ТАРАЗ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТАРАЗ - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI

Кәнкиев Ә.Ш., Жүншеев Р.Е.
Тараз қ., М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық
және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл
байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-
түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан
турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi
заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет
етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең
белгiлiсi, ең көнесi.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы
кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады. IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе
түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың
ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы
экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди
былай жазған: Тараз - бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала
ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Мәдина қақпасы алдынан өзен
ағып жатады, ар жағында қаланың бiр бөлiгi орналасқан, оған өтетiн жол бар.
Ал, базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады. Тараз қаласының
орнын тұңғыш рет iрi ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромоди,
Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектерiне сүйене отырып, көне екенiн
дәлелейдi. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшiсi
Земархтың түркi қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейiн, бiр ғасырдан
соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань Цзянь-Июаньнан батысында (Долос) қаласы
орналаскан, қаланың аумағы 8-9шкм, онда әр елдiң саудагерлерi мен соғырлар
тұрады, деп жазды. Осы кезден бастап қаланың аты тек өз өлкесiнде ғана
емес, көршiлес мемлекеттерге белгiлi болды.
Тараз қаласының IX-X ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетiнiң
өркендеуiне негiзiнен ықпал еткен Талас аңғарындағы бай егiншiлiк алқап пен
Талас Алатауының маңындағы күмiс өндiретiн кен орындарының дамуы болды.
Тараз - Түркеш, Қарлық онан кейiн Қараханид мемлекеттерiнiң орталығы болып,
өзiнiң бақыр ақшаларын шығарды. Ортағысырлық қалаға жүргiзiлген
археологиялық қазбадан табылған қыштан жасалған су құбырлары, сәулет
өнерiнiң дамығандығын дәлелейтiн құрылыс орындарының қалдықтары, тас
төселген көшелер мен тротуарлар және қолөнер шеберлерiнiң қолынан шыққан
көптеген бұйымдар, сөз жоқ, қаланың X-XII ғасырларда едәуiр гүлдене
өскендiгiнiң куәсi. Қалада керуен сарайлары, iрi қоғамдық ғимараттар,
қолөнершiлердiң шеберханасы, копестердiң дүкендерi мен көптеген қала
тұрғындарының қажетiн өтейтiн кiшiгiрiм сауда орындары болған. Тараз
қаласында мұсылман сәулет өнерiнiң iнжу-маржандары болып саналатын Әулие
ата - Қарахан (XI ғасыр) және Дәуiтбек (XIII ғасыр) кесенелерiн айтуға
болады. Тараз XIII ғасырдың аяғында моңғол империясының, одан кейiн Темiр
империясының маңызды орталығы болып қала бердi. Кейiнiрек XVI ғасырда
Жетiсуда Қазақ хандығы құрамына енген кезде де қала өз жалғасын тауып
кеттi.
Қала 1856 жылы - Әулиеата деп аталды, 1936 жылы - Мирзоян аты берiлдi,
1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есiмiн иелендi. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда
Қазақстан Республика Президентiнiң жарлығымен ежелгi аты қайтарылып, Тараз
аталды. Тараз тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан
көне қала. Ол әсiресе X - XII ғасырларда зор даму, гүлдену дәуiрiн басынан
өткердi. Қарахан әулетi билеген тұста, ол осы бiр ертеғасырлық алпауыт
мемлекеттiң астанасы болған. Тап сол кезеңде Тараз, түрленiп, түлеп күллi
әлемнiң құрылымдық жүйесi, көше жолдары қала стилiндегi терең де бедерлi,
сән - сәулетке ие болды. XII ғасырдың аяқ кезiнде бабамыз Қарахан дүниеден
өткен кезде, оның қабiрi басына сәулеттi күмбез ғимараты салынады. Ол келе-
келе қала тұрғындары мен қонақтарының бас иiп, мүнәжәт ететiн қасиеттi
орынына айналған. Сөйтiп, мазар Әулиеата аталып кетедi. Бiрақ, кейiн
монғолдардың жойқын шапқыншылығы кезiнде сол қасиеттi күмбез де, қала да
тып-типыл болып қиратылған едi.
Кейiн жоңғарлардың ақтабан шұбырындысынан арылған, есiн жиған
қазақтар 1809 жылы кесененi қалпына келтiрдi. Мiне, сол ғимарат Айша-бибi,
Бабажа-қатын, Дәуiтбек (Шамансұр) ертеортағасырлық архитектуралық
ескерткiштер күнi бүгiнге дейiн сақталып келедi. Айша бибi, Қарахан, Бабажа
қатын, Тектұрмас сынды тарихи жәдiгерлерiмен әлемдi сүйсiнткен көне
Таразды, шығыстың ұлы жұлдызы Фердауисидың жүрегiнен суырып алған, мына
өлең жолдары тамсандырған бұл көне, қасиеттi Тараз. Сергiтер жүрек
жарасын, Мөп-мөлдiр көздер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз қаласының қысқаша тарихы
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы сауалнама
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету
Қазақстанның жеті кереметі
Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы
О.Шпенглер және “өркениеттің ақыры”
Орта ғасырдағы қала мен дала
Пәндер