СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН АРТТЫРУЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІ . . . 6
1. 1 Сын тұрғысынан ойлауға үйрету . . . 6
1. 2 Сыни тұрғыда ойлау модулі негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің табыстылығы . . . 18
2 СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН АРТТЫРУЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУІ . . . 30
2. 1 Сыни тұрғыда ойлау модулі негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің табыстылығы . . . 30
2. 2 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану эксперименттік зерттеудің нәтижелері . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының өркениетті елдердің қатарына қосылу жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай интелектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған орай білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік - саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндст -өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті іс екендігі белгілі. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев "Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып - түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес", -дейді. [1] Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: "азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны -Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел, тілдерін меңгеру" [2] деп көрсетілгенімен, қазақ халқы дәстүрлерінің тәрбиелік мәнінде де айрықша көңіл аударылғанын байқауға болады. Кез келген халықтың алыс заманнан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық рухани мұралар жасау жолдары, дәстүр тағылымдары, кісілік қалыптары - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы, көрінісі болып, бүгінгі және болашақтағы әр түрлі әлеуметтік және мәдени болмысының биік, берік тұғыры десек те болады. Кез келген адам баласының өмірі, тіршілік әрекеті оның туған - туысқандарымен, ата-анасымен, жора-жолдасымен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортасымен, ғасыр уақытымен байланысты болады.
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті.
Менің бұл тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі - «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Зерттеудің мақсаты: барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу.
Зерттеудің міндеттері:
- Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
- Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Зерттеу нысаны: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу
Зерттеу пәні: білім алушылардың білім беру процесіне интерактивті қатыстыру арқылы сыни ойлауды дамыту
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері жүйелік құрылымдық әдіснама (С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев), мәдени-тарихи тұжырымдама (Л. С. Выготский), интеллектіні процестік-іс-әрекеттік тұрғыда қарау (А. В. Брушлинский, Л. А. Венгер, В. Ю. Крамаренко), интеллектіні білім беру жүйесінде талдау (К. Фишер, З. И. Калмыкова), өзіндік бағалауды теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттеу (В. В. Столин, И. И. Чеснокова, А. В. Захарова, П. Р. Чамата, К. А. Абульханова, Е. И. Савонько, А. И. Липкина және т. б. ), өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші ретіндегі тұжырымдалар (З. З. Кузьмина, Д. В. Демина, А. И. Липкина, М. И. Лисина, В. С. Магун, В. Ф. Сафин) болып табылады. Қазақстандық белгілі ғалым М. М. Мұқановтың интеллектіні тарихи-этностықаспектіде қарастыратын жұмыстары зерттеудің теориялық негіздерін құрайды. Сонымен қатар, М. М. Мұқановтың, С. М. Жақыповтың, Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қ. Бердібаеваның, Б. Ә. Әмірованың зерттеу жұмыстары негізге алынды. [2]
Зерттеуде қолданылған әдістер: Зерттеу мәселесі бойынша «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл, «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл, «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж. А. Жартынова, В. Н. Ким, Н. О. Қойлық, А. Ш. Орақова, 2009 жыл, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Алматы қ., Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік» ДББҰ, 2012 психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Дж. Равеннің ойлаудың логикалығын зерттеуге арналған әдістемесі; заттық әлемдегі функциялық байланыстарды талдау негізіндегі жалпылау ерекшеліктерін анықтайтын сөздік-логикалық дамуды зерттеуге арналған «Классификация» әдістемесі; этностық түсініктерді анықтау мақсатында анкета әдісі және зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. [3]
Зерттеудің теориялық мәні: Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыруының инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тұжырымдалған ғылыми қағидалары педагогикалық тәжірибені теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған. Зерттеуден алынған нәтижелерді білім алушылардың сыни ойлауын, өзіндік бағалауларын диагностикалауда, тұлға іс-әрекетінде кездесетін қиындықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын психологиялық қызмет жүйесінде, білім беру жүйелеріндегі мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында және ата-аналарға кеңес беруде қолдануға болады. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді Алынған зерттеу нәтижелерін интеллектінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу стратегиясында пайдалануға болады. [4]
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:
- Кез келген ақпараттың жан - жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
- «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім - білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі - оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы
Тиімділігі: Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. [5]
Нәтижесі: Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру. Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.
1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім - әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. [3]
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да
обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау барысында жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа
мүмкіндіктерін көруге қабілетті, мәселелерді шешуде маңызы зор.
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру;
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну) ;
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы) .
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т. б. болу керек.
Осы білімді беруде мұғалімнің алға қояр мақсаты мен міндетін былай айтуға болады: оқушы- оқу үдерісі- нәтиже. [4]
Оқушы бойында өзін-өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қа -лыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.
Оқушы - өзін - өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.
Оқу үдерісі - оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін-өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;
- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;
- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.
Нәтиже - мектепте, ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
- өзін-өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, техно- логияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдісті қалыптастыру.
Оқушы білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі.
- Мен не білемін, нені білгім келеді?
- Менің жаңаша көзқарасым қалай өзгердім?
- Менің қызығушылығым неден артты?
- Мен осы біліммен не істей аламын, кімге көмек қолын созамын?
Мұғалім әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойлануы қажет.
Менің оқушыларым не істей алады? Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құру. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымда- сып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұ- мыс жасауда алғашқыда оқушылар бір-бірін тыңдамай, сыныпта қозғалыс болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыс -тарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таң- дай алатын болды. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады;
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды;
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді;
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды;
5. Қорытынды шығарады. Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. [5]
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым.
Оқушы әрекеті - неге ілінгенін білгісі келеді, бір-бірімен сұхбаттасады, өз білгендерін ортаға салады. Мұғалім, түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау, оқытудың диалогтік тәсілдерін қолданады. Мысалы, тақтада «Б» дыбысы- ол әріп, сөз буын құрайды, сөз шығады - «Фонетика» дыбыстарды зерттейтін үлкен ата.
Оқушы- жеке есімі болады, отбасы болады, жеті атаға жіктеледі. Оқушыларға жеті ата туралы ой салдым, онда балаға адами көзқарас қалыптаса бастайды.
Әдебиет сабағында «Бес жолды өлең» әдісі оқушы- ның сөйлеуіне таптырмас тәсіл. Мұнда кейбір сөйлемей- тін оқушы ойын қағазға түсіре алады, оқушыны бір қырынан тануыңа мүмкіндік туады. [6]
Тәрбие саласына да өзіндік мәні зор, алар асуы шексіз. Мұнда «Жолаушының қойын дәптері» әдісі оқушы сыртқы дүниеге көз салады және өзіне тәлім-
тәрбие іздейді. Мұғалім жан-жақты білімі жетілген, көзі ашық, көкірегі ояу болғаны абзал. Әрбір бала -жанар шырақ, оны жаға білу - мұғалімнің парызы мен міндеті. Ол міндетке жету жолында еш қажымай, талмай, ерінбей, еңбек етуі керек. Баланың дарыны мен қабілетін ашу ұстаздың қолында болса, бойға жиған білім нәрін жас ұрпаққа сіңіруде тер төгейік. Ащы термен шыққан, тәтті балды сезінейік. Шәкірт қанаты талмай, биік шыңға самғасын.
Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. [7]
Сыни ойлау - белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. [8]
Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау. кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсат - білім алушылардың кез - келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету. [9]
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс - тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы) ;
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы) ;
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау) ;
- ымыралы келісімді іздеуі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс-әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі. [10]
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
-жаңа ақпараттармен өз білімімен ара-қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz