауы;
  • файлдар мен каталогтардың жоғалуы;
  • файлдардың соңғы өзгерген уақытын және күнін дұрыс көрсетпеуі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирустың ДНҚ құрылымы
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирусқа қарсы иммунитет
Вирустардың құрылысы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Вирус .Вирустардың табиғатта тіршілік етуі
Вирустардың жіктелуі. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz