Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ДАСТАНЫ – НӘЗИРА ҮЛГІСІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ТӨЛ ШЫҒАРМАСЫ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 577.4

Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ДАСТАНЫ – НӘЗИРА ҮЛГІСІНДЕ
ЖАЗЫЛҒАН ТӨЛ ШЫҒАРМАСЫ

Г.С.Тәженова, М.И. Ревшенова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.

ХХ ғасырдың басындағы көркем аударма саласына көп еңбегі сіңген ақын
жазушымыз – Шәкәрім Құдайбердиев. Оның қазақ әдебиеті тарихында,әсіресе
көркем аудармада алатын орны ерекше.
Ш.Құдайбердиевтің шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы Ләйлі-Мәжнүн
дастаны.Бұл бүкіл шығыс әдебиетіндегі нәзира дәстүрін Шәкәрімнің қазақ
топырағында өнімді дамытуы болды.Олай дейтініміз еңбекті қазіргі ұғымдағы
аударма деп айту қиын.Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық хикаясы Низамиге де,
Науаиге де шабыт берген.Шығыстың сөз зергерлерінің жыр жарысы-нәзира
дәстүрі бойынша, ақынның ең басты мұраты жаңа тақырып табу емес, жаңа жол
табу, белгілі сарынды өзгеше түрге болеу, өзіндік бояу мен бейнелеу десек,
Шәкәрім қалдырған Ләйлі-Мәжнүн дастаны мың жылдық тарихы бар ежелгі
сюжеттің ең соңғы көрінісі. Яғни шын мәнісіндегі төлтума болып табылады.
Бұл жайында қазақ поэзиясының алыптарының бірі - Әбілдә Тәжібаевтің Шәкәрім
шығармаларының басылымына жазған алғы сөзінен көруге болады. Онда ол былай
дейді:
-Ләйлі –Мәжнүн Шәкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа түскенде
көтерілген жаңа биігі, жаңа тауы десек те болады. Бұл тау қазақ
даласына түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен,
барлық ғажайыптары мен көрінген бүкіл халқымызды қуанышқа бөлеген биік
еді. Шәкәрім Ләйлі-Мәжнүн шығармасын Физули Бағдади жырлаған нұсқадан
аударып, жаңа туынды етті.Ауызша және жазбаша тараған шығыс дастаны Ләйлі-
Мәжнүнге VII ғасырда өмір сүрген Қайыс атты ақынның қайғылы ғашық
отын басынан кешіргені туралы араб аңызы негіз болғаны
белгілі.Шәкәрім Физули дастанын жоғары бағалаған:
Ондайғып еш бейітші
жаза алмаған
Нақысын шын
келтіріп,қаза алмаған...
Мен оның келтіре
алман мыңнан бірін
Айтуға тіл жетпейді
тәтті жырын-
Мәжнүннің атын
білер, жайын білмес,
Қазаққа ұқтырайын
біраз сырын-дейді.
Шәкәрімнің Физулиден аудардым дегенімен бұл шығарманы аударма дүние деу
қиын.Дұрысы-Шәкәрімнің Ләйлі-Мәжнүн Шығыстың әйгілі ақындарымен өнер
жарыстыра отырып, нәзира үлгісінде туындатқан төл шығарма деуге
өте лайық.
Шәкәрім дастанның сюжеттік желісін негізге ала отырып, өзінше
жырлаған,қазақ қауымының түсінігіне лайықтау үшін үрлі өзгерістермен
толықтырулар еңгізген. Мәселен, Физули дастанының басындағы қара сөзбен
жазылған толғау-кіріспені Шәкәрім аудармаған.Әр тараудың соңынан
қайтталанып отыратын шағын монологтардыда қажет деп санамаған.Шәкәрім
аудармасында Физули нұсқасының соңғы тарауы жоқ..Онда ғашықтардың о
дүниедегі, яғни жұмақтағы өмірі жайындағы зәйіттің түсі берілетіндегі. Бұл
туралы Шәкәрімтанушы Б.Әбдіғазиевтің еңбегінен көруге болады. Дастанның
негізгі кейіпкері Ләйлі мен Мәжнүн. Олар ата-анадан жалғыз, кішкене кезінен
бірге тәрбиеленген. Екі жастың өсе келе өртке айналған махаббат сезімдеріне
қыздың әкесі қарсы болады. Оқиғаның шиеленісуі де осы тұстан басталады.
Сүйіктісіне қолы жетпеген Қайыс елден безіп, аңдарға қосылып кетеді,
сөйтіп Мәжнүн аталады. Ләйліні әкесі өзге біреуге бермек болады,
бірақ, онысы іске аспай қалады. Ақыр соңында ғашықтар бір қабірде табысады.
Дастанның басқа да кейіпкерлерінің барлығы дерлік екі жастың
махаббаттына тілеулес. Осындай қоғамда дүниеден өткен Ләйлі мен
Мәжнүн хикаясы кіршіксіз сезімнің, адалдық пен махаббаттың
белгісіндей көрінеді.
Басқа елдердің әдебиетіндегі Ләйлі –Мәжнүндегідей дәстүрлі
оқиғаларды, яғни дәулеті асқан, байдың балаға, мирасқорға зар болуын,
Қайыстың тууын баяндауда да Шәкәрім өз қөзқарасын астарлы оймен,
юморлық түрде шебер сынайды. Байдың ұлды болуының себебі онық
қайырымы мол, бек қабағат, тіледі бала бер деп көп жамағат,
малының садақаға көбін шашкан, көп тілегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Қазақ тілінде тарихи хикая
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Пәндер