Тілдік дәнекерліктің көріністері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Тілдік дәнекерлік . . . 4Тілдік дәнекерліктің көріністері . . . 4Мазмұндау . . . 5Шола баяндау және қысқартылған аударма . . . 6
  2. Аннотация . . . 7Реферат . . . 10Резюме . . . 11

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Аударма түпнұсқа мәтіннің коммуникативтік әсерін қайталауға тиіс болатындықтан, әртілді адамдардың мәдениетінде айырмашылықтар болуына байланысты, мәтінді басқа мәдениет өкілдеріне түсінікті ету үшін аударма мәтінді прагматикалық тұрғыдан бейімдеу қажеттігі туып қалады.

Аудару барысында бір тілден екінші бір тілге ғана емес, бір мәдениеттен екінші мәдениетке де ауысу жүзеге асады. Сондықтан аудармашы мәтін мазмұнын тілдесім жағдаятынан, өзінің фондық білімінен және бастан кешкен тәжірибесінен алған ақпаратпен толықтырып отырады. Барабар аударма түпнұсқаның көмескіленіп тұрған мәнісін, ауыспалы мағынаны және жағдаяттық мазмұнды түсінуді қамтамасыз етеді.

Аудармашының коммуникативтік құзыретіне сөйлеудегі айтылыстар не мәтіндерден сауатты қорытындылар жасап шығара білу жатады. Ол үшін аудармашы мыналарды игеру керек: тілдердің жүйелік құралдарын мәтін түзуде пайдалана білу; айналадағы болмыс жөнінде фондық білімі болып, оны пайдалана білу; жағдаяттық күй-қалыпқа қарай сойлей/жаза білу; аударудағы мақсатты аударманы тұтынушының ерекшелігін ескере отырып анықтау.

Аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында «языковое посредничество» деген қарекеттік ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша «тілдік дәнекерлік» деп алдық.

  1. Тілдік дәнекерлік

Тілдік дәнекерлік дегеніміз - әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.

Алайда тілдік дәнекерлік туралы айта отырып, біз оның аудармамен теңбе-тең бола алмайтынын естен шығармауымыз керек. Өйткені тілдік дәнекерлік ұғымы - аударма ұғымынан гөрі аясы кең ұғым. Аударма тілдік дәнекерліктің бір жолы, саласы ретінде қаралғаны жөн болады. Тілдік дәнекер жасаған дүниенің бәрі бірдей аударма деп санала бермейді.

  1. Тілдік дәнекерліктің көріністері.

Тілдік дәнекерліктің, ғалымдардың анықтауы бойынша, бірнеше түрлері бар. Олар - мазмұндау (пересказ), шола баяндау (реферирование), қысқартылған аударма (сокращенный перевод), арнайы мақсатты дәнекерлік және аударма.

  1. Мазмұндау

Мазмұндау - тілдік дәнекерліктің, негізінен, әдеби шығармаларды жеткізуде қолданылатын бір түрі. Мазмұндау үстінде баяндаудың шетелдік оқырманға, тыңдаушыға түсініксіз не беретін түсінігі шамалы тұстары, оқырман үшін, тыңдарман үшін бұлдыр детальдар түсіп қалуы мүмкін. Немесе, оны тәржімашы бажайлап өз сөзімен түсіндіріп отырады. Бұл жағдайда аудармамен салыстырғанда мәтін нақтылығы, дәлдігі шамамен туындатылады т. с. с. Бұған мысал ретінде аты әлемге мәшһүр Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан мына бір үзіндіні келтіреміз: «Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, Кішкене Молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары - Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отыратын». Бұл жерде роман деп автор орыс тілінде жазылған шығармаларды айтып отырғаны өзінен-өзі түсінікті болса керек, өйткені Абай кезеңінде қазақта роман болмағаны белгілі. Эпопеядағы оқиға мұнан соң, Абайдың еркін әңгімелеп бергенінен соң, Баймағамбет арқылы ел құлағына жететінін сөз етеді. Тағы бір байқайтын тұсымыз - М. Әуезовтің «қызықты хикая етіп айтып беріп отыратын» деген сөзі, яғни Баймағамбет түсіну үшін, ел түсіну үшін сол кезде Европа романдарын қазақи түсінікке, қазақи ұғымға (тіпті, тұрмыс-салтына десе де болады) лайықтай айтылантындығы.

Мазмұндаудың тағы бір көрінісі - басқа тілдегі прозалық шығармаларды қазақша поэзиялық түрмен жырлау. Бұл - XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы кезеңде қазақ әдебиетінде көрініс берген құбылыс. Өйткені ол заманда қазақ халқының көркемдік қабылдауында поэзияның орыны орасан зор болатын. Бұл ойымызға Шәкәрім Құдайбердіұлының А. С. Пушкиннің «Дубровскийін», «Боранын («Метель») » жырмен мазмұндауын (Әдебиеттанушылар мұны аударма деп танығанымен, біз ол пікірге толық қосыла алмаймыз) дәлел бола алады.

  1. Шола баяндау және қысқартылған аударма

Соңғы кездерде тілдік дәнекердің шетел тілдеріндегі материалдарды шола баяндау (реферирование) сияқты түрі кеңінен қолданылып жүр. Бұл жағдайда түпнұсқаның көлемі қысқарады, оның мазмұнының негізі, мәнді, маңызды элементтері ғана сақталып жеткізіледі. Бұған дәлел - шетелдерде шыққан белгілі бір ғылым саласына, белгілі бір тақырыпқа арналған библиографиялық рефераттық журналдар мәтіндері. Бұндай журналдардағы материалдар шола баяндау жолымен басқа тілге жеткізіледі. Сол сияқты қазір баспасөзде (газет-журналдарда), теледидар мен радио хабарларында басқа тілдегі материалдарға шолу жасалып отыруы да тілдік дәнекердің осы түрінің бір көрінісі.

Тілдік дәнекерліктің тағы бір кең тараған түрі қысқартылған аударма (сокращенный перевод) деген қолданылып жүр. Бұл жағдайда түпнұсқаны басқа тілге жеткізуде оның жекелеген бөліктері практикалық сипаттағы, моральдік, саяси не болмаса басқа мақсаттармен түсіріліп тасталады. Немесе аудармашы тұтас мәтіндегі белгілі бір мәселеге қатысты ғана жайларды аударуға тапсырыс беріледі.

Қысқартылған және бейімделген аударма бір-бірімен тығыз байланыста болып, белгілі бір түпнұсқа мәтінін аудару кезінде бір мезгілде қолданылу арқылы жүзеге асырылады.

Бейімделген аударма - түпнұсқадағы мәліметтердің арнайы білімдері жоқ қабылдаушыларға түсінікті болуы үшін аударма кезінде түпнұсқа құрылымы мен мазмұнының жеңілдетілуі арқылы бейімдік транскодтаудың бір түрі. Ал бейімдік транскодтау дегеніміз - түпнұсқа мазмұны біршама түрлендіріліп жеткізілетін ақпараттың белгілі көлемі мен сипатын қамтамасыз ететін қалыпта берілген тілдік дәнекерліктің бір түрі.

Екі тілде ауызба-ауыз қарым-қатынас жасауда қолданылып жүрген тілдік дәнекерліктің әзірше атауы орнықпаған бір түрі бар. Мұнда аудармада мазмұндалуға тиісті мәтінді коммуниканттар толық тұжырымдамайды. Олар тілдік дәнекерге, яғни тілмашқа «мынаны сұраңыз», «осы бір тұсты, осы бір жайтты біліп беріңіз», «мынаған баса көңіл аударыңыз» деген сияқты коммуникативтік үзінді тапсырмалар береді. Содан тілдік дәнекердің өзі «түпнұсқаны» пайдаланбай-ақ мәтінді екінші тілде сол берілген тапсырмаларға сәйкес тұжырымдап, түсіндіріп береді. Мұны коммуникативтік ниетті мәтінге айналдыру немесе мақсатты дәнекерлік деуге болады.

  1. Аннотация

«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама» [88, 385-б] . Бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар: «Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді» [89, 124-б], -дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Осындай анықтаманы академик Мұхаметжан Қаратаев пен профессор Тауман Амандосов та айтқан. Сайып келгенде, аннотацияға мынадай сипаттама беруге болады: «Аннотация - бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны»[90, 45-б] .

Аннотацияның кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын түрі және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласы кездеседі. Бұл жердегі басты мәселе - автор қалам тартуының басты мақсатын айқындап, әр жанрдан бір жұлып ала-құла жасамай өз білімін жанрлық ерекшелікке бұруы тиіс. Демек, шығарманы немесе кітапты талдай ма, сынай ма, аннотация жазады ма, жоқ әлде жарнама жасай ма қашан да сыншының қаперінде сараланған жинақы ой айту мақсат етілуі керек.

Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни, аннотацияға бірдей талап қойылмайды. Кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Қазақ баспасөз беттерінде аннотациялар көп кездеседі, және ол үлкен өзгеріске ұшыраған түрде кездеседі. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің 2005 жылғы № 3(24) санында «Бәрекелді!» айдарымен жаңа жарық көрген кітаптардың суретімен бірге кітаптың авторы кім, қай баспадан шыққандығы, кітап мазмұнынан қысқаша сипатталған түрде ақпарат береді. Мұны жарнамаға да жатқызуға да болады, бірақ қазіргі баспасөз бетіндегі аннотацияның негізгі көрінісі осындай. Мысалы, «Қос ішек» (топтама жинақ) . Құрастырушы Таңдай Кенеев. Алматы, Қаз ҰТУ Баспа орталығы, 2004 ж. «Бұл жинақта Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің 70 жылдық тарихындағы ұрпақтар сабақтастығының үлгісі, инженер мамандығы мен шығармашылықты домбыраның қос ішегіндей бірдей алып жүрген азаматтардың еңбектерін ұсынады», - делінген. Ал жалпы, аннотацияның үлгісі әдеби кітаптарда немесе шығармаларда төмендегідей мысалмен анықталады. Т. Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» кітабына мынадай аннотация жазылған: «Бұл оқу құралында қазақ әдебиеті сынының тарихына, жанрлардың сипаттамасына баса назар аударылып, сыни ой-пікірлердің шығу, даму, қалыптасу кезеңдеріне жан-жақты талдау жасалған. Әдеби сынның эстетикалық мұраты, оның әдебиеттану ғылымымен байланысы, әдеби мұраны игеру мәселелері туралы парасатты тұжырымдар айтылған.

Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ әдебиетшілерге арналған», -делінген. Жалпы аннотация жанрының шапшаңдық, шағын көлемді, нақтылық қасиеттерін рецензия өзіне дарытқан. Рецензия баспасөз бетіне лайықты сын жанры болса, аннотацияны баспасөзге емес, оқулықтар мен ғылыми еңбектерге жазылатын баспасөз жанрларының түріне жатқызған жөн.

Аннотацияның басты қызметі кітапқа қысқаша сипаттама беру десек, кейде аннотация жазушылар кеңейтіп жазу барысында басқа жанрға ауысып кетіп жатады. Ал бұл дегеніміз кітапқа жазылатын аннотацияның кемшіліктері баспасөзде жазылатын аннотацияның жетістіктеріне айналады. Бұл туралы сыншы Д. Ысқақұлының «Сын жанрлары» атты еңбегінде нақты сарапқа салады. Баспасөз бен кітаптың алғашқы бетінде жүретін аннотацияның аражігін айырып, тиімді пайдалану кез-келген сыншыға қойылатын талаптардың бірі. Демек, баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көпшілікке арналып, кейде рецензияға айналып кетіп жатады. «Ана тілі» газетінің әр санында әдебиет, тарих, тіл саласында шыққан жаңа кітаптармен таныстыра отырып, аннотацияға орын беріп отыруды үрдіске айналдырған.

Аннотация мен рецензиядан басқа баспасөз бетінде үнемі халыққа жаңалық, ақпарат жеткізіп отыратын, көпшілікті әдеби-мәдени хабармен қанықтыру қызметін атқарушы әдеби хабар немесе әдеби сын жанрының ең икемді, шағын жанры. Басқа сын материалдардан бұрын халыққа әдебиет айдынында жарық көріп жатқан жаңа туындылар мен мәдени жаңалықтарды газет арқылы жеткізуді мақсат ететін ыңғайлы жанрлар. Зерттеушілердің айтуынша, алғашқы қазақ баспасөзінің «Айқап», «Дала уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеттері» беттерінде әдеби хабар түріндегі ғалым Т. Кәкішевтің айтуындағы «жарнама-сындар» жарық көрген. Қазір бұл «жарнама-сын» «Қазақ әдебиеті» газетінде «Баспалар, басылымдар» айдарымен және газеттің «Кітап әлемі» қосымшасы арқылы жиі беріледі. Ал бұған дейін аталмыш газеттегі әдеби хабар «ҚӘ хабарлайды», «Қазақстан жазушылар одағында» атты айдарлармен беріліп келді. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1993 жылғы 29 қазанындағы санында «Баспалар, басылымдар» айдары төрт кітаптың жарыққа шыққандығын хабарлайды: «Атамұра - Қазақстан» баспасы демограф Мақаш Тәтімовтің «Қазақ әлемі» атты зерттеу кітабын жарыққа шығарды». Көріп отырғанымыздай, әдеби хабарлама өте шағын, әрі оның басты міндеті - хабар беру. Бұл жанрды «Қазақ әдебиеті» газетінің беттерінен ұдайы көреміз. Және өзінің жанрлық сипаты жағынан басқа жанрларға қарағанда тез ерекшеленетін қасиеті бар. Жоғарыда айтылып кеткен «Бәрекелді» айдарындағы жаңа кітаптар туралы ақпарат әдеби хабарлама жанрына тән ерекшеліктермен көрініс табады.

1994 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби хабарлама «Күн сынап» деп аталатын арнайы бетке басылып келген. Мысалы, 1994 жылғы 11 наурызда жарық көрген газеттің №10 санында «Күн - сынап» бетіне «Ақын мерекесі алдында», «Халық мұрасына қамқорлық», «Жүлдегерлер анықталды», «Шығарма арқауы - шытырман оқиға» сияқты бірнеше хабарламалар берілген. Онда елдегі әдебиет пен мәдениет шеңберінде болып жатқан жаңалықтар қысқаша баяндалды. Бұл жанрдың негізгі міндеті сол - әдебиет айдынынан ақпарат тарату. Сондықтан әдебиет сынының ең қарапайым, әрі маңызды жанры әдеби хабарлама өз қасиетін жоғалтпаған.

Ә. С. Тарақов өзінің «Аударма әлемі» атты еңбегінде аннотация терминіне мынадай үш анықтама берген:

  1. бастапқы құжаттың мазмұнын барынша жинақты түрде баяндайтын, кейде оған баға беретін қысқаша сипаттамасы.
  2. Таза ақпараттық мақсаттағы материалдық шектелген ықшамды сипаттамасы (немесе анықтамалық-библиографиялық) . Референттен бір ерекшелігі аннотация материалдың орнын ауыстыра алмайды. Ол тек қана белгілі тақырыптағы материалдың барын хабарлайды, материал орналасқан көздерді көрсетеді, мазмұны туралы жалпы түсінік береді.
  3. Өзінің мазмұны мен мақсатты белгілеуіне сай аннотация анықтамалық, кепілдемелік, сипаттамалық және реферативтік болып бөлінеді. Ең кеңінен таралғаны - анықтамалық аннотация. Ол жарияланымның негізгі мазмұнын баяндайды, оның жалпы сипаттамасын береді. Кепілдемелік аннотацияның бір ерекшелігі жарияланымға берілетін баға айқындалады. Сипаттамалық аннотацияда тек материалға сипаттама беріледі, мазмұны жөнінде ештеңе айтылмайды, түйіндеу жасалатын кітапта, мақалада не қамтылатыны аталып өтіледі. Рефераттық аннотация түйінделетін материалда нақты не бары жөнінде көрсетіледі тек қана мазмұны сипатталады, ықшамды, жинақы түрде баяндалады. Түпнұсқалық қысқаша сипаттама кейде оның мазмұнын қысқаша баяндаумен бірге, негізгі мәселелерді де атап көрсетеді, кейде сындарлы бағалау жасайды.

Аннотациялық (түйіндемелік) аударма - басқа тілдегі түпнұсқадағы құрастырылған түйіндемені (аннотацияны) қорытындылайтын арнайы аударма түрі.

  1. Реферат
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма түсінігі
Аударма кезіндегі лексиканы аудару ерекшеліктері
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Аударма теориясының міндеттері
Аударма
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz