Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Осы уақытқа дейін зерттелмей келе жатқан көптеген идеялар, талқыға түспеген ой-пікірлер бар. Солардың бірі ауыз әдебиетіндегі адамның жас ерекшеліктерінің педагогикасы мен психологиясы. Қазіргі таңда отбасы, балабақша, мектеп, орта, жоғары оқу орындарында оқу тәрбие үрдісін ұлттық негізде ұйымдастыру мәселесіне ерекше мән берілуде. Яғни халқымыздың адамның жас кезеңдеріне қатысты ой-пікірлерінің және тәрбиені соған сәйкес ұйымдастыру туралы өмір тәжірибелерінің өзіндік орны бар. Тақырыпты негізге ала отырып, адамның өсіп-жетілуіне қатысты ойларды зерделей келе түйгеніміз, Қазақстандық педагог ғалымдар мен аты аңызға айналған ұстаздар еңбектерінде жалпы адамның өсіп-жетілуіндегі психо-физиологиялық өзгерістерді пайымдауда шетелдік, ресейлік және одақ кезіндегі ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге сүйенген. Бірақ оларда ұлттық өмірдегі тәлім-тәрбиелік ұстанымдар ескерілмеген, қазақ ұғымына жақындатылмаған. Мұнда олар ұлттық салт-дәстүр, сана-сезім, жүріс-тұрыс, мінез-құлық ерекшеліктерін ұлттық тәлім-тәрбие ерекшеліктерінің келіп шығу тегін, онда әрбір жас шағымен кезеңдердің маңызын, сипатын толық зерделеп көрсетпеген. Тек соңғы кездегі жетістіктердің бірі деп Ж. Баймағамбетованың кандидаттық диссертациясын атап өтуге болады. Ол ақын-жыраулар шығармаларындағы жас кезеңдеріне қатысты ой-пікірлерге педагогика-психология тұрғысанан жан-жақты талдау жасаған.
Ал біздің тақырыбымызға байланысты сөз етсек, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі, атап айтқанда, ертегі, аңыз-әңгіме, шешендік сөз, мақал-мәтел, жыр, терме, дастандардың тәлімдік ой-пікірлерінде бір жастан бастап, яғни туғаннан есейіп ер жеткенге дейінгі жас кезеңдері көп айтылып, үлкен сүйіспеншілікпен жырланады. Жас кезеңдеріне орай бұл шығармалардан ұтымды тәлімдік ой-пікірлер кездестіреміз.
Тәлім-тәрбиені халықтық педагогика негізінде ұйымдастыру мәселесін шешуде баланың жас ерекшеліктеріне берілген ұлттық сипаттамасы, төл тәрбиені ұтымды ұйымдастырудың бірі болмақ. Осылардың барлығы мынадай қайшылықтарды айқындайды - қазақ фольклорындағы жас кезеңдеріне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялардың болуы мен олардың осы кезге дейін зерттелмеуі; жас ерекшелік туралы ұлттық ұғымдардың болуы мен олардың ғылыми-педагогикалық айналымға енгізілмеуі. Осы қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіру зерттеу мәселесін айқындады.
Зерттеудің мәселесі қазақ фольклорындағы өмір жас кезеңдеріне қатысты тәрбиелік идеяларды айқындап, ой-тәрбие мұрасына ендіру. Бұл зерттеуіміздің тақырыбын «Адамның жас ерекшелігінің қазақ фольклорында көрініс табуы» деп айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ фольклорындағы адамның жас кезеңдеріне қатысты тәрбиелік ой-пікірлерін айқындап, сипаттама беру арқылы олардың бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарына ендірудегі маңызын ашып көрсету.
Зерттеу нысаны: Қазақ фольклорындағы педагогикалық ойлар. Оның бала тәрбиесіндегі өзіндік орны.
Зерттеу пәні: жас кезеңдеріне қатысты тәлім тәрбиелік ой-пікірлердің қазақ халық ауыз әдебиетінде көрініс табуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазақ фольклорындағы жас кезеңдеріне қатысты ой-пікірлер айқындалса, оны ұстаздар күнделікті оқу тәрбие үрдісінде қолданатын болса, онда бұл үрдіс тәлім-тәрбие жұмыстарын ұлттық сипатта ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ фольклорындағы адамның жас кезеңінің қалыптасу жолдарын анықтау;
- қазақ фольклорындағы жас кезеңдеріне байланысты педагогикалық ой-пікірлердің тәлім-тәрбиелік мәнін анықтау;
- қазақ фольклорындағы адамның дүниеге келген сәтінен бастап, дүниеден өткенге дейінгі жас кезеңдерінің тәлім-тәрбиелік маңызын ашып көрсету;
- қазақ фольклорындағы жас ерекшеліктеріне қатысты ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша арнайы курстың мазмұнына сипаттама беру;
Зерттеудің жетекші идясы - адамның жас кезеңдері педагогиканың, психологияның негізгі ұғымдарының бірі болғандықтан, тарихи педагогикалық тұрғыдан қарастырып, оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - білімде, тәрбиеде әлеуметтік орта мен жеке тұлғаның байланыстылығы, жеке тұлғаның дамуындағы табиғи болмысының заңдылықтары туралы диалектикалық ілімдер, педагогика, психология, тарих, әдебиеттануға қатысты зерттеулер.
Зерттеу көздері - ТМД елдері мен Қазақстанда шыққан педагогикалық, психологиялық еңбектер мен қазақ тарихы мен қазақ әдебиетіндегі материалдар, ұлттық психология мен педагогиканы, халқымыздың мәдени байлықтарын зерттеуге арналған Кеңестер Одағы кезінде жарық көрген педагогикалық, психологиялық, тарихи-этнографиялық зерттеу еңбектерін талдау, Қазақстан Үкіметі қабылдаған ресми материалдар: Конститутция, заңдар мен қаулылар, білім министрлігінің оқу тәрбие, ғылыми жұмыстарды дамытып жетілдіруге арналған құжаттар, бағдарламалар, тұжырымдамалар, нұсқаулар т. б.
Зерттеу әдістері - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мұралары; Ұлттық кітапханадағы сирек кітаптар қоры; интернет жүйесіндегі шетелдік педагог, психолог мамандары еңбектерінің мазмұндамасы, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар мен мерзімді басылымдар; адамның өсіп-жетілуі мен дамуына байланысты философиялық, тарихи-этнографиялық, әдебиеттану, педагогикалық-психологиялық оқу-әдістемелік еңбектерді талдау, тарихи-педагогикалық сипаттама беру, салыстыру, жинақтау, қорыту т. б.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде - зерттеу мәселесіне қатысты философиялық тақырыптың зерттеу тетіктерін меңгеру, педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, әдебиеттану қазақ халқының ауызекі тараған материалдарына қатысты еңбектер мен диссертациялар, монографиялар, жеке мақалалар, этнопедагогика мен этнопсихология әдебиеттері талданды; ресми құжаттар мен мерзімді басылымдардың материалдары жинақталып, мәселенің ғылыми негіздері зерделеніп, топталған материалдарға талдау беріліп, жіктеу, салыстырмалау, топтау тәсілдері қолданылды.
Екінші кезеңде - қазақ фольклорындағы жас ерекшеліктеріне қатысты жинақталған ой-пікірлері, педагогика, жас және педагогикалық психология, тәрбиелеу әдістемесі және басқа да ғылыми педагогикалық әдебиттердегі материалдармен салыстырылып, сұрыпталып, жинақталып қорытынды жасалды. Осы кезеңде «Қазақ фольклорындағы жас кезеңдерінің тәлім-тәрбиелік мәні» тақырыбындағы арнайы курстың бағдарламасы жасалынды.
Үшінші кезеңде - жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып жүйеге келтірілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ фольклорындағы жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеу туралы ой-пікірлер алғаш рет ғылыми педагогикалық айналымға түсті;
- қазақ фольклорындағы жас ерекшеліктеріне қатысты педагогикалық ой-пікірлердің мазмұны ашылды;
- қазақ фольклорындағы жас кезеңдері педагогикасын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мүмкіндіктері белгіленді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қазақ фольклорындағы педагогикалық идеялардың жүйесі;
- қазақ фольклорындағы 1-6 және 7-14-ке дейінгі жас ерекшеліктеріне қатысты тәрбиелік ой-пікірлер;
- қазақ фольклорындағы жас ерекшеліктеріне байланысты ойлардың бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарына ендіру мүмкіндігі.
Диссертацияның құрылымы: диссертация - кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде - зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші пікір, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні анықталып, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі көрсетілді.
Бірінші бөлімде - тақырыптың зерттелуі зерделеніп, оның осы уақытқа дейін ғылыми педагогикалық тұрғыда қарастырылмағаны дәлелденді. Осы тарауда қазақ фольклорындағы 1-ден 6 жасқа дейінгі және 7-ден 15 жасқа дейінгі баланың өмір кезеңдеріне қатысты педагогикалық ой-пікірлері айқындалды, сипаттама берілді. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ой-пікірлерінің ғылыми педагогика, психологиямен сәйкестігі, ерекшеліктері дәлелденді.
Екінші бөлімде - қазақ фольклорындағы жалпы жасөспірім жасындағы бойжеткен мен бозбалаға қатысты тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді зерделей келе, оның бүгінгі жастарды ұлттық рухта тәрбиелеудегі мәнін, маңызын ашып көрсетуге ұмтылдық. Адамның өмір жасының он бес жас кезеңі бүкіл адамзат қауымына қадірлі. Қазақта бұл кәмелетке толған, ересектікке бет бұрған кез. Осыған орай, қазақ халқының ауызекі тараған шығармаларының өзгешелігі айқындалып, ғылыми педагогика мен психологияны жаңа идеялармен толықтыратыны дәлелденді. Осы бөлімде «Қазақ фольклорындағы жас кезеңдерінің тәлім-тәрбиелік мәні» тақырыбындағы арнайы курстың мазмұнына сипаттама келтірілді.
Зерттеу жұмысының қорытындысында қазақ фольклорындағы адамның өмір жас кезеңдеріне байланысты ойлары жинақталып, ұсыныстар берілді.
1 Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
- 1. 1 Қазақ тәлім-тәрбиесіндегі жас ерекшеліктері туралы тарихи-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу
Қазақстандағы қоғамдық жаңғырулар Отандық педагогика ғылымының дамып, жаңа деңгейге көтерілуіне шарт түзді. Әсіресе, этнопедагогика мен этнопсихологияға қатысты ашылған тың ой-пікірлер тәлім-тәрбие саласын ұлттық негізде жетілдіруге мұрындық болып отыр. Алайда адамның жас ерекшеліктеріне қатысты қазақтың халықтық педагогикасындағы ұғымдар мен түсініктер, олардың мазмұны осы уақытқа дейін кеңінен зерттелмегендігіне ғылыми педагогика мен психологияға қатысты еңбектерді зерттеу барысында көз жеткіздік.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: « . . . өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар» - деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны окыту үрдісін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және корытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксцерименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің исихикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы мен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б. ), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс психологы П. Ф. Каптеревтің Америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды. Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезеңдегі жалпы психология педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ғана білім қорын бере алатын.
Адамның психологиялық дамуының жас кезеңдері
а) адамның өмірлік жас циклінің жас кезеңдері, жас психологиясының негізгі мәселелерінің бірі өмірлік циклдің кезең мәселесі. Үрдістердің әр келкілігі және дамудың ішкі қарама-қайшылықтарының айнасы ретінде тұлға қалпының, ауысып отыруының гетерхрондылығы өмірдің әртүрлі мүмкіндігінен тұрады. Мысалы, кейбір кездері адамдардың ерте қартаюы және ұзақ өмір сүруі. Шындығында шығармашылық әрі физикалық жағынан 30 жастағы шал болуға да болады немесе 70 жастағы «жас» адам болуға да болады. Біз төменде жас шақтарының кезеңдерге бөлінуінің бірнеше үлгісін беріп отырмыз.
- Гиппократтың жас шақтарының жіктелуі (б. з. д. ІV ғ. )
- Бірінші кезең - 0-7 жас;
- Екінші кезең - 7-14 жас;
- Үшінші кезең - 14-21 жас;
- Төртінші кезең - 21-28 жас;
- Бесінші кезең - 28-35 жас;
- Алтыншы кезең - 35-42 жас;
- Жетінші кезең - 42-49 жас;
- Сегізінші кезең - 49-56 жас;
- Тоғызыншы кезең - 56-63 жас;
- Оныншы кезең - 63-70 жас.
- 1965 жылы Москвада Халықаралық симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің жіктелуі:
- Жаңадан туған бала - 1-10 күн;
- Емшек еметін бала - 10 күннен - 1 жыл;
- Балалықтың ең ерте кезі 1-2 жыл;
- Балалықтың 1-ші кезеңі 3-7 жас;
- Балалықтың 2-ші кезеңі 8-12 жас ұлдарда, 8-11 жас қыздарда;
- Жасөспірім шақ 13-16 жас ұлдарда, қыздарда 12-15 жас;
- Бозбалалық шақ 17-21 жас ұлдарда, қыздарда 16-20 жас.
Орта (кемеліне келген) жас:
- Бірінші кезең 22-35 жас ерлерде, 21-35 жас әйелдерде;
- Екінші кезең 36-60 ерлерде, 36-55 әйелдерде;
- Егде жас 61-74 ерлерде, 56-74 әйелдерде;
- Қарттық жас 75-90 ерлер мен әйелдерде.
90-нан асқан қарттар (ұзақ жасаушылар) .
- Жас кезеңдері Д. Б. Бромлей (1966) бойынша:
1-цикл - құрсақтағы:
1-саты - зигота (ұрықтанған жұмыртқа) ;
2-саты - эмбрион (биологиялық дамудың ең ерте сатысы) ;
3-саты - ұрық (биологиялық дамудың кейінгі сатысы) ;
4-саты - өмірге келген кез (ана ағзаның ішкі ортасына сыртқы ортадағы өмірге ауыстыру) .
2-цикл - балалық шақ - 0-11-13 жас:
1-саты - сәбилік кез - туған күнінен бастап 18 айға толған шағына дейін;
2-саты - мектеп жасына дейінгі кез 18 айдан 5-жасқа дейін;
3-саты - мектеп жасының ерте кезі 5 жастан 11-13 жасқа дейін;
3-цикл - жасөспірімдік - 11-13-21 жас:
1-саты - жыныстық пісіп жетілуі - алғашқы жасөспірім шақ 11-13-15 жас;
2- саты жасөспірімдіктің соңы 15-21 жас;
4-цикл - ержету - 21-65 жас:
1-саты ержетудің ерте кезі 21-25 жас;
2-саты ержетудің орта кезі 25-40 жас;
3-саты - ержетудің соңғы кезі 40-50 жас;
4-саты - зейнеткер жастың алдыңғы кезеңі 55-60 жас.
5-цикл - қартаю - 65-70 жас:
1-саты - жұмыстан босатылу 65-70 жас;
2-саты - қартаю 70-тен аса;
3-саты - қаудыраушылық, аурушаң, қарттық, өлім - (ең ұзақ жас 110 жасАнглия мен Батыс Еуропада) .
- Э. Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары:
- Сәбиліктің ерте кезі - туған күннен 1 жасқа дейін;
- Сәбиліктің кейінгі кезі - 1-жастан 3 жасқа дейін;
- Балалық шақтың ерте кезі 3-5 жас;
- Балалық шақтың орта кезі 5-11 жас;
- Жыныстық жетілуі, жас өспірімдік және жастық 11-20 жас;
- Ержетудің ерте кезі 20-40-45 жас;
- Ержетудің орта кезі 40-45-60 жас;
- Ержетудің кейінгі кезі - 60 жастан жоғары. [84]
Енді зерттеуге алып отырған мәселеге қатысты деген біршама еңбектерді қарастырып көрелік.
Түрік тектес халықтардың әлемге әйгілі ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби [1] адам пайда болған соң бойына бітетін сипаттардың дамуын үш кезеңге бөледі. Ең алдымен бітетін нәрсе күш «Ол осы күш арқылы қоректенеді», жылы, суық, иіс, дыбыс, түр-түс, дәм т. б. ажыратады. Екіншісі - қиялдану күші, «мұның өзі түйсік біткенді өзара біріктіреді . . . талапты демеуші болады». Үшіншісі - «ойлау күші болады, осы арқылы . . . пайымдалатын нәрсеге ынтыққан талапты демеуші» дейді. Көріп отырғанымыздай ғұлама адамның дамуындағы басып өтер жолын «күш» - біз мұны қуат (энергия) де пайымдадық, одан соң қиял - талапқа түрткі беретін күш, үшіншісі «ойлау» - екендігіне меңзейді.
Адамның өсу үрдісіндегі жас ерекшеліктерін арнайы нысана етіп алғанымен осыдан бес жүз жыл бұрын өмір сүрген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы [2] «Шипагерлік баяны» атты еңбегінде адамның өмір жасының мүшел есебіне сәйкес бөлінетіндігін жазған. Ол он жас еркелік мүшел, өзек мүшел 25, 37, 49, 61, 73 жас» деп және олардың қуаттылығына сипаттама берген. Бұдан, адам 12-13 жасқа дейін бала, 25 жасқа дейін бозбала, немесе бала жігіт, одан әрі қарай ересектер қатарына қосылады деген ой туады. Ғұлама адамның өмір өмір жасын көбінесе ем қонуы, физиологиялық процестерге қатысты белгілеген. Адамның өмірін он екі жылдық мүшел арқылы кезеңдерге бөлуде бабаларымыз осы мерзім аралығындағы дене бітіміндегі өзгерістер мен бірге ішкі жан дүниесіндегі дамуды ескергендігі анық. Алайда халық календары, ғарыштағы құбылыстар, табиғаттағы процестердің себеп салдары олардың адам өміріне ықпалын зерттеген ғалымдар Х. Әбішев [3], М. Ысқақов [4] т. б. мүшел ұғымының келіп шығу себебін анықтауға ұмтылған.
Абай Құнанбаев [5] шығармаларында бала жігіт, қарт, ересек адам туралы пікірлер өте көп және өтпелі жас кезеңдеріне сипаттама беруден де ақын тысқары қалмаған. Ол өсу жолындағы жас кезеңдері - жігіт, бала, ересектікті адамның өмір жасының түйінді сәттері ретінде қарастырған және осы жас кезеңдерінің әр қайсысының тиімді жақтарымен қатар кемшіліктеріне де тоқталады және оларды жою, жақсы тұстарын жетілдіру жолдарын да өлең сөзбен жеткізеді.
Бүгінгі күні әлемге әйгілі, ғұлама ғалым Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастарына қатысты бірнеше еңбектердің бар екені белгілі. Бұл тақырыпқа А. Байтұрсыновтан бастап белгілі ақындар, ғалымдар қайырылып келеді. Кейінгі кездері А. Құнанбаевтың көзқарастарына қатысты орындалған К. Шәймерденованың «Абайдың педагогиикалық көзқарастары» және І. Р. Халитованың «Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу тарихы (1960-1995 жж. ) » [6] - докторлық диссертациясын атауға болады. Ғалым осы зерттеудегі «Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде жас ерекшеліктері жайлы пікірлерін ескеру мәселесі» тақырыбында ұлы ақын, ғұламаның жас ерекшеліктеріне қатысты ой-пікірлерін саралауға ұмтылған. І. Р. Халитова ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі осыған орай пікірін «Абайдың өлеңдері мен қарасөздеріне қарап отырсақ, адамның өсіп-жетілу кезеңдерін өмір диалектикасымен тығыз байланыстыра отырып, сипаттағандығын байқаймыз . . . ақын өлеңдері қара сөздерінде, көбінесе әр түрлі жас кезеңдеріндегі адамдардың ақыл-парасаты, іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ішкі дүниесі, өмір сүру мен күн көрісі тағы басқаларына мінездеме беріп сипаттайды» дей келе ол ақын мұрасында бала, бозбала, жігіт, ер жігіт, үлкен адам, қарт кезеңдеріне қатысты идеялардың бар екендігін дәлелдеуге ұмтылған. І. Р. Халитова ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер, сілтемелер бере отырып, өз пікірін белгілі ғалымдар В. С. Мухина [7], Р. С. Немов [8], А. В. Петровский [9] т. б. жас кезеңдерін зерттеген ғалымдардың еңбектерін келтіре дәлелдеуге күш салған. Сонымен бірге І. Р. Халитова Абай мұрасын оқытуда оның жас ерекшеліктеріне қатысты пікірлерін ескере отырып шығармаларын таңдап алу керек екендігін белгілейді. Ол қай сыныпта ақынның қандай шығармасын оқытса тиімді болатындығына тоқталған.
Қазақстандық педагогика ғылымына іргелі үлес қосқан ұстаз, ақын М. Жұмабаев [10] «Педагогика» - ғылыми-педагогикалық еңбегінде дене тәрбиесі және жан тәрбиесі туралы айта келіп адам баласы дүниеге келген өмірінің алғашқы кезеңіне « . . . адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады . . . іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан» - деп белгілейді. Одан соң мұнда ол, жаңа туған баланы тәрбиелеудің маңызды мәселелері - дене тәрбиесі баланың физикалық өсуіне шарт түзетін қажетті жағдайлар мен іс-әрекеттерді нақтылайды. Атап айтсақ, баланың салмағын өлшеу, температураны дұрыс ұстау, дем алу, тамыр соғуын бақылау, оның ортаға бейімделуі үшін қажетті - бөлме дайындау, азығын әзірлеу, емшектен айыру, т. б. тәптіштеп ғылыми тұрғыда сипаттаған. Сонымен бірге ол кейбір қазақ әйелдерінің баланы дұрыс тәрбиелемей, оған немқұрайдылықпен қарайтындығын сынап өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz