Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

1Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді. Мәтінді аудару барысында, аудармашыға өз ойын айтуға құқығы бар ма ? Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы тиіс, сонымен бірге айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері де сақталуы тиіс. Автордың айтқан ойларын жеткізе отырып, сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға және оны түсіндіруге тиіс емес.

2 Аударманың түрлі секторлары болады. Сіз жұмыс іздеу барысында қай секторды таңдайсыз?

Аудармашылық қызметтің көне жәдігерлері Месопотамия қалашығынан (бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген қыш тақтайшалардағы кестелер), Көне Мысырдан (аудармашылардың іс-әрекеттері бейнеленген тастағы барельефтер) табылған.

Жазу пайда болғаннан кейін ауызша «тілмаштарға» ресми, діни және іскери сипаттағы мәтіндерді жазбаша тәржімелейтін аудармашылар қосылды. Ежелден-ақ аударма адамдардың тіларалық қатынасын жүзеге асыра отырып, маңызды әлеуметтік рөл атқарған. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды. Әр кезеңнің аудармашылары өздерінің «тәржімелік ұстанымдары» туралы баяндағаны белгілі, дегенмен, олардың айтқан ойлары ғылымның қазіргі талаптарына, дәлелдеріне жауап бермесе де, бірізді теориялық тұжырымдамаға жүйеленбесе де, сондай бірқатар ойлар қазіргі таңда қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз.

Грек-рим өркениеті кезеңінде алғаш рет аударманың негізін құрайтын кейбір ұстанымдары анықталып, оның ағартушылық қызметі таныла бастады. Көне дәуірден бастап аударма Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, сондай-ақ Үндістан өркениеттерінің арасындағы делдал пайда бола бастады. Кейінірек ІX-X ғғ. көне грек және ислам өркениеттерінің арасындағы делдал қызметін Бағдаттағы аудармашылық мектеп атқарды. Ал XІІ-XІІІ ғғ. Испанияда арабша аудармалар жасала бастады. Бұл дәуірде негізінен медицина, математика, астрономия бойынша трактаттар аударылды.

Этьен Доле аудару кезінде төмендегі бес негізгі ұстанымды қадағалау керек деп есептеді:

1) аударылып отырған мәтін мазмұны мен оның авторының ойын жетік түсіну;

2) пайдаланылып отырған тілдердің қай-қайсысын болса да жетік білу;

3) сөзбе-сөз аударудан аулақ болу, өйткені аударманың бұл түрі түпнұсқа мазмұнын бұрмалап, оның пішін көркемдігін жояды;

4) аударма барысында тілдің жалпы қолданыстағы формаларын пайдалану;

5) сөздерді дұрыс таңдап, олардың сөйлемдегі орын тәртібін қадағалай отырып, түпнұсқа беретін жалпы әсер қалдыру.

3-9 Ауызша және жазбаша аудармашыларға интернет маңызды ма?

Нағыз кәсіпкер аудармашы үшін Интернет төтенше алуан түрлі мүмкіндіктер ашады. Аудармашы үшін ғаламтор - электронды сөздіктер, энциклопедия, глоссарий және т. б. әр түрлі анықтамалық материалдар қоймасы. Электронды почта және т. б. коммуникация құрал-жабдықтары тапсырыс берушілермен, әріптестермен ақпарат алмасуды оңайлатады, әрі жеделдетеді. Соның нәтижесінде аудармашы өзін тәуелсіз ұстана алады, ал аударма қызметінің рыногі глобалды дәрежеде көрінеді.

Сөздіктер мен энциклопедияларды шығаратын белгілі баспалардың барлығы дерлік өздерінің басылымдарын электронды нұсқада дискіде ұсынуда. Көбісі өз сөздіктеріне Интернет желісі арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қалғандары - ақылы. Ғаламторда мамандандырылған сөздіктер мен әр түрлі білім облыстарынан алынған глоссарийлер жинақталған. Үлкен сөздіктер әдетте интерактивті режимде қолжетімді, мамандандырылған сөздіктер мен глоссарийлердің көпшілігін компьютердің қатқыл дискісіне сақтап, желіден ажыратылған күйінде көре берсе болады.

Әлі күнге дейін көптеген аудармашылар аудармаға арналған жадтарды қолданудан бас тартуда. Олардың ойынша, егер аудармашылар сөздіктерді, арнайы программаларды қолданатын болса, олардың жұмысы бағаланбайтын болады.

Баспа машинасының пайда болуы барлық аудармашыларды екіге бөлді: аударманы көркемөнер туындысы ретінде қарастыратындар және іс ретінде қабылдаушылар. Екі өңірде де жастар да, үлкендер де болған.

Қазіргі кезде компьтермен қолдана алмайтын аудармашының жұмыс таба алуына күмән бар. Аударма компанияларының көбі жұмысты тек электронды түрде қабылдайды, себебі оны өзгертіп, электронды почтамен жіберген оңай. Бірақ бұл әрқашан емес еді. Аударма - әдебиет және бір жанр емес, ол - ана тіліміздің барлық жанрын қамтитын бел баласы, солардың ажырамас бір бөлігі.

Аудармашы үшін Интернет көптеген мүмкіндіктер туғызуда. Бірақ ең бастысы, аудармашыға ең керек нәрсе - сенімділік. Әр аудармашы өз біліміне және өз күшіне сену керек. Онсыз аударма іске аспайды . \

4 Жазба және ауызекі аудармашы жұмысының кезеңдерін суреттеңіз

Ауызша және жазбаша аударма арасында уақыт басты рөл атқарады. Жазба аудармасында аударма үрдісі қатаң қарқындық шектеулермен шектелмеген. Аудармашы кез келген уақытта аударманы тоқтата алады, аударылған бөлімшеге қайта орала алады, аударманың әр бөліміне ойлануға қосалқы уақыт жұмсай алады, сөздіктер мен сұрау анықтамаларға жүгіне алады және мамандардан көмек, кеңес ала алады және т. б. Бұл күрделі аудармалы проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды, кез келген әдеби және ақпарат мәтіннің аудармасын табысты шешуге мүмкіндік береді. Жазба аудармасына деңгейдің эквивалентісі қажет. Ал ауызша аудармасында аудармашаның іс-әрекеті шешен сөзінің жылдамдығымен, қатаң тәртіппен сақталады немесе ол тоқтағаннан кейін оратормен біруақытта аударма беруін қажет етеді. Сонымен бірге, аудармашының ойлануға уақыты қалмайды, тәсілдердің көбеюіне және анықтамалық әдебиетке аударуға уақыты да жетпейді. кейде аудармашыға трансляциялық бейімдендіруіне элементтерін кіргізуге тура келеді. Жартыавтоматтық дағдылардың, тұрақты сәйкестік білімнің және дағдылардың рөлі артады, ПЯ тез және нақты сөйлеген сөзді тез арада артикуляция жасауда іскерліктері дамиды. Сонымен қоса, кейде аудармашыға өз элементтерін қосады, аударған хабарнаманың кейбір бөлімшелерін алып тастайды, мәтіннің аудармасын қысқартады және қысады, аудармасымен және эквиваленттің төменгі деңгейімен қанағаттандырады. Әсіресе, аз уақыт ішіндегі тез сөз сөйдеу іс-әрекеті синхрон үрдісінде көптеген физикалық және психологиялық жүктерді қажет етеді. Сондай-ақ, тікелей-аудармашы өз борышын толығымен тек 20-30 минут ішінде орындай алады. Сондықтан, синхрондық аударма жүзінде әр бөлмені бірнеше аудармашы кезектен-кезек аудару қызметін атқарады.

Егер жазбаша, ауызша аударма ерекшеліктерін қарастырсақ, екі түрлі аудармаларды іске сырғанда, аудармашы түпнұсқаның екі бірдей емес бөлімдерімен жұмыс істейді. ” Жазба аудармасында аудармашы түпнұсқаның сөйлеген сөзін бірінен кейін бірі аударады, аудармашыда түпнұсқаның толық мәтіні болады және әрбір аударған сөз мәтіннің бірлігі болып саналады. ” Аудармашы бөлек айтқан сөзді мәтіннің мазмұнына сай аударады, ол, сонымен бірге, мәтіннің бастапқы, соңғы бөлімдерінен қажетті қосымша ақпаратты іздей алады және ой-логикасының дамуын қадағалайды, жеке бөлімінің дұрыс байланысын зерттейді және т. б. “Ауызша аудармасында аудармашы түпнұсқаның мәтінін амалсыздан қабылдауға мәжбүр және оны сегменттің кішігірім өлшемдерімен аудару керек, түпнұсқаның басқа бөлігін аудару үрдісіне бет бұру керек. ” Келесі аудармада аудармашы түпнұсқаның бір немесе бірнеше бөлігімен операция жасайды.

5 Аударманың пайдаланушыларымен жұмыс істеу барысында туылатын проблемалар

Аудармашы емес кісі, яғни клиент үшін мәтін аудармасының сенімділігі өзі күткен мүмкін саналы түрде емес дәрежеде болғаны ғана маңызды. Біреулерге дәлдік, екінші біреулерге - тиімділік, ал енді біреулерге осы қасиеттердің қандайда бір ара қатынасының үлесімі қажет. Біреулер дәлме-дәл анықтылық, ал енді біреулер қабылдаудың жеңілдігіне ұмтылады, ал өзгелерге осының барлығының жиынтығы қажет.

Аудармашы мен клиент келісім шартқа отырады, ол келісім шартта, жұмыстын мерзімін анықтау және екі жақты қанағаттандыратын шарттарды айқындайды. Екі жақ бірдей барлық шарттармен келіссе, келісімге қол қояды.

Екі жақ жазбаша келісім шартқа отырса, өздерін заң бойынша қорғаулымыз деп сенеді.

Келісім шарт жасау барысында мынандай қиыншылдықтарға тап болуы мүмкін :

  • Екі жақтың мерзім бойынша келіспей қалуы
  • Екі жақтың қаржы мәселесі бойынша келіспей қалуы

Мәтін барысын талқылаудағы келіспеушілік Тапсырыс берушінің аудармаға көзқарасы соңғы өнімге бағытталған: аудармаға тапсырыс оның қажеттілігінен - өте қысқа мерзімде орындау қажеттілігінен туындайды. Ол нәтиже: қалай іске асырылады, оған қандай күш жұмсалады - ол маңызды емес.

Сол үшін келісім шартқа отырарда, аудармашы берліген мәтінді немесе материалдарды қарап шығып, жұмысты тапсырар уақытты клиентпен келісіп алуы қажет

Неғұрлым үлкен сенімділікке қол жеткізгіңіз келсе, соғұрлым аударма қымбат және ол көп уақыт алады. Екі-үш аудармашылар басқалардың жұмысын тексереді, бұл сенімділікті жоғарылатады, сонымен бірге уақыт және қаржыны да өсіреді. Аудармаға неғұрлым аз уақыт берілсе, жұмыс соғұрлым қымбатқа түседі.

Келісім шарт барысында, жұмыс мерзімін белгілеген кезде, жұмыс ақысын да атап өту керек.

Тапсырыс берушінің пікірінше, аудармашы аударманы қолдану арқылы түпнұсқа туралы барлық қажетті ақпаратты алады және сол арқылы сәтсіздікке ұшырамайды деп сенім артады. Керек болған жағдайда одан көмек алу, икемділігін көрсету, әр адамның бабын табу, ол барлығы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін керек.

Сол себепті, клиент өз материалдарына қатысты жеткіліксіз ақпараттарды да беруі қажет. Сонда аудармашы аударатын түпнұсқа материалды толық қанды меңгеріп, жоғарғы дәрежеде аудара алады

6 Тұтынушы аударманың сапасына разы емес және ақысын төлегісі келмейді. Аудармашының іс-әрекетін суреттеңіз. Неғұрлым үлкен сенімділікке қол жеткізгіңіз келсе, соғұрлым аударма қымбат және ол көп уақыт алады. Екі-үш аудармашылар басқалардың жұмысын тексереді, бұл сенімділікті жоғарылатады, сонымен бірге уақыт және қаржыны да өсіреді. Аудармаға неғұрлым аз уақыт берілсе, жұмыс соғұрлым қымбатқа түседі. Келісім шарт барысында, жұмыс мерзімін белгілеген кезде, жұмыс ақысын да атап өту керек. Тапсырыс берушінің пікірінше, аудармашы аударманы қолдану арқылы түпнұсқа туралы барлық қажетті ақпаратты алады және сол арқылы сәтсіздікке ұшырамайды деп сенім артады. Керек болған жағдайда одан көмек алу, икемділігін көрсету, әр адамның бабын табу, ол барлығы тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін керек. Сол себепті, клиент өз материалдарына қатысты жеткіліксіз ақпараттарды да беруі қажет. Сонда аудармашы аударатын түпнұсқа материалды толық қанды меңгеріп, жоғарғы дәрежеде аудара алады

7 Аудармашымен және клиенттермен арасында түрлі проблемалар туы мүмкін. Оны шешудің қандай жолдары бар ? Аудармашы емес кісі, яғни клиент үшін мәтін аудармасының сенімділігі өзі күткен мүмкін саналы түрде емес дәрежеде болғаны ғана маңызды. Біреулерге дәлдік, екінші біреулерге - тиімділік, ал енді біреулерге осы қасиеттердің қандайда бір ара қатынасының үлесімі қажет. Біреулер дәлме-дәл анықтылық, ал енді біреулер қабылдаудың жеңілдігіне ұмтылады, ал өзгелерге осының барлығының жиынтығы қажет.

Аудармашы мен клиент келісім шартқа отырады, ол келісім шартта, жұмыстын мерзімін анықтау және екі жақты қанағаттандыратын шарттарды айқындайды. Екі жақ бірдей барлық шарттармен келіссе, келісімге қол қояды.

Екі жақ жазбаша келісім шартқа отырса, өздерін заң бойынша қорғаулымыз деп сенеді.

Келісім шарт жасау барысында мынандай қиыншылдықтарға тап болуы мүмкін :

  • Екі жақтың мерзім бойынша келіспей қалуы
  • Екі жақтың қаржы мәселесі бойынша келіспей қалуы

Мәтін барысын талқылаудағы келіспеушілік

8 Аудармашы жұмысы жаңа технологияның өзгерісімен байланысты. Осы оймен келісесіз бе?

Барлық мамандық заманға сай технологиямен байланысты болады, ал аудармашылар екі тілді жетік білсе қиындықтарға қарамай аудара алады

10 Кәсіби аудармашы мен жаңадан жұмыс жасап келе жатқан аудармашы айырмашылықтарын айтыңыз. Аудармашы өзіне жүктелген міндетті білуі тиіс. Баяндаманың, іскерлік келіс сөздердің, кітаптің рейтингі тікелей аудармашынің біліміне, жасаған жұмысына және жан дүниесінің ат салысып аударғанына байланысты.

Ғылымнан басқа, ең бірінші лингвистикалық дайындығы, жалпы теориялық аудара білуі, жан жақтылығы, техникалық құралымдардың мағнасын жеткізе білу, сонымен қатар аудармашы тапқырлығымен, алғырлығымен, барлық қиындықтарды ақылға салып өзінің білімділігін көрсете білуі керек.

Сізге осы жұмыстың ұнайтының көрсетініз, шынайы болыңыз, аударылатын мәтінің мазмұның дұрыс аударңыз. Шаршағаныңызды көрсетпеуге тырысыңыз. Екі жақтын мүддесін түсінуге тырысыңыз, айтылмаған нәрсені қоспаныз.

Жұмыста аудармашы өзін толықтай жұмысқа дайндауы қажет. Өмірінізде жолыңыз болмай келе жатса да көрсетпеніз, жұмыс жасап жатқандар сезбеуі керек. Сіздің міндетіңіз - өзіңіздің аударып жатқан жұмысынызға қалыс қарамау керек. Психолог, социолог, физиономист болуңыз керек, өзіңізді ұстай білу керек.

Халықаралық конфиренцияларда аудармашыға оның аударғанына емес оның жеткізіп сөйлей білуіне төлейд. Сөйлей білу, оны жеткізу үлкен шеберлікті талап етеді. Сөйлегенде анық жағымды дауыспен тыңдаушыларды қызықтра білу қажет. "Сөйлегенде анық сөйле, барабан ұрсан ұр, барлғы естісін" - деп жазылған қытай мақал - мәтелінде. Жақсы айтылған сөз - абзал адамның имиджин көрсетеді.

11) Әр адамдар «аударма» сөзін әрқалай түсінеді. Аудармашы еместерге бұл- мәтін; аудармашыларға - біріншіден, процесс. Неліктен?

Аударма - бұл өте күрделі және көп салалы адами іс-әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”, бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласын. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

12) Есте сақтауға қабілетті аудармашы болу үшін, жадын жаттықтыру қажет. Есте сақтау қабілетін жаттықтыратын жаттығулар ұсыныңыз.

Адам баласы 20 минут ішінде естіген ақпараттың 30%-ын, ал жарты сағатта 50%-ын ұмытып қалады екен. 1. Жаттығу. Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер. Бұлар - пайдалы әрі жеңіл тәсілдер.

2. Жүзім шырыны. Күнделікті тамақтану мәзіріне жүзім шырынын қоссақ, есте сақтау қабілетіміз 20%-ға жақсарады. Жүзім шырыны күлгін түсті болуы керек. Оның құрамында миды жасартатын антиоксиданттар көп.

3. Физикалық белсенділік. Жаяу жүру, жүгіру мен билеу - денені жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жақсартатын әдістің бірі. Мұндай белсенділік есте сақтауға әсер ететін жасушалардың пайда болуына септігін тигізеді.

4. Дауыстап айту. Егер біз телефон нөмірін, мекен жайын немесе біреудің аты жөнін дауыстап айтсақ, миымыз оны жаттап алады. Бұл жазып алу әдісінен әлдеқайда тезірек жүзеге асатын құбылыс.

5. Ұйқы. Жақсы ұйқы - денсаулық кепілі. Ұйқысын қандыратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұйықтап жатқан кезде ағзамыз босаңсып, демалады. Жасартатын гормондар қызметі тездетіледі. Ұйқысы қанған ағза ақпаратты 2 есе жақсырақ есінде сақтайды.

13) Машиналық аударманы ойлап тапқаннан бастап, болашақ аударма ісінде, машиналық аударма адам аудармасының орнын басады деген дәйектер бар. Сіздің ойыңыз.

Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды-есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты. Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды. Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.

14) Ізбе-із және ілеспе аудармашылардың жұмысын салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айшықтаңыз.

Ілеспе аударма -бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады. Ғалым Ә. Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт; ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы; б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі; в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі

Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.

15) Әр адамдар «аударма» сөзін әрқалай түсінеді. Аудармашы еместерге бұл- мәтін; аудармашыларға - біріншіден, процесс. Неліктен?

Аударма - бұл өте күрделі және көп салалы адами іс-әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”, бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласын. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

16) Аударманың түрлі бөлімдері блады. Егер сіз жұмыс іздеген жағдайда қай бөлімді таңдар едіңіз?

Көркем аударманы таңдайтын едім. Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Android операциялық жүйесінің платформасы
Авторлық аударма түпнұсқа мәтінді аударған авторлық аударма
Аудармашынің сенімділігі
Зиян келтіретін бағдарламаның тарихы
Аудармадағы лексикалық трансформациялық үлгісі
Эмотивті лексика және аударма
Бұлтты деректерді сақтау
Бұлтты деректерді сақтаудың артықшылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz