Аудармашынің сенімділігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

1 Аудармашынің сенімділігі.

Аудармашыға сенімділік
Бірақ тек қана мәтін емес тапсырыс берушіге маңызды сенімділіктің элементі болады; аудармашы да сенімді болу керек.
Аудармашыға қойылатын талаптардың мерзім дәлдігінің дәстүрлі талабымен байланысына назар аударыңыз, бірақ аудармашының сенімділігі дәлдігі болмағанымен, кәсіби іс.
Сенімді аудармашы барлық жағынан өзін-өзі кәсіби ұстайды Қысқаша мазмұндамаға тапсырыс берген және оның дұрыс немесе дәл аудармасын алған клиент аудармашыны сенімді деп атамайды және ол ешқашан сондай аудармашыға бармауы мүмкін. Ойшыл аудармашы адамның бабын табуға тырсады, егер тапсырыс дәл аударма ретінде қажет болмаса, тапсырыс берушіге баяндаманың, түсініктеме мен, бейімделудің, мәтін шығармашылығын басқаша айналдырып басқа түрлермен үйлестіру қажет және онымен байланысты ашық нұсқаулар берілмесе, ол - жорамалдарын тексеріп, тек қана содан-соң аудармаға кіріседі.

Аудармашының сенімділігіне қатысты ұғымдар
Толықтығына назар аудару
Аудармашы контекстегі әр сөздің әлде сөйлемшенің ерекшеліктерін толық талдайды.
Тапсырыс берушінің талаптарын түсіну
Аудармашы тапсырыс берушінің нұсқауларын ықыласпен тындайды, оған қандай аударманың түрі қажет, жылдам және толыққанды түсінеді, оларды дәл қолдануға тырсады.
Зерттеу
Аудармашы қалай аударуды білмеген сөздерді де есепке алады, көмескі анықтамалар пайдаланбай немесе мәтінде сұрау белгісін қалтырмайды. Ол мәселені жете зерттейді, анықтамалықтарды және интернетті (ғаламтор) пайдаланады, телефон, факс, электрондық пошта арқылы сұрау салады.
Тексеріп шығу
Аудармашы мұқият өз жұмысын тексеріп шығады, егер ол сезіктенсе аударма ана тілге емес басқа тілге аударылса, ол алдын-ала аударманы сарапшыға тексеруге береді. Оның үстіне аудармашы оның аудармасының күдікті жерлерін әрқашан біледі.
2Аудармашының әлеуметтік рөлі.

Аудармашының аударма үдерісіндегі рөлі, оның тұлғасының аударма мәтінге тигізетін әсері туралы мәселе көпшілік назарын аудартып, пікірталастар тудырып келеді. ХХ ғ. екінші жартысында аударма теориясы мен тәжірибесінде аудармашы рөлін «көрінбейтін» тұлға ретінде бағалап, аударма үдерісінде барынша бейтарап болуын талап етті. Алайда осы пікірді аударматанушылардың барлығы бірдей қолдамады. Мәселен, белгілі американдық аударма теоретигі Д. Робинсон аудармашыны бейтарап аударма машинасы емес, оны мұндай рөлде көру мүлдем дұрыс еместігін жазады. Аудармашының жеке тәжірибесі, яғни оның сезімі, көзқарасы, мотивациялары, ассоциациялары аударма мәтінде мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажетті элементтердің бірі деп санайды.

Аудармашының елеулі рөлін жақтаушылардың пікірінше, кез келген аударма түпнұсқаның бір ғана интерпретациясын білдіреді, сондықтан да аудармашы өзінің интерпретациялық іс-әрекетіне батыл кірісуі керектігін алға тартады. Алайда, оқырманның түпнұсқа авторы туралы пікірі аудармашының интерпретациялық көзқарасына байланысты қалыптасады. Сондықтан да ол өз интерпретациялық қызметін саналы түрде ой елегінен өткізе отырып атқаруы тиіс деп санаймыз.

Әр аудармашының өзіне тән аудару тәсілдері бар, қазіргі заманғы зерттеу әдістері арқылы аудармашының жеке сөз бен сөз орамдарын, синтаксистік құрылымды, терминологияны және т. б. таңдауда аңғарылатын құштарлықтарын айқындауға болады. Мұндай талдау оның жұмыс сапасын бағалау үшін маңызды. Өйткені, қандай да бір ой әр тілде түрліше көрініс таба алады. Мәселен, ғылыми мәтіндерді аударуда ой дұрыс әрі түсінікті жеткізілу маңызды. Көркем аударма түпнұсқаға жақын болып қана қоймай, аударылған шығарманың эстетикалық күш-қуатын сақтауы тиіс.

3Аудармашының мәтінге қатысты сенімділігі

7Мәтіндік сенімділіктің түрлері . Аудармаға тапсырыс берушілер оған сенім арта алу мүмкіндігіне ие болулары керек. Олар аударманы өз қызметінің сенімді негізі ретінде пайдаланғылары келеді. Олардың пікірінше, аударманы қолдану арқылы түпнұсқа туралы барлық қажетті ақпаратты алады және сол арқылы сәтсіздікке ұшырамайды деп сенім артады. Бұған қоса тапсырыс беруші аудармашының келісілген мерзімде сенімді аударманы тапсыратынына шек келтірмеуі тиіс. Керек болған жағдайда одан көмек алу, икемділігін көрсету, әр адамның бабын табу, ол барлығы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін керек. Осы екі сенімділік аспектілерін жеке-жеке қарастырайық. Мәтін аудармасының сенімділігі - тапсырыс берушінің сенімділігін немесе оның қабілетін басқа аударманың дұрыстығына сенімін білдіреді. Басқаша айтқанда, егер аударма сенімді, тапсырыс беруші аудармамен түпнұсқаның арасында байланысы бар екенін түсінеді. Мысалы, егер тендерге қатысуға шақыруының аудармасы жөнінде сөз болса, онда ол шақыруды алған компания тапсырыс беруші ретінде болады. Ондай жағдайда «сенімділік» ол аударма оның барлық реңкілерін дәл көрсетуін білдіреді. Аударма компанияға сенімді негізі ретінде керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, мәтіннің сенімділігі әдетте “дәлдік”, “эквиваленттік”, “дұрыстық” деп аталатын сипаттармен байланысты. Дегенмен барлық осы терминдер тапсырыс беруші жолбасшылыққа алатын сенімділікті талап етудің тек қана кең жиынтығының қысқаша белгіленуі. Мәтін сенімділігінің алуан түрі болады, бірақ осының өзінде, сенімділіктің бір ғана анықтамасы жоқ, осы сияқты абстрактті семантикалық, синтаксистік туралы айтпағанның өзінде эквиваленттіліктін бірыңғай қарапайым өлшемінің барлық жағдайда оңай пайдаланатын анықтамасы жоқ. Аудармашы емес кісі - тапсырыс беруші үшін мәтін аудармасының сенімділігі өзі күткен мүмкін саналы түрде емес дәрежеде болғаны ғана маңызды. Біреулерге дәлдік, екінші біреулерге - тиімділік, ал енді біреулерге осы қасиеттердің қандайда бір ара қатынасының үлесімі қажет. Біреулер дәлме-дәл анықтылық, ал енді біреулер қабылдаудың жеңілдігіне ұмтылады, ал өзгелерге осының барлығының жиынтығы қажет. Ал жалпы алғанда мәтін сенімділігі тапсырыс берушінің нақты тапсырмаларына негізделуімен анықталады. Сенімділік 1-ші дәрісте айтылғандай, аударма ауқымында көп жағдайда сенімділік тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру болып табылады: қажет мәтінді қажет түрде және қажет мерзімде аударма жасау. Аудармашы, осы талаптарды орындаймын деп кейде оған шешілмейтін міндеттер кездесіп тұрады, кейде талаптарды орындау өз басына зиян келтіреді, атап айтқанда, моральдық қиналу, жиі дене мен ақыл-ойды шаршатады. Егер негізгі міндеттер орындалатын болса, онда көптеген жағдайда аудармашы өзінің мамандыққа сай деңгей деп, басқа ойларды, болжамдарды кейінге екінші ретке жылжытады. Ол жедел жұмысты орындау үшін түні бойы отыруға дайын, сол үшін кездесуді кейінге қалтырады, не өз саяси не моральды сеніміне қарсы мәтінді аударуы мүмкін. Мамандық сенімділігі мен ұмтылысы жалғыз - бір терминді іздеп бірнеше сағат бойы отырады. Осы жұмсаған уақыты үшін қандай ақы алатынын білмесе де. Іс жүзінде ешқандай ақы алмайды, бірақ оларға өте маңыздысы барлығы дұрыс болғаны: дұрыс термин табу, дұрыс жазу, таңбалау, дұрыс тұжырым және дұрыс функциональды стиль болу керек. Тек қана бұны тұтынушы қалаған емес, егер бұны дұрыс істемесе, онда оның өз мамандығына мақтанышы зиян шегеді және жұмыс орындағаннан толық қанағаттану таппайды.

4Аудармашынің тұтынушыға қатысты сенімділігі

Клиентке сенімділік
Икемділік
Аудармашы әр түрлі салада немесе басқа тілде жазылған мәтінді жақсы білмесе, аударылған мәтінді ол мамандарға тексеріске беру керек. Сонымен бірге аудармашы, қандай жаңа тапсырысты орындай алады, қандай тапсырыстан бас тартуы керек, осыны анықтай білуі керек, өйткені оны орындауға біліктілігі жетпейді.
Уәделер
Тапсырыс берушілерге тек қана орындалатын (уақытында) уәде беру үшін аудармашы өз мүмкіншіліктерін, жұмысының графигін айқындайды. Егер бір жағдайға байланысты ол тапсырысты уақытында орындамаса, не онда жаңадан келісім жасайды не аударманы басқа аудармашыларға тапсырады.
Достық қатынас
Аудармашы жылы шырайлы және әрқашан телефон арқылы немесе жеке сөйлескенде көмектесуге дайындығын білдіреді. Онымен қызықты әңгімелесуге болады, ол әзіл-оспақты түсінеді, жақсы кеңес бере алады (мысалы, кім эстон немесе урду тілінен бір парақты аударалады), пайдасыз кеңес бермейді.
Құпиz
Аудармашы бөтен кісілерге құпия аударма немесе келіссөз кезінде алған ақпаратты хабарлауға тиісті емес.

5Жақсы аудармашыға қойылатын талаптар.

Аудармашыға қойылатын талаптар .

[1]

Аударма қызметі - аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен шынайы болуды, ғылыми ұстанымдарға бойсынуды талап етеді.

1) Аудармашы болған адам ең алдымен аударатын өзге тілді жетік білуі қажет. Сонымен қатар өзінің ана тілін толық білуі, лексикалық қорының бай, бейнелеу қуаты күшті болуы керек. Түпнұсқаны толық түсіну оны дәл бейнелеу аударманың сапасына кепілдік етудегі негізгі шарт болып табылады. Аударатын өзге тілді толық білмеген жағдайда бұл мақсатқа жетуі мүмкін емес. Ал егер өз ана тіліңді жақсы білмесең, түпнұсқаның мазмұнын дәл бейнелеп, түсінікті, жатық етіп жеткізе алу да қиын. Бұл 2 шарттың қайсысы кем болса да аударма сапасы ақсап қалады.

2) Аудармашы әр ғылымнан хабары бар, бұрынғыны да бүгінгіні де жақсы білетін, мол білімді адам болуы керек. Тар өрісті, таяз адамдар екінің бірінде қателікке бой алдырып, ұятқа қалып жатады.

3) Аудармашы үшін өзге тілді жақсы меңгеру өзінің ана тілін толық білудің алғышарты екені шындық. Бірақ оның сыртында аудармашы болған адам екі тілдің бейнелеу жағындағы ерекшеліктерін де жан-жақты игеруден тыс, аударма теориясы мен оның шеберлік тәсілдеріне де атүсті қарауына әсте болмайды.

4) Аудармашы идеялық және саяси жағынан саналы, теориялық білім жағынасауатты болу керек. Аударма жұмысы қашанда тарихтағы және қазіргі кездегі алуан түрлі саясатпен қатысты болмай қоймайды. Әсіресе саяси теориялық шығармаларды аударғанда аудармашының бұл жақтағы білімі таяз болса, қателік көп кездеседі. Сондықтан аудармашы әрбір тарихи дәуірдің саяси жағдайына қанық болуы шарт. Сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті, саясат пен экономиканы, алуан түрлі ағымдар мен діндерді толық түсінуі, соларға қатысты атау терминдерді айқын білуі қажет. Өйтпегенде екінің біріне душар болады.

Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы болуы тиіс (В. Н. Комиссаров) .

Дж. Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды:

1) аудармашы ақын болуы тиіс;

2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;

3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;

4) өз дарынын түпнұсқа авторының дарынымен үйлестіруі керек;

5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;

6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын сақтауы керек;

7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек;

8) авторды қазіргі ағылшынның сөйлеуіне орай сөйлетуге «мәжбүрлеу»;

9) түпнұсқаның «рухын» жоғалтып алмау үшін оның (түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;

10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау [4, 11-б. ]

Ал біз ғалымдар мен практиктердің аудармашы қойылатын талаптарын қорыта келе, оларды төмендегіше жинақтауды жөн көрдік:

1. Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология, синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке ие болуы тиіс.

6 Аудармашынің рөлі - қолданбалы лингвист ретінде, құзырлы жазушы, елші және білімді әуесқой ретінде

Аудару жылдамдығы бірнеше факторлармен анықталады:

a) мәтінді құрастыру жылдамдығымен;

ә) мәтін күрделік деңгейімен;

б) аудармашының осындай мәтінмен таныстық шамасымен;

в) аудармалар жиынтығын пайдалануымен;

г) жеке басының жұмыс стилі мен болжамымен;

д) жалпы жағдайы, жұмыстан шаршауымен.

a-б пункттері нақты: адам мәтінді неғұрлым тез құрастырса, соғұрлым ол аударуға жылдам бейімделеді; мәтін неғұрлым күрделі және өзгеше болса, соғұрлым аудару баяу болады.

8 удармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымйған дұрыс болады.

Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.

Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кететінім, сіз аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, сіз оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғыныз бар.

Тілді оқығанда, сол ұлттын арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз.

Ал аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап алыныздар, мысалы: «мен сізбен кейін хабарласам», «менімен хабарласып отыр», «кім ақырғы?» … Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.

Әрине аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға шетел тіліне аударған оңайрақ түседі, өз тіліне аударғанша.

Тағы бір манызды мәселе- жалпы және арнайы білім, жан- жақтылық. Осның арқасында аудармашыны, аудармашы машинадан айырмашылығы.

Ал енді мына кітаптағы кейіпкер, кім ол, өзінің мамандығын жақсы біледі ме?

Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымды, батыс жақтын білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам.

9 Аудармашының кәсіби шеберлігінің төмендігінің басты себебі-жоғары сапалы аудармаға деген сұраныстың аздығы. Сұраныс берушілерді сапасы төмен аударма да қанағаттандырады (түсінікті болса жеткілікті) .

Сапасы жоғары аудармаға сұраныс өте аз, оны орындайтын аудармашылар саны да өте аз: онымен жақсы ақша төленетін жоғары сапалы аудармашылардың аз ғана тобы айналысады.

Кеңес үкіметі кезінде сапасының жоғары болуымен әдеби аудармалар ерекшеленетін. Ал қазіргі кезде біздің нарық төмен сапалы детективтер мен, телесериалдардың сюжеттеріне бай. Солардың кесірінен, әдеби шығармалардың аударма сапасы күрт төмендеп кетті.

11) Аудармашының жады

Кез келген жүйе жады жұмыс істеуін негізі, жоғарыда туындамаса аударымдар бұрын аударылған мәтіндер болып табылады. Осы мәтіндерді көп үнемі, сондықтан үлесі автоматты түрде жаңа аудармалары жаңартылады аударылған сегмент, бірте-бірте арттыру. Бұл ең дегенді білдіреді аударма еске тиімді пайдалану, барлық мәтіндердің болуы тиіс ұқсас тіркестерінің жеткілікті саны. Мұндай жағдай орын түрлі өнімдер бойынша құжаттама. Бұл екі факторларға байланысты болып табылады. Біріншіден, құжаттар ең қарапайым шарттарын құрады, қысқа және нақты шарттары. Жаңа нұсқалары пайда, екінші және Өнім құжаттамасы тұтынушыларға жеткізілетін өнімнің модификациялары сәл ғана өзгеріп отырады. Мұндай жағдайларда еске аудару, бірнеше бірдей аударуға аудармашы қажеттілігін жояды мәтін фрагменттері түрлі құжаттарға енгізілген. Сонымен қатар, аударма еске пайдалану арнайы аудармашы талап тиісті аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз дайындау және қол жетімділігі бағдарламалық қамтамасыз ету. Тағы бір жағымсыз фактор, бұл үшін бар Барлық трансферттер күтілетін әсер бірдей ортада жасалуы тиіс, немесе деректерді форматына үйлесімді орталарда.

12) Аудармашыларға арналған жана технологиялар

Аудармашылық қызметтің бұрын-сонды болмаған аясының кеңеюі және кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма құбылысына (феноменіне) жаңаша көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етті. Бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалы машиналар кез келген мәтінде адам сияқты өте сапалы және мазмұнды аудара алмайды. Оның үстіне машинамен аудара тек үш жағдайда ғана жүзеге асады. Біріншіден, бағдарлама тек өте қысқа мәтінді аударуға жасалады, стандартты формада, оның өзі лексикалық және грамматикалық құрамы шектелген мәтіндер. Екіншіден, машина үлкен көлемді мәтіндерді сапасыз аударып береді, содан кейін бұл мәтіндердің көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін және сапалы да нақты аударма беру үшін аудармашыға қайтадан жұмыс істеуге тура келеді. Үшіншіден, бұл жұмысқа редактор қосылады, ол мәтінді аудармаға дайындайды, машинаға қиындық келтіретін жерлерін өңдейді, немесе машина аударған аударманың қатесін жөндейді, нақты емес жерлерін түзетеді. Сөйтіп редактор-аудармашы аудару үшін уайымдайды, ойланады, толғанады

13) Компьютерлік технологиялар аудармада.

Компьютерлік технология - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология. Негізінде, орыс тіліндегі терминдер негізі шеттен енгендіктен, оның түпнұсқасы - ағылшын тіліне зер салған дұрыс тәрізді. Өйткені сөздің түп негізіне сүйенбегендіктен, ортадағы тілде кеткен қателікгер қазақ тіліне шұбатылып келгені байқалады. Шынымен де қазақ тілінің қазіргі ғылыми-техникалык деңгейіне тән ұғыматауларға көндіге бермейтін тұстар баршылық. Сондықтан да аудару қиындығына қарамастан, біз осы сөздікте компьютер технологиясына қатысты ұғым-атаулар мен сөз орамдарын шыққан төркінінен сатылап қана қазақшалау ісіне, және оның туралығына, нақтылығына баса мән беруимиз керек. Терминология мәселесі қай кезенде де өзінің зәрулігін бәсеңдетпек емес, Қоғаммен бірге жасасып, ондағы болып жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беріп, күрделі ұғымдарға лайықты сөз тауып беріп, үнемі даму, қалыптасу үстінде.

14 ) Аударма процесі

Аударма процесі (оның нәтижесі) қостілділік жағдайында, яғни бұл қатынас үрдісінде екі тілдің қатысуы негізінде, демек тіларалық жағдайда өтеді. Сондықтан аударманы ауызша немесе жазбаша мәтінді тіларалық қайта құрастыру немесе трансформациялау деп анықтауға болады. Сонымен бірге аударма бір тілде айтылған ойларды (сезімдер мен эмоция) басқа тілдік құралдармен жеткізу барысында айқындалады немесе бір тілдегі (негізгі тілдегі) материалды басқа тілдегі (аударма тілі) баламалық мәтіндік материалмен ауыстыру болып табылады. Аударма процесі үш кезеңнен тұрады : 1) талдау кезеңі - түпнұсқа құрылымы шығыс тілдің ядролық құрылымына айналады (шығыс тіл аясындағы трансформация) ; 2) аудару кезеңі - шығыс тілдің ядролық құрылымы кіріс тілдегі балама ядролық құрылымдармен ауыстырылады (тіларалық трансформация) ; 3) жинақтау (синтез) кезеңі - кіріс тілдің ядролық құрылымы аударма мәтінінің («терминальды») құрылымына айналады . Демек аудармашы аударатын мәтінді оқып шығады да, оның негізгі мазмұн межесін саралайды. Содан кейін осы мазмұн межесін аударылатын тілдің қандай тұрпат межесі арқылы беруге шешім қабылдайды. Алайда осы мәтінді аудару кезінде аудармашы тек тілдік бірліктердің жиынтығын екінші тілдің құрылымдық тілдік бірліктері арқылы беріп қана қоймайды.

Аударма процесінде мәтінді аударуда төмендегідей факторлар әсер етеді:1) аударылатын мәтіннің ерекшелігі мен сипаты: а) мәтіннің функционалдық сипаты; ә) түпнұсқа мен аударма арасындағы уақыт және кеңістік қатынастары; б) түпнұсқаның жанрлық сипаты; в) түпнұсқаның шығыс (аударылатын) тілдің жалпыхалықтық нормасына қатынасы; 2) аударма процесінің жүргізілу жағдайлары немесе шарттары:3) аударма процесіне қатысушылар . Осы факторлардың барлығына дұрыс бағдар жасап, мәтіндегі тілдік және экстралингвистикалық жағдаяттарды меңгере алған аудармашы ғана толыққанды мазмұнда аударма жасай алады деуге болады.

15) Аударма жасаудың техникасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілеспе аудармашының міндеттері
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Автокөліктің сенімділігі
Элементтер мен жүйелердің сенімділік сипаттамаларын есептеу
Микропроцессорлық релелік қорғаныс құрылғыларының артықшылықтары мен кемшіліктері, сенімділігі
Электрмен жабдықтау сапасына қойылатын талаптар
Дін жан ақыл ұрпақ пен мал-мүлік сенімділігі
Көлік техникасының сенімділігі пәні бойынша лекциялық кешен
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz