Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйретудің мәні



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Болашақ академиясы

Педагогика және психология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пәні: Мектепке дейінгі педагогика

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйретудің мәні

Дайындаған: ДОВ-16-2 студенті
Қайыржанова Д. С.
Тексерген: п.ғ.к, доцент
Шалтаева Р.Ж.

Қарағанды 2018

Жоспар:

1. Педагогтардың, көрнекті ғалымдардың еңбек тәрбиесі туралы ойлары.
2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері мен мазмұны.
3. Мектеп жасына дейінгі балалрды еңбекке баулу жолдары.
4. Мектеп жасына дейінгі балалардағы еңбек тәрбиесі түрлері.
5.Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын
дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол — өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл
тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің,
бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей
берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған
материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры
да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950) Бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен
еңбектің жемісі - деген болатын.
Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз.
Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі
тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің
негізінен туындайды деген еді.
Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі
нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ағылшын педагогы Джон
Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек
және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат
зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы
пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин
еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің
маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-
1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға,
қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек
тәрбиесімен ұштастыра жүргізілетінін дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды
өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық
еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің
негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке
үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс
қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған
еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты- қоғам
өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп
уағыздады.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский
болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының
зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және
тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы
қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие
жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке,
еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы
еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады-деп
байтты. Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі
мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай
істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі
-жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете
түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу
тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс
істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп
бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен
дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін
дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп
есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы
өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің
құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім
алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп
философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы
тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады. Еңбек тәрбиесі- өмір кілті,
бақыттың тұтқасы. Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық
құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей
алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері
кетеді, - дейді К.Д.Ушинский. Мәшһүр –Жүсіптің көркем шығармаларының
негізінде адамгершілік, рухани, еңбек тәрбиесі жөнінде педагогикалық
идеялар қойылған. Ол еңбектерінде еңбексүйгіштікке маңызды орын береді.
Ойшылдың педагогикалық тұжырымдарында еңбек деп аталатын ұғым ерекше орын
алады. Оның ойынша еңбек тек адамды өмірге дайындап қоймай, оның ақыл-ой
күшімен адамгершілігін дамытуға ықпал етеді. Адал еңбек мал таппақ, жұртқа
жақпақ,-деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның
адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын
шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, ол еңбек адамның азамат
ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да
басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ ақын еңбек кісінің жан
дүниесін мейірімділікке бөлейді ал, оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне
теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Ақын еңбек адамдарды
еркіндікке, бақытқа қолын жеткізеді деп біледі, ал игіліктерге қол жеткізер
еңбек, бейбіт өмір, қайырымдылықпен әділет, білім салтанат құрған қоғам
оның әлеуметтік арман-мүддесі болды. Еңбек оның ойынша адамгершілік
тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті
процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік
қалыптасады. Оның пікірінше еңбексүйгіштік адамның еңбек еткісі келумен, оң
нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысымен, берілген іске жауапкершілігінің
болуымен, тиянақтылығымен, істеген ісіне қанағаттанумен сезім алуымен
сипатталады. Ең соңында еңбексүйгіштік еңбек дағдысының бар екендігін
білдіреді. Ағартушы жастардың бойында еңбексүйгіштікті, жатып-ішерлік пен
бекер уақыт өткізуге жиреніш сезімін тәрбиелеуге ұмтылды. Еңбексүйгіштікке
тәрбиелеуді адамгершілікке қажеттілік деп қарастырады. Мәшһүр-Жүсіп Көпееев
ғылымды, еңбекті, ағартуды қандай болмасын жақсылықтың, сәттіліктің қайнар
көзі деп есептеді. Еңбек етуге әдеттену-бұл жәй ғана еңбекке үйрену емес,
бұл адамгершілікті тәрбиенің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық,
еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,-дейді Н.К.Крупская, демек өз
күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың жағдайын есептей білу.
Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез-
құлықтың, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның
тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өмір жағдайлары және тәрбиенің әсерінен
болады.
Жеке адамның дамуында еңбектің рөлі өте күшті, адам еңбексіз дамымайды,
азғындайды, кері кетеді. Еңбек туралы қазақтың тамаша мақалдары бар: Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім
бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар.
2. Мектепке дейінгі мекемеде еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы
жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар,
мектепке дейінгі балалардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы
оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды
адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып
табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз
қажет.Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы
тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты
еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен,
іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық
таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
— мектепке дейінгі балаларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты
бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
— белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
— тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа
да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
— жастарға кәсіптік бағдар беру, балаларды еңбек іс-әрекет түрлерімен
уақытылы таныстыру;
— оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте
ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Балалардың бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің
құнды ойларын келтіруге болады. Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт
тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау
керек...Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы
керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы
керек... Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі
мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі
абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік,
төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде
байқалады.Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда балалар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтарының
процесін жетілдіру, балалардың еңбекке шығармашылық қатынасын
қалыптастырады. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық
тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу
мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, балалар
мектепке дейінгі кезеңнен бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін,
мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін
орындатын тәсілдерді үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің
адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі
алады.
Мектеп немесе мектепке дейінгі мекеме жағдайында өзіне-өзі қызмет
көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау,
т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір
жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектепке дейінгі мекеме жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет
етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір
игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру
тәрбиешілердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке
адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек
барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы
кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы
артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға
болады:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу,
экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және
қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа
тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол
баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және
еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени
мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық
құндылықты жасайды. Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-
өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге
асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы
халықтық іске үлес қосады. Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек
тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер",
"Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке
баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір баланың үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады,
әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де
үйретеді.
Оқушының қызықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады
және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
• баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
• балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі
болуына;
•еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін
қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
• еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай
ұйымдастыруына;
• кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
Осы сияңты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану
мұғалімнен іскерлікпен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
3 Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту,
белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға,
бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына
дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке
баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне
баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын
көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш,
мақтаныш сезімін оған қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудырғанымыз
жөн. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни
үлкендерге көмектесуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар еңбек етуге жат
қылықтардан еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге
баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу керек. Балаларды жұмысты бастап оны
аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке
үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы Еңбек түбі - зейнет
екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-
бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру
қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. Тәрбиешініңайқын ұстанымының бірі –
балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір
еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай).
Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді,
ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді.
Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік
қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші
арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан
да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы
қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде
еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың
ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын
жоспарлауына септігін тигізеді. Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек
тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлулықты көруге,
адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап,бағалауға және кемшіліктерін
жойып ұмтылуға үйретеді.Мектепжасына дейінгі балалардың еңбегі туралы
айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз
мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.2 – 3жастағы баланың
өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін
үлкен еңбек.Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке
жатады.Еңбеккебаулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері
арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде
оны қай жерге киетінін,ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы
жасалады.Баланыңәр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет.Мысалы: Ой,
жарайсың, бәрекелді,өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге
деген қызығушылығын оятады.Баланы ойын арқылы даеңбекке баулуға болады.
Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог А. С. Макаренкоайтқандай
бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай
болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән
беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау
керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін
қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз
отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы
отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және
қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық
сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі
қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулуарқылы адамгершілікке, мейірімділікке
тәрбиелеу болып есептеледі.Мектепжасына дейінгі балалар бойында
еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге
болады. Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін
емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке деген
сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті
еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып,
оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде
еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген
ынтаны жандыруы қажет.Еңбектәрбиесі —мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп,
олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған
тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі
халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы
қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап
еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсеңерінбей,
тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. 18ғ-дың
ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін
ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа
білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектепке дейінгі
мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек
тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек
тәрбиесі мектепке дейінгі мекемеде білім берумен тығыз байланыста жүзеге
асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету
дағдысы қалыптасады. Мектепжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу -
тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және
кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта қоғамдық
пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты
тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық
жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны
еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.3 жастан бастап 4 жасқа
дейінгі балаларды еңбеккебаулу жолдары.
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне
ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың еңбек әрекетінеқатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді
жалғастыру.
2. Ересектерге көмек көрсетуге(тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-
аналарына), оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың
еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға ынталандыру.
3. Топ бөлмесі мен балабақшаауласында тазалық сақтауға және тәртіпті
қолдау бойынша ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету.
4. Бастаған ісін соңына дейінжеткізуге үйрету.
5. Еңбегінің нәтижелерінеұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны:Өзіне-өзі қызмет көрсету. Өз бетінше белгілі бірреттілікпен
киіну, шешіну: киімін кию, шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту, түймелеу;
аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу.
Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға
және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету. Тұрмыстық-
шаруашылық еңбек Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру: қасықтар
мен майлықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші
жартыжылдықтан бастап асхана бойынша кезекшілік ұйымдастыру: тәрбиешінің
көмекшісіне дастарқан дайындауға көмектесу. Ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетіне қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы,қылқаламдар,
мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және олардыреттеуге,
ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына
орналастыруға үйрету. Табиғат бұрышындағы еңбек. Табиғат бұрышындағы
еңбеккеқатысуға талаптарын тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі жапырақтарының
шаңын сүрту,ересектердің көмегімен балықтар мен құстарды тамақтандыру,
бөлме гүлдерінсуару.Табиғаттағы еңбек. Табиғаттағы еңбекке қатысуниеттерін
тәрбиелеу: гүлдер мен бақша дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен
көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару, көкөністерді жинау. Жерге түскен
жапырақтар мен өзауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста жолдар мен
орындықтарды қардан тазалауға үйрету.4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі
балаларды еңбеккебаулу жолдары
Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оңкөзқарастарын
тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Еңбекке жағымды қарым-қатынас және еңбек ету ниетін тәрбиелеу.
2. Жеке және ұжымдықтапсырмаларды орындауға үйрету.
3. Тәрбиешінің көмегіменжұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен
тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.
4. Тапсырмаға жауапты(бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен
іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
5. Балаларға еңбектіңмаңыздылығын түсіндіру.
6. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу.
7. Өзінің және ересектердіңеңбегін бағалауға тәрбиелеу.Мазмұны:Өзіне-
өзі қызмет көрсетуӨзіне-өзі қызмет көрсетудағдыларын жетілдіру: белгілі
тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын
байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап,
шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.Ұқыпты, мұнтаздай таза
болуға:үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру - тазалауға, құрғатуға
тәрбиелеу.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Балаларды өз бетінше топбөлмесін
ретке келтіруге үйрету: конструкторлар мен ойыншықтарды орындарына жинау,
оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды
желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу. Асханада
кезекшілік міндетінөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Дәрістер бойынша қысқаша конспект
Дене жаттығуларының техникасы
Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Пәндер