Астананың 20 жылдық тарихы: елордаға көшу және кешенді даму


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Астана - асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)

Астана - егемен еліміздің бас қаласы, туған жеріміздің жүрегі деуге де болады. 90-жылдардың ортасында елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көптеген адамдар үшін күтпеген шешім қабылдап, оңтүстіктегі Алматыдан астананы республика орталығына көшіру туралы үкім шығарды. Осылайша Астанамыз Сарыарқа төсіне қоныстанды. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің эпицентріне айналды. Астана - ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі екенін мойындағанымыз абзал.

Бүгінгі таңда Астана - миллиондаған халқы бар, еліміздің ірі мәдени және өндірістік орталығы болып қалыптасқан әсем қала. Мемлекетіміздің астанасы ретіндегі жиырма жылдық қана тарихына қарамастан, бұл қаланың бай тарихы және өзіне тән ерекшеліктері бар. Қарқынды дамып келе жатқан қала ретінде кеңінен танымал болған Астана бүгінгі күні саясаткерлер, әлеуметтік ғалымдар, әлеуметтанушылардың ғана емес, сонымен қатар сәулетшілердің кәсіби қызығушылығын тудыруда. Астана қаласының экономика саласы, соның ішінде машина энергетика саласы, жеңіл өнеркәсіп, баспагерлік өнеркәсібі, құрылыс материалдар өнеркәсібі динамикалық түрде дамып келе жатыр. Жаңа астананың өнеркәсіп саласымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымы да дамып келеді, соның ішінде көптеген ойын-сауық және сауда орталықтары, кафелер, мейрамханалар көбейіп келеді. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты. Елордамыздың архитектуралық көрінісіне көз жүгіртетін болсақ, оның ерекше еуразиялық стильде құрылғанын байқауға болады. Астананың басты танымал символдарының бірі - «Бәйтерек» кешені. Қаланың басқа да ерекше стильде салынған ғимараттар қатарына Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығы, Думан» орталығы, Астана опера мемлекеттік опера және балет театры, Әзірет Сұлтан мешіті, Қазақстан орталық концерт залын, Қазақ Елі монументі тағы басқа көптеген зәулім ғимараттар жатады. Бұл ғимараттар сәулет өнерінің қайталанбас үлгілерінің қатарына кіреді. Есіл өзенінің сол жағалауы Астанамыздың мәдени -рухани орталықтанған жеріне айналды.

Астана - қазақ елі болашағының каласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы - баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Елордамыз - шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі кең жайылған қала деуге болады.

Өлкеміздің елордасы Астанаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының беріктігін, ел экономикасының қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылады. Жиырма жыл ішінде Астана Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды.

Мемлекетіміздің ірі білім беру ордалары осы Астанада орналасқан: Назарбаев Университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Елорданы Астанаға көшіру туралы идеясын жүзеге асыру барысында бірталай кедергілер болғаны баршамызға мәлім. Алайда оған қарамастан, елбасымыздың бұл жоспары орындалып, қазіргі таңда Астана ел мақтанышына айналған және тарихқа алтын әріптермен жазылған қалалардың бірі болды. 20 жылдың ішінде Астана бүкіл әлемге танылып, мемлекетімізді дүниежүзіне танылды.

Жиырма жыл бұрынғы Астанамен заманауи Астананы салыстыратын болсақ, осы арада көптеген өзгерістер орын алғаны әбден байқалады. Қазіргі Астана көптеген ұлттарды біріктірген және оларға мекен болып отырған киелі қала. Елордамыздың өркендеуі туған жеріміздің көркеюінің нышаны. Және де елордамыздың әрі қарай дамуы жастардың, яғни біздің қолымызда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана: елордаға көшу тарихы, құрылуы және даму үрдістері
Астананың елордаға көшуі: тарихы, онжылдық дамуы және мәдени-әлеуметтік маңызы
Астананың елордаға көшуі және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Астананың тарихы мен заманауи сәулеттік-экономикалық дамуы (1832-2011)
12 жылдық мектепке көшу: педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
12 жылдық білімге көшу жағдайында балаларды психологиялық тестілеу: даму және түзету мәселелері
12-жылдық оқытуға көшу жағдайында Қазақстандағы мектепке дейінгі бағдарламалардың түрлері мен даму ерекшеліктері
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңі: тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік реформалар
Астананың жаңа астана ретіндегі қалыптасуы: сәулет, инфрақұрылым және әлеуметтік-экономикалық даму
12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz