СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ



Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының Сертификаттау туралы заңы

Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді
бұдан әрі процестерді, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді,
сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға
қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

Жалпы ережелер

1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.

1 тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі
орган немесе сынақ зертханасы орталығы ретіндегі белгілі бір салада
жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;

2 тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау
жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға
деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне
сәйкес берілетін құжат;

3 аудит сертификаттаудағы – сертификаттау жөніндегі тіркелген
органдардың немесе сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне
тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша
жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен
қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі
мемлекеттік сертификаттау жүйесі -- өз құзырет шегінде сертификаттау
саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының,
жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу
жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың
жиынтығы;

5 сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының
қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау
жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген
органдар мен сынақ лабораторияларының нормативтік құжаттарды бұзу
фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;

6 сәйкестік туралы декларация – жеткізіп берушінің, дайындаушының,
сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын,
мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты;

7 өтініш беруші – өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді,
сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін
жеке немесе заңды тұлға дайындаушы, сатушы, атқарушы;

8 сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне
сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің
нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет
сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған
белгі;

9 инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың
тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің
белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;

10 өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы,
пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын
қамтамасыз ететін рәсім;

11 сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін
жүргізетін орталық;

12 сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау
жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты
нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы
құжат;

13 өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау
жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен,
белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге
тіркелген заңды тұлға;

14 мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік
сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын,
сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды, сертификаттау саласындағы
нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;

15 сертификаттау -- дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз
мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының
белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;

16 сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің
ережелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттің,
стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін
көрсететін құжат;

17 тауардың шығу тегінің сертификаты – өнімнің шығарылған және
куәландырылған құжаты;

18 сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор – белгілі бір қызмет
саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін
белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.

2-бап. Сертификаттау туралы заңдар

1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және ҚР-ның өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері
қолданылады.

3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың
өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау,
өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Өнімдер мен қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті немесе қалауы бойынша сертификаттау
Сапа жүйесін сертификаттау
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер
Пәндер