Әркім Бақыт дегенді әр түрлі түсінеді


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.

Бақыт деген әр адам үшін әртүрлі және бұл түсініктің нақты анықтамасы жоқ. Әрқайсысымыздың бақыттың қандай екендігі туралы өз ойымыз бар. Кейбіреулер үшін бақыт тыныш отбасылық өмір болуы мүмкін, кейбіреулер бақытты байлықтан көреді, ал кей адамдар үшін қараусыз қалған жануарларға көмек көрсетудің өзі үлкен бақыт. Жалпы адамның бақытты болуы оның ішкі жан дүниесіне, өмірлік ұстанымдарына байланысты.

Адамның бақыты оның дүниетанымына, өмірге деген көзқарасына байланысты. Мысалы, қарапайым өмір сүретін, әр нәрседен мейірім мен жылулық көре білетін адамдар, материалдық игілікке қол жеткізу мақсатымен өмір сүретін адамдарға қарағанда әлдеқарай бақытты болады. Кей кезде біз маңызды нәрселерге, оқиғаларға немесе адамдарға назар аудармай уақытты босқа жұмсаймыз. Нағыз бақыт деген өзің жақсы көретін және де өзіңді жақсы көретін адамдардың болуы. Олар қиналған сәттеріңде қолдау көрсетіп, демеу беріп, көңіл күйіңді көтеруге тырысып отырады. Кей кезде адамдар өздерінің қаншалықты бақытты екенін түсінбейді, барлығы жақсы болса да болмашы мәселелерді уайымдап жүреді. Жалпы адамдар бір қиын жағдайға түскенде, жақын адамынан айырылғанда немесе ауырғанда ғана оған дейін бақытты өмір сүргенін мойындайды.

Мен үшін бақыт деген отбасымның амандығы, денсаулығымның мықты болуы және өзімнің сүйікті ісіммен айналысу. Өзіме жақын адамдардың бақытты жүздерін көру маған өте маңызды. Менің ең бірінші бақытым - отбасымның амандығы. Біз барлығымыз кешкі асқа жиналып, демалыс күндері саябақта серуендеуге шыққанда, мейрамдарда бір бірімізді құттықтап бір бірімізге қуаныш сыйлағанда мен өзімді өте бақытты сезінемін.

Бақыт деген - денсаулық. Денсаулығы жақсы болмаса, адамға басқа ештененің де керегі жоқ болып қалады. Денсаулықтың маңыздылығын бәрінен де жақсы түсінетін адамдар - мүмкіндіктері шектеулі адамдар болуы керек. Денсаулық - зор байлық деп бекер айтылмаған. Бұл байлықты сатып алуға болмайды. Оны тек нығайтып, сақтауға болады.

Әрине әр адам үшін отбасы мен денсаулықтың орны әрдайым ерекше, және де денсаулығымыз мықты, отбасымыз аман-есен болса біз өзімізді бақытты сезінеміз. Алайда, адамның толығымен бақытты болуы үшін, ол өзінің сүйікті ісімен айналу керектігін ұмытпау керек. Адам әрдайым өзіне ұнайтын жұмысты жасаса оның көңіл күйі көтеріңкі, жаны тыныш болады. Менің ойымша, өмірдегі ең жаман нәрселердің бірі - жақсы көрмейтін жұмысты орындау, себебі маман өз жұмысын жақсы көрмесе ол жұмыстан ешқандай жақсы нәтиже шықпайды. Мысалы, егер мұғалім сабақ жүргізуді және оқушылармен жұмыс жасауды ұнатпаса, оқушылар ол мұғалімнен ешқандай білім ала алмайды. Сүйікті іс деп тек мамандықты емес, сонымен қатар адамның хоббиын атаймыз, әр адамның өз хоббиы болады, мысалы кітап оқу, спортпен шұғылдану, тағам әзірлеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, шет тілдерін үйрену, тігін тігу және т. б. Осындай сүйікті іспен айналысқан кезде, адамдар өз проблемаларын ұмытып, позитивті эмоциялар алады. Сүйікті іспен айналысудың өзі демалыс десек те артық болмас. Көп адамдар бақыт деген материалдық байлыққа байланысты емес деп тұжырымдайды, әрине ол рас, алайды материалдық жағдайдың толыққанды бақыттың бір бөлігі екендігін жоққа шығаруға да болмайды.

Әр адам бақытты болуға лайықты және әркімнің бақытты өмір сүруі өз қолында деп ойлаймын. Бақытты болу үшін басқаларға қуаныш сыйлау білу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Бақыт туралы кітап
Әл-Фарабидың Бақытқа жол сілтеу еңбегі бойынша бақыт түсінігі
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Батырдан қалған өсиет (Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері)
Бақыт
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz