Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік-
эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі
сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен
барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі
біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам
бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз
мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр
түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру
көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен
технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады.
Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан
түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске
тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары
эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға
еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер
болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде
шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда)
өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады.
Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп
елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең
алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл
көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын,
әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан
табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде
ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені алдынғы
күні біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, күні кеше атом ядросында
орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық
түсінбейтін күштердің қоршауында тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі –
адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық
адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы,
өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын
неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
Табиғи ресустар деген терминмен қатар табиғи жағдайлар деген
неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын
шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп
қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия
алынатын ресурс.
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін
көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты.
Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға
әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете
алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам
табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының
мәнісі осы.
Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі.
Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал,
жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды
табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі.
Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын
ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі
бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына
қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресустар
Әлем экономикасы
Табиғи қорлар классификациясы
Ресурстар және олардың түрлері
Дүниежүзінің табиғат ресурстары
Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Табиғат ресурстары
Жер қойнауы және жер қойнауының пайдалану түсінігі
Қазақстан биоресурстары
Батыс Қазақстан ауданы
Пәндер