ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ ТАРИХЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ТАРИХНАМАСЫ


ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚ ТАРИХЫ БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ТАРИХНАМАСЫ
XIII - XV ғасырдың басындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ тарихының кейбір зерттеу мәселелері Алтын Орда тарихындағы ең алғашқы ғылыми жұмыстарда жалпылай тұжырымдалған.
«Батыс» тарихнама.
Алтын Орданың бір бөлігі ретіндегі XIII - XV ғасырдың басындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ тарихын зерттеу саласында еуропалық зерттеушілер басым болды. 1840 жылы Пешт қаласында атақты австриялық ғалым Йозеф фон Хаммер- Пургшталь (Joseph von Hammer-Purqstall) неміс тілінде Алтын Орданың тарихына арналған «Geschichte der Goldenen Horde in Kiptschak, das ist: der Mongolen in Russland» атты алғашқы кітабын жариялады [Hammer-Purqstall, 1840] . XIX ғасырдағы орыс тарих ғылымы бұл кітапты жағымсыз пікірлермен қарсы алған [Сборник 1884, с. VI-VIII; Сафаргалиев 1960, с. 5] . Алайда, бір ғасырдан астам уақыт өте келе XX ғасырдағы кеңестік тарихшылар А. Ю. Якубовский және М. Г. Сафаргалиев, Алтын Орда тарихы бойынша толыққанды классикалық кеңестік екі еңбектің авторлары, бұл жұмыстың кемшіліктерімен қатар артықшылықтарын да атап өтті. Профессор А. Ю. Якубовский бұл мәселе жөнінде былай дейді: «қазір, бұл сайыстың өткеніне жүз жылдан астам уақыт өткен кезде, Хаммердің [Греков, Якубовский 1950, с. 9: прим. 1] . - К. У. ) жұмысының үлкен кемшіліктері болғанына қарамастан, бұл жұмыстың алға басқан қадамдардың бірі болғанын ескеруіміз қажет [Греков, Якубовский 1950, с. 6] . М. Г. Сафарғалиевтің пікірінше «Хаммердің сәтсіздігін автордың асығыстығы немесе дайын болмауы арқылы түсіндіруге болмайды. Оның қарсыластары кейде дәл осындай айып тағып, оны негізсіз кінәлаған. Алғаш рет сол кездегі зерттелмеген мұндай үлкен тарихи материалды зерттеу үшін бір зерттеушінің шамасы келмейтін. Хаммердің еңбегі Батыс Еуропаның шығыстық зерттеулеріндегі Алтын Орданың тарихы бойынша жалғыз зерттеу болып қала берді. Кемшіліктеріне қарамастан, өзінің ізашары француз шығыстанушысы Д'Оссонның жұмысының моңғол тарихын зерттеудегі ойнаған рөлі сияқты ол да Жошы ұлысын зерттеуде маңызды рөл атқарды [Сафаргалиев 1960, с. 5] . Йозеф фон Хаммер-Пургшталь кітабының бірталай бетін Орыс-ханның билігі және оның ұлдары Тоқтақия, Тимур-Мәлік және Құйыршық
2
жайлы сипаттама беруге арнаған. 1880 жылы Лондон қаласында ағылшын ғалымы және публицист Генри Хойл Хоуорс (Henry Hoyle Howorth) өзінің көп томдық «Моңғол тарихы: 9-дан 19 ғасырға дейін» атты еңбегінің екінші бөлімін жариялады, онда бірнеше тарау Ақ Орда және оның билеушілеріне арналған. Автор моңғолдардың шығыс Дешті-Қыпшақты жаулап алу тарихы, Жошы әскерінің Хорезмшах мемлекетіне қарсы әскери әрекеттері және оның әкесімен қарымы-қатынасы туралы толық баяндап берді [Howorth 1880, p. 25-35] . Ақ Орданың XIII-ші және XIV-ші ғасырдың екінші жартысындағы тарихын қарастырған кезде, тарихшы Марко Полоның Коничидің (Хоуорстың жазбасында Kochi) иелігі туралы мәліметіне сілтеме жасайды; араб авторларының Газна мен Бамиандағы Орда ұрпақтарының иелігі жайлы мәліметтерін және Коничидің мұрагерлерінің билік үшін күресіне қатысты ақпаратты талдайды; Сасы-Бұқа, Ерзен (Ебисан), Мүбәрак-қожа және Шымтай сияқты хандардың билігі туралы дереккөз ақпараттарын келтіреді; Орыс-хан дәуірін сипаттау кезінде Хоуорс өзінің австриялық ізашары фон Хаммер-Пургштальдың және орта ғасырлық тимурид тарихшысы Шараф ад-дин Йаздидің деректерін пайдаланған [Howorth 1880, p. 216-225] . Тараудың соңында ағылшын тарихшысы екі ескертпе берген, біреуінде Ақ Орданың шекарасын сызып және оның Сырдариядағы қалалары туралы ақпарат жинаған, екіншісінде Орданың ұрпақтарынан генеалогиялық схемасын көрсеткен [Howorth 1880, p. 283-291] . Осы жұмысқа дейін бірнеше жыл бұрын, Хоуорс Эдинбург қаласында Шотландиялық географиялық журналында Ақ Орданың тарихы бойынша "The Country of the White Horde of Kipchak" атты мақаласын жариялады [Howorth 1878, p. 171-175] . XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы Алтын Орда бойынша «Батыс» ғалымдарының басқа да неміс және ағылшын тілдеріндегі шығармаларында Орда ұлысының тарихының кейбір аспектілері қозғалған, бірақ олар жалпы тарихи көрініске елеулі өзгерістер енгізген жоқ. Орда ұлысының қазіргі заманғы шетелдік тарихнамасы жаңа дереккөздермен және олардың аудармаларымен байытылған, оларда Шығыс Дешті-Қыпшақ тарихының әртүрлі мәселелері әртүрлі дәрежеде қарастырылған. Алтын Орда бойынша деректану саласы мен мұсылман дереккөздерін батыс тілдеріне аударуға елеулі үлес қосқандардың бірі британиялық шығыстанушы профессор Джон Эндрю Бойл (John Andrew Boyle) . Сонымен қатар атақты француз ғалымдары - шығыстанушы Пол Пеллио (Paul Pelliot) және тарихшы Рене Груссе (Rene Grousset) де бұл салада үлкен жұмыс атқарған. Танымал америкалық монғолтанушы - профессор Томас Оллсен (Thomas
T. Allsen) 1982 жылы 29 қаңтарда Колумбия университетінде түркілердің тарихы мен мәдениетін зерттеу бойынша университеттік семинарда
XIII -XIV ғасырдың басындағы Орда ұлысының және оның ұрпақтарының тарихы бойынша баяндама жасады.
Бес жылдан кейін ол оны Archivum Eurasiae Medii Aevi журналының бесінші басылымында «The Princes of the Left Hand: An introduction to the history of the ulus of Orda in тхэ thirteenth and early fourteenth centuries» деген атаумен жариялады [Allsen 1985, p. 5-40] . Бұл ең бірінші және менің білуімше, бүгінгі күнге дейінгі қазіргі «батыс» тарихнамасындағы «сол жақ патшалар» Орда ұлысына арнайы жазылған жалғыз еңбек болып табылады. Мақалада барлық қол жетімді жазбаша (шығыс және батыс дереккоздері) және археологиялық дереккөздер негізінде сонымен қатар ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеу әдебиеттерінің негізінде саяси тарих, экономика, дін, этникалық құрам мен басқару жүйесінің мәселелері толығымен қарастырылған; мақаланың қосымшасында бірінші Чингизидтер мен Орда ұрпақтарының шежіресі, сондай-ақ шартты карта-схемасы берілген. Автор алғаш рет сол қанат ханзадаларының тарихын қарастыруда Рашид ад-диннің «Шу‛аб-и панджгана» және Абу-л-Касима ибн Али ибн Мухаммад ал-Кашанидің «Тарих-и Улджайту» еңбектерінің деректерін қолданған. Орда мен оның мұрагерлерінің иеліктерін белгілеу үшін,
бұл кезеңге барынша сәйкес келетіні Рашид әд-Дин терминологиясы болып табылады, ол Джучидтердің шығыс қанатын Орда ұлысы деп атаған, ал Орданың ұрпақтарын және оның бауырлары Удур, Тока Темур, Шингкур және Шингкумды "шах-задаган-и даст-и чап" деп атаған, ол "сол қанат ханзадалары" дегенді білдірген [Allsen 1985, p. 6] . Автор Орда ұлысының шекарасы жайлы дереккөз мәліметтерін талдап, Кончи патшаның тайга және тундрадағы иеліктері жайлы Марко Полоның танымал мәліметтерін түсіндірген және моңғолдардың ол жерде үнемі тұрмағанын, тек солтүстік ормандарының аңшыларының үстінен сюзеренитет жүргізгенін мәлімдейді [Allsen 1985, p. 12-14] . Орда ұлысының экономикалық негізін зерттей келе Т. Оллсен ол жерде таза көшпенділік болғанын жоққа шығарып оны тек «гипотетикалық құрылыс» деп санайды. Оның куәсі ретінде қазақстандық археологтар А. Х. Марғұлан және С. Жолдасбаевтың қазба жұмыстарының нәтижелерін келтірген, бұл нәтижелер Орталық Қазақстанның қыстақ елдімекендерінде егіншілік таралғанын дәлелдейді [Allsen 1985, p. 27-28] . Орда ұлысының тұрғындарының діни көзқарастарды сипаттау үшін Т. Оллсен Марко Полоның Начигай құдайы туралы мәліметтерін қолданған; зерттеушінің ойынша көшпенділер арасында бұрынғыдай пұтқа табынушылық, Коке Монгке Тәңірге және оның жер бетіндегі құдайларына табынушылық кеңінен таралған; бұл кезеңде Орда ұлысының көшпенділеріне ислам дінінің ықпалы әлсіз еді [Allsen 1985, p. 31] .
Автор Орда ұлысының халқын үш үлкен этникалық топқа бөледі: оңтүстіктің жергілікті түркітілдес көшпенділері, Сібір ормандарының жергілікті Орал халқы, сондай-ақ жаулаушылық жорықтардың нәтижесінде келген моңғолдар және тағы басқа ұлттар. Екінші топқа самоед халқы және угрлар жатады, автордың ойынша Орда ұлысының этникалық құрамын қарастырған кезде, «Қазақ КСР тарихының» авторлары сияқты бұл ұлттарды елеусіз қалдыруға болмайды [Allsen 1985, p. 32: note 125] . Т. Оллсен тарихнамада алғаш рет Орда ұлысының саяси дамуының кезеңділігін жасап, ол жерде төрт кезеңді атап өтті: отбасының батыс тармағына тәуелділік кезеңі ; тәуелсіздік кезеңі; тәуелділікке қайтып бару кезеңі; және Орда ұлысының батыстағы туыстарына үстемдік кезеңі [Allsen 1985, p. 36] . Әлеуметтік құрылым тұрғысынан Орда ұлысы консерватизм мен дәстүрлілік сипатына ие түзелмейтін көшпенділердің қоймасы ретінде анықталады. XIV ғасырдың соңында Алтын Орданың бұрынғы хандарының орнына келгенде сол қанаттың ханзадалары ежелгі дала дәстүрлерінің қамқоршысы ретінде әрекет етті [Allsen 1985, p. 37-38] . Орта Азияның ортағасырлық тарихының израильдік зерттеушісі профессор Михал Биран (Michal Biran) өзінің «Qaidu and the Rise of the Independent Mongol State in Central Asia» атты монографиясында Угедей ұрпағы Кайду мен Алтын Орда мен Ақ Орданың Джучидтері арасындағы қарым-қатынас тарихын қарастырған [Biran 1997, p. 63-66] . Рашид ад-Дин және Юань Шидің ақпараттарына сүйене отырып, ол Ақ Орда билеушісі Баян хан мен Кайду ханның күресінің қиын-қыстауларын және Баян ханның Юань империясының императоры, Иранның Ильханы және Бадахшанның билеушісінің қатысуымен Кайдуға қарсы моңғол коалициясын құру әрекеттерінің сәтсіз аяқталғанын анықтады. Юань имперясының негізін қалаушы Хубилайдың немересі әрі мұрагері Темур анасының сөзін тыңдап, Қытайдағы күштерін нығайтуға және алыс әскери жорықтарға жұмсамауға шешім қабылдап, Батыстағы жаңа соғысқа қатыспады. М. Биран Баян және Темурдың осы байланыстарын 1298 жылдың басына жатқызады [Biran 1997, p. 50] . Ақырында Темур, Қайдудың Джучидтер мен Ильхандармен соғыс барысынды әлсіреуін пайдаланып, Кайдуға қарсы шешуші шабуыл жасауға шешім қабылдады, және бұл әрекеттер жөнінде ықтимал одақтастарымен келіспеген болуы керек [Biran 1997, p. 52] . М. Биранның айтуынша, Орданың ұрпақтары тек «теориялық жағынан» Алтын Ордаға бағынған ал шын мәнінде олардың өздерінің тәуелсіз ұлыстары болған - «independent ulus» [Biran 1997, p. 64] . XIII - XV ғасырдың басындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ тарихының көптеген мәселелері басқа да қазіргі заманғы «батыс» зерттеушілерінің жұмыстарында қозғалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz