Ш.МҰРТАЗАНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

Ж.Ж.Нурбаева, М.Қ.Ойтаева
Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы, Тараз қ.

Әлемде әр халықтың ұлттың мақтанышына айналған перзенттері болады.
Жүздеген жыл, бірнеше ғасырлар өтсе де талантты, бір тума азаматтрын елі
ешқашан ұмытқан емес.
Неміс халық-Гетесін, ағылшындар – Шекспирін, орыстар Пушкині мен
Толстойын, қазақтар Абай, Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты
сөздерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Сондай – сондай ұлы
есімдердің арқасында, жан дүниесі басқа халықтарға да таныла бастайды.
Бүгінде де туған елі қадірлеп, өзінің ұлы ұлдарының санатына жатқызатын
жандар баршылық. Солардың бірі – Шерхан Мұртаза. Шерхан Мұртаза –
халқымыздың осындай аяулы перзенттерін, оның маңдайында жарқыраған халық
жулдыздарының бірі. Әр жұлдыздың туар сәті, тұрар орны болады, ақ сәулесін
анық түсіре, айқын жарқырар шағы болады. Дәуір тынысын дөп аңғарып, оның
талабына қарай қаракет еткен қайраткер адамға әрі – беріден сон уақыттың
өзі қызмет етеді.
Жаны – жаз, кеудесі – күй ширағаның бергенімен берері мол екендігін біз
білеміз.
Жазушы табиғатты жаратылыстың басқа да тірі организмі секілді өседі,
өледі. Жазушы шеберлігінде қайралған қылыштай шыңдалады. Өтпейтін пышақтай
мұқалып, сарытап болған жайлаудай өрісі бір деңгейден ұзамайтын жазғыштар
көп.
Ылғи өсу, бір кезеңмен екінші кезеңі биік тартып, асып түсіп отыратын
жазушы сирек. Сол сиректердің бірі–Шерхан Мұртаза. Бұған дәлел – қазақ
прозасындағы Абай жолы, Қан мен тер, Менің атым Қожа, Үркер,
Боран, шығармаларымен қатар тұратын Қызыл жебе, романы. Ол -
әдебиетіміздегі кесек дүние.
Кезектігі – таңдап алған тақырыбының өтімділігіндегі емес. Ата даңқымен
қыз өтеді, мата даңқымен боз өтеді, қағидасы өнер табиғатына жүрмейді.
Қазіргі жалпыдай білімді дәуірде әр кезеңде болып тұратын зәру нүктені
басып, жұрттың көңілімен шығуға деген дүниелері газеттік публицистика
немесе проблемалық очерктің о жақ бұ жағында болса да, көркемдік талғамын
күнделікті күйбеңтерлік күстендірген оқырман ауылған жереме тиіп кеткеннің
бәрін дәрі деп қабылдайды.
Ал қызыл жебенің жөні бөлек. Оян, Тұрар! деп басталатын осы
шығармасы маған тұтаспай.
Оян, қоғам! деп тұрғандай болып көрінеді. Жүректен шығып, жүрекке
жететін жанайқай. Төмендігіміз, төске өрлегеніміз, төбеге шыққанымыз бар,
бәріміз мезгілде осылай намысқа өртеніп, жанды жеп өмір сүрсек, өзгелерге
өзегі түгілі өкшесін көрсетпеуге бейім өркөкірек елдердің қай құбылысынан
да қайқайып тұрар едік.
Қызыл жебені жұрт Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловка қойған ескерткіші
деп жатады. Солайы солай да шығар. Дегенмен, мен үшін Қызыл жебе ұрпақтан
ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты, қоғамнан қоғамға есті ескертпе.
Жалпақ жемде ен жаны сірі жаратылыс – халық. Оның көретін құқайын жіпке
тізіп айтқан кезде саусағыңды тістелеп отырып қаласын.
Қоғам ешуақытта бір сыдырғы мамыражай ғұмыр кешкен емес. Оның
формациядан екінші формацияға ауысып отырды көп жағдайда қиян-кескі. Ал өз
еркіндігі өзінде жоқ, басқаның бодандығында жүрген халықтар үшін ол барып
тұрған қиямет –қайым. Тағдырының осы бір жазмышынан біздің халқымыз да
қашып құтыла – алған жоқ. Большивизмнің авантюризм мен иноцидінен онсыз
да царизмнің құлақкесті құлдығында жүрген халқымыз қақпатас сияқты
қақпақылға түсіп, қамкөбек ойнап кетті. Мұндай шақта Тұрарлардың тарих
сахнасына шығуы –табиғи заңдылық. Тұрарлардың тарих сахмасына шығуы,
бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтың қасиеттің дәлелі.
Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан
жалғастырып та кетуге болар , бірақ бұл аз, Тұрарлардағы тектіліктің түп
–тамыры тым тереңде . Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан,
Қасым ханың қасқа жолы, Есім ханның еске жолы, Абайдың ақ туы
Кенесарының ұлт – азаттың көтерілісің бастау алады.
Дала жұрағаты заманалар бойытас қараңғыда қара аспанның қалың,
қабатыңдағы қаптаған жұлдыздарға қарап жол тапқан. Дүниені алай-дүлей
басып, жер мен көктін арасын көрінбей түтеген кезде жұлдызын жоғалтып алып,
жолынан адасты не болмаса Құдай салды, біз көндікке мойын сұнып,
қаранғылықты қымтанып қыбыр етпей жатып алды.
Дүниедегі шексіз қаныпезер, шексіз жұмбақ Иосиф Джугаливали мұны жақсы
білді. Сондықтан да ол шексіз биліктің құдіретімен қазақ аспанының ішінде
Тұрар Рысқұлов бар ең жарың жұлдыздарын жұлып тастады. Ұлы апат! Қызыл
жебе авторы осы ұлы апаттан, тарихына өкінім- наламен ғана көз салмайды,
сол бір алмағайып заман адамдарының қайраткерінен қаратұяқтарына дейін
саясат, ой-сана, іс-әрекет тұрмыс ақиқатын іздейді. Осыны бағамдай отырып,
Тұрар Рысқұлов пен Шерхан Мұртазаның дүниеге, халыққа, болашаққа деген
ниеті, ой мақсаты, жасайтын қорытынды мен қабылдайтын шешімі қатар өмір
сүріп келе жатқандай әсерде боласыз.
Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романның бастауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Қазақтың ұлы жазушылары
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Етістік
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Ай мен Айша романы
Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері
Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері
Американдық ағылшын тілінің лексикалық ерекшеліктері
Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы
Пәндер