Әдебиет пен сынның биік белесі
Кіріспе
1. Қазіргі қазақ әдебиеті тарихы
2. МҰХТАР ӘУЕЗОВ
3. ҚАНЫШ СӘТБАЕВ
4. СӘБИТ МҰҚАНОВ
5. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
6. ҒАБИДЕН МҰСТАФИН
7. МАРҒҰЛАН ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ
8. ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ
9. АХМЕТ ЖҰБАНОВ
10. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
11. ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
12. КҮЛӘШ БӘЙСЕЙІТОВА
13. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ
14. ШӘКЕН АЙМАНОВ
15. НҰРҒИСА ТІЛЕНДІҰЛЫ
16.МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
1. Қазіргі қазақ әдебиеті тарихы
2. МҰХТАР ӘУЕЗОВ
3. ҚАНЫШ СӘТБАЕВ
4. СӘБИТ МҰҚАНОВ
5. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
6. ҒАБИДЕН МҰСТАФИН
7. МАРҒҰЛАН ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ
8. ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ
9. АХМЕТ ЖҰБАНОВ
10. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
11. ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
12. КҮЛӘШ БӘЙСЕЙІТОВА
13. МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ
14. ШӘКЕН АЙМАНОВ
15. НҰРҒИСА ТІЛЕНДІҰЛЫ
16.МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен жолына көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге болар еді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары негізін қалаған, осылардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық-көркемдік биігіне көтерілген әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі туған әдебиетіміздің тарихын, теориясын, көркемдік ізденістерін бір жүйеге түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылары да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды. Қазір қолымызда қалған осынау баға жетпес құнды мұра бүгінгі әдебиетін іздейтін, әдебиетін сүйетін жас ұрпаққа да таптырмас рухани азық екендігін айтып жату артық. Демек, қазіргі қазақ көркем сыны тақыр жерден басталған жоқ, құнарлы мектептен, телегей теңіз әдебиетіміздің өз қайнарынан қуат алды.
Қазақтың ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымындағы осынау күрделі жылдарда қалыптасқан, өркен жайған құнарлы дәстүр 60-90 жылдар, керек болса бүгінгі тәуелсіз әдебиетіміз бен өнеріміз үшін де баға жетпес биік тұғыр, эстетикалық құндылық болып отыр. Осы жылдар аралығында осынау құнарға табан тіреген, содан нәр алған бірнеше буын қазақ сыншылары да өсіп жетілді, әдебиет айдынына шықты. 70-жылдардың ішінде жазған дүниелерімен оқырманын елең еткізіп осы көшке келіп қосылған З.Серікқалиев, Т.Тоқбергенов, А.Сүлейменов, Ж.Әбдірәшев, С.Әшімбаев т.б. сын еңбектері әдебиетке соны леп алып келді. Осынау талантты, тегеурінді, ең бастысы әлемдік әдебиеттен тоқығаны, түйгені мол білімді, білікті әдебиет сыншылары буынының бел ортасында көрнекті қаламгер, кәсіби сынның ауыр жүгін ауырсынбай арқалап, осы әдебиет сынын ондаған жылдар бойында өз тағдырына балап, бір ерекшелігі әдебиеттің барлық жанрларын бірдей қамтып, өндіре жазып, жемісті еңбек етіп келе жатқан Сайлаубек Естайұлы Жұмабекті бүгінгі күні даралап айтсақ жарасады. Әдебиет пен сынның биік белесіне сирек дарын, тума талантымен, ешкімді қайталамайтын өзіндік стилімен, жазу мәнерімен, ең бастысы осынау ұзақ жылдардың өн бойында тынымсыз ізденіс пен таза еңбекке ғана арқа сүйеген сыншының қазақ оқырманына ұсынған сын жинақтары аз емес.
Бүгінгі күні де қазақтың қабырғалы қаламгерлері туралы қадау-қадау еңбектер жазып жүрген көрнекті сыншымыз Сайлаубек Жұмабектің “Сын пернесі” (“Жазушы”), “Ғ.Мүсірепов”(“Рауан”), “Сын әуені” (“Елорда”), “Шерхан Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер”, (екінші басылымы), (“Өлке”), “Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы. (Ахтанов–Ахтановтың көзімен)” (“Күлтегін”) атты қадау-қадау еңбектері, дүниеден өтіп кеткен, қазақ руханиятына қайталанбас көркем мұра сыйлаған Ғ.Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, Қ.Мұхаметжанов, М.Қаратаев, А.Сүлейменов, З.Серікқалиев, қазір де қолынан қаламы түспеген Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, Ф.Оңғарсынова сынды шынайы суреткерлер жайындағы толымды, тағылымы биік әдеби-эстетикалық эсселер мен әдеби талдау мақалалар шоғыры, осының барлығы әдебиет сыншысының кейінгі он, он бес жыл көлемінде тынымсыз ізденіс үстінде екендігін көрсетеді.
Осынау жемісті еңбектің бір көрінісі жоғарыдағы санымен емес, көркемдік сапасымен оқырман назарын өзіне аударған әдеби зерттеулер, әдеби-сын еңбектер десек артық айтпаймыз. Әрқайсысы қазақ әдебиетінің бір-бір шоқтығына айналған жоғарыда аты аталған қаламгерлердің шығармашылық зертханасының, олардың көркемдік әлемінің

Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен жолына көркемдік
сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы кезеңдерді атап өтуге
болар еді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары негізін қалаған,
осылардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық-көркемдік биігіне көтерілген
әдеби-көркем сынымыз, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі туған
әдебиетіміздің тарихын, теориясын, көркемдік ізденістерін бір жүйеге
түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов,
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын
ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері
мен сыншылары да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды. Қазір қолымызда
қалған осынау баға жетпес құнды мұра бүгінгі әдебиетін іздейтін, әдебиетін
сүйетін жас ұрпаққа да таптырмас рухани азық екендігін айтып жату артық.
Демек, қазіргі қазақ көркем сыны тақыр жерден басталған жоқ, құнарлы
мектептен, телегей теңіз әдебиетіміздің өз қайнарынан қуат алды.
Қазақтың ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымындағы осынау күрделі
жылдарда қалыптасқан, өркен жайған құнарлы дәстүр 60-90 жылдар, керек болса
бүгінгі тәуелсіз әдебиетіміз бен өнеріміз үшін де баға жетпес биік тұғыр,
эстетикалық құндылық болып отыр. Осы жылдар аралығында осынау құнарға табан
тіреген, содан нәр алған бірнеше буын қазақ сыншылары да өсіп жетілді,
әдебиет айдынына шықты. 70-жылдардың ішінде жазған дүниелерімен оқырманын
елең еткізіп осы көшке келіп қосылған З.Серікқалиев, Т.Тоқбергенов,
А.Сүлейменов, Ж.Әбдірәшев, С.Әшімбаев т.б. сын еңбектері әдебиетке соны леп
алып келді. Осынау талантты, тегеурінді, ең бастысы әлемдік әдебиеттен
тоқығаны, түйгені мол білімді, білікті әдебиет сыншылары буынының бел
ортасында көрнекті қаламгер, кәсіби сынның ауыр жүгін ауырсынбай арқалап,
осы әдебиет сынын ондаған жылдар бойында өз тағдырына балап, бір ерекшелігі
әдебиеттің барлық жанрларын бірдей қамтып, өндіре жазып, жемісті еңбек етіп
келе жатқан Сайлаубек Естайұлы Жұмабекті бүгінгі күні даралап айтсақ
жарасады. Әдебиет пен сынның биік белесіне сирек дарын, тума талантымен,
ешкімді қайталамайтын өзіндік стилімен, жазу мәнерімен, ең бастысы осынау
ұзақ жылдардың өн бойында тынымсыз ізденіс пен таза еңбекке ғана арқа
сүйеген сыншының қазақ оқырманына ұсынған сын жинақтары аз емес.
Бүгінгі күні де қазақтың қабырғалы қаламгерлері туралы қадау-қадау еңбектер
жазып жүрген көрнекті сыншымыз Сайлаубек Жұмабектің “Сын пернесі”
(“Жазушы”), “Ғ.Мүсірепов”(“Рауан”), “Сын әуені” (“Елорда”), “Шерхан
Мұртаза. Жұлдызы нұрлы суреткер”, (екінші басылымы), (“Өлке”), “Тахауи
Ахтанов. Талант тектоникасы. (Ахтанов–Ахтановтың көзімен)” (“Күлтегін”)
атты қадау-қадау еңбектері, дүниеден өтіп кеткен, қазақ руханиятына
қайталанбас көркем мұра сыйлаған Ғ.Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов,
Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, Қ.Мұхаметжанов, М.Қаратаев, А.Сүлейменов,
З.Серікқалиев, қазір де қолынан қаламы түспеген Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев,
Ш.Мұртаза, Ф.Оңғарсынова сынды шынайы суреткерлер жайындағы толымды,
тағылымы биік әдеби-эстетикалық эсселер мен әдеби талдау мақалалар шоғыры,
осының барлығы әдебиет сыншысының кейінгі он, он бес жыл көлемінде тынымсыз
ізденіс үстінде екендігін көрсетеді.
Осынау жемісті еңбектің бір көрінісі жоғарыдағы санымен емес, көркемдік
сапасымен оқырман назарын өзіне аударған әдеби зерттеулер, әдеби-сын
еңбектер десек артық айтпаймыз. Әрқайсысы қазақ әдебиетінің бір-бір
шоқтығына айналған жоғарыда аты аталған қаламгерлердің шығармашылық
зертханасының, олардың көркемдік әлемінің қазіргі әдебиеттану, сыни-
эстетикалық дүниетанымымыздың бүгінгі жеткен биігінен талдау арнасында
қарастырылуы басты рухани олжамыз дер едік.
Осынау пікір-байламдардың орнықтылығына оның 1990 жылдардың басында
"Жазушы" баспасынан жарық көрген "Сын пернесі" атты кітабы біржолата көз
жеткізген еді. Автордың алғашқы кітабы әдебиетке не қосып, не алды, несімен
қымбат, қалың оқырманына қандай ой-пікірлер айта алды деген сұрақтарға бір
оралып көрсек. Бұл арада, ең алдымен кітапқа сыншының әр кезде жарық көрген
немесе жаңадан жазылған ең таңдаулы, соқталы деген сын еңбектерінің
(мақала, сұхбат, эссе) іріктеліп, топтастырылғандығын айтар едік.
Бұл ең алдымен кітаптың мазмұнын, мән-мағынасын, сапалық деңгейін көтерген.
Себебі, кітапқа енген мақала, сұхбат, эсселердің қай-қайсысы болсын мәнді
мәселені көтереді, яғни олардың тақырыптық арқауына қазіргі әдеби процестің
арналы, кіндік "мәселелері" өзек болған. Айталық, "Ұнамды қаһарман" атты
беташар мақалада шынайы реализм әдебиеті мен өнеріндегі кіндік мәселелердің
бірінен саналатын бас қаһарман проблемасын, оның арғы-бергі тарихын, болмыс-
бітімін бірегей, біртұтас көркемдік құбылыс ретінде саралай келіп, оны
қазіргі әлемдік әдеби процеспен сабақтастыра сөз етеді.
Аталған проблеманы шешудегі басқа да ұлттар әдебиетінің әр кезеңінде қол
жеткізген табыстарын саралай келіп, сыншы негізгі әңгіменің арқауын
Ш.Айтматовтың "Боранды бекет", Ю.Бондаревтің "Таңдау", Ә.Нұрпейісовтің
"Сең" романдарын талдауға құрады. Әсіресе, осынау шоқтығы биік
шығармалардағы бас кейіпкерлер Едігенің, Владимир Васильевтың, Жәдігердің
ұнамды қаһарман ретіндегі қайталанбас характерлері, мейлінше дараланған
мінез-мүсіні, олар көтеретін әлеуметтік-көркемдік жүк іргелі әңгімеге өзек
болып, жинақтау мен саралаудың арнасында ашылады. Мысалы, "Осы романдағы
характерлер қақтығысы, сюжеттік желі тікелей іс-әрекет динамикасынан гөрі,
ой-сана мен психологиялық шарпысулардан тұратын иірімдерге негізделген", -
деп түйінделетін автор ойының тереңдігіне ден қоймасқа болмайды.
Сонымен, жоғарыда сыншының кітабында негізінен қазіргі қазақ әдебиетінің
қабырғалы қаламгерлерінің, айтулы ақын-жазушылардың творчествосын тілге
тиек ететіндігін астын сыза айттық. Және бірнеше мақалалар қазақ прозасына
олжа салған қаламгерлеріміз Е.Домбаев, С.Бердіқұлов, Б.Нұржекеев, О.Бөкеев,
К.Ахметбеков романдарын талдауға арналыпты.
Нақтырақ айтсақ, "Роман және әлеуметтік талдау" деп аталатын көлемді
мақаладағы сөз болатын Е.Домбаевтың "Жаман Жәутік", О.Бөкеевтің "Өз отыңды
өшірме", Б.Нұржекеевтің "Бір өкініш, бір үміт" романдарындағы қол жеткен
көркемдік табыстар мен орын алған кемшіліктер нақты бір проблема
төңірегінде, яғни осы шығармалардағы әлеуметтік талдау деңгейінің ара
салмағымен өлшенуі көп сырдың бетін ашқан. Осы орайда көркемдік талдау,
кейіпкер шынайылығы, жазушының тіл шеберлігі сияқты мәнді мәселелер де
назардан тыс қалмайды.
Бұл ыңғайдағы мақалалардың ішінен, біздіңше, халқымыздың арқалы ақындары,
ардагер дарындар Ә.Тәжібаев пен М.Мақатаев және сирек талант
Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған дүниелерді ерекше бөліп айтуға
болар еді.
Ал енді сыншының құлашты кеңге сермеп, ағынан жарылып, ақтарыла сөйлейтін
тұсы - саңлақ суреткерлер Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романының екі
кітабын, Әбіш Кекілбаевтің "Үркер" және "Елең-алаң" романдарын талдайтын
мақалаларында. Бұл қаламгерлердің көп жылғы шығармашылық ізденістерінің
жемісті екендігін, олардың қаламынан туған шығармалардың көркемдік әлемін,
танымдық-тағлымдық мән-мағынасын, рухани-философиялық парасатын, қала берді
суреткерлік қолтаңба ерекшеліктерін егжей-тегжейлі иін қандыра әңгімелейді.
Мысалы, "жазушы әке мен бала қарым-қатынасын педагогикалық, эстетикалық,
философиялық өрімде өзгеше біртұтастық сақтап, екі кітаптың өн бойында осы
өрімді ылғи ірі планда көрсетіп отырады" - дей келіп, сыншы "Қызыл жебе"
романындағы орталық кейіпкерлер Рысқұл мен Тұрар тұлғаларын даралаудағы,
оларды типтік образ биігіне көтеру мақсатындағы жазушы ізденістеріне,
романның реалистік қуатына, романтикалық тынысына ерекше әсер еткен
көркемдік факторларды кеңінен сөз етеді.
Ал, әдебиет классиктері Ғ.Мүсірепов және М.Қаратаевпен арадағы сұхбат-
диалогтарда алдымен туған әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісі, әлі де
қолымыз жетпей жатқан асуларымыз бен көркемдік мақсат-мұраттар сөз болады.
Бүгіндері арамызда жоқ, айтулы сөз зергері, үлкен суреткер Ғабит
Мүсіреповтің қаламдас інісіне ағынан жарылып, аманат еткендей, абыз ойларын
бүкпесіз ортаға салуы, оны қолға ұстатқандай жіліктеп жеткізуі оқырман үшін
ерекше қымбат, қастерлі болуға керек.
Тағы да бір мақаланы жеке-дара, бөліп алып әңгімелеуге толық негіз бар. Ол
әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың айтулы туындысы "Жан пида" атты романына
арналған "Әлеуметтік әділет тартысы" атты көлемді мақаласы. Кезінде
романның ізін суытпай, іле-шала "Қазақ әдебиеті" газетінде жарық көрген бұл
мақаланың басты құндылығы - оның сол кезеңдегі одақтық пікірге дер кезінде
үн қосып, алғашқы пікір - байламның бірі болғандығында ғана емес, сонымен
бірге авторының терең таным-талғамын, биік парасат-пайымын
байқатқандығында.
Жалпы, кітапты оқып шыққаннан кейін, біздің ойымызша сыншы қаламына тән
басты ерекшелікті ажыратып айту ләзім. Ең алдымен, оның сөз етіп отырған
объектісіне байланысты қай мәселені көтермесін, соны немқұрайды сөз етпей,
тереңнен толғап, сезіммен шалқуы, нені айтса да жүрек түбінен тебіреніп
айтуы.
Ал, енді кітапқа енген басқа да шолу, талдау мақалалардың арқауында жатқан
кіндік мәселелер негізінен 60-80 жылдар прозасының, поэзиясының тақырыптық,
жанрлық, стильдік ізденістерін қамтып айтуға арналады. Осы арнада енді
таныла бастаған, алғашқы тырнақалды шығармаларымен оқырманға жол тартқан
жаңа толқын қаламгерлердің аяқ алысы туралы да сыншының ой-толғамдары,
пікір-байламдары орынды, орнықты көрінеді. Сыншы әдебиетіміздің ертеңгі
күнінен де суыртпақтап сыр тартады.
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының
тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Туған жері бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан
облысының Абай ауданы).
М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдан өткен ұлы тұлға. Оның алғашқы
жиырма жылғы жастық шағы өзінің сүйікті ақыны әрі рухани ұстазы болған
Абайдың балалық, жастық, жігіттік кезеңін еске түсіреді. Кейін оның атақты
эпопеясында жазғаны да сол дала, сондағы ауыл, сол қоғамдық орта. Атасы
Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын
ашушы да атасы. Ол сол арқылы Абайдың өлеңдерін ауылдастырына оқып беретін
дәрежеге жетеді. Бұдан кейін ол әуелі Семейдегі бес кластық орысша оқытатын
училищені, содан соң сондағы мұғалімдік семинарияны тәмамдайды. Семинарияда
жүріп өзінің тұңғыш шығармасы Еңлік-Кебек пьесасын жазады. Алашорда
өкіметінің қызметіне белсене араласады. Алашорда таратылғаннан кейін
бірыңғай білім жинауға бет бұрады. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия
мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып,
филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс
факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.
Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып,
қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби
сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген
мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған,
жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.
Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай
тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып
Татьянаның қырдағы әні келеді өмірге. Бұдан кейін жазушы Абай образын кең
аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, Абай трагедиясы
туады. Бұл ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.
Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен Абай жолы романдарын Мұхтар он бес
жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, Абай және Абай жолы
романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады.
Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бірлікті тарихи
шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың
шығармашылық жеңісі еді. Сол жеңісіне сай ол туған халқының құрметіне
бөленді, өз заманының ең жоғары сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен
Лениндік сыйлықты иеленді.
1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы алып, ұлы
жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет
және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына
Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар
мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш
президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения
мектебінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар
уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау
кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі
Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын
зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет
саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік
соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ
КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел
шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми
бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің,
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні
ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы
кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға
болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің
нәтижесі. Сондай ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай,
Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп,
олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы,
неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады,
ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың
басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске
ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз
жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.
Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және
маранец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі
нысандарды игеруге, Ертіс Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми
зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді,
Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.
Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі
дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының
бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП
съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және
Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт
рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып,
КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі
институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының
көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың
бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір
минерал (Сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар
бар.
СӘБИТ МҰҚАНОВ
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Әке-шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына
жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен,
мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда,
Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны
бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды
кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау
облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы
қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны
бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.
Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де
ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап,
шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына
кеңінен танытқан Сұлушаш дастаны, Адасқандар романы осы кезде өмірге
келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген Майға
сәлем (1933), Сөз Советтік армия (1934) атты өлеңдері, Ақ аю поэмасы
(1935), Жұмбақ жалау романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан
шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу
жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген
мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград
университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура
институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. Қазақ әдебиеті
газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл
жылдары да ол өндіріп жазумен болды. Драматургия, сын, әдебиеттану
салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды.
Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап
бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы
зерттеу еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды
пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген Халық мұрасы деген тарихи
этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық
игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.
Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес
болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, Ботагөз деген атпен жарық
көрген Жұмбақ жалау романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін
түгел дерлік қамтыған Өмір мектебі трилогиясы шын мәніндегі халық
шежіресі болатын.
Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ
мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары
бағаланды. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет
Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрметті белгісі ордендерімен
марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі
жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін
бітіріп, Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына
әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын
оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет
Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас
аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби
білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің
тырнақалды туындысы Тулаған толқында повесін жазады. Содан былай қарай
баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп,
шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, Қос
шалқар, Көк үйдегі көршілер, Шұғыла, Талпақ танау әңгімелері мен
Бір адым кейін, екі адым ілгері повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін
бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі
қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария
еткен еді.
Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен
түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші
дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы Қазақ солдаты
романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен,
сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ
романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып
барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы Оянған өлке романын
жариялайды.
Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы
қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер
суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған
сайын шыңдап, әрі әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады.
1968 жылы Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін Абай атындағы
республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы
елеулі туындыларының бірі Ұлпан повесін жариялайды.
Сонау отызыншы жылдарда-ақ үлкен драматург екенін танытып, Қыз Жібек
операсының либреттосын, Қозы Көрпеш-Баян сұлу пьесасын берген Ғ.Мүсірепов
кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып
табылған Амангелді, Ақан сері-Ақтоқты пьесаларын жазады. Оның
шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық
қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда
қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері
деп біледі, құрмет тұтады.
Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы
Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып
сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен
марапатталды.
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН
Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі
Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі.
Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының
ағысын аңғарған әкесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі Мауқымның
Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың
келесі жылы осындағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне
түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір
жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді.
Осыдан тек арада жеті жылдай өткенде тұрмыс құрып, үйлі баранды болған жас
жігіт білімін көтеру мақсатымен Қазақстанның сол кездегі астанасы
Қызылордаға келеді. Бірақ мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс-
қағаздарын тіркеуші болып орналасады. Осында жазушының өз тілімен атқанда,
газет оқуға ауызданады, қысқа хабарлар жаза бастайды. Жаңа танысы Сәит
Мұқановқа еліктеп, әңгіме жазады. Ұзамай Жыл құсы журналында тырнақалды
әңгімесі, араға жыл салып барып Ер Шойын атты тұңғыш әңгімелер жинағы
жарық көреді. Бірте-бірте қаламы ұшталып, жазу машығына жаңа төселе келе
әдеби ортамен араласып, сол кездегі дәстүрмен пікір таластарына қатысады.
Әдебиет майданында үлкен қағажу көріп, жазғандары жарияланбай, бәрін тастап
еріксіз ауылына кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп ол Қарағандыға келіп, үш жыл
қара жұмыс істейді. Сонда жүріп газет жұмысына араласып, әуелі Қарағaнды
пролетариаты, Новосибирь қаласында ашылған Қызыл ту газетінде қызмет
істейді.
Бұл жылдары болашақ жазушы көркем әдебиеттен қол үзіп кеткенімен,
журналистік жұмыс оның қаламын төселтіп, өмір тәжірибесін молайта түскен
еді. Сондықтан да ол жаңа астана Алматыға, әдеби ортаға қайтып келгеннен
кейін өңдіртіп жаза бастайды. Өмір не өлім атты алғашқы романы, колхоз
совхоз сахналарына арналған шағын пьесалары жарық көрді.
Ғ. Мұстафин өзінің шығармашылық ұзақ жолында өндіріс тақырыбы мен ауыл
шаруашылығы тақырыбын қатар қамтып, екі салада да өнімді еңбек еткен
жазушы. Кезінде оқып, білім ала алмағанына қарамастан, өзінің тынымсыз
ізденісі арқасында, орыс, қазақ жазушыларынан үйрену арқылы шеберлігін
шыңдап, өзі айтқандай, өмірдің алдын орауды мақсат етеді. Соның
нәтижесінде оның қаламынан туған шығармалар қазақ әдебиетіндегі сол
тақырыпқа жазылған бірінші шығарма болып келеді. Оның өндіріс тақырыбына
жазылған Өмір не өлім, Қарағанды романдары да, ауылшаруашылығы
тақырыбына жазылған Шығанақ, Миллионер романдары да тап осындай
шығармалар болатын. Ал Дауылдан кейін мен Көз көрген романдары
жазушының өзі өмір сүрген дәуірінің деректі шежіресіне айналды.
Ақырын жүріп, анық басып, әділеттен айнымауды өз өмірінің шырағы етіп
ұстанған ұлағатты қаламгердің әр шығармасы халқын рухани сусындатуға қызмет
етті. Соған орай оны халқы да ардақтап, құрмет етті. Ол екі мәрте Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болды. Бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі
Ленин, екі Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен
марапатталды, Абай және Жамбыл аттарындағы Республикалық әдеби сыйлықтарды
иеленді.
МАРҒҰЛАН ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ
Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904-1985) – қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық
География қоғамының толық мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР
Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген
қайраткері, профессор. Туған жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
ауданы.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласынан Ресей қалаларына барып, білім ала
бастаған қазақ жастарының бірі болып Ленинград қаласына барған Әлкей
Хақанұлы 1925-31 жылдар арасында осындағы Шығыс институтында, сонымен қатар
Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс
бөлімінде оқиды, бұларға қоса Өнер тарихы институтында лекция тыңдайды.
Осында оқып жүргенде ол КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен
Алтайдың халықтарының тарихын зерттеу экспедицисына қатысып, адайлар мен
наймандардың әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өнерін зерттейді. Оқуын бітіріп
келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы
Жаңа алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады.
Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта
оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол,
көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып,
Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар,
Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді.
Содан жинаған материалдарының негізінде Ежелгі Қазақстан қалалары мен
құрылыс өнерінің тарихына деген монографиялық еңбек жазады. Хандар
жарлығының тарихи әлеуметтік мәні деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология
және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып
тағайындалады.
Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей
Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу
жұмысының нәтижесінде Ж.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен
бірігіп, Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті атты кітап жазуға қатысып,
оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның
авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.
Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып
тағайындалғаннан кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz