ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ3

І-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ4

1. 1. Құқық туралы түсінік және оның белгілері4

1. 2. Құқық қағидаттарының түсінігі және түрлері12

ІІ-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ17

2. 1. Құқықтың пайда болу себептері17

2. 2. Құқықтың пайда болуы туралы теориялар21

2. 3. Құқықтың қалыптасу көздері және негізгі принциптері24

ҚОРЫТЫНДЫ27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28


КІРІСПЕ

Менің бұл курстық жұмысымда, «Құқық ұғымы, анықтамасы, пайда болуы теориялары» деген тақырыпты таңдап алу себебім: құқықтың пайда болып, қалыптасуының себептері мен пайда болуына негіз болған факторларды оқып, тереңірек түсініп, зерделеу. Қазіргі кезде құқықтың пайда болуы ғылымда қоғамның саяси ұйымы ретінде орталық орындардың бірін иеленеді. Құқықтың пайда болуы туралы проблеманы дұрыс шешу адамзат қоғамында маңызды орын алады. Ол қоғамның тарихи, обьективтік дамуының өнімі.

Әдебиеттер мен оқулықтарды алып көз жіберіп қарайтын болсақ құқықтың пайда болуына байланысты тақырыптарда әр автордың пікірі, көз қарастары, тұжырымдары әр қалай. Осыдан құқықтың пайда болуына әсер еткен себептер мен факторлар да әр алуан, сан қилы екенін көруге болады.

Құқықтың пайда болуы туралы проблема тек қана ғалым, профессорларды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің ең бірінші байлығы халқы болғандықтан, кез-келген адамзат баласын осы қоғамда, мемлекетте өмір сүріп, тіршілік еткеннен кейін мемлекет пен құқықтың шығу тарихы, қалыптасуы толғандырады деп ойлаймын.

Менің де мақсатым құқықтың шығу тарихымен қатар, олардың қоғамда алатын орны, маңызы және құқық қағидаларымен толық, жан-жақты оқып, танысу және осыдан тереңірек мағлұмат алу.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көз қарасы бір жерден шығып бір төкті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал еркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады.

Қоғамда мемлекеттің дамуына байланысты құқықтың да орны мен ролінің жаңарып, жаңғырып отыруы заңды құбылыс. Бірақ құқық қоғамның қай кезеңі болса да қоғамдық тәртіпті және адамның іс-әрекетін реттеуді, негізгі міндеті ретінде ұстады. Тұлғаның құқықтық қорғалуы мемлекет пен құқық қызметінің басты мазмұнына айналды.

Еліміз тәуелсіздік алып, ата заңымыз Конституция қабылданған күннен бастап құқық өз қызметін тиянақтылықпен жүзеге асырып келеді. Атқарылған істер де, алынған асулар да баршылық. Осыған орай қазіргі кезде қоғамда мемлекет пен құқықтың алатын орны орасан зор болуы тиіс.


І-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ, АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

1. 1. Құқық туралы түсінік және оның белгілері

Құқық- адамзаттың әділдік және азаматтық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларжүйесі1.

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өткен дұрыс, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамда басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:

-қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;

-қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды; -ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы күрес қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.

Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.

Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы тусінігі, сан қырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір екі қырынан мазмұнын анықтап, әртүрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы; Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік-деді, орта ғасырдың ғалымдары- құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо-құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды роль атқарады. Қоғамдық қатынастар негізінен әлеуметтік нормалармен реттеледі. Әлеуметтік нормалар дегеніміз- қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде мораль (өнеге, имандылық) нормалары, құқық нормалары, әдет-ғұрыптар, діни. корпоративтік нормалар, дәстүр және тағы басқалар жатады. Осы ережелер пайда болуы негізінде қамтамасыз ететін күшіне және хабарлау тәсіліне қарай ажыратылады. Мысалы, өнеге нормалары баяғыдан адам қоғамында қалыптасып келе жатқан, отбасында орын алатын және отбасы арқылы қалыптасып келе жатқан, отбасында орын алатын жеке отбасы арқылы қалыптасатын ауызша нормалар, ал құқық нормаларының негіздері мемлекетке жатады және әрқашанда жазбаша түрінде болады, оларды мемлекет қамтамасыз етеді.

Мораль (өнеге. имандылық) нормалары дегеніміз- ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және тағы басқа тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері.

Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз- қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс- тұрыс ережелері. Әдет-ғұрыптар-тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері.

Құқық пен моральдың (имандылықтың, өнегенің) жалпылама ерекшеліктері.

-эконоимкалық базиске жасалған қондырма болып табылады;

-нормативтік мазмұнда болады

-қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;

-әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына негізделеді;

-көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады;

-жүзеге асырылуының ішкі кепілі-адамның ар-ұяты мен намысы.

Құқық пен моральдың айырмашылығын көрсететін ерекшеліктер

-нақты шаралар мен мәжбүрлеудің түрлері күні бұрын көрсетілген болады;

-тек қана құқық бұзушының жүріс тұрысын жан-жақты бағалайды;

-мемлекетпен бірге, қатар жойылады;

-мәжбүрлеудің шаралары мен түрлері күні бұрын көрсетілмеген болады;

-адамның жүріс тұрысы жан-жақты бағаланады;

-кез келген қоғамда орын алады.

Көне заманнан бері оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады.

1. нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау;

2. социалогиялық тұрғыдан қарау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастар мен ұқсас деп санау;

3. философиялық тұрғыдан қарау, яғни, құққықты бостандық пен әділдік деңгейі мен байланыстыру:

Құқықты социалогиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормалары мен қатар құқықтық сапа, құқықтық қатынастар да жатады. Құқық нормалары қоғам дамуының саяси экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым әсері мол болмақ. Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы; Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл бапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.

Құқық нормасы- мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал ретінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережелері. Құқық пен құқық нормасы түгелдей және жартылай өзара қатысты.

Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара) . Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) - құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы ңұсқасы өмірдегі жағдаймен белгілі адаммен, мерзіммен және орнымен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.

Егер гипотезада бір ғана мән жай көрсетіліп, сол жағдайда құқық нормасы қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді. Егерде құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән жайдың біреуіне байланысты болса оны балама гипотеза дейді.

Құқықтық норманың диспозициясы- тікелей мінез-құлық ережелері. Диспозиция- құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза санкция мен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) бейнеленген диспозиция-мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция- егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп, нұсқаса.

Құқықтық норманың санкциясы- құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау немесе көтермелеу шараларының түрі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті анық. б) баламалы, в) салыстырмалы.

Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбіреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші ролін орындай алмайды. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түседі, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық тағы басқа. Мемлекетке қажетті қоғамдақ тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз- қатысушыларының субьективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын ерік ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден құқық субьектісінен, субьективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен тұрады.

Құқық субьектісі-заңды тұлға немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т. с. с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкі мен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлға болып саналады.

Субьективтік құқық-тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғаларда заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдаланама, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет-заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) - табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субьективтік құқық пен заңды міндеттер аталған обьектілерге бағытталған болып келеді.

Құқықтық нақтылықты, құқықтық және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше обьектісі бар.

Құқықтық сана дегеніміз- қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық сана мен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтың тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т. б. түріндегі әсері.

Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.

Құқықтық идеология дегеніміз- қоғамдағы құбылыстарды қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, философтар, экономистер, тарихшылар т. б. мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.

Құқықтық психология дегеніміз-қоғамның құқықтық сезімін ақыл-ойын, әдет-ғұрып дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында- заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл -күйі және сезімдер жатады.

Сонымен, құқықтық сана - қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының. пікірлерінің, бағаларының жүйесі, ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.

Жалпы алғанда, құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері бар болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқықтың» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.

Субъективтік құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғалар да құқықпен бірге құқықтық міндетте болады. Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.

Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет- құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекет мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай дейді:

«Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шартын және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады».

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т. б. Құқық саласы-өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық-қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда. Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әртүрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтың мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептелінеді. Ал, обьективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Сайлау құқығы
Әкімшілік процес қағидаларының мазмұны
Азаматтық құқық пәні
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жайлы
Халықаралық пактілер
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Сайлау құқығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz