ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Девиантты мінез-құлықты жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.

Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлықының басқа да түрлері .

  1. Қараусыз қалған балар мен жасөспірімен жүргізілген әлеуметтік жұмыстар.

Жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстарының бұзылуы.

3. Жастар ортасындағы нашақорлық, тосикомания және маскүндік - әлеуметтік жұмыстардағы көкейкесті прблемалар

Нашақорлық- жастар ортасындағы девианттық мінез құлықтың ең қауіпті нысандары.

І ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР

Жастардың девиантты мінез-құлқы: түсінігі, жіктелуі және жастар девианттылығының факторлары

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы - зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең таралған.

Жастар арасындағы теріс қылықтар реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асоциальдық, антисоциалдық, девиантты, делинквентті, аддиктивті мінез-құлықтар. Оның әрқайсысы жас адамның белгілі-бір мінез-құлық «кесіндісін», қоғамға тән мінез-құлық нормаларынан белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез-құлық», себебі барлық әлеуметтік мінез-құлықты қалыпты және девиантты (лат. - жалтырау, ауытқу) деп екіге бөлуге болады.

Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қоланылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс-әрекеттері жатады. Осыны түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Әлеуметтік норма нақты қоғамда тарихи қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлуметтік ұйымдар мінез-құлықтың, әрекеттің шегі, шарасы, мүмкіндік (рұқсат етілген немесе міндетті) аралығымен анықталады [1] . Әлеуметтік нормалар қоғамды мінез-құлық (өзара әрекеттестік) эталондарымен (стандарттармен) қамтамасыз етеді және топтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды тұрақтандыру (реттеу) қызметін атқарады. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез-құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық, моральдық және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді.

Нормалар тарихы негізделген және қозғалмалы. Бірақ, олардың қарқындылығы мен сипаты әртүрлі әлеуметтік жағдайларда әртүрлі. Реформалы қоғамда, соның ішінде қазіргі қазақсатндық қоғамда күрделі жағдай орнайды, ол әсіресе бір нормалардың бұзылып, басқа нормалардың жасалмауынан болады, соның өзі-ақ девиантты мінез-құлықтың әртүрлі формада өсуіне әкеп соғады.

Нормадан ауытқу жағымды (қоғамдық жүйенің дамуына бағытталған, мінез-құлықтың ескірген, консервативті немесе реакциялық стандартарын жеңу) және негативті, жағымсыз болуы мүмкін. Соңғы түрі әлеуметтік қызметкер мен әлеуметттік педагог үшін кәсіби қызығушылық туғызатын объект болуы керек.

Негативті девиантты мінез-құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды- қоғамда қабыладанған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, делинквентті (лат. - теріс қылық жасау, заң бұзушы) - қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға қайшы келеді және қылмыстық - қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.

Батыстың әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық әдебиеттерінде соңғы уақыттары «девиантты мінез-құлық» деген түсініктің орнына «проблемалық мінез-құлық» терминін қолданып жүр, олардың ойынша, бірінші түсінікте адам құқығын жәбірлеу реңкі бар. Проблемалық мінез-құлық интерналистік (өзіне бағытталған) және экстериалистік (басқаларға бағытталған) болып бөлінеді. Сонда асоциальды мінез-құлық түбінде экстериалистік проблемалық мінез-құлыққа жатады екен.

Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлер бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі:

  1. реактивті негізделген (қашып кету, суицидтер), әдетте психиканың зақымдануы негізінде болады;
  2. дұрыс берілмеген тәрбие нәтижесінде болатын, жеке адамның төменгі моральдық деңгейінен болатын түрі (есірткі қолдану, маскүнемдік, құқық бұзушылық) ;
  3. биологиялық фактор негізінде болатын патологиялық дерт (садизм және т. б. ) негізінде болады.

Басқалары девияцияны екі негізгі бағыттта қарастырады:

  1. бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша- делинквенттік, үйден қашып кету, қаңғыру, ерте маскүнемдік, сексуальдық девиациялар, суицидтік мінез-құлық;
  2. биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, факторлар, дәлелдерге қатысты, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық жас ерекшеліктері.

Үшінші авторлар жасөспірімдер мен жастардың мінез-құлықтарының барлық бұзылуларын девианттық мінез-құлық және психикалық ауруларға байланысты бұзылған мінез-құлықтар деп бөледі [2] .

Әлеуметтік, әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық жұмыс үшін негізгі түсініктер туралы білу әрине өте маңызды, бірақ әртүрлі әлеуметтік патология формаларымен (маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыс және т. б. ) зардап шегетін тұлғалардың девиантты мінез-құлықтарының себебін анықтап алу одан да маңызды.

Девианттық мінез-құлық факторлары күрделі жүйені құрады, оның түрлерін әртүрлі негіздері бойынша жүзеге асыруға болады, мысалы, барлық асоциальдық нысандарға ортақ макросоциальдық және микросоциальдық және әрбір жеке «қауіпті топтарға» арналған арнаулы; ішкі, психологиялық, сыртқы, орташа және т. б. Оның үстіне осы факторлардың бір-бірімен өзара байланысы, өзара әрекеттестікте екенін ескерген дұрыс.

Қазіргі уақытта кең таралған бәріне ортақ, макросоциадық девиантты мінез-құлықтың себебі қоғамның әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістер, ол «маргинализация» түсінігімен байланысты, яғни оның (қоғамның) тұрақсыздығы, «аралықтығы», «өтпелілігі». Жалпы экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, бұрынғы өмір салтының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар жүйесінен бас тарту әлеуметтік девияцияға әкеп соғады.

Әлеуметтік құбылыс ретіндегі девиантты мінез-құлықтың екінші себебіне әлеуметік теңсіздік, қажеттіліктерді қанағттандырудың шынайы мүмкіндіктері арасындағы қоғамдық айырмашылықтар, ол ең алдымен жеке бастың жеке қоғамдық топтың әлеуметтік айқындамасына (жағдайына), олардың қоғамдық құрылымдағы орнына байланысты. Қанағаттандыру мүмкіндіктерінің арасындағы айырмашылық витальдық (өмірлік күшті қолдау қажеттілігі) себепке ғана байланысты емес, біздің жағдайда беделге, мәртебеге, өзін көрсетуге және т. б. деген әлеуметтік қажеттілктердің аса маңыздылығы қарсы реакцияны тудыруға, соған сәйкес девиантты мінез-құлық танытуға әбден себеп болады. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, девиантты мінез-құлықтың негізгі себебіне материалдық және рухани қанағаттандырудағы мүмкіндіктердің дәрежесі, айырмашылық аумағы, «бөлінуі» жатады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, «дейильді коэффициент» (10% ең бай адамдар мен 10% ең кедей адамдар арасындағы табыс деңгейінің айырмашылығы) деп атауға болатын әлеуметтік қолайлы деңгейіне 4- 6-ның 1-ге қатысы жатады. ТМД елдерінде бұл көрсеткіш осы деңгейден әлдеқайда “шкаладан асып тұр”. Қазақстанда ең байлардың 10% мен ең кедейлердің 10% ақшалай табыс деңгейінің алшақтығы 1999 жылы 11 ретті көрсетті, ал реформадан бұрынғы жылдары бұл 4 реті ғана көрсеткен. Егер қалада осы коэффициент 10, 4-ке тең болса, аулдық жерде ол - 18, 4-ке тең [3] .

Девиантты мінез-құлықтың таралуына моральдық-этикалық факторлар да әсер етеді. Жастарға “капиталдың алғашқы жиналу кезеңі” деп атауға болатын моральдық бетімен кету жағдайында, қоғамның экономикалық өмірі базарға ұқсап, барлығы сатылып, сатып алынатын кезде, адамның тәнін, тіпті өмірін (өзінің және басқаның) сату үйреншікті жағдай болып есептелетін кезде өмірге жаңа көзқараспен қарауға тура келеді. Мұндай жағдайларда көптеген жастар жалпы көпшілік қабылдаған құқықтық және адамгершілік мінез-құлық нормаларынан бас тартуды ақтайды, немесе оған селқостық танытады. 1997 жылы Белоруссия студенттерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей 50% жасөспірімдер мен 60, 7 % студенттер маскүнемдіктің таралуында, 43% жасөспірімдермен шамамен 50 % студенттер ақшаға құмар ойындар ойнауда, екеуінің бестен бір бөлігі жасөспірімдердің қаңғыруында аса әлеуметтік қауіп жоқ деп есептейді [4] . Дәл осындай үрдістер Ресей Федерациясында байқалған, ол туралы мысалы Свердлов облысының жұмысшы және оқушы жастарының “Сіз өзіңіздің құқық бұзушылық әрекетке бара алатыныңызды жорамалдай аласыз ба?” деген сұраққа: жорамалдай аламын - 38%, жорамалдай алмаймын - 30%, жауап беруге қиналамын - 32 % деп жауап берген [5] .

Қазақстандағы жасы кәмелетке жетпеген құқық бұзушылардың әлеуметтік портреті мынаны көрсетті, олардың 60, 6% өмірден өз орындарын тауып, қалыпты өмір сүруге қажеттілердің боланын қалайды екен. Бірақ

38, 2 % респонденттер бұл молшылыққа қылмыстық жол арқылы жеткісі келеді екен [6] .

Девиантты мінез-құлықтың күшеюінің маңызды факторларының біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның орнына өкілдеріне селқос қарау жатады.

Білім жүйесінің жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің әсерінің азаюы, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтық “вакумға” әкеліп соққан заң шығару ісіндегі “тоқтаулар”, құқық қорғау органдарының жұмысының тиімсіздігі- осының барлығы жастарда өздерінің өмірлік проблемаларын заңды “айналып”, соның ішінде қылмыстық жолмен шешуге мүмкіндік алуының қалыптасуына әкеп соқты.

Осы аталған девиантты мінез-құлықтардың макро факторларының әрекеті жастардың өзінде әртүрлі дәрежеде қабылданады. Қазақстан социологтарының “Жастардың кейбір бөлігінің ортасындағы теріс құбылыстардың себебі неде?” деген сұраққа көптеген (52%) респонденттер: экономикалық дағдарыста, инфляцияда деп жауап берген. Екінші маңызды себеп: өмірдің төмен материалдық деңгейі деп сұранғандардың 43% көрсеткен. Үшінші көрсетілген себеп: тәрбие жұмысының, әсіресе мекен-жайына байланысты төмен деңгейі (39%) [7] .

Екінші модель мыналардан көрінеді:

1. Эскапизм формасынан, шындықтан, жүзеге асыруға болатыннан бас тарту, соның ішінде ерікті маргинализация, қоғамнан жекелей немесе топпен бөліну (қаңғыбасты, бомжизм және т. б. ) . Әдетте мұндай ерікті “ерекшелік” көптеген мәдениетке қарсы құбылыстарда конформизмге қарсы келу түрінде пайда болады (хиппи мен соған ұқсастары) .

2. Ашық қарсылық түріндегі делинквенттілік немесе қылмыстық девиация формасынан.

Бірінші модель тұрақты қоғамда пайда болса, екінші модель өтпелі қоғамда пайда болады.

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін жастар ортасында девиацияның пайда болуына әсер ететін микросоциалдық факторларды білу де маңызды. Микросоциалдық факторларға әдетте жасөспірімдер мен жастардың үш негізгі өмірлік әрекеттерінің салаларын жатқызады: отбасы, мектеп және құрдастарының референттік тобы, оларға белгілі-бір жас келгенде әсер қатары, жұмыс орны қосылады.

Отбасы тәрбиесі салаларында қолайсыз факторларға гиперопека және гипоппека деген сияқты тәрбие стильдері жатуы мүмкі, олардың біріншісі тәрбиеленушіге деген аса қатты, шектен тыс назар аудару, зейін қою болса, екіншісіне керісінше оның жетіспеушілігі жатады. Отбасында екі түрлі делинквенттілік қалыптасуы мүмкін: агрессивті - қорғанушылық және оппозициялық. Біріншісі отбасындағы эмоциональдық келеңсіздік жағдайында қалыптасса, екіншісі- тәрбиедегі “отбасы кумирі” түрінде қалыптасады.

Делинквенттіліктің агрессивті-қорғану түріне мінез-құлықы ерекше қиын, агрессивті жастар жатады: олар төбелескіш, өшпенді, дау-жанжалшыл, көне қоюы қиын, тәртіп бұзушы, дөрекі бұзықтықтарға, ерте маскүнемдікке бейім болып келеді. Мұндай типті делинквенттілік араз, дау-жанжал жиі болып тұратын отбасында қалыптасады. Үнемі жүйкесінің ширығып тұруы, отбасындағы үлкендердің қорлауынан қорғану агрессивті -қорғану қалпын қалыптастырады. “Барлығына қарсы жалғыз өзі” айқындамасы, өзін-өзі қорғау үшін үнемі дайын жүру отбасынан шет жерде де сақталады да, ол кейін адамдармен байланысқа түсулеріне бөгет жасап, осы мінез-құлықтың кесірінен үнемі дау-жанжалға ұшырап жүруіне әкеп соғады.

Делинквенттіліктің оппозициялық типі ата-ананың өз баласын шексіз жақсы көріп, үнемі оның қылықтарына сүйсініп, айтқан нәрсесін мүлтіксіз орындап, кемшіліктеріне, теріс қылқтарына кешіріммен қарап тәрбиелеу жағдайында қалыптасады. Мұның бәрі балада өзін, өзінің құқықтары мен міндеттерін керісінше ұғуды қалыптастырады, мұндай балалар әдетте бірбеткей, аса өкпелегіш, қоршағандарымен жиі тіл табыспайтын, өзін бөліп қарап, көрсетуге ұмтылатын, басқарып, жалпы қабылданған құндылықтардан әдейі бас тартқыш болып келеді. Отбасында әлеуметтік қатынастар жайлы басқаша түсінік қалыптастырған бала өз отбасының “теплицалық атмосферасынан” шығып, шынайы өмірге бірден тап болды.

Отбасы факторы тәрбие стиліне ғана емес, “ауқатты - ауқатсыз” отбасы деген түсінікпен де өлшенеді. Жасөспірімдік және жастар девиациясы көбіне ауқатсыз отбасылардан шығады деген пікір қалыптасып қалған, ол тұрақсыз неке, айырылысу, отбасындағы келеңсіз қарым-қатынас және балаларды әлеуметтендіру, ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де макүнемдік немесе нашақор болуына байланысты сипатталады. Бірақ, фактілер көрсетіп отырғандай ауқатты отбасылары да девианттық мінез-құлықты таратушылар қатарына жатады екен. Соған қарамастан, ауқатсыз отбасыларынан девианттық мінез-құлықты көбірек кездестіруге болады. Үнемі қоршаған адамдармен және әлеуметтік институттармен қақтығысу мұндай отбасыларында қоршағандарына (отбасы мүшелері араласатын көршілеріне) деген сенімсіздікті тудырып, оны заңның моральдық нормаларын бұзу арқылы түзетуге болады деген сенімділік қалыптасады.

Отбасынан басқа микросоциалдық факторға жататын мектеп пен құрбылар тобына келетін болсақ, қысқаша айтқанда мектептегі тәрбие жұмысының кемістіктері, оқушылардың девиандық мінез-құлықтарын тереңдететін немесе тудыратын дидактогенияның (мұғалімнің, тәрбиешінің қателіктері негізінде оқушының психикасы мен мінез-құлықтарының өзгеруі) ушығуына әкеп соғады, ол мұғалімдердің психологиялық сауаттылығының жетіспеушілігі мен жеке проблемаларды шешудегі кемістіктер нәтижесінде болады; құрдастарының референттік тобының әсеріне әдетте бос уақытты өткізудегі ерекшелік, уақытты еш мағынасыз өткізу және т. б. жатады. Девиантты жасөспірімдер ықшамдаудан ішінде тұйық, басқа топтардан ерекше топ құрады. Бұл жасөспірмдер мен жастардың тұйықтығы өз орталарында олардың жеке бастарында анти қоғамдық жағдайлардың, соның ішінде қылмыстық жағдайлардың бекітілуіне қолайлы жағдай жасайды. Осы топта қылмыстық немесе қылмысқа жақын жүретін “беделдің” пайда болып, өзінің мінез-құлық нормалары туралы түсінігін енгізуге тырысады да, жағдайды ушықтыра түседі.

Бұл деңгейде девианттық мінез-құлықтың жалпы себебіне жеке тұлғаның объективтік қасиеттерінің (оның қабілеттері, нышандары, сондай-ақ әлеуметтендіру нәтижесінде алған қасиеттері) қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ұстанған айқындама талаптарына сйкес келмеудің нәтижесінде пайда болатын “әлеуметтік жағдайсыздық” жатады. Осындағы айқындама өзінің объективтік мүмкіндіктеріне “төмен” болуы мүмкін ( жас жұмыссыз -маман, еріксіз сатушы және т. б. ), жеке тұлға қоғамының ресми құрылымдарынан сыртта қалуы мүмкін (қаңғыбас, панасыз, бомж және т. б) . Әлеуметтік жағдайсыздықты адам сезінбеуі де мүмкін, егер сезіне қалса, онда психологиялық қанағаттанбаушылық пайда болады. Маргиналдық топтардың девианттылықтың жоғары деңгейде болуы осы себепке байланысты түсіндірілетін шығар.

Жеке дара деңгейде көрінетін девиациялық мінез-құлықтар факторларының ішіне ішкі психологиялық процестерді жатқызуға болады:

  • беделге, өзін құрметтеуге қажеттілік (кейбір мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің арасында осы қажеттіліктер 12-13 жасында-ақ дамығаны байқалған, және заңды бұзбайтын құрдастарына қарағанда оларда күштірек дамығандығы байқалған) ;
  • тәуекелге бару қажеттілігі;
  • жасанды қажеттіліктердің болуы (алкагольге, есірткілерге) ;
  • эмоционалы тұрақсыздық;
  • агрессивті;
  • акцентуациалық мінездің болуы (“қауіпті топқа ” гипертимді, истероидті, шизоидті және эмоциалды - лабильді акцентуацияларды жатқызуға болады) ;
  • психикалық дамудағы тежелу, ауытқу;
  • өз-өзіне адекватсыз баға беру және т. б.

Осындағы әрбір фактор, өз кезегінде, олардың пайда болуын түсіндіруді талап етеді, бірақ осы оқулықтың құзырына кірмейді (қараңыз: Трудные судьбы подростков - кто виноват? - М., 1991) .

Жастар арасындағы негізгі макросоциалдық, микросоциалдық және жеке факторларды қарастыруды аяқтай отырып, олардың біріге отырып, күрделі жүйе құратынын, әртүрлі бір-бірімен өзара байланысты және өзара негізделген элменттер әрқилы деңгейде жеке тұлғаның жеке қасиеттеріне, өмірлік жағдайына және девианттық мінез-құлықты көрсету нысандарына қарай әсер ететінін тағы да атай кетейік.

Девианттық мінез-құлық проблемаларын нақты нысандар деңгейінде қарастырмас бұрын жоғарыда аталған негізгі факторларға қосымша ерекше факторларының да бар екенін айта кеткен жөн. Девианттық мінез-құлықтың нақты нысандар деңгейіндегі ерекше факторлары бір-бірімен өзара әрекеттеседі, өйткені шығу тектері ортақ бола отырып, девианттық мінез-құлықтың әртүрлі нысандары белгілі-бір жағдайларда өзара байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, шартты түрде тұрақты корреляция бар екен, ол тура және кері болады, бұл зорлау немесе қасақана жасалған қылмыс арасында, маскүнемділік пен нашақорлық арасында, әйелдер қылмысы мен жезөкшелік арасында байқалады. Әлеуметтік патология формаларының индукциясы байқалады, ол бір теріс құбылыстың екіншісінен басым тұруынан көрінеді (маскүнемдеу - бұзақылық пен кейбір зорлау арқылы жасалған қылмыстар, нашақорлық- қасақана жасалған қылмыстар және т. б. ) . Себеп пен салдар түрінде емес, қоғамдық құблыстардың бір әлеуметтік себебі болып табылатын әлеуметтік патологияның әртүрлі формалары бір-бірімен сәйкес келед, бір-бірін күшейте түседі.

Барлық осы жағдайларды девианттық мінез-құлықты жастардың нақты санаттарымен - қараусыздармен, маскүнемдермен, нашақорлармен, жезөкшелермен, құқық бұзушыларменжәне т. б. әлеуметтік жұмыс ұйымдастыруда ескерген дұрыс.

ІІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР

Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші - балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.

Қараусыздық, қараусыз өткен балалық - кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар - педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айрылғандарды ғана есептемеу керек. Егер, ата-аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатаң ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.

Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі-бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201-1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір-екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту алынып тасталды, өйткені ол Республиканың Конститутциясында көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.

Жазаны алып тастау, әрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда қараусыздық пен қаңғыбастық өткір, әрі аумақты проблема болып, әлеуметтік қызметтер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.

Бұл құбылыстың таралуын түсіндіру мүмкін емес, ол туралы статистика да жүргізілмеген: олар жайлы кейбір зерттеулерге, жанама көрсеткіштерге (қылмыс жасаған қараусыз қалғандар мен «бомждардың» саны) қарап қана айта алады. Мысалы, Ресейде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың РАН институтының есептеуішіне қараусыз қалғандар саны 4 миллиондай адам. Қазақстандағы бұл құбылыстың аумағы туралы мынадай жанама мәліметтер келтіруге болады: Семей қаласында (республикадағы осы көрсеткіші аса қолайсыз емес қала) жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реаблитациялау Орталығын әр күн сайын 20-дан астам қараусыз қалған балалар-кірлеген, жүдеген, педикулезбен, басқа да тері ауруларымен ауыратын балалар баспана қылады екен. 2000 жылы 6 ай ішінде Алматы қаласының жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реаблитициялау Орталығына 1000 бала әкелініп, тапсырылған, олардың 231 Алматы қаласының тұрғыны, 489- Қазақстанның алыс және жақын аймақтарынан келген, 257 - ТМД елдерінен (Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келсе, олардың 75-і 3-тен 7-жас аралығында, 8-ден 13-ке дейін-496 бала, 223-14 тен 16-ға дейін, 205-16-дан 18-ге дейнгі балалар болып шыққан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Деструктивті мінез құлық
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz