Туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриотизм: мәні мен тәрбиесі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе ала ма туған елін»

Жер бетіндегі әр адамның туған жері бар. Әр адам үшін оның туған жерінің суы да, ауасы да, даласы да, түні де ыстық болып келеді. Алыс жерге кетсек, біз әрқашан үйіміз бен туған жерімізді сағынамыз, және туған жерге оралуға асығып жүреміз. Себебі біз ол жерде дүние есігін ашып, балалық шағымыздың ең бақытты сәттерін, мектептік өміріміздің қызықты кезеңдерін өткіземіз. «Менің отаным» деген асыл сөзді біз әрдайым мақтанышпен және асқақтықпен айта аламыз. Туған өлкеге деген жүректегі сағыныш пен махаббатты сезіну әр адамның басынан өткен болар.

Туған жердің ауасы да ерекше ғой шіркін. «Отан оттан да ыстық» деген мақалда үлкен мән-мағына жатыр. Шынымен де, егер Отан үшін жанынды қию деген үлкен абырой болып есептеледі. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, оның аты мәңгілік өлмейді, өшпейді. Оның есімі тарихта мәңгі қалады. Отан туралы ойланғанда біздің ойымызға отбасымыз, туып өскен жеріміз, туыстарымыз келеді. Туған жер деген бізге өмірге келген сәттен бастап берілетін баға жетпес мұрамыз. Оны ешкім өзіне таңдап ала алмайды.

Туған жерімізді сүю және қорғау біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Отанды сүю деген ұғым туған жерінің табиғат­ына, отбасына, туған туыстарына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Біз қай жаққа барсақ та, бауыр басқан жеріміз - қазақ жеріне қайта оралуға асығамыз. Біз сонау дәуірлер бойы қалыптасқан тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан ең бақытты ұрпақтардың біріміз. Осындай бақытты бізге сыйлаған - отан соғысына қатысып, отанымызды қорғап, өз жандарын өлімге қиған ата-бабаларымыз, сондықтан да көзі тірі аз ғана ардагерлерімізді құрметтеп оларға басымызды ию біздің борышымыз болып табылады.

Менің ойымша, айналамыздағы адамдарды - алдымен туған-туыстарын, достарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа және отанға деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес. Мен қай жерде жүрсем де, өз алтын бесігімді - яғни туған жерімді бір сәтке де есімнен шығармаймын. Мен өзімнің туған жеріме әрдайым қарыздармын деп есептеймін. Себебі менің бойымдағы барлық жақсы қабілеттер мен қасиеттер өзімнің туған жерімнің топырағынан дарыған деп сенемін. Қазақстандай мемлекетте өмір сүріп жатқан біздер өте бақытты жандармыз, себебі біз тәуелсіз, бейбіт, даму үстіндегі елде тұрып жатырмыз. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тату тәтті өмір сүреді. Біз осы еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.

Осы қазақ жерін көзіміздің қарашығындай қорғау әрқайсымыздың парызымыз. Дегенмен ешкімді елін, туған жерін күштеп немесе алдап-арбап сүйгізу мүмкін емес. Өз отанын сүю әр адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны деп түсінуіміз қажет. Біз өз бойымызда, және жастарымыздың бойында патриотизм және отаншылдық сезімін оятуға тырысуымыз керек. Менің ойымша, отаншылдық сезім деген адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының отанына, халқына, туып өскен жеріне, өзінің ана тілі мен ұлтының мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына деген жеке қатынасын және көзқарасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын білдіретін сезім көрсеткіші болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриотизм: Жаңашаруа ауылы мысалында
Моизм философиясы: Мо-цзы ілімі, бәріне деген сүйіспеншілік пен практикалық таным
Сәкен Жүнісовтің Заманай мен Аманай повесі: туған жерге перзенттік махаббат пен патриоттық тәрбие
Райымбек батыр: туған жылы, шайқастары, әулиелігі және ұлттық патриотизм
Ересек топтағы балаларды саяхат пен серуен арқылы туған жер табиғатына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Философияны түсіну: даналыққа деген сүйіспеншілік, сезім мен ақылдың үйлесімі және ойлау мәдениетінің рөлі
Қазақстандық патриотизм: мәні, мақсаты және қалыптасу проблемалары
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазақстандық патриотизм: мағынасы, патриоттық тәрбиесі және мемлекеттік рәміздердің рөлі
Жаңа қазақстандық патриотизм: ұғымы, тәрбиесі және қоғамдық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz