ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫНА ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 6
1. 1 Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі . . . 6
1. 2 Өзіндік жұмыс оқу іс әрекетінің жоғарғы формасы . . . 15
2 ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫНА ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . . 31
2. 1 Білім алушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі . . . 31
2. 2 Техникалық пәндерді бейіндік оқыту жағдайында білім алушылардың өздік жұмысының әдістері . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.
Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деді [1, 18-19 бб. ] .
Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт [2, 24-26 бб. ] .
Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы Білім алушылардың өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы Білім алушылардың еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, Білім алушылардың өздік жұмыстарының ішкі мазмұны - мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, Білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
-студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
-әдістемелік қамтамасыз ету,
-бақылау және орындалу бағасы,
-талдау және жетілдіру.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне Білім алушылардың өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың
сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Білім алушылардың өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, Білім алушылардың өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн. [3]
Жоғары оқу орындарында Білім алушылардың өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі - коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәсеені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, Білім алушылардың жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Барлық инженерлік қызметтің негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық және жобалық-технологиялық құралымнан тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық жоба сияқты жобалық-конструкторлық және оқу ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ маман үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады. Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді.
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру - оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар Білім алушылардың өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт - студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Зерттеудің мақсаты: өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - білім алушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту.
Зерттеудің міндеттері:
-жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын,
конспектісін жасау т. б. тәсілдерге үйрену) ;
- жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т. б. )
- білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар) . Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу;
шығармашылық жаттығулар, бақылау, т. б.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері: Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В. К. Буряк, Е. Я. Голант, Б. П. Есипов, Р. Г. Лемберг, Р. М. Микельсон, И. И. Пидкасистый, Е. С. Саблик, М. Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Білім алушылардыі өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А. Е. Абылқасымова, Н. А. Адельбаева, С. И. Архангельский, М. В. Буланова-Топоркова, М. Г. Гарунов, И. И. Кобыляцкий, Р. Н. Низамов еңбектері арналған.
Зерттеудің теориялық мәні: Техникалық пәндерді оқыту барысында білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тұжырымдалған ғылыми қағидалары педагогикалық тәжірибені теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған. Зерттеуден алынған нәтижелерді әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде білім алушылардың өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
1 ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін әрдайым байыту, оқуға деген ынта-жігерін арттыру, қоғамдық өмірдегі барлық салалардағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш - жігерін, саналы әркеті мен ізденімпаздығын, танымдық ой-өрісіннің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді.
Оқытушының әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, білім алушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын студент етіп даярлау қажет болып отыр.
Қазіргі таңда сай өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы - бұл білім алушылардың дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған Білім алушылардың оқу әрекетінің ерекше түрі[4] .
Өзіндік жұмыс білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.
Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады: И. Т. Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы, Г. Н. Кулагина өзіндік жұмысты Білім алушылардың іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді, Г. Н. Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады[5] .
Жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты СӨЖ-дің маңызы артқанын, ондағы оқытушының орнын, кредиттік оқыту жүйесінде оны ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін отандық зерттеушілер С. Е. Калдыкозова, А. Головчун және ресейлік зерттеушілер Е. Галицких, Ю. Попов пен В. Оробинский, И. Г. Ковалевский, Г. Ларионова еңбектерінде қарастырылады.
Педагогика-психология ғылымында, өздігінен білім алу, білім алушылардың ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады.
Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т. б. .
Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бір жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор.
Р. С. Немов төмендегідей қорытынды жасаған: «Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жжаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады»[6] .
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - Білім алушылардың өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында студент Р. Сүлейменов[3] өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте білім алушылардың іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс». Шығармашыдлық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі.
Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай Білім алушылардың әркетіне мән беруі тиіс.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан білім алушылардың өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек.
Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, Білім алушылардың даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Білім алушылардың жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі - оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.
Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Білім алушылардың өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы білім алушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады. [7]
Білім алушылардың өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- Білім алушылардың ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы-оқыту жұмысының әдісі және Білім алушылардың жеке деңгейі болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында студент білімді өзі жинап, ғылымды өзі таниды, ал оқытушы тек білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастырады және бақылайды. Сондықтан Білім алушылардың өзіндік жұмысы- оқыту қызметінің барлық түрлерінің міндеттерін анқытайды.
Сонымен қатар, білім алушылардың өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс-Білім алушылардың білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді.
Білім алушылардың өзіндік жұмысы ұйымдастыру жоғарғы оқу орындарындағы негізгі нормативті құжаттармен сәйкестендіріліп, жүзеге асады.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, Білім алушылардың өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты.
Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және білім алушылардың дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1. Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Сонымен, өзіндік жұмыс білім алушылардың шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді. [8]
Жоғарғы оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.
Ұзақ жылдар бойы студенттермен жұмыс жүргізу нәтижесі барысында бірінші курс студенттерінің көпшілігі кітап, лекция кнспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы анықталды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты - бірінші курс студенттерін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету.
Кез келген курс студенттері өзінің жас ерекшелік және дара ерекшелік қасиеттерінің дамуын бастан кешірді. Осы ерекшеліктерді көп ғұламалар зерттеген. Солардың бірі Л. С. Выготский болды. Ол дамудың өзара байланысқан екі өрісі - актуальды және іргелес өрісі болатынын дәлелдеді. [9]
Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз - баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.
Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады. Л. С. Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде ғана емес, дамуға бейімделген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: «Оқыу мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір-бірімен өте күрделі қарым-қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана, жоғарғы жетістіктің нышаны». [10]
Осыдан ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісін анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Білім алушылардың актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3. Білім алушылардың әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Білім алушылардың кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту. [11]
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz