Тіл танымдық оқу практикасы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

Тіл танымдық оқу практикасы

Ақтөбе

2018ж

Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі

Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә. Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды. Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г. Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К. Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" (Алматы: Ғылым, 1998, -1406. ) монографиясын атауға болады. Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау), психологиялык, (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік әдебиеттану (соңғы үшеуі семиотикалық сипатта) тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т. б. когнитивтік мәселелер қарастырылған. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.

"Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі". ??

Сондай-ақ ғалымның көрсетуінше, "ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға таңулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманын бойына жинақтау арқылы шешеді".

Профессор Ж. Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М. Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г. В. Колшанский, Ю. Д. Апресян, А. Н. Леонтьев, Б. Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж. Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы". Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым немесе мәселелер бар. Оның негізгісі - тілдің қызметіне қатысты. "Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира) ". Ж. Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т. б. мәселелер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз", - деген пікір айтады . Профессор Ж. Манкеева аталған мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б. Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам) » атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А. Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С. И. Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді.

С. Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г. Снасапова, Ш. Елемесова, А. Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А. Сыбанбаева, Н. Зайсанбаевалар метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.

Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін зерттейді.

Ш. К. Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады [29] . ??

Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады".

Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ. Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А. Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым « . . . тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық . . . Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нэрсе . . . түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» « . . . өте алыс экскурстерге» барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «ұғымдарға», «көрініс қалыптарға», образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар элеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды - деген теориялық тұжырым айтады . Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А. Исламның пікірінше: «Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда «жазылып», ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай «жазылу» жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады.

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» былайша: «Когнитивтік тіл білімі орыс. -когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік) -табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т. б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т. б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді .

«Батыр» макроконцептісі

1. Түсіндірме сөздік бойынша.

БАТЫР 1. Ел қамы үшін жаумен айқасып жеңіп шыққан ержүрек адам. 2. Батыл, өткір. 3. Сөз арасында біреуді мадақтау мәнінде жұмсалатын қошемет сөз. 4. экспр. Біреуді мысқылдау, кекету мәнінде жұмсалатын мысқыл сөз. Батыр ана- көп бала өсіріп тәрбиелеген анаға берілетін атақ. Батыр қала - Ұлы Отан соғысында қаһармандық, ерлік көрсеткен қалаға берілген жоғары атақ. Батырлар жыры - елі, жері үшін басқыншы жаумен шайқасқан батырлардың ерлік істерін жырлайтын фольклорлық шығарма. Батыр тұлғалы - зор тұлғалы, алпамсадай.

2. Синонимдер сөздігі бойынша.

Батыл, өжет, өткір, жүректі, өтті, бетті, өр, тәуекелшіл, қасқыр.

3. Қазақша-орысша сөздік бойынша.

Батыр-богатырь, батыр, герой.

“Батыр” концептісінің мазмұнын неғұрлым толығырақ ашу үшін оның сыртқы маңызды атрибуттарының бірі - атына (әдетте асыл тұқымды тұл-пар) арнайы тоқталу қажет.

Жаугершілік заманда батырдың ажырамас, сенімді серігі болған атқа бұл роль қазақтың халық ауыз әдебиетінде, кең мағынада алғанда мифологиялық санасында-ақ кеңінен орын берілген. Мәселен, ертегілердегі және эпостық жырлардағы: Байшұбар, Қара қасқа ат, Ақ боз ат т. б. тұлпар бейнелерін еске түсіріңіз. Бұл концептіге қатысты мәселелер қазақ эпостық жырларының материалдары негізінде С. Жапақовтың кандидаттық диссертациясында, Г. Сағидолланның монографиясында жан-жақты қарастырылған.

Мысалы,

Тұлпардан туған көк жорға ат,

Ор қояндай секірді.

Қаршығаменен ілесіп,

Атқа қылды өкімді,

Көк жорға тұлпар кәрленді,

Екі көзі жалтылдап

Өмілдірік сом алтын,

Омырауда алқылдап.

Солқылдады қара жер,

Көк жорға ат басса былқылдатып,

Ұршықтай саны бұлтылдап,

Құйыңдай шаңы бұрқылдап.

Алмас қылыш белінде,

Қолында найза қылтылдап.

Төрт тұяқтан шыққан от.

Шақпақ тастай жылтылдап,

Құлақ салсаң дауысы,

Тау суындай сыңқылдап.

Тіліміздің сөздік қорында аса ауқымды семантикалық өріс құрайтын “жылқы” геперонимі лингвокогнитивтік зерттеуде де айырықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені көшпелі халықтың тұрмысында маңызды рөл атқарған. Тілдік тұлғасын танытуда оның концетілік өрісін құрайтын негізгі компо-ненттерінің бірі - қазақ этносы ұғымындағы “ер қанаты - ат ”. “Жылқы” геперонимінен таралатын гиперонимдердің ішінде ақынның бізге жеткен мәтіндерінде ең жиі (30 рет) қолданылғаны - “Ат” лексемасы. Бұл атау кон-цептуалдық құрылымда актив қолданылатыны және “Батыр”, “Соғыс”, “Ерлік”, “Мінез”, “Туған жер”, “Бейбіт өмір”, “Өлім” концептілерін объективтендіруде алуан түрлі эпитеттермен тіркесе жұмсалатыны, сөйтіп ұлттық ғалам бейнесінің ақын когнитивтік санасындағы үзігін, оның аялық білімдері қорын анықтауға, сол арқылы Тілдік Тұлғаның ішкі менталдық лексиконына жол ашатынына көз жеткізілді. Бір айта кетер жайт, этнос өмірінің тұрмыстық, әлеуметтік саласында айырықша орны болған төрт түлік мал атаулары Махамбет шығармаларында түгелге жуық кездеседі.

Ақын әрбір түлікке тән қасиеттер мен сын-сипаттарды “Адам” немесе “Батыр” макроконцептісіне қатысты “ер - азамат” бейнесін сомдау үшін шебер жұмсай білген. Әсіресе қай түліктің болмасын асыл тұқымды түріне қатысты атаулар мен түрліше сын-сипатын білдіретін тілдік деректердің оның қарабайыр түрімен салыстырғанда анағұрлым жиі қолданылуы заңды. Мысалы, ақын өлеңдерінде “Арғымақ” сөзі - 18 рет, ал “жабы” - бар болғаны 2 рет қолданылған.

Тоқсан мыңды не қылса қандырды тез,

Әдебі жоқ, Қодардан без.

Кәпірдің денесінің бәрі де артық,

Жалпағы жауырының үш жарым кез.

Қодардың өзі дардай, сөзі дардай,

Жүреді жанның бәрін көңіліне алмай

Өзінің денесенің молын қара,

Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.

Батырдың қаруы

“Батырдың” соғыстағы әрекетін бейнелі түрде сипаттау мақсатымен қолданылған қару атаулары айырықша көп. “Ер жігіттің бес қаруы” ақын тілінде бір жағынан батырдың сән- салтанатын көрсететін сыртқы атрибуты (аксессуары) ретінде жұмсалса, екінші жағынан “өліспей беріспейтін”, “жандаспай тынбайтын” өрлігін аңғартатын, ерлігін баяндайтын “жансыз бейне” іспеттес. “Қару” концептісінің құрайтын атаулардың лексика-семантикалық қоршауы былайша беруге болады:

Ақынның концептуалды ғалам бейнесінде оқ “жаңбырдай жауады”, “қардай борайды”, “жоғалады” (өте алысқа жетеді - деген сөз), “Еділ мен Жайықты тең өтеді”

Ақынның өлеңдерінде оқтың: сұр жебелі оқ, күшіген жүнді оқ, қозы жауырын оқ, орта белін сырлаған оқ, шал жебе т. б. түрлері аталады.

“Соғыс” концептісінің қару атаулары арқылы вербалдануына ақын тілінен мынадай мысалдар келтіруге болады.

Батырдың киімі. Батырдың соғыстағы ерекше статусы оның киімінен де байқалуы тиіс. Жалпы қазақ танымында “Айт - аттынікі, той - тондінікі” болғаны мәлім, яғни ілгеріде киім барлықтың, дәулеттіліктің де белгісі саналған.

Қазақ халқының ұлттық киімдері ғажап табиғат түсінде ғұмыр кешкен көшпелі бабаларымыздың сұлулық жайлы талғамы дарыған мінезі, сауық-шыл өмірінен көрініс береді. Бірқатар киім атаулары тілдің актив қабатында қолданыс тапса, ал кейбірін көне жыр - дастан тілінен ғана кездестіреміз. Осындай сирек қолданыстағы бас киім түріне саналатын, ерекше салтанатқа арнап тігілетін киім “ақбүркеншік”, немесе “ақбүріншік”.

Сөздікте “бүркеншік”сөзі - басқа қабаттың жамылғы деп жұтаң анықталған, атаудың қазақ болмысындағы мәнін ғалым Б. Қыдырбекұлы өз еңбегінде былай тұжырымдайды: “ “ақбүркеншік” немесе “ақноқта” - алғаш түскен келінге сәукеле сыртынан жабатын жамылығы”. Ғалым пікірін қостай келе, осы атаулардың құрылымдық тұлғасын былайша сабақтадық: ақ (сын есім), бүркеншік (туынды зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ақбүркеншік атаулының өзінде халық дүниетанымының сыры бар. Қазақ ұғымында ол “ақ” киелі, қасиетті түс, әрі жақсы тілектен туындаған жас келіннің жаңа өмірі ақ жолмен, ақ ниетпен басталсын деген ойдың түп қазығы. Ал бүрке етістігі - орау, жабу мағынасын білдіреді. Синонимдік вариантта жұмсалған “ақноқта” этнографизмде ұлттық танымының негізгі “ақ” компонентімен айғақталып, ақ өмірдің белесіне жол ашатын айтылатын сөздің екінші сыңары “ноқта” тілімізде мал баққан қазақ тұрмысындағы атқаратын қызметіне сай төрт түліктің әбзелін білдірумен қатар, “басы байланды”, “бас бостандығы, еркіндігі” деген ұғымдармен ұласқан. Демек, ноқта лексеманың осы мәнге негізделуінен туған “ақноқта” этнографизмі ұзатылған қалыңдықтың енді басы байланды, бір жұрттың келіні, келіншек атанғанын білдіруден туған атау деген этнолингвистикалық түсінік беруге болады. Бүркеншік этнографизмі бүрүчәк //үнчах түрінде азербайжан тілінде екі мағынада қолданылған. 1) наименование всего, во что можно одеваться, шаль, пелерина, бурк. 2) плащ, накидка. Сөз түбірінің ғылымын Е. Шипова былайша түсіндіреді: “бүрүнчәк” сөзінің түбірі бүрінмәк түбірінен тараған, мағынасы “жабу”, “орану”. Түркі тілдерінің бірқатарында кездеседі, ал орыс тілінде “бурк” сөзі “кошемный, овечий круглый плащ” деген мағына береді.

Ақын өлеңдерінде ер - тұрман атауларына да біршама орын берілген. Қазақ ұғымында “аса құнды” деген мағынаны білдіреді.

Концепт - концептуалды жүйенің бір бөлігі

Тілдік тұлға мәселесін қарастырғанда тек тілге қатысты деректерді ғана емес, өзге де пәндер бойынша қол жеткізілген нәтижелерді пайдаланудың тиімділігі зор. Осыған орай, соңғы жылдары зерттеушілер назарына жиі ілініп жүрген аса күрделі концепт ұғымын біз де айналып өтпегеніміз жөн деп санаймыз.

Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің (conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы “көптеген формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы” дегенді білдіреді .

Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің (ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.

Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғары-да айттық. Осы мәселеге орай, В. С. Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:

1) концепт - рухани мәдениеттің кілт сөзі;

2) концепт дегеніміз - сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік .

Осымен байланысты концепт, ұғым, сөз терминдерінің арақатынасын проблемасы бой көтереді (актуалданады) . Алдымен аталмыш терминдерге қазіргі ғылымда беріліп жүрген анықтамаларға тоқталайық:

Ұғымдар деп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұны дегеніміз - заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен байла-ныстары, олар сол заттың белгілері ретінде танылады. Ұғым көлемі дегені-міз - заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілер тән болады” .

А. Вежбицкая “әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және семантикалық метатілдің әмбебап бірліктері болып табылатын ең кіші, ұсақ мәндерді” бө-ліп көрсетеді. Олар белгілі бір нақты тілге қатысты, бағынышты болмайды, сондықтан да кез-келген тілде қолданыла береді. Осы бірліктерге инди-видуалды, ұлттық мән-мағыналар үстеліп, “жамалады” да, тіл мен мәдениет-тің ұлттық спецификасын көрсетеді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық құрылымы мен мазмұны
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Тіл мәдениетінің сипаты
Екі шетел тілінен ғылыми - зерттеу практикасы
Жалпы білім беру жүйесі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Танымның сезімдік формасы
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz