Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министірлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

КББ кафедра меңгерушісі

М. Д. Есекешова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері

Мамандық 5В012000 Кәсіптік оқыту

Орындаған Қойлыбек Аягөз

Ғылыми жетекшісі

п. ғ. м., аға оқытушы З. Т. Байжанова

Астана 2018

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Факультет: Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру

Кафедра: Кәсіптік білім беру

Мамандығы: 5В012000 Кәсіптік оқыту

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Есекешова М. Д.

қолы аты - жөні

(күні, айы, жылы)

Студент Қойлыбек Аягөз

(тегі, аты, әкесінің аты)

дипломдық жұмысты орындау бойынша

тапсырма

Жұмыстың тақырыбы:

Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері

«___»20___ж. № бұйрықпен бекітілді

Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі

Жобаның шығыс мәліметтері

Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)

Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)

Ұсынылған негізгі әдебиет

Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)

Бөлім
Кеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Бөлім: Экономикалық бөлім
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім: Еңбек қорғау
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім: Норма бақылау
Кеңесші:
Бақылау:

Тапсырманың берілу күні

Жобаның жетекшісі

Қолы, аты-жөні, лауазымы

Тапсырманы орындауға алған студент

(студенттің аты-жөні, қолы)

Нормативтік сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012

4Қазақстан Республикасы Конституциясы

5. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

6. Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы

7. Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы»

8. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы

Анықтамалар

Қарым- қатынас - адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы.

Педгогикалық қарым-қатынас - білім алушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипатын дамыту үшін, оның тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең тиімді жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ- педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы».

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілеулер

Кіріспе

1 Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты технологиялық негізде ұйымдастырудың теориялық мәселелері

1. Педагогикалық қарым-қатынас және оның зерттелу жағдайы

1. 2 Педагогикалық қарым-қатынасты меңгерту ерекшеліктері

1. 3 Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға технологиялық амал

2Кәсіптік білім беруде педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру тәжірибесі

2. 1Педагогикалық қарым-қатынастың білім беруде функционалдық және құрылымдық сипаттамаларын жүзеге асыру ерекшеліктері

Кәсіптік білім беруді тәжірибелік-бағдарлық тұрғыдан ұйымдастыруда белсенді оқыту әдістерін қолдану

2. 1Колледждерде белсенді оқыту әдістерін қолдану жағдайлары

2. 2Колледждердегі сабақтарда белсенді оқыту әдістерін жаңаша қолдану

2. 3Тәжірибелік-бағдарлық оқытудағы белсенді әдістерді қолдану тәжірибелік жұмысы және оның нәтижелері

3Экономика

4Қоршаған ортаны қорғау

5Еңбек қорғау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына сүйенсек, білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім, білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек. Ал бұл міндетті өз пәнінің білікті маманы, кәсіби компоненттілігі дамыған, мықты шеберлігімен таң қалдырар педагог қызметкер ғана жүзеге асыра алады деген болатын. [1]

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" [2] деген болатын. Заманауи талаптар қазіргі педагогтан тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық негіізінде қарым-қатынас ұйымдастыру арқылы заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Демек, білім беру жүйелеріндегі қарым - қатынас мәселесі заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан психологиялық, педагогикалық ізденістерде қарым-қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктеріне тиісті назар аударып отырған. Бұл бағытта Л. П. Буева, Л. С Выготский, А. С. Золотнякова, И. С. Кон, Б. Ф. Ломов, А. А. Леонтьев, Б. Д. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, А. А. Бодалев және т. б. ғалымдар [3] көп еңбек жасаған. Ал енді түрлі білім беру жүйелерінде қарым-қатынастың маңызды бір түрі ретінде педагогикалық қарым-қатынасқа баса назар аудару қажеттілігі бар.

Педагогикалық қарым - қатынас білім алушының ( оқушы, студент) психикалық дамуының қайнар көзі болып табылады. Педагогтар мен білім алушылар арасындағы өзара қарым - қатынастың дамуы, яғни педагогтың қарым - қатынасты ұйымдастыру деңгейі топтың және әрбір білім алушының жастық дамуына, өзіндік бағалауы даму деңгейіне, білім деңгейі, икемділік, дағдыларының даму деңгейіне тікелей әсер етеді. [4]

Педагогикалық қарым - қатынас жасау барысында білім алушылар өздерінің педагогқа, білім алу процесіне деген қатынастарын көрсетеді. Педагог пен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі функция атқара алады. Бұл функциялар ерекшеліктеріне сай педагогикалық қарым-қатынасты кәсіптік білім беру жүйелеріндегі сабақтарда тиімді ұйымдастырып отыру кәсіптік іс-әрекет қыр сырын сеңгерген, білікті маман ретінде қоғамдық-өндірістік ортаға бейімделіп, бәсеке қабілетті тұлғаға айналдыру мүмкіндігін береді.

Сондықтан біздің дипломдық жұмыста қарастыратын басты мәселе кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру болып табылады.

Осыған байланысты дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбы - «Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері» деп тұжырымдалды.

Кәсіптік оқу орнындағы білім алушылардың білім сапасын жоғарылату, олардың оқудағы және болашақ кәсіптік іс-әрекеттегі жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту процесінде педагогикалық қарым-қатынасты технологиялық негізде жүзеге асыру, білім алушылардың іс-әрекетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру теориясы мен практикасына сай тереңдете зерттеуді қажет етеді. Сондықтан қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінде сабақтардағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе қатарына жатады.

Зерттеу жұмысының объектісі : кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынас.

Зерттеу пәні : кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру жағдайлары.

Зерттеудің мақсаты : Кәсіптік білім беру колледждеріндегі оқытуда педагогикалық қарым-қатынасты заманауи талаптарға сай технологиялық негізде ұйымдастыру жолдарын жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеудің болжамдамасы: Егер кәсіптік білім беруде сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты заманауи талаптарға сай жүйелі технологиялық негізде ұйымдастырылса, онда болашақ мамандардың қарым-қатынас мәдениеті, жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, инновациялық және технологиялық, әдіснамалық негіздегі білім, біліктері мен құзіреттіліктері ұштастырыла дамытылады, бұл болашақ маманның әлеуметтік ортадағы кәсіптік іс-әрекетке қабілеттілігін жоғарылатуға әсер етеді, өйткені ұсынылған жүйе білім үдерісі субъектілерінің тұлғалық іс-әрекеттік құрылымына сәйкес дамыту мүмкіндігін береді.

Зерттеудің міндеттері:

- психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жүргізу негізінде кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың теориялық мәселелерін талдау;

- кәсіптік білім беруде педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға қатысты озат педагогикалық тәжірибемен танысу;

- колледждегі оқыту процесінде педагогикалық қарым-қатынасты технологиялық негізде жүргізуге қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісінде педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық лық негіздерін анықтау XXI ғасырдағы ғылыми-техникалық прогреске сай, нарықтық қоғамда бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлаудың бір жолы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін қоғамның дамуына тікелей әсер етуші факторға айналдыра алады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне отандық және шетелдік педагогика, психология, философия, менеджмент сияқты ғылым салаларының зерттеу міндеттеріне сәйкестендіре алынған іргелі идеялары жатады.

Зерттеу жұмысы жүйелілік, жеке тұлғалық, әрекеттік, инновациялық сияқты әдіснамалық тәсілдерге, таным теориясына, оқыту үдерісінің заңдылықтарына, қоғам мен білім берудің интеграциясы, білім мазмұны, оқыту әдістері, педагогикалық технология теорияларына сүйене отырып орындалды.

Зерттеудің әдіснамалық базасы жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әрекет, жүйе, сапа, бақылау, инновация, технология, оқыту туралы философиялық, психологиялық және педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға негізделеді.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, нормативтік-құқықтық құжаттар, зерттеу мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік материалдары, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар, нормативтік құжаттар, тұжырымдамалар.

Зерттеудің әдістері:

- зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау;

- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қойылатын талаптарға қатысты материалдарды жүйелеу, оның педагогикалық жағдайларын негіздеу;

-кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға байланысты ресми және нормативтік құжаттар мен мерзімді баспа материалдарын жүйелеу;

-кәсіптік білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау;

-тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды өткізу, алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу.

Зерттеу базасы : Кәсіптік білім беру колледждері

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығы :

1. Қазіргі заманның талаптарына сай кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жетілдіріп отыруға ерекше назар аударылады, қажетті жаңа шаралар белгіленді, нәтижелі бақылаудың педагогикалық жағдайлары айқындалды;

2. Білім алушылардың білім сапасын көтеру олардың танымдық қызметімен өзара тығыз байланыста екендігі көрсетілді. Білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қойылатын жаңа талаптар арқылы жүйелендірілді;

3. Кәсіптік білім беруде педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру жұмыстары жүйесі технологиялық негізде қарастырылады.

Барлық көрсетілген жаңалық элементтері білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби оқу орындарындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қойылатын талаптардың инновациялық үлгісін құрайды.

Зерттеудің практикалық мәні: Қоғамның қазіргі уақыттағы даму жағдайында кәсіптік білім беру жүйесінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қойылатын заманауи талаптар туралы материалдарды кәсіптік оқу орындары оқыту үдерісінде пайдалануына болады.

1 Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты технологиялық негізде ұйымдастырудың теориялық мәселелері

1. Педагогикалық қарым-қатынас және оның зерттелу жағдайы

Педагогикалық қарым-қатынас өмір сүру іс-әрекетінің түрлі салаларында адамдар қарым-қатынасының ерекше түрі деп қарастыруға болады. Себебі, бұл қарым-қатынас түріне өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де қатысты. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаудан бұрын жалпы қарым-қатынас құбылысы мәнін қарастырып алған дұрыс.

Қарым- қатынас - адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым-қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік, интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады.

Жалпы алғанда, қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайтын адамдар арасындағы байланысты дамытатын, күрделі процесс болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы жүзеге асырылады. [5]

Қарым-қатынасты тиімді жүзеге асыруы үшін ең алдымен, сөйлеуді меңгеру қажеттілігі бар. Себебі, сөйлеу арқылы ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға жеткізе алады, сонымен бірге өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Демек, сөйлеуді тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасы жүзеге асады деп түсінуге болады.

Сонымен қатар, адамдарға қарым-қатынастың түрлері жайлы білу қажеттілігі бар. Мұндай қарым-қатынас түрлеріне жататындар:

1. Маскiлi қарым-қатынастар - сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетілмейді; мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың сыпайлық, қаталдық, тұйықтық сияқты тұлғалық ерекшелiгiн түсіну мүмкіндігі бар.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды рөл атқарады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi, iске деген қызығушылығы ерекше байқалады.

4. Достық қарым-қатынас - достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы жүзеге асырылады.

5. Манипулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. [6]

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізіне алынып отырған педагогикалық қарым-қатынас педагог пен білім алушының қарым-қатынасы сабақтағы, сыныптан тыс жұмыстарда, бос уақыттарындағы қарым-қатынасы кәсіптік білім беру процесінің нәтижелі басты шарты ретінде оқушының жеке басының қалыптасуының маңызды құралы болып табылады.

Мұны А. А. Бодашев, Н. В. Кузмина, В. А. Кан-Калик, А. А. Леонтьев, А. Н. Мудрик, А. К. Шербаков және т. б. зерттеулерінен байқай аламыз. [7] Бұл еңбектерде білім берудегі қарым-қатынас маңыздылығы дәлелденген.

Осы зерттеулер негізінде педагогикалық қарым-қатынас - мұғалімнің қолайлы психологиялық климат туғызуға бағытталған сабақта және сабақтан тыс уақытта білім алушылармен бірлесе жүзеге асыратын кәсіби қарым-қатынас деп қарастыруға болады.

Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде бірқатар қызметтер атқарады. Мұндай қызметке кіретіндер: жеке адамды тану; мәлімет хабар алмастыру; іс-әрекетті ұйымдастыру; өз мүмкіндіктерін байқату.

В. А. Кан-Калик бойынша кәсіптік - педагогикалық қарым-қатынас мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады:

1. Педагогтың топпен болатын (алдағы) қарым-қатынасын бейнелеу (прогностикалық кезең) ;

2. Тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру;

3. Педагогикалық процесс барысында қарым-қатынасты басқару;

4. Жүзеге асқан қарым-қатынасты талдау және оны алда тұрған іс-әрекетке сай бейнелеу. [8]

- Бейнелеу кезеңі аудиторияның ерекшеліктері ретінде оның танымдық сипатын, қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін, жұмыс динамикасы сияқты ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Бұл кезеңде «Коммуникативтік шабуыл» кезеңін топты жұмысқа тез кірістіруді жүзеге асыруға болады;

- Қарым-қатынасты басқару кезеңінде білім алушылардың бастамасын қолдау, диалогтық қарым-қатынас ұйымдастыру қажеттілігі бар;

- Қарым-қатынас жүзеге асырылғаннан соң оны талдау мақсат, құрам және нәтиже сияқты құрылымдық элементтері мәнін теңестіруге болады.

Ал енді, кәсіптік білім беру жүйелеріндегі сабақтардағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру қажеттілігі неде деген сұраққа жауап беруге болады. Ол үшін мына нәрселерді назардан тыс қалдыруға болмайды:

Біріншіден, қарым-қатынас жасауда психологиялық кедергілердің пайда болуы мүмкін, бұл білім алушының психологиялық әлемін түсіну бағытында арнайы жұмыстар жасауды да қажет етуі мүмкін;

Екіншіден, қарым-қатынас жасау тәжірибесін дамыту қажеттілігі де маңызды рөл атқарады, оқыту сабақтарында тиімді қарым-қатынас жасай білу де сабақ нәтижелілігіне әсер ете алады;

Үшіншіден, әлеуметтік ортадағы болып жатқан күрделі өзгерістер, дағдарыстардың да білім беру сапасына әсері болғандықтан, мұндай жағдайлардағы қарым-қатынас жасау тәжірибесін байытып отыру маңыздылығы да ерекше. Демек, біз кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту барысында педагогикалық қарым-қатынасты дамыта ұйымдастырып отыру маңызы ерекше деп айта аламыз.

Енді, біздің зерттеу жұмысымызда негізге алатын педагогикалық қарым-қатынас ұғымының кеңейтілген анықтамасын бере кетуге болады. Педгогикалық қарым-қатынас - білім алушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипатын дамыту үшін, оның тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең тиімді жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ- педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» деп анықтауға болады.

Н. В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық -тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды [9] .

Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас « . . . оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ- педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады [10] . Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.

Педагог пен білім алушылардың қарым-қатынасы сабақтағы, сыныптан тыс жұмыстарда, бос уақыттарындағы қарым-қатынасы оқу-тәрбие процесінің нәтижелі басты шарты, оқушының жеке басының қалыптасуының құралы болып табылады.

Жалпы алғанда, қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды құралы деп қарастыруға болады. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас мәні мен оны ұйымдастыру ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген.

Мысалы, орыс педагогы, психолог ғалымдары А. А. Бодашев, Н. В. Кузмина, В. А. Кан-Калик, А. А: Леонтьев, А. Н. Мудрик, А. К. Шербаков және т. б. еңбектерінде қарым-қатынас маңыздылығын ашып көрсетуге ерекше назар аударылған. [11] .

Педагогикалық қарым-қатынас мәніне көз жүгіртетін болсақ, бұл - педагогтың қолайлы психологиялық жағдай туғызуға бағытталған сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін кәсіби қарым-қатынас деп тұжырымдауға болады.

Кеңестік дәуір педагогтары Н. К. Крупская, С. Т. Щацкий, А. В. Луначарский, П. П. Блонский мұғалім мен оқушылар қарым-қатынас негізі - ұжымдық ынтымақтастық, жолдастық қарым-қатынас болады деп атап көрсеткен. [12] .

Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақ ұйымдастыру мәселесі педагогтар А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинскийді де толғандырған мәселе қатарына жатады. Ізгіліктік тұрғыдан А. С. Макаренко мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста ең бастысы құрмет пен талап қоя білушілікке негізделген қарым-қатынас болу керек деп тұжырымдады.

Ал өз кезегінде В. А. Сухомлинский білім ордасында айтылған әрбір сөз алдын-ала ойластырылған, ақылды, мақсатты, салмақты болуы керек деп педагогикалық қарым-қатынастың маңызды жағын көрсетті.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы жаңашыл педагогтар, Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, Г. Н: Гончаров, Е. Н: Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов, Н. П. Щетинин т. б. ынтымақтастық педагогика негізінде оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік болатындығын дәлелдеді. [13] .

Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс болып табылады және бірқатар функциялардың атқарылуымен сипатталады. Мұндай функциялар қатарына жататындар: жеке адамды тану; ақпарат алмастыру; іс-әрекетті ұйымдастыру; өзін байқату (самоутверждение) .

Педагог-ғалым В. А. Кан-Калик кәсіптік - педагогикалық қарым-қатынастың құрылымын анықтады. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымдық бөліктері:

1. Педагогтың білім алушылармен ұйымдастыратын қарым-қатынасын модельдеу (прогностикалық кезең) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Бастауыш білім берудегі ойын технологиялары
Кәсіптік оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
Жүйелік тәсілдің теориялық негіздері
Мұғалімнің бағалау қызметі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Заманауи педагогикалық технологиялар
Бастауыш сынып оқушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz