НЕМІС ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІНДЕГІ РЕСЕЙ ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДАНЫҢ XIV ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
НЕМІС ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІНДЕГІ РЕСЕЙ ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДАНЫҢ XIV ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

М.С. Гатин

Түйіндеме

Бұл мақалада Ресей мен Алтын Орданың арасындағы XIV ғасырдың екінші жартысындағы қарым-қатынас тарихының мәселелерінің XIX - XX ғғ. неміс тарихнамасындағы түсіндірмелері қарастырылған.

Түйін сөздер: Ресей, Алтын Орда, Ұлы дүрбелең, Куликово шайқасы, Ворскла өзеніндегі шайқас.

Ресей мен Орданың1 арасындағы қарым-қатынас тарихы Ресейде де, шетелде де көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келеді.Бұл проблематиканың шетелдік тарихнамасы әлі де толығымен зерттелмеген. Неміс тарихнамасын зерделеудің өзекті қажеттілігі ғылымды интернационалдандырудың объективті үдерісіне, сондай-ақ шетелдік тарихи ойға қатысты шектен шығуды болдырмау қажеттілігіне байланысты. Неміс тарихнамасы шетелдік тарих ғылымында ерекше орын алады. Неміс ғалымдары Алтын Орданың тарихындағы мәселелерді зерттеумен бірінші болып айналысқан. ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейін неміс тарих ғылымының басты бағыты - Батыста Жошы Ұлысының тарихымен байланысты мәселелерді зерттеу саласы болды. Шетел тарихшыларының тәжірибесі ескі тарихнама мәселелеріне басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп және Алтын Орда мәселелерін зерттеуге түбегейлі жаңа тәсіл ұсынатыны баршамызға мәлім. Орыс жерлері мен Орда арасындағы қарым-қатынас тарихы неміс зерттеушілерінің жұмыстарында негізгі орынға ие. Мақаланың мақсаты - XIV ғасырдың екінші жартысында орыс жерлері мен Орда арасындағы қарым-қатынас тарихындағы бірқатар маңызды мәселелер бойынша отандық ғылыми қоғамдастыққа неміс тарихи ғылымының негізгі жетістіктерін анықтау және ұсыну болып табылады. Байланыстар тарихының негізгі мәселелерін айқындай келе, түсіндірмелері отандық тарихнаманың түсіндіруімен сай келмейтін кейбір тарихи сюжеттерге тоқталғымыз келеді: Ұлы дүрбелеңнің Ресейге ықпал етуі, Кулиководағы және Ворскла өзеніндегі шайқастың маңызы.

Ұлы дүрбелеңнің Ресейге тигізген әсері.

Алтын Ордадағы қиындықтардың (кейбір тарихшылардың сипаттамасы бойынша азаматтық соғыс деп аталады) басталуына байланысты мәселелер жөнінде неміс зерттеушілері ортақ пікірге келген жоқ: кейбіреулері бұл үдерістің басталуы Сұлтан-Мұхаммед-Өзбек ханның [1, с. 163; 2, с. 416; 3, с. 266]1 өлімімен байланыстырса, ал басқалары 1359 ж. Бердібек ханның өлтірілуіне қатысты деп санайды[5, с. 375; 6, с. 19]. Р. Бехтольдтің ойынша Алтын Ордадағы дау-дамай - өткен ғасырдағы Қытай, Парсы, Орталық Азия және оңтүстік Ресей жерлерін жаулап алуын қамтыған Моңғол мемлекеттерінің апатының бір бөлігі болып табылады [6, p. 19]. Т. Шиманн мен Н.И. Костомаровтың пікірінше, дау-дамай Қыпшақ мемлекетінің тарихында, сондай-ақ шығыс жаулаушылардың барлық мемлекеттеріндегі тұрақты кезең. Сарайдағы гарем және сол сияқты тағы басқа нәрселер хандарды әлсіретіп, арандатушылық әрекеттер тақтың мұрагерлік тәртібінің бұзылуына әкеліп, Өзбек ханның мұрагерлері әкелері мен ағаларын өлтіру арқылы таққа қол жеткізген. Орданың соңғы ыдырауына жақындағаны анық еді [3, с. 266-267]. Қыпшақ мемлекетінің ыдырауы орыстардың моңғол езгісінен босатылуына үміт беруге тиіс еді [7, с. 34 - 35]. Ордадағы қиындықтар татар-ресейлік қарым-қатынастарға әсер етпеуі мүмкін емес еді. Ордадағы бәсекелес топтар бір біріне қарама-қайшы бұйрықтар шығара бастаған сәттен бастап сөзсіз мойынсұну саясаты мүмкін болмады; осылайша, ресейліктер татарлардың нұсқауларын елемеуге үйрене бастады. П. Ниченің айтуынша ынтымақтастық әріқарай Мәскеу билігінің өсуіне қызмет ете алмады. Сондықтан, бір жағынан татарлардың әлсіздігі және екінші жағынан Ордадағы оқиғаларды білетін ресейліктердің санасының күшеюі татар-орыс әскери қақтығыстардың ұлғаюына әкеліп соқты. Алайда, орыс князьдері әлі күнге дейін татарлардан Ұлы князь атауын растау үшін Ордаға барғанымен, жеңілген князьдар әріқарай татарлардың бұйрықтарына мойынсұнбайтын, тіпті ашық түрде қарсылық білдіретін. Княздік арасындағы қақтығыстарда барлығы әскери күштің көмегімен шешілетін және татарлар біреудің жақтасы ретінде екінші дәрежедегі рөлді сомдай бастады [8, с. 124 - 126]. Ресейдегі қақтығыстың нәтижесінде пайда болған босқындардан тұратын татар әскери топтары, Орда билеушілері жіберген әскерлерге қарсы шайқастарға да қатыса бастады [8, с. 145]. XIV ғасырдың соңында орыстардың татарларға байланысты қатынасында жаңа құбылыс пайда болды: татар князьдарі Ордадан шығып, шоқыну рәсімінен өтіп, Мәскеу қызметіне қосыла бастады.
Жеке саяси некелерді санамағанда, бұрын соңды болмаған, орыс әйелдері татарларға тұрмысқа шыға бастады. Осылайша, татарлар мен орыстардың қан араласу үдерісі орын ала бастады - деп қорытындылайды Ниче [8, с. 187]. Берлин университетінің профессоры А. Брюкнердің айтуынша, Мәскеудің ұлы князьдерінің тәжірибесі өсе келе, Орда шенеуніктерін сатып алатын делдалдардың саны арта бастап және сол арқылы татар езгісінің қысымы әлсірей бастаған.
Азияда тоқыраудың жалғасуы, ешқандай прогресстің болмауы және эволюциялық даму үдерісінің тоқтап тұруының салдарынан татар хандығының жақын арада толығымен құлдырайтыны айдан анық болды. Орда орталығындағы ішкі дағдарыс пен басқарушылардың жиі ауысуы Азия мемлекетінің әлсіреуіне ықпал етті [9, с. 460-461]. Бұл даму Орданың ішкі ыдырауы тек Мәскеу ұлы князьдігінің ғана емес, сонымен бірге екі басқа мемлекеттердің: Молдованың (Солтүстік Румыния) және Литва Ұлы князьдігінің көтерілуімен қатар жүрді [10, с. 44]. Орда ішкі ыдырауының кесірінен әлсіреп жатқан кезде, Мәскеу өз аумағын кеңейтумен айналысты.
Татардарлардың Ресейдегі күштерге қатысты ештеңені өзгертуге шамасы болмады. Егер бұған дейін ресейліктер татарлардан әскери өнерде артта қалса, енді оларға жете бастады [11, с. 36, 311]. Орталық билігінің әлсіреу нәтижесінде орта Еділде ушкуйник деп аталатын Новгород өзен қарақшылары пайда болды. Ұлы дүрбелең кезеңінің ұзаққа созылған геосаяси зардаптарын Ф. Шуселька айрықша атап кетті. Оның пікірінше, Азия мен Еуропадағы татарлардың орнына орыстар келді, әлемді жаулап алуға ұмтылған, биліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс тарихнамасы. Негізгі зерттеулер және қалыптасқан тұжырымдар
ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ ТАРИХЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ТАРИХНАМАСЫ
РЕСЕЙ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕНІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Куликово шайқасы және Мамай.
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Пәндер