Экспрес ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру


Тақырыбы: «Экспрес» ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Көлік - жүк және жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін, мемлекеттің қуатын анықтайтын, маңызды стратегиялық кешен болып саналады.

Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен, оның халықтарының сирек орналасуымен, шикізат және өндіріс ресустарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Осындай ахуалда көлік-коммуникациялар кешені еліміздің экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси тұтастығын да қамтамасыз етеді [1] .

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі: Көліктерге деген сұраныс тасымалданатын жүктердің құнына әсерін тигізеді, сондықтан да тапсырыс беруші өзінің жүгін тасымалдау үшін арзан көлік түрлерін табуға тырысады. Жолаушылар тасымалы да ең маңызды көрсеткіштерге жатады, көліктерде жол жүруге кететін шығын жанұялық кірістің белгілі бір пайызынан аспауы тиіс. Көптеген дамыған елдерде көліктік шығындар күн көрістері төмен халыққа жеңілдіктер қарастырылған.

Жаңадан дамып келе жатқан дербес мемлекеттерде көлік мекемелері өз көліктеріне деген сұранысты нарықтық заманға сәйкестендірді. Атап өтетін жағдай, біздің мемлекетіміздің аумағының үлкендігіне байланысты, әр көлік түрлерінің пайдалану аймағы қарастырылған: тасымалдау ұзақтығы, жолаушыларды тасымалдауда жылдамдығы мен жайлылығы қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Кәзіргі уақытта біртұтас көлік жүйесіне деген көзқарас өзгерді. Көліктер арасында пайда болған бәсекелестік, бұл бір көлік түрін екінші бір көлік түрлеріне қарсы қою емес, керісінше көліктердің дамуы, тасымалдау жұмыстары кезінде жаңа технологияға қол жеткізу, тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету мен қатар жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру.

Дипломдық жұмыстың теориялық базасы: Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс-тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.

Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылады. Көліктің негізгі міндеті - бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі : Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден-бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Экономикадағы ырықты қатынастарды сақтап, әрі дамыта отырып жергілікті және республикалық деңгейлердегі ұйымдық-басқарушылық қызметтерді жетілдіру, мультимодалды немесе құрама тасымалдардың логистикасына негізделген осы заманғы көлік технологияларын қазақстандық нақты жағдайларға бейімдеу қажет.

Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы оның технологиялық процессінің маңызды белгілерінің бірі. Көлік коммуникацияларын, көлік инфрақұрылымы объектілерін, сондай-ақ техникалық қайта жарақтандырудағы, ең алдымен көлік құралдарының паркін жарақтандыруды қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі өзектілік арта түсуде.

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі нарықтық заманында, еліміздің ішкі байланысы мен халықаралық байланыстардың ұлғаю нәтижесінде, жоғары дәрежелі мамандар дайындауда, тек бір ғана көлік түрлерін меңгеру емес, әр түрлі көліктер жүйесін меңгеру, олардың бірігіп жұмыс істеу, әсіресе мульти және интермодалды тасымалдау жүйесін меңгерген мамандар дайындау қажеттіліктері туындап отыр.

Қазіргі заманғы автотомобиль жол көлігінің инфрақұрылымы түрлі белгідегі өндірістік объектілердің әрқилы құрамын, сонымен қатар жөндеу және жаңа объектідегі құрылыс мазмұнымен өзіндік инфрақұрылымдық автожол желісін біріктіреді. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы автотранспорттық саланың жылжымалы құрамы ірі көптеген бірлескен және жекеменшік иеліктердің арасында аумағы жағынан бытырап орналасқан.

Жұмыстың теориялық базасы : Жолдың нашар жағдайы және оның инфрақұрылымы жоғары дәрежедегі жол-көлік оқиғалардың жоғары жөндеу шығынына, жылжымалы құрамның көмегіне, жоғары нормалы майлы отын материалдарының шығынына, төменгі сауда қарқынына, жүргіншілерді және жүктерді жеткізуге негізгі себеп болып табылады. Бұның бәрі тауар және қызметтік көрсеткіштегі көліктік құрастырудың көтерілеуін төмендетеді, тек автомобиль көлігінің ғана емес, Қазақстан аумағында жасалып шығатын тауардың да бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Осы заманғы автомобиль жолдарының халықаралық желіге қосылуының басты шарттары болып олардың барлық көлік құралдарының қауіпсіздігі және кедергісіз мүмкіншіліктерімен минималды орнықтырылған талаптарға сәйкестілігі қызмет етеді.

Жолдардың техникалық жағдайы және қарқынымен ескеріледі. Қазақстандағы ерекше жоғары қарқындылық әлемдік көліктік коридорға жиналады. Сондықтан мұнда кездейсоқтық емес, қызмет көрсету шарттардың ерекше жоғары дәрежесі болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс негізгі бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: жұмыстың техникалық-экономикалық негіздеме қарастырылған. Екінші бөлімде: жобаның теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған яғни Т-Экспрес ААҚ қысықаша сипаттамасы. Үшінші бөлімде: GPS және глонасс жүйесін пайдалану және байланыстың спутниктік жүйелеріне талдау жасалған. Төртінші бөлімде: ғарыш аппаратына спутниктік байланыстың жердегі станцияларының қолжетімділігінің техникалық талаптары қарастырылды.

Бесінші бөлімде: жылжымалы құрамды пайдалану шығындарын және тасымалдаудың өзіндік құнын есептеу жұмыстары жүргізілді.

Тек осындай зерттеулердің нәтижесінде ғана талап етілген жөндеу жұмысын және оның кезектілігін дұрыс орнатуға болады. Бүкіл жолды қазіргі заманға сай техникалық нормалармен сәйкестендіруге мүмкіншілік жоқ, себебі тұрақты қамтамасыздандырудан басқа жолдардың көліктік-пайдалану сапаларын өсіру үшін қайта құру бойынша жұмыстар өткізіледі.

Жоспарлаудың ғылыми негізі, қалай жолдың қайта құруы, солай қозғалыстың ұйымдастыруының өткізіліп жатқан шаралары сияқты, оларға қозғалыстың жылдамдығының графикасы, қауіпсіздіктің және апаттық жағдайдың еселігі, жүктеу мен қозғалыстың өткізгіштік қабілеттің графикасы болып табылады.

Жол көлік оқиғасы туралы статистикалық мәліметтер мен берілген автомобиль жолының жол жағдайының бағасын зерттеудің барысында жол жағдайының этап бойынша жақсаруы, қауіпті жерлерді жою ұсынылады, бұл қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға көмектеседі. Қазіргі уақытта осы мәселелер әлдеқайда маңызды.

Мына жағдай белгілі, кез-келген өркениетті мемлекеттің көлік саясатының маңызды аспектілерінің бірі жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жағдайдың толық жетілдіруі мен үздіксіз жақсаруына қолдау, яғни қуаттау болып табылады.

Автомобиль көлігінің өзіндік сфецификасының күші азаматтардың мүліктері, денсаулықтары мен өмірлері үшін қауіп тудырады. Қайтыс болғандардың санағы бойынша, километрге қатысты- 1 млн. жолаушылар, көліктің бұл түрі көлдік және өзендік көліктен 12 есе қауіпті, ал темір жолдан 3 есе және ауа көлігінен 1, 5 есе қауіпті. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының берген мәліметтері бойынша жол көлік оқиғасының себебінен болған өлім әлемде онкологиялық және жүрек- қан тамырларының ауруларынан кейін үшінші орын алады. 34 жасқа дейінгі адамдар үшін жол көлік оқиғасы өлімнің нөмір бірінші себебі болып табылады [2] .

1 ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

1. 1 Көлік жүйесінің ел экономикаында алатын орны

Біртұтас көлік жүйесі - қатынас жолдарының, көлік құралдары парктерінің, радио және телекоммуникациялар жүйесінің, өзара техникалық, технологиялық, нормативтік құқықтық және экономикалық қатынастар арқылы сабақтасатын көліктің әрбір түрін инфрақұрылымдық жайғастырудың жиынтығы ретінде қаралады [3] .

Көлік - жүк және жолаушыларды тасымалдау процесін қамтамасыз ететін өндірістік сала болып табылады.

Көлік - өндірістің бір саласы ретінде әр түрлі техникалық құрылғыларды қамтамасыз ететін жол қатынастары мен құрылымдар жиынтығын құрайды.

Жылжымалы құрам - автомобильдер, тіркемелер, жартылай тіркемелер, пойыз вагондары, локомативтер, кемелер, ұшақтар, тікұшақтар және су жолы көліктерінде баржалар.

Қатынас жолдары - жылжымалы құрамға арналған арнайы жарақтандырылған жолдар.

Техникалық құрылғылар мен ғимараттар - бұл кешенді жүк және жолаушылар бекеттері, тиеу-түсіру орындары, жөндеу шеберханалары, жанар май құю бекеттері, байланыс және белгі беру құралдары, басқару жүйелері.

Қазақстан Республикасында көлік жүйесі қазіргі заманғы барлық қатынас құралдарын біріктіреді, олар: автомобиль, темір жол, теңіз, өзен, әуе, қалалық және өнеркәсіп көліктері, магистралды мұнай және газ құбырлары, су ағызғылары, байланыс құралдары.

Көліктер экономиканың әр саласында жұмыс атқара жүріп, бір жағынан тұтынушы, екінші жағынан жұмыс беруші болып іс атқарады. Көлік кешенінің дамуы халық шаруашылығында жүк және жолаушылар тасымалдау қажеттіліктерінен біршама алды болуы тиіс.

Экономикада көліктер жетіспеушілігі бұл жекелеген өндірістік саланың және ауыл шаруашылығының артта қалуына көп септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығында дайын өнімдерді тасымалдау процесінде жолдардың нашар болуы немесе жолдардың болмауы, дайын өнімдерді қажетті жеріне жеткізу мүмкіншілігін шектейді. Жолаушыларды жұмыс орындарына немесе қажетті жерлеріне уақытысында жеткізілмеуі олардың денсаулығымен жұмыс қабілеттеріне біршеме зиянын тигізеді.

Көліктер кез келген мекемеде шикізаттар, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдерді тасымалдауға қатынаса алады. Өнімдердің бір орыннан екінші орынға тасымалдану процесі тұтынушыға жеткен кезде ғана аяқталады.

Көліктер жұмысы тек қана жүктерді тасымалдаумен ғана шектелмейді, олар өндірістің дамыуына, тасымалданатын тауардың өзіндік құнына, жүктерді сақтау, тиеу-түсіру процесіне көп әсерін тигізеді. Сондықтан да көліктер қоғамның дамыуына, экономиканың өркендеуіне, тауар айналымын қамтамасыз ететін, дайын өнімдерді тұтынушыға жеткізетін бірден-бір құрал болып табылады. Осы жағдайда ғана нарықтық экономикалық жүйе «ақша - тауар - ақша» түзіледі.

Көлік - еліміздің 10 % азаматтары жұмыс жасайтын еңбек сыйымдылығы жоғары сала болып табылады. Көлік саласын әлемдік мұнай өндірісінің 60%, болат өндірісінің 20%, қорғасын өндірісінің 80%, синтетикалық каучук өндірісінің 70% және т. б. өнімдердің 40% астамы пайдаланады. Көлікте бір мезетте 27 - 30 млн. т жүктер тасымалданады.

Жүктерді тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарына кететін шығын жалпы тасымалданатын жүктердің құнының 15 - 18 % құрайды, жекелеген жүктерді тасымалдау құны жоғары болып келеді (мысалы: мұнай өнімдерін тасымалдау 40%, құрылыс жүктері - 50% дейін, азық-түлік - 25% дейін, ауыл шаруашылық өнімдері - 100%, бұл жолдардың нашарлығынан, жүк тасымалданатын аудандардың қашықтығы әсер етеді) .

Қазіргі көліктер - темір жол көліктері, автомобиль көліктері, әуе көліктері, теңіз, су көліктері, сонымен қатар құбыр желісі, өндірістік көліктер, энергия және ақпарттық желі жүйесі және космостық көліктер болып бөлінеді.

Бұл көліктердің әрқайсысы өздерінің қызмет ету аясына байланысты бірнеше топқа жіктеледі:

өндіріс ішіндегі, қала, өндіріс аралық, қала аралық, облыс аралақ және халықаралық болып бөлінеді.

Өндірістің өз ішінде қолданатын көліктер халық шаруашылығы саласына жататын көліктер құрамына енбейтін, кәсіп орын ішінде жүктерді бір орыннан екінші орынға жылжытуды қамтамасыз етеді.

Қалалық көліктер қала ішінде жүк, жолаушы тасымалдауын қамтамасыз етеді, қала аралық көліктер жүктерді және жолаушыларды бір қаладан екінші қалаға тасымалдау жұмыстарын атқарады.

Халықаралық көліктер мемлекет аумағынан шығып, тасымалдау жұмыстарын атқаратын көліктер.

Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуының көпфакторлы талдауы көлік-коммуникациялар кешенінің (ККК) дамуына мыналар жатады:

  • қазіргі заманғы ұлттық көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту;
  • ұлттық ККК халықаралық көлік жүйесіне интеграциялауды жеделдету және еліміздің көлік секторын дамыту;
  • Қазақстан Республикасы аумағында біртұтас, ішкі тұйықталған және сыртқы интеграцияланған көлік кеңістігін құру;
  • Көлік құрылысы саласында ірі жобаларды әзірлеу мен іске асыру, көліктің жаңа технологиялары мен техникасын ендіру кезінде көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • Еліміздің географиялық жағдайына барынша пайда түсіру арқылы көлік кешенінің дүниежүзілік көлік жүйесіне интеграциясы;
  • Қазақстан аумағында бәсекеге жарамды халықаралық көлік дәліздерін құру, еліміздің транзиттік әулетін арттыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау;
  • Көлік және өндірістік процестерді біріктіру, логистика қағидасына негізделген мультимодалды тасымалдау жүйелерін құру;
  • Деректердің көлік базалары мен болжамдар жасаудың математикалық үлгілерін құру арқылы көлік жүйесін ақпараттандыру;
  • Тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының мүдделерін есекеретін және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін икемді тариф жүйелерін жасау;
  • Ең экологиялық зиянсыз және энергия үнемдейтін көлік технологияларын ендіру, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және көліктің қоршаған ортаға келеңсіз әсер етуін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес деңгейге дейін түсіру.

Еліміздегі көлік мемлекеттік және жеке тұлғалардың меншіктері ретінде бүкіл қоғамның байлығы болып табылады. Еліміздің барлық көлік түрлері бірігіп, біртұтас көлік жүйесін құрайды. Олардың өзіндік ерекшеліктері мынандай:

  • көлік халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемелекеттік жоспар ретінде дамиды, халықты әлеуметтік, мәдени сұраныстарын толық қамтамасыз ету, үнемі даму жолында болу;
  • халықаралық тәжірибені ескеру арқылы Қазақстан Республикасының магистральды транзиттік-көлік коммуникацияларын біртұтас көлік дәліздеріне қалыптастыру, олардың кешенді басқарылуы мен дамуын қамтамасыз ету;
  • көлік кешеніндегі барлық секторлардың қолданыстағы көлік жүйелерінің техникалық және технологиялық деңгейін көтеру;
  • көліктің жекеленген түрінің тасымалдау қарқынының дамуы олардың техникалық - экономикалық тиімділігі мен сапасы негізінде және даму мүмкіншілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады;
  • жүкті және жолаушыларды тасымалдайтын көліктердің барлық түрлерінің бағасы ел ішінде, халықаралық тасымалдауда бағалау-есептеу тариф тәртібі негізінде белгіленеді.

Кез келегн көлік түрінің жұмыс көлемі мен атқарылған тасымалдау жұмысының көлемі тасымалдаудың негізгі көрсеткіші болып есептеледі.

Көлік еліміздің қорғаныс саласында алатын орны ерекше, көліктердің көмегімен халықтарды тез көшіру, әскерлерді бір жерден екінші жерге тез арады ауыстыру жұмыстарын кіреді.

1. 2 Өндірістік процес, көліктер өнімділігі және артықшылықтары

Транспорттық процес негізгі үш элементтен тұрады: тиеу процесі, тасымалдау және түсіру [4] .

Тиеу процесі - көлік құралдарын жүк тиелетін орынға жеткізу, жұмысты ұйымдастыру, жүктерді тиелу әдісіне қарай сорттау, жүкке қатысты құжаттарды рәсімдеу. Жүк тасымалдау кезіндегі басты құжат таварлы-тасымалдау қағазы, осы құжат негізінде жүк жөнелтуші өзінің мекемесінде тұрған жүкті жүк тасымалдаушыларға өткіщіп береді. Жүкке байланысты барлық жұмыстар жүк иесінен жүк тасымалдаушыға өтеді, жүк тасымалдаушы осы уақыт аралығында жүкке толық жауап береді.

Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.

Жүк тасымалдау - оларды шығарылатын жерінен тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салады жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін пайдалануға дайын болады. Көптеген жағдайда жүк тасымалдауға көліктің автомобиль, темір жол, әуе жолы, су және теңіз жолы секілді түрлері қатысады. Өнімді тұтынушыға жеткізу мақсатында көлік ұйымдарына тапсыруда маңызды құжат жасалады - осы сәттен бастап өнім жүкке айналады.

Тасымалдаушы дегеніміз - бұл жалпы қолданыстағы жылжымалы құрамдар мен тасымалдау шартына сәйкес жолаушыны, өзіне сеніп тапсырылған жүкті жөнелту орнынан баратын жеріне дейін жеткізу, жүк қабылдаушыға тапсыру міндетін мойнына алған заңды тұлға немесе кәсіпкер.

Тасымалдау дегеніміз - жолаушылар мен жүкті жылжымалы құраммен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы.

Тасымалдау көлемі - тасымалданған немесе жоспарланған жүктердің, жолаушылардың саны, тасымалдау барысының іске асуына тасымалдау процессін түзетін элементтердің маңызы зор.

Жүк дегеніміз - бұл белгіленген тәртіп бойынша тасымалдау үшін қабылданған нысан.

Жүк жөнелтуші - бұл тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін немесе тасымалдау құжатында көрсетілген жеке немесе заңды тұлға.

Тиеу - түсіру жұмыстары мыналардан тұрады. Жылжымалы құрамды жұмыс аумағына жеткізу, жүктерді топтау және реттеу, келген жүктердің құжаттарын рәсімдеу, жүкті жылжымалы құрамға тиеу, қойма ішінде басқа да тиеу-түсіру орындарында жүкті жылжыту және үю.

Көліктегі өндірістік процес - тиеу - тасымалдау - түсіру жұмыстарынан тұрады. Көліктегі процесті іске асыру үлкен ақпараттық ағымдар бойынша жүріп отырады: көлік құралында жүктің түрі, жүк жеткізілетін бағыт көрсетілген жолдама қағаз, бағыт бойынша қоз, алыс кестесі және оқыс жағдайларға байланысты шұғыл ақпараттар.

Бүкіл жол жүрісінде бір жүктің өзі көптеген операциядан өтеді. Тасымалдауға көліктің бірнеше түрі қатысатын жағдайда операцияның саны да артады. Кейде бір жүктің өз 10 -нан астам операциядан өтеді. Жүк кірме жол - магистралдық темір жол көлігі бойынша тасымалданатын ретте, екі жүк операциясы орындалатын кезде ең жақсы нәтиже алынады, мұнда жөнелту станциясынан жүкті жеткізуге және жүк баратын станциядан оны әкетуге басқа көлік түрі қатынаспайтындықтан, аралық тиеу операциялары болмайды. Жүкті тікелей вагоннан кемеге немесе автомобильге, кемеден вагонға немесе автомобиьге, автомобильден әуе көлігіне тиейтін жағдайда операциялар саны кемиді. Жүкті бұлайша өңдеу тікелей нұсқа деп аталады.

Кез келген көлік түрінің жұмыс көлемі мен атқарылған тасымалдау жұмысының көлемі тасымалдаудың негізгі көрсеткіші болып есептеледі.

Көліктердің негізгі артықшылықтары бұл көліктердегі өндірістік процес - жүктерді және жолаушыларды тасымалдау көліктердің өнімі болып табылады. Көліктер өндірілген өнімді жалғастырушы және тұтынушы жеткізіп аяқтаушы қызметін атқарады. Сондықтан да көліктік өнімділік көлік құралдарының жүкпен немесе жолаушылармен жүрген кезінде ғана саналады.

Көлік-экспедициялық әрекеттерге жүкті қабылдау, тасымалдаушының құзырына өткізу, аралық қоймаларда аз уақыт сақтау, тиеу-түсіру әрекеттеріне жүкті көлікке тиеу, бекіту және көліктен түсіру, өлшеу және құжаттарын толтыру жатады.

Жүктерді және жолаушыларды көліктің бір немесе бірнеше түрімен тасымалдау ұйымдастырылады.

Көлік саласындағы үлкен бір келелі мәселе - көліктік өнімнің қорын жасау мүмкіншілігі жоқтығы. Жүктерді және жолаушыларды жеткізу процесінде қосымша қорсыз тәуекел жасауға болмайды. Сондықтан да қосымша көлік құралдары ұстау қажеттілігі туындайды.

Мысалы, жүктерді және жолаушыларды тасымалдау кезінде қосымша 1 - 3 дейін жылжымалы құрам, істен шыққан көлік құралдарын тез арада ауыстыру үшін қорда (резерв) тұрады.

Көлік - материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі тасымалдау өндірісі болып табылады.

Тасымалдау өндірісі жүк және жолаушы тасымалдауда материалдық өндірістің бір саласы болып табылады.

Тасымалдау, ол өндіру аясындағы өндіру процесінің жалғасы. Тасымалдау өндірісте атқарылатын жұмыстар мен даяр өнімдерді тарату барысына тікелей қатыса алады. Тасымалдау өндірісі тасымалдау барысында жаңа өнім жасамайды, өзінің ерекшк өнімі бар, ол жүк тасымалында тонна-километрмен, жолаушы тасымалдауда адам-километрмен өлшенеді.

Көлік өнімдерінің мынандай ерекшеліктері болады.

  • Тасымалдау өнімдерінің қорын жасауға болмайды.
  • Тасымалдауда шикізат болмайды, барлық жүк даяр күйінде келеді, тасымалдау үшін шикізат, жартылай даяр заттар, дайын өнімдер жүк болып есептелінеді.
  • Тасымалдау өнімі көлік құралдарының бөлінбес бөлігі.
  • Тасымалданатын жүктің өзіндік құнына тасымалдау құны қосылып оны арттырады.

Тасымалдаудың еліміздегі халық шаруашылығында алатын орындары мынандай:

  • Еліміздегі өндіргіш күштердің дамуы олардың неғұрлым тиімді орналасуына қолайлы жағдай туғызады.
  • Өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады, қоғамдық өндірістердің өнімдерін таратудың икемділігін қамтамасыз етеді.
  • Ел ішіндегі және жеке мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси мәдени байланыстардың нығаюына көмектеседі.
  • Еліміздің қорғаныс қабілетінің артуына көмектеседі.

Көлік өнімділігінде тасымалданатын жүктер көлемі артқан сайын, басқа көлік түрлеріне ауысу қажеттілігі туындайды. Мысалы, темір жол көліктерімен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі арттқан сайын, бұл өнімдерді құбыр желісіне ауыстыру немесе еліміздегі қалаларда адам саны 1 млн арттса, тасымалдау қабілеті жоғары метрополитен салу қажеттілігі туындайды.

Көлік өнімділігі берілген тасымалдау көлемін уақытында және тасымалдау шарттарын сақтай отырып, орындауға қажетті жылжымалы құрамдар санымен анықталады. Өнімділігі неғұрлым жоғары болса, қажетті көлік саны соғұрлым аз болады.

Өнімділік ең әуелі көліктің жүк көтерімділігі мен жүру жылдамдығына байланысты және тәулікте жылжымалы құрамның әрқайсысының жүкпен жүрген жолының ұзындығы (км) көлік құралдарының жүк көтерімділігін (сыйымдылығын) пайдалану дәрежесі арқылы бағаланады, сондай-ақ тасымалдау қарқынын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимодальды тасымалдау схемасы
Интермодальды тасымалдаудың белгілері
Логистикалық жобаларды басқару
Жүкті тасымалдау уақыты
Көлік бөлімінің басшысы
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
GPS жаһандық позициялау жүйесінің ерекшеліктері
Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының ақпараттық жүйесін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz