НЕКЕНІ БҰЗУ. Некені тоқтату және оның негізі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
НЕКЕНІ БҰЗУ.
Некені тоқтату және оның негізі.

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының
тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі
бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не
екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
➢ ерінің қайтыс болуы;
➢ соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
➢ некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп
жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам
жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша
АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі
шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат
дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер
азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер
болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде
жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар –
ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді
деп жариялануы мүмкін.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен
бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп
жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да
кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі
шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол
ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы
қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе,
ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке
тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда,
бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі
мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен
некесін тіркеуге мүмкіндік береді.

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана
тоқтатылады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда
белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және
жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша
жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен,
сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
➢ АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
➢ кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
➢ бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді.
Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде
жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы
тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін
мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не
қысқартымайды.
Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында
бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың
қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін
анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Некені сот тәртібімен бұзу.

Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:
➢ ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
➢ ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
➢ егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені
бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас
тартса, т.б.;
➢ ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да
соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану
міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес,
отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін
болмаса және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕКЕНІ БҰЗУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ
Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Неке құқығы туралы
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Неке және отбасы. Некені тоқтату
Некені қию және бұзу
Отбасы мен неке мәні мен мазмұнын ашу
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
Неке және отбасы ұғымы туралы
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Пәндер