Ұлттық болмысты сақтау: рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейліктің негізі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты

Қазіргі таңда біз қарқынды дамыған заманда өмір сүріп келеміз. Көптеген өзгерістер енгізіліп жатқанына қарамастан, дүниежүзінде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білу, сонымен қатар ұлттық болмысымызды және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалу біздің басты міндетіміз. Еліміздің рухани жаңғыруы үшін ғасырлар бойы жинақталған құндылықтарын құрметтеу қажет.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде рухани жаңғыру аясында әр түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. 2017 жылдың 12 сәуірінде елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты жолдауы шықты. Бұл жолдауда еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары көрсетілген, мемлекетіміздің жан жақты даму жолдары белгіленген. Елбасымыз ұлттық болмысты сақтай отырып, жұрт санасын жаңғырту және білімділікке ұмтылу сияқты ұстанымдарды дамыту керектігін атап өтті.

Біздің ата-бабаларымыз шыққан тегін білмеген адамды - «тексіз», ал тарихына үңіліп көрмеген адамды - «көргенсіз» деп атаған. Сол себепті ұлттық болмысты сақтап қалу үшін біз еліміздің тарихын терең білуіміз қажет.

Отанға, елге, ұлттық құндылық­тарға деген сүйіспеншілік - ұлттық болмысымызды сақтаудың негізі деуге болады. Ұлттық болмыс туралы сөз қозғаған кезде менің ойыма бірден туған тілдің маңыздылығы келеді. Әр ұлтты ұлт етіп тұрған екі асыл құндылық - тіл және дін екендігі сөзсіз. Тіл деген халықтың ең асыл қазынасы. Қазақ елінің тарихымы, мәдениеті, тәуелсіздігі, қазақтардың жалпы жеке ұлт болып қалыптасуы, осы ұлттық байлығымыз - тіліміздің арқасы. Тілімізді ұмытатын болсақ, біздің дініміз де, салт-дәстүрлеріміз де жоғалмақ. Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы деп нық сеніммен айта аламыз. Бүгінде біздің елімізде ана тілімізді дамытуға байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Рухани жаңғыру үдерісінде маңызды рөл атқаратын сала - білім беру саласы болып табылады. Бұл салада да көптеген әрекеттер жасалуда, мысалы Ахмет Байтұрсынов атамыз қалдырып кеткен латын әліпбиіне қайта көшкелі жатқан жайымыз бар. Сонымен қатар, ел аумағында әр түрлі мүшәйралар мен айтыстар өткізіліп жатыр. Көптеген оқу орындарында абайтану курстары жүргізілуде.

Елбасымыздың айтуынша мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түрлеудің қайнар көзі болып келеді. Қазіргі таңда мемлекетіміздегі өзекті мәселелердің бірі - халқымыздың мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, рухани құндылықтарымызды үлгі ете отырып, оны жастар тәрбиесіне ұтымды пайдалану мәселесі болып табылады. Ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап қалу үшін, біз халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, ырым-нанымдарын қастерлеуіміз керек және келер ұрпаққа олардың маңыздылығын түсіндіруіміз қажет. Егер біз ұлттық құндылықтарға, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларға еш көңіл бөлмейтін болсақ, онда біз мемлекеттілігізді сақтай алмаймыз.

Менің ойымша осы құндылықтарды құрметтеу ең алдымен отбасынан басталады. Яғни, көп нәрсе отбасында берілетін тәлім-тәрбиеге байланысты дегім келеді. Егер де отбасында еліміздің салт-дәстүрлері сақталып, қастерленетін болса, отбасы мүшелері ана тілімізде сөйлейтін болса, ол отбасынан шыққан азаматтар міндетті түрде бұл мұраны бағалайтын болады, және де әрі қарай жалғастырып кетеді. Сондықтан да өз ұлтымызды, тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, жалпы мемлекеттілігімізді сақтап қалғымыз келсе біз ең алдымен өзіміздің отбасымыздан бастағанымыз абзал. Сонымен қатар өз бойымызда патриоттық сезім мен имандылықты дамытуға талпынуымыз керек. Өз елінің салт-дәстүрін қадірлеген халық қана болашақта ұлт ретінде сақталып, басқа мемлекеттердің тегеурініне түспейтініне сенімдімін. Қорытындылай айтқанда ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы қазақ халқы өзге өркениеттер тегеурініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық код: бабалар аманатындағы ұлттық бірегейлікті сақтау және рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру: тәуелсіз Қазақстанның ұлттық бірегейлігін сақтау мен модернизация стратегиясы
Рухани жаңғыру және Қазақстанның ұлттық дамуы
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана: жаңғыру қағидалары мен ұлттық кодты сақтау
Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары мен ұлттық жобалары
Рухани жаңғыру және ұлттық сана: ұлттық код пен білімнің рөлі
Қазақ мәдениеті: ұлттық бірегейліктің іргетасы
Рухани жаңғыру мен ұлттық код: Қазақстанның стратегиялық модернизациясы
Рухани жаңғыру мен ұлттық кодқа сүйенген прагматикалық модернизация
Рухани жаңғыру: ұлттық сананы жаңғырту және даму бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz