Гуашь бояуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I-Тарау Кескіндеме ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Кескіндеме тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.2.Гуашь бояуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
I-Тарау Кескіндеме
1.1. Кескіндеме тарихы
Кескіндеме, кескіндеу өнері -- бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді.
Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде Кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір де тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі масаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суретшінің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Кескіндеме - тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
1. монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);
2. қондырғылы кескіндеме - суреттер, яғни картиналар;
3. сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).
4. Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады.
Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да Кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.
Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар.
Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.
Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады.
Кескіндемелік шығармалар
* ұзыншалай жатығынан бейнелеу,
* көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді.
Кескіндеме шығармалары негізге(кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеме нің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі. Барлығы да Кескіндеме туындысының жалпы идеясына, стиліне, көркіне сай және жарасымды болуға тиісті.

Тарихы
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 - 8-мыңжылдық) саяды (мысалы, Оңтүстік Франциядағы Фон-де-Гэм, Солтүстік Испаниядағы Альтамирүңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір Кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние Кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы Кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндеме сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мысалы, Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орталық Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік Кескіндеме дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзірбайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.
Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған Кескіндеменің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның Кескіндемелері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланд) Кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: [[Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда)]].
Леонардо да Винчи
17 - 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия(М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.
Психол. мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. 17 ғ-да жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17 - 18 ғасырларда монументтік-сәндік Кескіндеме (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеум. жіктелу - осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). 19 ғ-да Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада Кескіндеме нің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, т.б.) Кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері: Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде), т.б. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары Кескіндемеде жаңа бағыт туғызды.
Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы Кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, "модерн" өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік Кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық Кескіндеме техникасы жасала бастады.
19 ғ-дың аяғында және 20 ғасырдада дүние жүзі бойынша Кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде Кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм К-сінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара "модерн" Кескіндемесінде де 20 ғ-ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады.
Мона Лиза (Ritratto di Monna Lisa del Giocondo), Леонардо да Винчи
20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка Кескіндемесі "топ-арттың" бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік Кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар - Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.
Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 - 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 - 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады.
Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше Кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 - 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 - 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz