Алматы қаласының 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы


Тақырыбы: «Алматы қаласының № 29 бағдар автобусын спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жобасы »

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Автомобильдің дамуы ел экономикасына жақсы әсерімен және адамдарға ыңғайлылығымен қатар, кері әсері де бар. Мысалы, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде үлкен материалды шығындар мен адам шығыны, шуыл, қала ауа бассейнінің газдануы, тоқтап тұрған автомобильдермен көшенің жабылуы, көлік кептелістері, көліктік тұрып қалулар және қозғалыс жылдамдықтарының күрт төмендеуі. Осы уақытта жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жыл сайын дүние жүзінде 1, 2 млн жуық адам өледі және орташа есеппен одан 30 есе көп адам жарақаттанады [1] .

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі: Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Алматы қаласының автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің жұмысын жетілдіру арқылы бағыттағы жол апаттылығын азайту.

Көлiк - кез-келген мемлекеттiң материалды-техникалық базасы, экономикалық дамуының негiзгi механизмi болып саналады. Қазiргi күнде әлемдiк өндiрiс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келедi. Олардың айырмашылығы мен ерекшелiктерi мотордың, тежеуiш жүйесiн, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендiру мен автоматтандыру болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі: жүргізушінің жалпы міндеттері, жұмыс орны бойынша сипаттамалары, оның есту ерекшеліктері, дағдысы, назар аударуы, психологиялық жағдайы, жолдағы жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережелері, оқу-материалдық базасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Дипломдық жұмыстың теориялық базасы: жол қозғалысын ұйымдастыру құрылымы, жол полиция бөлімінің басқармасы және жол қозғалысының қауіпсіздік қызметі, жол қозғалысының сипаттамалары және оны зерттеу әдістері, жол қозғалысын ұйымдастырудың тәжірибелік шаралары, спецификалық жағдайда жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобильдердің қозғалыс қауіпсіздігіне əсер ететін жағдайлары, олардың техника-пайдалану қасиеттері, жол апаты кезінде жарақаттанғанда және жазым болғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы мәліметтер келтірілген.

Автомобиль парктерінің өсуіне байланысты мемлекеттің әлеуметтік жағдайы мен экономикасына әсерін тигізіп, сонымен бірге оның келесідей келеңсіз жақтары да болып тұрады: ЖКО байланысты ауыр жарақат алғандар мен қайтыс болғандар, қала экологиясына негативті әсерлері, жолдарың автомобильдермен жабылып қалуы, жолдарда апаттардан көп мөлшерде материалдық шығындар келтіруі және т. б. Автомобильден бөлінген газ құрамында болатын азот, көміртегі, қорғасын, хлор, бром, фосфор және т. б. адам өміріне, жан-жануарға, өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Автомобиль шуы адам организміне кері әсер ететіндіктен, қала тұрғындарының 70% жүйке ауруына шалдығады.

Қаланың кейбір көшелерінде әсіресе қысылтаяң уақыттарда автомобильдердің тұрып қалуынан қозғылыс жылдамдығын саябырлатып, көп уақытың шығындалады. Қазіргі зерттеулер мен тәжірибе көрсетілген негативті жағдайлардың себептерін шешуге және автомобильдендірудің келеңсіз жағдайларын жою және қысқарту бойынша ұсыныстар бере алады.

Жұмыстың теориялық базасы: Автомобиль басқа көлік құралдарымен салыстырғанда, жолаушылар мен жүк тасымалдауда жылдам жеткізушілігімен, ыңғайлы тасымалдаумен ерекшеленеді.

Сонымен бірге тасымалдау барысында қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгей жағы да көрініс алып отырады. Қазіргі автомобиль тасымалдауына тән қауіпсіздікті анықтайтын деңгейін қатар көрсетуге болады:

  • жол параметрлері бойынша сәйкес автокөліктің
  • жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
  • жол қозғалысының басқа қатысушыларынан көлік ағындарының жеткіліксіз оқшалануы;
  • көлік жүргізуші кәсібі бойынша орташадан жоғары емес деңгей біліктілігінің болуы.

Жол қозғалысын ұйымдастырудың жеткіліксіз нәтижесінде қозғалыстың кідіруінен материалдық шығындар келесі негізгі құраушыларымен анықталады: көлік құралдарымен уақытын зая кетіруі, бұны өз пайдасы үшін пайдалануға болатын еді; амалсыз тоқтатылғанан кейінгі екіпінінде, сондай-ақ кептеліс кезінде аралық берілісінінің баялауған қозғалысында бос жүріс режимінде қозғалтқыштың жұмысы барысында жанармай көп шығынға ұшырамас еді; автомобиль жеке иелері мен қоғамдық көлік жолаушылары уақыттарының зая кетуі; реттеу қиылыстарының алдында тежеу участкілерінің жол жабындарының жоғарғы тозғандығы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс негізгі төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: жұмыстың техникалық-экономикалық негіздемесі, Алматы қаласының қалалық жолаушы көлігі жүйесінің негізгі сипаттамалары қарастырылған. Екінші бөлімде: жобаның теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған яғни маршрутты жолаушы қозғалысында басымдықты қамтамасыз ету, аялдамалық пунктерді жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Үшінші бөлімде: жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру негіздері, маршрутты жолаушы көлігінің (МЖК) қозғалыстағы басымдығын қамтамасыз ету жұмыстарына талдау жасалды. Төртінші бөлімде: ұсынылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігі яғни Жол-көлік оқиғаларынан болған шығындарды азайту коэффициентін пайдалану арқылы экономикалық есеп жүргізілді.

Еліміздің экономикалық потенциалының өсуіне байланысты автомобильдендіру деңгейі де өсіп отыратындықтан, автомобильдендіруге қатысты (экология, апаттылық, көлік кідірістер) барлық проблемалар қиындай түседі. Осыдан көбіне қалаларда көлік ағындарының тығыздығы арттады. Сол себепті қалаларда жол қозғалысын ұйымдастыруда шешудің тиімді жолдары ойластырулары қажет [2] :

  • жаяу жүргіншілер (жолы) үшін қозғалыстың қолайлы және қауіпсіз жағдайларын (жая жүргінші және тұрғын зоналарды жабдықтау, барлық жаяу жүргінші фазаларын реттеуші қиылыстарына бөлу, қауіпсіз аялдама салу және т. б. ) жасау;
  • жолаушы қоғамдық көлік қозғалысында (реттеуші қиылыстардан қиындықсыз өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы жүйе енгізу, өтетін бөлігіне жолақтар бөлу (выделение) ) бір жолын табуды қамтамасыз ету;
  • өтетін бөліктің жеке жолақтары бойынша реттейтін қозғалыстың, бағдаршамдар және басқаратын жол белгілерін пайдаланумен және УДС жеке қатысушыларының жүктемесімен байланысты көлік ағындарын шұғыл қайта бөлу;

- аяқасты туындаған жағдайда (кептеліс, ЖКО және т. б. ) қозғалыс үрдісіне шұғыл араласу мақсатымен оның жағдайын бақылау және қозғалыс ұйымдастырудың әр түрлі әдісін қолдану үшін АСУД кеңінен ендіру.

  1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУАлматы қаласының № 29 қалалық жолаушы көлігі жүйесінің негізгі сипаттамалары

Алматы қаласы, республика астанасы мәртебесінен айырылғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ірі әкімшілік, өнеркәсіптік және мәдени орталығы болып қала береді [3] .

Қалалық жолаушы көлігі жүйесі мен оның инфрақұрылымының негізгі сипаттамалары.

Қалалық жолаушы көлігінің түрлері:

автобустық, сегіз автобус паркінде және алты жеке көлік компанияларында орналасқан әртүрлі модификациядағы автобустар қолданылады;

  • маршрутты таксилер және такси, төрт таксомотор парктері мен жеке көлік компанияларында орналасқан.

Алматы қаласының жолаушылар паркіндегі теріс фактор, бұл көлік құралдарының сандық құрылымы жасы бойынша едәуір ескірумен сипатталады, автобус парктері АҚ-ның маршруттық автобустарының шамамен 70% маршруттарда 8 жылдан аса, электр көлігі жылжымалы құрамының 80% 15 жылдан аса, жеке көлік компанияларының автобустарының 90% жуығы да 15 жылдан аса пайдаланылып келеді. Бұл тасымал сапасынан, қызмет көрсету мәдениетінің, жүру қолайлылығынан, ең бастысы жолаушы тасымалдау қауіпсіздігінен көрініс табады. Жолаушылар паркінің едәуір жасы пайдаланудың үлкен шығындарының себебі болып табылады, соның нәтижесінде автобус парктері қала бюджеті алдында үлкен қарызда болуда, ал моторлардың техникалық тозуының арта түсуі онсыз да қиын экологиялық жағдайдың үшығуына соқтыруда. Қазіргі кездегі тасымалды ұйымдастыру ешқандай бір қарапайым қисынға келмейді, маршрут қаланың қай бөлігінде бастамасын, ол міндетті түрде Орталық көк базары маңында немесе басқа бір жолаушы түзу пунктінде аяқталуы тиіс. Егер ертеректе маршрут базарға жақын көшелермен транзитті түрде өтетін болса, қазір ол міндетті түрде орталық магистральді көшелердің кем дегенде біреуімен өтуі тиіс.

1998 жылдың соңынан бастап, жеке және акционерлік компаниялардың инвестицияларының арқасында қалада жолаушыларға тасымал қызметін маршруттық таксилермен көрсету дами түсті. Маршрутты таксилер қызмет көрсететін маршруттардың жалпы саны 48 маршрутты, ал жұмыс атқаратын микроавтобустар саны 492 бірлікті құарады. Маршрутты таксилермен жолаушы тасымалдаудың болжамдық жылдық көлемі, жаңа маршруттарды пайдалануды қоса алғанда, шамамен 45 млн жолаушы немесе қаладағы тасымалдың жалпы көлемінің 7% болмақ. Тасымал тене-теңдігі үшін маршрутты таксимен тасымалдау көлемін қала көлігінің барлық түрімен тасымалдаудың жалпы көлемінің 10%-на дейін жеткізу қажет.

Қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрімен, маршруттық таксиді қосы алғанда, жолаушылар тасымалдауды ұстымдастыруға кешенді келісті жүзеге асыру ғана жүру қолайлылығын, халыққа қызмет көрсету мәдениетін, ең маңыздысы жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

1. 2 Автокөлік кәсіпорындары қызметіндегі қозғалыс қауіпсіздігі

қызметінің рөлі

Қозғалыс қауіпсіздігі қызметтері жекеленген министрліктерде көптеген жыл бұрын құрылған. КСРО ішкі істер министрлігі жанындағы қозғалыс қауіпсіздігі бойынша Бүкілодықтық комиссия 1918 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі қызметі жайлы үлгі» ережені бекітті. Қозғалыс қауіпсіздігі (ҚҚ) қызметін құрудың негізгі мақсаты авариялылықпен күрес, жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алу болып табылады. Бұл үшін қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер төмендегідей қызмет атқаруға міндетті.

  • пайдалану қызметі және техникалық қызметпен бірлесе отырып, қажетті жол жағдайларын, желіге шығатын көлік құралдарының тиісті күйін, тәртіптің болуын, жүргізушілердің біліктілігі мен шеберлігін арттыруды қамтамасыз етуді қарастыратын ЖКО-ның алдын алу жөніндегі шаралар жоспарын жасау;
  • кәсіпорынның барлық қызметтерінің және қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы үкіметінің, көлік және коммуникация министрлігінің, атобустарының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету, автокөліктің жылжымалы құрамын техникалық пайдалану ережелері, жол қозғалысы ережелері мәселелері бойынша қаулыларын, бұйырықтарын, жарлықтары мен нұсқауларын орындауына жүйелі түрде бақылау жүргізу [4] ;
  • кәсіпорынның барлық қызметтері мен бөлімшелерінің қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарын тексеру жүргізу;
  • кәсіпорынның қызметтері мен бөлімшелерінің жетекшілері арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде анықталған ережелерді, нұсқауларды, бұйрықтар мен сілтемелерді бұзу және басқа да кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды қабылдау;
  • ЖКО туралы және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы туралы есеп жүргізу және есеп беру;
  • есеп мәліметтеріне талдау жүргізу және ЖКО туындауына ақпал ететін негізгі себептерді айқындау;
  • ЖКО-на қызметтік зерттеу мен талдау жүргізугі, ол жайлы ЖКО-н зерттеу мен талдау туралы нұсқауда қарастырылған мерзімді ақпарат беруге қатысу;
  • авариялылық жағдайды тексеру мен талдау материалдары негізінде кәсіпорын жетекшісінің қарауына ЖКО-ның және автомобильді мас күйде басқару оқиғаларының алдын алу жөніндегі ұсыныстар жасау және енгізу;
  • ұжымда кәсіпорын жүргізушілері жіберген ЖКО, жол қозғалысы ережелерін және автомобильдерді техникалық пайдалану ережелерін бұзу қателіктерін талдауды ұйымдастыру;
  • үздік бригадалардың, колонналардың жүргізушілерінің авариясыз жұмысының оң нәтижелері мен тәжірибесін жинақтау және тарату.

Келтірілген қызметтерді орындау кезінде қозғалыс қауіпсіздігі инженері келесі қағидаларды қолданады:

  • кәсіпорынның барлық қызметтері мен бөлімшелерінің ҚҚ мәселелері және ЖКО-ның алдын алу жөніндегі жұмысын бақылау;
  • маршрутта мас күйінде басқару кезінде ұсталғанда немесе жол-көлік оқиғасын жасағанда жүргізушілердің автомобильді басқаруға құқық беретін куәліктерінен айырып, жол полициясына хабарлау;
  • кәсіпорынды қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда ұсыну;
  • берілген маршруттан ауытқыған автомобильдерді ұстау және қажет болған жағдайда оларды кәсіпорын гаражына қайттару;
  • ҚҚ қауіп туғызатын техникалық ақауларды байқаған кезде автомобильдің желіге шығуына тиым салу;
  • өндірістік бөлімшелерде тәрбие жұмысының жүргізілуін бақылау.

1. 3 Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің қызметі және оның жұмысын ұйымдастыру

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті автокөліктегі авариялылық деңгейін төмендетуге бағытталған бүкіл оқу - тәрбиелік және профилактикалық жұмысты жүргізу үшін жабдықталады [5] .

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын, автокөлік кәсіпорындары (АКК) ұжымын апаттылықты төмендетуге жұмылдыру орталығы (штабы) ретінде ұйымдастыруға үлкен назар аударылады.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті ең алдымен келесі жұмыстарды жүргізуге арналған:

  • автомобилді қауіпсіз жүргізу негіздері бойынша, жүргізушілер үшін де осы АКК қызметкерлерінің кейбір категориялары үшін де жол қозғалысы ережелері және басқа да нормативтік құжаттар бойынша сабақтар;
  • жүргізушілердің жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) жайлы білімін тексеру;
  • жүргізушілерді жұмыстың маусымдық жағдайлары, тасымалдың ерекше түрлері бойынша, сондай-ақ олар іс-сапарға жіберілуі кезінде нұсқаудан өткізу;
  • жұмысқа қабылдау кезіндегі кіріспе нұсқау өткізу;
  • жүргізушілер мен АКК басқа да қызметкерлері үшін ҚҚ камтамасыз ету мәселелері бойынша консультациялар.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын ұйымдастыру жеке де, топтық да сабақтар, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі көпшілік шараларын өткізулі қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жерде онда жиі өткізілетін шаралар ретінде кеңесу, семинар, дәріс, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әртүрлі салалары бойынша әңгімелерді атап көрсетуге болады.

Жеке тәртіпте: жүргізушерді жұмысқа қабылдау кезінде жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру, арнайы нұсқаунамалар, тәртіп бұзушылармен жұмыс жүргізіледі.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің басты міндеттерінің бірі ретінде кәсіпорын жұмысының практикасына ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, озат АКК-ның авариялылық деңгейін төмендетуге жөніндегі тәжірибесін белсенді насихаттау мен енгізуді айтуға болады.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмыс жоспарларын, әдетте, ҚҚ бөлімінің бастығы (аға инженері, инженері) тоқсанға жасайды. Бұл жоспарлар АКК бекітіледі. Олар, жүргізушілермен жұмыстың барлық негізгі салаларын, жолдың автомобильдің техникалық күйіне, ҚҚ деңгейіне қолайсыз әсерлерін болдырмау жөніндегі шараларын қамтуы тиіс екенін ескеру қажет.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысын тікелей ұйымдастырушы және жабдықтар мен экспозициялардың күйіне жауапты болатын қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, ал көрсетілген қызмет қарастырылмаған шағын АКК-да ҚҚ-нің аға инженері немесе инженері.

Апаттық деңгейін төмендетуге ЖКО-н және жол қозғалысы Ережелерінің бұзылуын болдырмауға бағытталған, АКК іс-әрекетінің қортындысын жасау мақсатындағы жүргізушілердің әр айда өткізілетін жиналысы да көмектеседі. Бұл жерде жетістіктерді де, жүргізілген жұмыстардың кемшілігін де талқылаған жөн. Бұл жиналыстарға жол полициясы, медициналық, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдерін шақырып, олардың жүргізушілер, жөндеу жұмысшылары, АКК-ның инженерлік-техникалық қызметкерлері алдында ҚҚ қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөйлеуін ұйымдастырған тиімді болады. Кинофрагменттер, сипатты фотосуреттер, диапозитивтер, бейнежазулар қызығушылық туғызады.

Қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің инженерлері өздерінің күнделікті жұмысында кинофильмдер көрсету, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етудің көкейсті материалдары жөнінен АКК радиоторабы бойынша хабарлар ұйымдастыру сияқты, жұмыстың тиімді үлгілерін кеңінен қолдануы тиіс.

Автокөлік кәсіпорындарының қозғалыс қауіпсіздігі кабинетіне бірқатар міндеттер жүктеледі және олар Республиканың Көлік және коммуникациялар министрлігінің нормативтік және басшылық құжаттарында, әдебиетте келтірілген.

Көрсетілген міндеттердің негізгілері мен оларды жүзеге асырудың құралдары төменіректе ҚҚ кабинетінің жабдықтарын сипаттай кезінде қарастырылатын болады.

Енді ҚҚ кабинетінде толтырылатын құжаттамаларды белгілейміз. Кабинетте келесі журналдар жүргізілуі тиіс:

  • өткізілетін шараларды есепке алу (өткізілген күні, шараның атауы, өткізуге жауаптының аты жөні, дәріскердің (баяндамашының) аты-жөні және қатысушылардың саны көрсетіледі) ;
  • жүргізушілерге және ҚҚ бойынша басқа тұлғаларға нұсқау беру (нұсқаулама тақырыбы, нұсқау алушыны, жеке тіркеу және нұсқау алушының жеке қолы қоюы тіркеледі) ;
  • жол қозғалысы ережелері жайлы білімін тексеру (тексерудің күшімен нәтижесі, тексерілетіннің жеке тіркелуі, тексерілетіннің қойған қолы және тексеруді жүргізушінің қолы тіркеледі) .

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінде АКК жүргізушілерінің жөндеуші жұмысшыларының білім деңгейін көтеруге назар аударылады. Осыған байланысты сабақ өткізудің оңтайлы жиілігі туралы мәселе туындайды. Жүргізушілермен өткізілетін сабақ айына бір рет деген есеппен жоспарланады. Жүргізушілерді оқыту кезінде мазмұндау мен көрнекілік жеткілікті болуы тиіс. Мәселелердің практикалық жасағын да ұмытпау керек. Материалды ұғынуды жүйелі түрде тексеріп, оқушылармен кері бағыттағы тығыз байланыс орнату керек. Қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлері жүргізушілердің өз бетінше автомобиль техникасы, тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім деңгейін көтеруіне назар аударған жөн.

Кабинеттегі сабақты негізінен қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің инженерлері жүргізеді. Бірқатар жағдайларда, олардың басшылығымен, сабақты жүргізуші - нұсқаушылар өткізе алады. Бұл жерде қозғалыс қауіпсіздігі инженері сабақ өткізудің сапасына көңіл бөлуі керек, ол үшін қозғалыс қауіпсіздігі инженері жүргізуші - нұсқаушылармен қысқаша нұсқау - әдістемелік сабақтар өткізеді.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің ыңғайлы жасалған жұмыс тәртібінің үлкен мәні бар. Ең алдымен жүргізушілердің көп бөлігі бос және АКК-да болған кезде: автомобильдердің шығуы мен қайта оралуы кезіндегі ауысымдарда кабинет ашық тұруы керек. Көрсетілген кезеңдерде қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бар қызметкерлері жүргізушілермен жұмысқа баса назар аударғаны жөн.

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті авариялылықтың алдын алу орталығы ретінде осы жұмыстың барлық саласымен айналысады. Бұл, бірінші кезекте, пайдалану, өндірістік-техникалық, желі - техникалық, бақылау - диспетчерлік қызметтерге, кәсіпорынның кадрлар бөлімі қызметкерлеріне қатысты. Бұл кездегі шаралар қызметкерлерді жаңа нормативтік, жетекшілік құжаттармен, ғылыми зерттеулердің тасымал қауіпсіздігіне қол жеткізу әдістері және құралдарына қатысты нәтижелерімен және басқа да мәселелермен таныстыра болады. Қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті, әдетте, қозғалыс қауіпсіздігіне қоғамдық бақылау жасау комиссиясының мәжіліс орна болып табылады және автомобильдік тасымалдаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде қоғамның күш-жігерін үйлестіреді.

1. 4 Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетін көркемдеу

Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің сипатты ерекшелігі, оның жайын көптеген экспозицияларымен жарақтандыруда болып табылады. Экспозициялар қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің бүкіл жұмысының мазмұнын көрсетуі тиіс. Экспозицияның қызметі - сондағы бар ақпаратты қарапайым, көрнекі және түсінікті түрде көрсету [6] .

Экспозиция үш тараумен беріледі:

  • оқу-әдістемелік;
  • анықтама-ақпараттық;
  • үгіт-насихаттық;

Экспозицияның оқу-әдістемелік тарауы келесі тақырыптамаға қатысты материалдан тұруы керек:

  • жүргізушілер мен жөндеуші жұмысшыларды оқыту және білімдерін бақылау;
  • жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру;
  • автомобильдердің механикалық күйі және қозғалыс қауіпсіздігі;
  • еңбек және көлік тәртібі желідегі жүргізушілер жұмысын бақылау.

Анықтама-ақпараттық тарау құрамында мыналар болуы тиіс:

  • қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмыс жоспары;
  • жолдардың карта-сұлбасы;
  • АКК автомобильдері жұмысының ауданындағы барлық теміржол өтпелерінің оларға кему және жолдың көріну аймақтары көрсетілген сұлбалары;
  • ЖКО мен ЖҚЕ бұзылуын талдау нәтижелері;
  • Типтік ЖКО және олардың туындау себептерін талдау;
  • Жүргізушілердің медициналық куәландырудан өту, І жіне ІІ класты жүргізуші біліктілігін беру туралы мәліметтер;
  • ҚҚ мәселелрі бойынша нормативтік құжаттардан, нұсқаунамалардан, бұйрықтардан үзінділер;
  • Жүргізушілердің міндеттері мен құқықтары, ЖҚЕ бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары;
  • Жүргізушілерге арналған анықтама материалы (АП диспетчерлік қызметінің, желе жәрдемнің, өрт бөлімдерінің, жол полициясы басқармасының телефондары) .

Үгіт-насихатты тарау құрамына кіретіндер:

  • озат жүргізушілердің бригадалардың колонналардың тәжірибесі;
  • қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі конкурстар, айлықтар, викториналар өткізудің шарттары;
  • Үздік жүргізушілердің фотосуреттері;
  • қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі конкурстардың, викториналардың жеңімпаздары туралы мәліметтер.

1. 5 Автопарктің қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті

Ашылғаң күнiнен бүгiнгi уақытқа дейiн ЖШС «№3 Автобус паркі» Алматы қаласында маршруттарында жолаушылар тасымалдауын орындайды. 350 сан мөлшерiнденi автобустарды пайдаланады және жөндеу техникалық күтiм ұйымдастыру үшiн үлгi жоба бойымен салынған автопарк.

Автобус паркінде орналасқан:

-автобустардың агрегаттарын, жүелерін жөндеу үшiн өндiрiстiк гимаратар орналасқан;

-әкiмшiлiк және пайдалану қызметiнiң ғимарттары (қозғалыс қауіпсіздігі кабинеті, касса, дәрiгерлiк пункт, диспетчерлiк пункт, бақылау-өткiзу және тағы басқа ғимараттар) ;

-диагностика орталығы, автожуу, ЖҚС, техникалық қызмет көрсету стансасы, (ТО- 1, ТО- 2, кузов жөндейтін цех ж. б. ) ;

-қысқы кезеңде жылжымалы құрамдарды пайдаланатын 105 автобустар үшiн жылытылатын тұрақ боксы бар.

Автопарктiң жалпы ауданы 5, 4 ганы құрайды . ЖШС Автобус паркі №3 ғимараттар мен құрылымдарды жалға алмайды.

Қызмет көрсетiлетiн маршруттар саны 274 кестенi құрайды.

Жоғарыда көрсетiлген маршруттардың қызмет көрсетуi үшiн және жоспарлы кестелер автобустардың 236 санын талап етедi.

2013ж-лы 1 қаңтардағы жүргiзушiлерiн сан 316 адам, жөндеу жұмыстарында 73 адамды жасайды.

Қозғалыс қауіпсіздігі класы әкімшілік корпустың бірінші қабатында орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
GPS навигациялық жүйелерді қолдану
Қонақ үйдің қызметтері
Астана қаласының сипаттамасы
Қашықтықтан зондтауды қолдану
Электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау
Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
Жалпы түсінігі туралы аэрофото суретке түсіру
Балқаш ЖЭС құрылысы
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Кәсіпорындағы электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жете зерттеп жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz