БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Аударма шет елдің қоғамдық өмірімен, тұрмысымен және де жетістіктерімен жақын танысуға көмектеседі. Қоғамдық өмір көптеген өзара байланысты салалардан көрінеді. Соңғы жылдары қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұдан жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, бұқаралық ақпарат құралдары түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптың арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.

Зерттеудің өзектілігі. Бұл дипломдық жұмыс ағылшын бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аударудағы мәдениетаралық аспектілер мәселелеріне арналған. Қазіргі заманғы лингвистика ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі дискурсты жасау мен түсінудің ортақ стратегияларын анықтау, сонымен қатар тілді пайдалану теориясын құруға бет бұру болып табылады. Тіл тек коммуникация, ойды білдіру құралы ғана емес. Сонымен бірге тіл арқылы адам өзінің тұлғалық қасиеттерін аша түседі.

Қазіргі заманда ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - бүкіл техникалық тізбекті технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын кеңінен пайдалану қажет.

Аударматану ғылым ретінде даму барысында көп мәселелер мен таласты ережелерді қамтып отыр. Аударма теориясының міндеті - түпнұсқа мен аударманың арақатынасын анықтау, белгілі бір әдісті, форманы неге таңдап алып қолданғанын түсіндіру, ғылыми айғақтарға сүйеніп аударманың жекелеген жайттарын бақылаудан туған нәтижелерді қорыту. Бұған қарап, біз аударма деп жүрген ұғымда қатып қалған, қатаң тұрақтылық болмайтынын байқаймыз. Мұндағы басты мақсат - өзге тілдегі айтылған, жазылған ақпаратты мүмкіндігінше түсіну, байыптау, толық жеткізу. Аударманы қарым-қатынас құралы дей отырып, біз одан өзге тілдегі хабарларды (ақпаратты) осы тілге жеткізудің әр түрлі тәсілдерін, амалдарын, қалыптарын, түрлері мен пішіндерін күтуіміз керек.

Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының аударудың ерекшелігін анықтаудың себебі қазіргі лингвистика ғылымына тән тілдік материалды коммуникативті-когнитивтік позициядан оқыту. Бұл тілдік форманың мазмұнын үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдар тілі айқын, әрі әлеуметтік функцияларға ие бола отырып, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге, адамдардың тілдік сана-сезімінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ал өз кезегінде көптеген әлеуметтік факторлар бұқаралық ақпарат құралдары тіліне тән ерекшеліктерді қалыптастырады.

Қазіргі жаһандану мен ақпараттық технологиялар заманында бұқаралық ақпарат құралдар дискурсын зерттеу ерекше маңызға ие болып отыр. Соңғы жиырма жылда бұқаралық ақпарат құралдар дискурсы ұғымы үлкен өзгерістерге ұшырады. Оның себебі, еліміздегі саяси және мәдени өзгерістермен байланысты болуында. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын зерттеу аса өзекті болуы бірнеше факторларға байланысты. Солардың бірі - бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөлінің артуы. Оның саясатқа, білім беру жүйесіне және басқа да әлеуметтік институттарға ықпалы зор.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген салада өзінің дамуын жалғастырып келеді, бұқаралық ақпарат құралдары саласы дискурсы саласы да соның қатарында. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі мәдениетаралық аспектілеріне мән беру аударма теориясында кеңінен зерттелінбеген және мәдениетаралық аспектілер аударматану ғылымының толық зерттелмеген салаларының бірі. Біздің дипломдық жұмыста тілдік ерекшеліктегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дискурсының ерекшеліктері практикалық және теориялық тұрғыда зерттелінді, сонымен қатар ағылшын тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын қазақ тіліне аудару және дискурстың түсіндірілуі мен түзілуіне қатысты стилистикалық ерекшеліктерінің жүйеленуі, қалыптасуы қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының дискурсының негізінде аударманы оқыту әдістері негізделді. Соның нәтижесінде оқыту деңгейін арттыруға қол жеткізуге болатыны нақтыланады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы түсінігіне сипаттама бере отырып, оны ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың ерекшеліктерін анықтау және аударма адекваттылығына әсер ететін мәдениетаралық аспектілерін негіздеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:

  • жалпы «дискурс» ұғымы туралы түсінік беру, өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау;
  • «дискурс» және «мәтін» ұғымдарының айырмашылықтарын анықтау;
  • бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын қарастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін қателіктер мен қиыншылықтарды қарастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма мысалдарын қарастырып, оларды талдау.

Дипломдық жұмыстың нысаны. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аударудағы мәдениетаралық аспектілер.

Дипломдық жұмыстың пәні. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы.

Дипломдық жұмысты зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты жазу барысында алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін тілдік материалды жинақтау, салыстыру, салғастыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, мәтіндік-контекстуалдық, ұғымдық талдау әдістері, зерттелетін материалдарды өңдеу, жіктеу және модельдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазу барысында алдымызға қойған мақсаттарға жету үшін тілдік материалды жинақтау, салыстыру, салғастыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, мәтіндік-контекстуалдық, ұғымдық талдау әдістерін қолдану арқылы зерттеулер жасалынды.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы . Бұл дипломдық жұмыс ағылшын тілін оқитын аударма факультетінің студенттерін бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аудару кезіндегі тәсілдер ерекшеліктерімен, оның атқаратын қызметі мен қолдану ауқымымен таныстырады. Бұл жұмыс қазақ тіліндегі дискурстың құрылымын және ерекшеліктерін зерттеу, оларды құрылымдық, семантикалық талдау, сонымен қатар ғылыми және ақпараттық жанрлардағы дискурстың түзілуіне әсер ететін экстралингвистикалық факторларды айқындап, талдау болып табылады. Дискурс пәнаралық зерттеу объектісі ретінде зерттелді, бұқаралық ақпарат құралындағы дискурстың жанрлық және типтік сипаттамалары анықталды. Зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының тілдік ерекшеліктерін анықтауға жол береді.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыстың практикалық маңызы жоғары оқу орындарындағы жалпы тіл тануды, аударма теориясын, психолингвистиканы, қарым-қатынас теориясын, бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын баяндайтын курстарда пайдалану мүмкіндігінің болуымен анықталады. Қол жеткізгілген нәтижелерді аударма жасауда, аударма пәндері бойынша практикалық және семинар сабақтары үшін қолдануға болады. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы аудармасының аудару тәсілдерін, лингвистикалық және экстралингвистикалық ерекшеліктерін зерттеп, талдау жасау арқылы аудару бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының коммуникативтік әсерін сақтайды. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының қазақ тіліне барлық экстралингвистикалық факторларды ескере отырып аударылуы, аударманың адекваттылығына оң әсер етіп, тілдің дамуына да өз үлесін қоспақ

Зерттеу жұмысының дереккөздері. газеттер мен журналдар, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттарындағы мақалалар, сонымен қатар интернет ресурстары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Бұл дипломдық жұмыс жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырып таңдау себебі, оның өзектілігі және дайындалу үрдісіне сипаттама беріледі.

Бірінші бөлімде «дискурс» туралы жалпы түсінік, оның түрлері және бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы, оның жіктелуі және оны аудара білу үшін талаптар мен ережелер тізіледі. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының мәні мен қолданысы жайлы айтылады.

Екінші бөлімде бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аудару мәселелері, оны аудару тәсілдері мен ерекшеліктеріне назар аударылады.

Қорытындыда зерттеу жұмысы алдында қандай мақсат пен міндеттерді орындау қорытындысы, яғни оларды зерттеу барысында қандай аудару қиындықтары кездескендігін және қандай ерекшеліктері байқалғандығы айтылады.


1 БӨЛІМ ДИСКУРСТЫ АУДАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 «Дискурс» туралы жалпы түсінік, оның түрлері

Аударма тілінің дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы зерттеулер өріс алды. Жалпы алғанда, дискурс мәселесі қазақ аударма тілі үшін әлі толық қалыптаса қоймаған сала болып табылады. Дискурстың мәні мен мазмұнына терең бойламас бұрын, оның зерттелуіне тоқтала кеткен жөн. Дискурс талдау теориясына қатысты жарияланған шетелдік зерттеушілердің еңбектері (Т. Гивон, А. Е. Кибрик, Т. А. ван Дейк, Н. Хомский, Л. С. Выготский, Т. В. Ахутина т. б. ), қазақ аудармасында мәтін лингвистикасына, стилистикаға, синтаксиске және когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар (Р. Сыздық, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Б. Шалабай, А. Жұбанов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Г. Қосымова, З. Ш. Ерназарова, Г. Әзімжанова, Қ. Есенова, Ж. Қайшығұлова, Қ. Айтмұхаметова т. б. ), дискурсқа қатысты пікір білдірген Н. Уәли, Д. Әлкебаева, Г. Бүркітбаева, Ж. М. Кеншінбаева т. б. зерттеулері бар.

«Дискурс» ұғымын алғашында шетелдік зерттеушілер әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарап зерттеді. Мысалы, Т. ван Дейк, Дж. Остин, Дж. Серля, М. Фуко, Э. Гофман, С. И. Виноградов, Б. П. Паршин, В. З. Демьянков, Ю. С. Степанов және т. б.

Ю. С. Степанов дискурс дегеніміз «тіл ішіндегі тіл» деп түсіндіреді: «Дискурс - это «язык в языке», но представленный в виде особой социальной данности. Дискурс существует, главным образом, в текстах, но в таких, за которыми встает особая грамматика, особый лексикон, особые правила употребления и синтаксиса, особая семантика - в конечном счете особый мир . . . » [1; 35-73] . Бірақ ол ерекше әлеуметтік мағлұматтарымен көрінеді. Дискурс ақиқатында өзінің грамматикасы не сөздік қоры арқылы көрінбейді, ол бәрінен бұрын және ең бастысы өзіндік грамматикасы, сөздік қоры, сөз қолданысы, синтаксистік құрылымы - жалпы айтқанда, ерекше әлемі бар мәтіндерде көрінеді. Яғни дискурс ұғымының өзі «тіл - рух үйі», «тіл - болмыс үйі» деген философиялық тезистің мазмұнын ашады.

Ал В. З. Демьянков дискурсты сөйлемдер мен фрагменттерден тұратын интерпретатордың көз алдына ойша келетін мәтін ретінде анықтайды, ал дискурс мазмұны көбінесе «дискурс топигі» немесе «дискурсивті топик» деп аталатын «тірек» концептінің айналасында шоғырланады [2; 34-35] .

Жалпы дискурс теориясының сипаты пәнаралық деуге болады. «Бұл теория адам қызметінің түрлі аспектілерінде назар аударатын академиялық пәндерді қамтиды: антропология, журналистика, риторика, әдебиет пен мәдениеттану, әлеуметтану, психология, география, заң ғылымы мен білім беру» дейді Х. Х. Нұрсейітова медиялық дискурс туралы [3; 21] .

Дискурс теориясының қалыптасуында екі дәстүрдегі мектеп өкілдері (американдық мектеп, оның негізін салушы - Франц Бае, чех лингвистикалық мектебінің дәстүрі, негізгі өкілі - Вильям Матезиус) маңызды рөл атқарды. Дискурс талдау теориясының жеке пән ретінде қалыптасуы жалпы тіл білімінде ХХ ғасырдың 70-жылдарына, қазақ тілінде бұл мәселеге қатысты зерттеулердің ғылыми айналысқа түсуі өмір сүріп жатқан ғасырымыз, ХХІ ғасырдың басына жатқызылады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі екенін айтып өтеді: қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада.

Дискурс - тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады.

А. М. Алдашеваның пайымдауынша: «Дискурс - тілден тыс - прагматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторларды біріктіретін байласымды мәтін, оқиғалық аспектідегі мәтін, белгілі мақсатқа бағытталған әлеуметтік әрекет ретінде қаралатын сөйлеу (сөз) . Адамдардың когнитивтік санасында өзара қарым-қатынас механизміне қатысатын компонент. Дискурс, бұл - «өмірмен біте қайнасқан» сөз [4; 467-472] .

«Дискурс - қазіргі кезге дейін жазылған, айтылған және түсінікті, осы, сонымен қатар басқа да тілде алдағы уақытта оның өмір сүргенінің, өмір сүру мүмкіндігінің тарихында айтылатын, жазылатын барлық нәрселер, яғни, табиғи тіл мәтіндер жиынтығы ретінде жасаған айтылымдардың барлық түрлері . . . » [5; 41] .

Қазіргі филологиялық ғылымда дискурс пен оның табиғатын ашуға байланысты пікірлер әртүрлі. Оған «белгілі бір аядағы ағымдық тілдік қызмет», «тілдік байланыстар арқылы жасалатын мәтін», «аяқталған тілдік қарым-қатынас», «оқиғалық аспектідегі мәтін» тағы сол сияқты көптеген анықтамалар беріледі. Сонда «дискурс» ұғымы тілдік қызметті де, мәтінді де, мәтін аясын да, ойтолғамды да білдіретін көп қырлы термин болып есептеледі. Яғни бір сөзбен айтқанда, дискурс мәтіннен басқа экстралингвистикалық факторларды (қоршаған ортаны, ойтұжырымды, қағидалар мен адресаттың мақсаты) білдіретін күрделі экстралингвистикалық құбылыс. Бұл жөнінде Л. Дж. Филиппс, М. В. Йоргенсен, М. Л. Макаров, Е. И. Шейгалдардың зерттеулерінде кең айтылған.

Дискурстың мұндай анықтамасы оны жалпы философиялық, жалпы гуманитарлық ракурста қарастыруды талап етеді. Лингвистикалық аспектіде дискурс, бұл - өзара қарым-қатынастағы пропозиция түрінде көрінетін тілдік ойлау қызметі.

Дискурстың жарты ғасыр бойы зерттелуіне қарамастан, дискурсқа деген қызығушылық артпаса кем емес. Оны кейбіреуі паразит-сөздер деп те атайды.

Соған қарамастан, дискурстың күрделі қарым-қатынас құбылысы екенін мойындауымыз қажет. Кейбір ғалымдар (Т. А. ван Дейк, В. Кинч, В. З. Демьянков, А. Е. Кибрик, И. М. Кобозева, W. Chafe, W. Labov), сондай-ақ (О. В. Александрова, Е. С. Кубрякова, В. В. Красных, т. б. ) дискурсты оның белгілі бір контексе байланыстылығын, жанрлық және идеологиялық қажеттілігін атап көрсетеді.

Осы орайда, Т. Ван Дейк дискурстың екі мағынасын ашып алу керектігін айтады. Кең мағынасында дискурс - сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы белгілі бір уақытта, кеңістікте және басқа да контексте айтылатын кешенді қарым-қатынастық жағдай есебінде көрінеді. Бұл қарым-қатынастық іс-әрекет - тілдік, ауызша, сонымен қатар вербальды және вербальды емес құрылымда тұруы мүмкін [6] .

Дискурстың этимологиялық термині латынның «discurrere», яғни «талқылау», «келіссөз жүргізу» деген мағына береді. Мұндай мағынасы ғылымда XVI-XVIII ғасырда қолданылған болатын. Содан бері «дискурс ұғымы» көптеген трактаттардың пайда болуы мен ғылымның дамуына үлес қосты.

XX ғасырдың соңына қарай дискурс термині тек семантика мен синтаксиске ғана қатысты емес, сонымен қатар прагматикада мәтін - «адресат» құрылымында қарастырылды. Ал тар мағынасында дискурс - жалғыз ғана вербальды құрылымда келетін ауызша және жазбаша мәтін ретінде айқындалады. Осыған байланысты дискурс жалғастырушы коммуникативтік әрекет болып есептеледі.

Қазіргі кезге дейін әртүрлі тілдер материалдарында ғылыми сипат берілген дискурстың төмендегідей түрлерін атап көрсетуге болады. Бұл тізімді (классификацияны) толық немесе аяқталған деуге болмайды. Себебі бұл бағытта әртүрлі тілдерде олардың қызмет ету аяларына қатысты көптеген зерттеулер жүргізілуде:

  1. әскери дискурс;
  2. іскери дискурс;
  3. балалық дискурс;
  4. өнертану дискурсы;
  5. магиялық дискурс;
  6. бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы;
  7. ғылыми (академиялық) дискурс;
  8. парфюмерлік дискурс;
  9. педагогикалық дискурс;
  10. поэтикалық дискурс;
  11. публицистикалық дискурс;
  12. жарнамалық дискурс;
  13. спорттық дискурс;
  14. техникалық дискурс;
  15. көркем дискурс;
  16. экономикалық дискурс;
  17. электрондық дискурс;
  18. этикалық дискурс;
  19. заңи дискурс және т. б. [7; 69] .

Қазіргі дискурста әртүрлі лингвомәдениеттегі ерекшеліктер, идиоэтникалық сипаттар да көрінуі қажет. Мысалы, қазіргі кезеңде барлық халықтардың мәдениетінде саяси дискурс барынша кең өріс алуда.

Саяси дискурс - билікті одан әрі бекіте түсу және оның бар екендігін көрсету мақсатындағы ауқымды дискурс. Бұл саланың типтік жанрларында әрбір халықтың лингвомәдениетіне тән вербалды және бейвербалды тілдік бірліктер жүзеге асырылады.

Дискурс тілдік феномен ретінде өзі әртүрлі ауысымдардан (мәтін, интеракцияға қатысушылар) тұрады да, осы ауысымдардың қатынасы мен бірігуіне байланысты дискурстың түрлері (типтері, топтары) пайда болады. Осындай типтердің бірі - іскери дискурс . Іскери дискурсты жан-жақты қарастырған Г. Г. Бүркітбаева оған мынадай анықтама береді: «Іскери дискурс - белгілі бір адамдар тобымен белгілі бір коммуникативтік интеракциялық жағдайда жүзеге асқан дискурстың арнайы жанрларда көрініс тапқан нақты ұғымы» [8] .

Дискурс пәнаралық ұғым ретінде адам әрекетінің әртүрлі салаларына, оның ішінде кәсіби аяға енеді. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіби дискурс когнитивтік қажеттіліктердің жиынтығымен, көпшілік қауыммен қатынасымен сипатталып, құқық, медицина, әлеуметтік сала, білім беру, ғылымның өзге де салаларында көрініс табады.

Кәсіби дискурс дегеннің өзін күрделі түсінік ретінде бағалау қажет. Бұл ұғым мамандандырылған, арнайы мамандандырылған, мамандандырылмаған аудиторияға бағытталады, осыған байланысты белгілі бір ғылым саласына қатысты жазылған мәтіндер де кәсіби позицияны ұстанады. Мысалы, арнайы мамандандырылған мәтін өте жоғары деңгейдегі адресатқа арналады. Ал мамандандырылмаған мәтіннің арналатын аудиториясы - қалың жұртшылық. Осыған байланысты ғылыми-көпшілік мазмұндағы мәтіндерде тар аядағы терминдерден гөрі, қалың жұртшылыққа таныс, әлеуметтік-мәдени нормаларға сәйкес келетін, бағалау және иландыру жақтарынан айрықша сенімді сөздер мен сөз тіркестері қолданылады.

Қазіргі кездегі ғылыми дискурс - мәтін - жанр типтерімен тығыз байланыста болады. Ғалымдар тілдердің функционалдық типтерінің мәтін жасайтындығын коммуникативтік актінің бір түрі ретінде (адресант пен адресат бар екендігін) атап қана кетеді. Ал қазіргі жаңа ғылым салалары осындай тезис түрінде айтылған пікірлерді одан әрі тереңдете зерттеуге бағытталған.

Қазіргі кездегі дискурсивті матрицада бұқаралық ақпараттар құралдары дискурсы ерекше орын алады. Бұқаралық ақпараттар құралдары дискурсы прагматикалық, әлеуметтік мәдени, психологиялық және бұқаралық коммуникация құралдарымен көрсетілген басқа да факторлармен қоса байланыстыру, вербалды немесе вербалды емес, ауызша немесе жазбаша мәтін түрінде қарастырған жөн. Бұқаралық ақпараттар құралдары дискурсы модус тарапынан біртекті емес: радиодискурс - ауызша, газет дискурсы - жазбаша болып келеді. Сонымен қоса, жанрлық тарапынан Бұқаралық ақпараттар құралдары контекстінде пайда болатын дискурс та біртекті емес: бұнда көптеген жанрлар қолданылады және де олар бұқаралық ақпараттар құралдары айрықша контекстіне жатпайды. Қазіргі кездегі дискурсивті қалыптаманың ерекше орнын дискурсы алады. Бұқаралық ақпараттар құралдарын прагматикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық және т. б. факторлармен қоса жүйелі, вербалды және вербалды емес, ауызша және жазбаша мәтін ретінде қарастырумыз жөн.

Қазіргі таңда адамның есі, оның ойлауы мен дүниетанымы оны күнделікті өмірде қоршаған дискурстермен белгілі бір нысанға келеді. Дискурс жеке тұлғаның барлық қызмет бабында қатынасады және ол кез келген жазбаша және ауызша формада болуы мүмкін. Мәселен, ғылыми басылымдар мен оқу материалдары, лекциялар, медициналық ұсыныстар, т. б. Дискурс - біртұтас сөздің туындысы.

Дискурске қатысты мәселелер И. Ю. Абелованың «Речь о речи коммуникативная система человека», Е. В. Жданованың «Личность и коммуникация», А. Я. Шайкевичтің «Введение в лингвистику», Е. А. Кожемякина, Е. А. Кроткованың «Методологические проблемы изучения дискурсных практик», «Речевой акт», Н. С. Рябинскийдің «Речь как социальное действие: основные понятия дискурсивного анализа», О. В. Акимованың «Типы профессионального дискурса» атты еңбектерінде қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Американдық саяси дискурс
Жалпы аударма теориясы
Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау
Телероликтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz