Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Қалалық Білім Басқармасы
Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжі

Курстық жұмыс
Пән: Қаржылық есеп
Тақырыбы: Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі

Орындаған:3 есеп В тобының
Студенті Еркінова А
Тексерген: Пән оқытушысы
Қасымғожина Э.С.

Алматы 2016
Мазмұны

Кіріспе

I. Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі

1.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Негізгі емес қызметтен түскен табыс есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

1.3. Табыстың белгілерін ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Фитопрепарттар ФК ЖШС-да жылдық жиынтық табыс есебінің ұйымдастырылуы

2.1.Фитопрепараттар ФК ЖШС-нің техникалық ерекшеліктері және техника-экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2.Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

2.3.Негізгі емес қызметтерден түскен табыс есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

2.4. Негізгі және негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі ... ... ... .

Қорытынды

Қосымша

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
2002 жылғы №-II Заң күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссиясының Қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негізде,табыс - есепті кезеңде активтің өсуі (артуы) немесе міндеттеменің төленуі,ал міндеттеме - бұл есепті кезеңде активтің төмендеп немесе міндеттеменің өсуі (артуы) деп көрсетілген.Әдетте,шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес.Өз кезегінде табыс алмай ,шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.
Қазіргі кезде нарықтық экономикалық қатынастардың дамуына байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықарылық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді, яғни шаруашылық басқарудың тиімді механизмін жасауға қолайлы жағдай туды деген сөз. Отандық нарықта бәсекелестіктің күшеюі табыс табу мен кәсіпорындарды сақтап қалудың басты факторы өнімнің өзіндік құнын төмендету және кәсіпорынның қаржы жағдайы мен нәтижесі болып табылады . Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып,әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс .Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілеттілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдерінің қатарынан лайықты орын алу . Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негіздеьәріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
Осы орайда еліміздің барлық экономика салаларындағы келесі кезекте маңызды ұйымдардың ортақ мүддесі шығады,ол бәрімізге белгілі кез келген ұйымдардың басты мақсаты - табыс табу. Табыс артқан сайын кәсіпорындарға да тиімді,сондай-ақ мемлекетке де тиімді.Сондықтан да өнім өндіруге ,жұмыс атқаруға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды барынша азайтып,оған негізсіз енетін шығындарды бақылау қажет Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әрбір заңды тұлғалар - мемлекетік кәсіпорындар , шаруашылық серіктестіктер,өндірістік кәсіпорындар, салық салынатын табысы бар коммерциялық емес ұйымдар есепті жыл ішінде табысқа салынатын салық төлеушілері болып табылады,соның ішінде :
:: заңды тұлғалар - резиденттер,Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа , және резидент емес заңды тұлғалар;
:: кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы бар коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.
Жылдық жиынтық табыс деген ұғымды заңды тұлғаның күнтізбелік жылдың ішіндегі әр түрлі көздерден алған табыстары деп түсінеміз .Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстардың барлық түрлері жатады,олардың ішіне :
:: өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды)өткізуден (жанама салықтарды қоспағанда) түскен табыс;
:: үйлерді,ғимараттарды,құрылыстарды , сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінентүсетін табыстар;
:: сыйақылар түріндегі табыстар;
:: акциялар бойынша дивидеттер бойынша және кәсіпорында қатысудан түскен табыстар;
:: тегін алынған мүлік және ақшалар;
:: тәуелсіз кәсіпорындар арасында тауарларды сатып алумен байланысты тарифтерге,қойылымдарға байланысты түскен табыстар.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Фитопрепараттар ФК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық жиынтық табысын дұрыс,әрі тиімді есептеудің жолдарын қарастыру және зерттеу шығады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық жиынтық табысының есебін қарастыруда алға қойылатын негізгі міндеттер:
кәсіпорынның есеп саясатын зерттеу ;
кәсіпорынның жылдық жиынтық табыс есебін көрсету ;
жылдық жиынтық табыс есебінің аудитін жүргізілу тәрті- бін көрсету мен аудиторлық тексерудің нәтижелерін қорытын- дылау;
жылдық жиынтық табысты есептеудің кезінде жіберілген кемшіліктерді жою шараларын ұсыну.
Бұл кәсіпорын фармацевтикалық өнімдерді өндіріп дәріханаларға және емхана мекемелеріне өткізумен айналысады.Жерінің қазба байлығы мол ,экономикалық потенциалы аса жоғары деңгейде танылған Қазақ елінің кең байтақ аймақтарында орналасқан ұйымдардың немесе шаруашылық қызметін жүргізуші субъектілердің көптеген құқықтық түрлері өз қызметін атқарып келеді.
Курстық жұмыс кіріспеден , екі бөлімнен , қорытындыдан , қосымша мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі
1.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
Негізгі қызметтерден түскен табыстың есебі 6-бөлімшесінің Негізгі қызметтен түскен табыстар шоттарында ұйымдастырылады.Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық,әрі пассивтік шоттар жатады:
6010- Дайын өнімді (жұмыстарды,қызметтерді) сатудан түскен табысшоты.Бұл шотта өнімді сатудан ,орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотты жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады.Есепті кезең бойы 6010-шоттың кредитінде дайын өнімді,жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дт
Кт
1
Салықтық шот фактураларының және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды
500 000
2110
2120
6010
2
Қосылған құн салығы
80 000
2110 2120

3
Жұмыстары қабылдау актілерінің негізінде негізгі және қосалқы өндірістің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер
200 000
2110
2120
6010
4
Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті
814 200
1030
2110

Дайын өнімді,жұмыстарды және қызметтерді көрсетуден түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында Жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 6010 шоты дебеттеледі, ал 5410 шоты кредиттеледі.
6020-Алынған тауарларды сатудан түткен табыс шоты.Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады.Бұл шотта сауда да, жабдықтау , делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен,делдалдық қызметпен және экспорттық-импорттық операциялармен айналысатын кез келген өнеркәсіптік ,ауылшаруашылық және тағы да басқа кәсіпорындар,олардың жалғысында алдын-ала ескерілген болса ғана , бұл аталған шотты қолдана алады.
6020- шоты бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы жоғарыда келтірілген 6010 шоты бойынша жасалған корреспонденциясымен бірдей болып келеді.
6030-Құрылыс-монтаждау,жобалау-зе рттеу,геологиялық барлау,ғылыми зерттеу және басқа да жұмыстарынан түскен табыс шоты.Шотты құрылыс-монтаждау,жобалау-зерттеу,г еологиялық барлау,ғылыми зерттеу кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан түскен табысты көрсету үшін пайдаланылады. Аталған шотты , кәсіпорындар келтірілген жұмыстардың түрлерін орындауы қарастырылған болса ғана пайдалана алады.Шоттарының корреспонденциясы 6010-шот бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келген .
6040-Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша келтірілген қызметтерден түскен табыс шоты.Шотты теміржол,автокөлік ,әуе жолы,теңіз жолын,су жолы және көліктің басқа да түрлері , жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша тиісті қызметтерінен түскен табыстарды есепке алу алу үшін қолданады. Шоттарының корреспонденциясы 6010-шот бойынша келтірілген шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келеді.
6050- Жалдан алынатын табыс шоты мүлікті жалға бергеннен түсетін табыстар туралы ақпараттары жинақтауға арналған.
Мүлікті жалға бергені үшін алынатын жал төлемін есептегенде 6050 Жалғадан алынактын табыс шоты кредиттеледі де, мына төмендегі шоттар:
2120- Тараптардың берешегі, 2140 Тәуелді серіктестіктердің берешігі, 2130 Бірге бақыланатын заңды тұлғалардыңберешігі -бас және тәуелді серіктестердің есептелеген жал төлемінің сомаларына;
1630- Басқадай дебиторлық берешек -әр түрлі жалға алушылардың есептелген жал төлемнің сомаларына;
3510-Болашақ кезеңдердің табыстары-қазіргі есептік кезеңге жатқызмайтын, алдын ала төленген (шоттардың дебеті, 3510-шоттың кредиті) жал төлемнің сомаларына дебеттеледі.
6050- шотта есепке алынған табыстар жыл аяғында - Жылдық жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады, яғни 6050- шоттың дебеті,6000- шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
6060- Байланыс ұйымдарының көрсеткен қызметтерінен түскен табыс шоты; 6070- Сақтандыру компанияларының қызметінен түскенг табыс шоты;6080 - Инвестициялық қызметтен түскен табыс шоты. Бұл шоттар экономиканың тиісті салаларында алынған табыстардың есебіне арналған. Алынған табыстардың сомаларының көрініс беруі 6010- ші және басқа шоттарда есепке алынған өнімді ( жұмыстарды,қызметтерді) сатудан түскен табыстардың көрініс беруімен бірдей болып келеді. Сақтандыру төлемдері сақтандыру төлемі ақша қаражаттарын есептейтін шоттардың дебетіне, 2130 шотының кредитіне жатқызылады. Жылдың аяғында 6060-6080 шоттар жабылады (6060,6070,6080-шоттарының дебеті,5410-шоттың кредиті).
6090- Негізгі қызметтен түскен басқа да табыстар шоты. Бұл шотта негізгі қызметті жүзеге асырудан келген, жоғарыда келтірілген шоттарда есепке түспеген табыстар көрініс табады.
Мұндай табыстарға кәсіпорын қызметінің басқа түрлері бойынша жасалған өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан ( өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, барлық шаруашылығы, құс шаруашылығы тағыда басқалар өнімін сатудан) түскен табыстар жатады. 6090-шоттағы табыстарлды көрсету жөніндегі жазбалар 6010- ші және 6020-ші шоттар бойынша келтірілген жазбалармен бірдей болып келеді.
6090- шотының кредиті бойынша негізгі қызметтен түскен бпасқа да табыстардың сомасы көрсетілуі мүмкін.
Жылдың аяғында 6090- шотта есепке алынған табыстардың сомалары негізгі табыс шотына көшіріліп жазылады.
6010-6090 шоттар бойынша талдау есебі ведомоста бір айда және жыл басынан бері алынған табыстардың басынан аяғына дейін жинақталған түрлері бойынша жүргізіледі.
Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 12.12.2005 ж № 554 бұйрығымен бекітілген Корпарациялық табыс салығы негізінде декларацияны жасау ережелері толтырылды.
Бұл Салық кодексінің 81-бабына сәйкес тауарларды ( Жұмыстарды қызмет көрсетулерді) сатудан түскен табысты анықтауға болады.
Салық есептілігінің барлық нысандарының бірінші бөлімінде салық төлеуші туралы ақпарат жазылады. Егер салық төлеуші электронды түрдегі нысандарды толтыратын болса, іске қосылған барлық ақпарат қосымшалар бойынша автоматты түрде бөлінеді. Бірақ, дегенімен де, мынандай деректер міндетті түрде толтыруға тиіс:
+ Салық төлеушінің СТН-і;
+ Декларация табыс етілетін салық кезеңі;
+ 3 тармақта егер салық төлеуші Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сапа саласындағы жетістьігі үшін сыйлығының лауреаты болып табылса, белгіленеді;
+ 4-тармақта егер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі салық кодексінің 140-7-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес бекіткен өз өндірісінің тауарларын өткізуші заңды тұлға - Қазақстан Республикасы Үкіметінің сапа сласындағы жетістігі үшін сыйлығының лауреаты өндіріс процесі сапа менеджменті мен қоршаған ортаны басқару жүйесіні ң 9000 және 14000 сериядағы ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаттаған болса, белгіленеді.
Бұдан әрі Тауарларды (жұмыстарды, қызымет көрсетулерді)сату бөлімі толтырылады.
Егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны тауарларды ( жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден түскен табыс:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін бағалар, өтемдер өзгерген;
4) теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың ( жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.
Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Басқада табыстар салық кодексінің 80-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысқа қосылатын,бірақ декларацияның 100.00.001-100.00.019 жолдарында көрсетілмеген салық төлеушінің табыстарын анықтауға арналған.
В бағанда табыстың тиісті түрі көрсетіледі:
:: активтер шығып қалған кездегі табыс, ол тауарларды өткізуден түскен құн салығы немесе үйлерді , ғимараттарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтерді өткізуден түскен құн өсімінен түскен табыс салығы болып табылмайтын және бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкес табыс ретінде танылатын табыстар сомасын қамтиды;
:: 02- меншікті акциялар құнының оларды орналастыру кезінде эмитент аталған олардың атаулы құнынан асуы;
:: 03- мүлікті пайдалану құқығын беруден түскен табыс, ол мүлікті пайдалану құқығын беруден алынуға тиіс және бухгалтерлік есептің ежелеріне сәйкес табыс деп танылатын салық төлеуші табысының сомасын қамтиды;
:: 04- сақтандыру жағдайы басталған кезде алынған сақтандыру төлемдері. Бұл код бойынша 100.22.0001 және 100.222.002 жолдарға қосымша нысандардың Н бағанында көрсетілген сақтандыру төлемдері ескерілмейді;
:: 05- металдық шоттар бойынша алынуға тиісті табыстар;
:: 99- басқада табыстар.

1.2 Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі
Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың Бас жоспарының Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 6210-шоты Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс материалдық емес активтерді сатудан келген табыстарды жинақтауға арналған.
Материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады


Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
1
Материалдық емес активтер сатылады:
-қалдық құнына
-тозған сомасына
-босатылған құнына

170000
30000
211000

1220

6210
2
Сатылған материалдық емес активтер бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасына ( 12co)
33760
1420
6210
3
Жыл соңында 6210 және 7410 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс шотына есептен шығарылады:
-табыс
-шығыс

211000
170000
6210
7410

6210-шоты Негізгі құралдарды сатудан түскен табыс негізгі құралдарды сатудан түскен табыстарын жинақтауға арналған.

Негізгі құралдарды сатқанда мынандай шоттардың корреспонденциясы жасалады.

Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
1
Негізгі құралдар сатылды:
-қалдық құнына
-негізгі құралдың тозу сомасына
-босатылған (босату) құнына

300000
50000
390000
1220
2410
2
Сатылған негізгі құралдар бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасына (13co)
32400
3130
6210
3
Жыл соңында 6210 және 7410 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс шотына есептен шығарылады.
-табыс
-шығыс

390000
300000

6210

1220

6210-шоты Бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс бағалы қағакздарды сатудан алынған табыстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
6210-шот бойыжасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген


Шаруашылықоперацияларының мазмұны
Сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
1
Кәсіпорын өзі алған бағасы бойынша акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатты
60000
1220
6210
2
өздері алған бағалы қағаздары үшін, сатып алушыларға шотты ұсынды.
200000
6210
1220
3
Бағалы қағидаларды сатудан алынған жалпы түсімі кассаға және есеп айырысу шотына келіп түскен
200000
1010
1040
6200
4
Алынған бағалы қағаздар үшін, бас кәсіпорынға шоты ұсынылады
100000
1040
6200
5
Кәсіпорын өз қызметкерлеріне және басқа адамдарға шотын ұсынған
200000

6
Есептеген шығарылған қаржылық инвестицияларға қатысты қайта бағалау сомалары табыстарға көшіріліп жазылды
170000
6150
1220
7
Жылдың аяғында бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстардың сомасы жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылды:
-табыс
-шығыс

870000
600000

6010
7010

1220
1220

6160 Акция бойынша дивиденттер және пайыздар түріндегі табыстар шоты ұзақ мерзімді жалға берілген қарыздарды, сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттерді есептеуге арналған.
Пайыз түрінде алынатын табыстар 5 БЕС сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уақытша қатынастық негізінде есекеріледі. Мысалы, субъектінің туарды сатып алушыларда 24co жылдық мөлшердегі векселі бар делік. Қарыз сомасынан вексель юойынша ай сайынғы табысы 2 co( 2412) құрған. Табыстан төленетін дивиденттер акционерлердің оны алуы туралы құқы белгіленсе ғана танылады.
Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелген пайыздарды, берілген қарыздарды алған кезде шоттар корреспонденциясы жасалады.
Алынған табыстар 5410- Жиынтық табыс -шотына көшіріліп жазылғаннан кейін 6210-шоты жабылады.
6220-Бағам айырмашылығынан түскен табыс шоты айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына шаққандағы теңге бағамының өзгерісі кезінде пайда болатын бағамдық айырманы есепке алуға арналған.
Бағам айырмашылығынан алынған табысқа шоттардың мынандай корреспонденциясы құрайды.

Шаруашылықоперацияларының мазмұны
Сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
1
Дебиторымен есеп айырысу шоты мен ақша қаражаттары бойынша бағамдық айырмасынан түскен табыс:
-сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен

60000
6210
1210

-бас серікиестіктерімен
10000
6210
6230

-берілген аванстармен бойынша
15000
6210

-ақша қаражаттарының шоттары бойынша
160000
6210
1010
2
Кредиторлармен есеп айырысу шоттары бойынша бағамдық айырмасынан түскен табыс:
- бас серіктестіктерімен

50000
6210

-алынған аванстар бойынша
60000
6210
5110

-жабдықтаушылардың және мердігерлермен т.б.
30000
6210
3310

-несиелік операциялар бойынша
20000
6210

3
Жыл аяғында бағам айырмашылықтарының сомалары жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылдады

4050000
6210
6230

Жыл аяғында 6250 шоты бойынша қалдық қалмау керек.
6230- Атқарушы үкімет органдарының субсидиялары шоты үкімет органдарынан алынған субсидиялардың сомалары туралы ақпараттың есебін есепке алады.
Субсидия дегеніміз - үкімет органдарының заңды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы.
Жыл аяғында әдетте 6230 - шоты бойынша қалдық қалмауы керек және ол 6000 шотымен жабылуы тиіс. Алайда, кәсіпорын субсидиялары қандайда бір мақсатты шараларға жүзеге асыратын болса, ( мысалы, жергілікті бюджеттен жергілікті жолдарды күтіп ұстауға және жөндеуге алса) онда ол жылдан жылға ауысуы мүмкін, бірақ дегенмен 6230 шотының жабылуын қамтамасыз ету керек.
6230 шоты бойынша келесі шоттар корреспонденциясы жасалады.


Шаруашылықоперацияларының мазмұны
Сомасы теңге
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
1
Кәсіпорын атқарушы үкімет органдарынан субсидияларды мына мақсаттарға алады:
- мектепке дейінгі балалар мекемелерін күтіп ұстауға

300000
6200
7210

-әлеуметтік сала объектілерін ( клубтарды, кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды және т.б күтіп ұстауға.
200000
7210
6200

-карантиндік шараларды, індетпен күресуді, жергілік жолдарды күтіп ұстауды, безгек массасымен күресуді және басқа мақсатты шараларды жүзеге асыруға

60000
6200
60000
6250- Басқа да шоты кәсіпорынның негізгі емес қызметіне түскен табыстарды есепке алуға арналған. Атап айтқанда, бұл шотта табыстардың мынандай түрлері көрініс береді:
-негізгі құралдарды түгендеу кезінде анықталған негізгі құралдардың есепке алынбағандары (2414 шоттарының дебеті, 6250-шотының кредиті);
- түгендеу кезінде анықталған материалдардың, дайын өнімдердің және алынған тауарлардың есепке алынбағандары (1310,1311,1312,1313-шоттарының дебеті, 6250 шотының кредит) ;
-түгендеу кезінде анықталған ақша қаражатының есепке алынбағандары( шоттарының дебеті , 6250 шотының кредиті);
-қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның ағымдағы құнының өзгеруінің нәтижесінде алынған табыстар (шоттарының дебеті ,6250 кредиті);
Келтірілген жазбалардан кейін 6250-шоты жабылуы керек.
6210-6250-шоттары бойынша талдау есебі кәсіпорынның өзджері әзірлеген номенклатуралық баптары бойынша жасалған тізімдемесіне және кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.
Жылдық жиынтық табыс төтенше жағдайға басшының шешіміне байланыссыз және субъекті әдеттег қызметіне тән емес, өте сирек кездесетін операциялар мен оқиғалар жатады.
Төтенше жағдайды әдеттегі жағдайдан ажырату өте қиынға түседі,өйткені бір кәсіпорынға ол ахуал күтпеген жағдай болып көрінсе, ал екіншіден ол дәстүрлі жағдай болып табылуы мүмкін.
Егер оның келесі сипаттамасы болса, операция немесе оқиға төтенше болып саналауы мүмкін.
:: өте сирек болса;
:: жай немесе әдетті бір бөлігі болып табылса;
Ал мына жағдайларды төтенше жағдай ретінде қарастыруға болмайды:
+ валюта бағамының ауытқуы;
+ келісім шартта көрсетілген бағаға түзетулер енгізу;
+ мүліктерді, құрал-жабдықтарды, инвестицияны сатудан немесе есептен шығарған кездегі алынатын табысты немесе зиянды;
+ салық жеңілдіктерін алып тастауды, корпаративтік табыс салықтарының мөлшерлемесінің төмендеуі тағы басқалар.
Тоқтатылған операциялардан және төтенше ахуалдан алынған зиян мен табыстың есебі мына шоттарды жүргізіледі:
7710- Табиғат апаттарынан болған өлмейтін зияндар шоты;
7720- Табиғат апаттарынан алынған табысы (зияны) шоты;
7730- Тоқтатылған операциялардан алынған табыстар зияндар шоты . табиғат апаттарына болған өтелмейтін зияндар мүмкіндігінше сақтандыруды қажет етеді,ол үшін кәсіпкерліктің тәуекелділігіне резервтер жасау керек. Бұл жағдайда, яғни резервтік қорлар жасалмаса, олар сақтандырушыұйымдарынан өтем ақысын ала алмайды, яғни өтелмейді.
Төменде 7710 шоты бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.


Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит

Сақтанушы мүлікті сақтандыруға шар жасаспаған.Селдің салдарынан трактор жойылды.

1
Тракторды пайдалануға қабылдап алған кезінен бастап, жойылған кезіне дейінгі тозуының сомасы есептелген.
210000
2425
2414
2
Трактордың қалдық сомасы
590000

2414
3
Жыл аяғында861-шотта есепке алынған залал сомасын жиынтық табысқа жатқызады.
590000

Басқа активтердің ( материалдардың, дайын өнімнің, сатып алынған тауарлардың) табиғат апаттарынан жойылуы да жоғарыда келтірілген корреспонденция бойынша көрініс табады.

1.3. Табыстың белгілерін ашу.
Субъекті қаржылық есеп берген кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырды, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілген қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.
Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табыстардың есебі Басқа ұйымдарға қатысудан түскен табыс шоттарында жүргізіледі. Шот күрделі және оның талдамалы есебі әрбір ұйымдар бойынша жүреді. өйткені ол сол ұйымдармен бірлескен қызметін немесе өз капиталын салуын жүзеге асыруы мүмкін.
7710-шотының дебеті мен кредиті бойынша келесі шаруашылық операциялар көрініс табады.
Кесте:

Шаруашылық операциялардың мазмұны
Сомасы
Мың теңге
Шоттар корреспонденциясы

дебет
кредит
1
2
3
4
5
1
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік табысқа тиіселі сомасын есептейді
150 000
2210
7710
2
Бас немесе тәуелді серіктестіктер өздерінің таза табысынан үлестік зиян сомасын есептейді
90 000
7710
2210
Басқа ұйымдарға қатысудан алған табыстар жыл аяғында 7710 шотынан шоттың не дебетіне, не кредитіне есепттен шығарылады. Жыл соңында 7710- шоты бойынша қалдық қалмауы тиіс.
Салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстің 122-бабына сәйкес жасалған түзетулерді ескере отырып, осы Кодекстің 80-103, 105-114-баптарында көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 91-бабына сәйкес түзетілуге тиіс.
80- бап. Жылдық жиынтық табыс.
1.резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысты салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.
Қазақстан республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 184-бабына сәйкес анықталды.
2. жылдық жиынтық табыста салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, соның ішінде:
1) тауарларды ( жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуден түсетін табыс;
2) үйлерді, ғимараттарды сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс.
3) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;
4) күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
5) мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
6) Қазақстан Республикасының заңдармен провизиялар жазуға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыцмдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
7) борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;
8) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтауға келісім үшін алынған табыстар;
9) шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;
10) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар;
11) ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
12) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс;
13) сыйақылар;
14) ұтыстар;

II. Фитопрепарттар ФК ЖШС-да жылдық жиынтық табыс есебінің ұйымдастырылуы
2.1. Фитопрепараттар ФК ЖШС-нің техникалық ерекшеліктері және техника-экономикалық көрсеткіштері
Фитопрепараттар ФК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында құрылған.Өз қызметін фармацевтикалық препараттар нарығында жүзеге асырады.Бұл қызмет негізінен дәрілік шөптерді өңдеумен және тағы басқа фармацевтикалық өнімдердің өндірілуімен және өткізілуімен сипатталады.Сондай - ақ бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтермен айналысады . Кәсіпорынның иелігінде жылжымайтын мүлік, атап айтсақ - өндірістік ғимарат,қойма шаруашылығының ғимараты, әкімшілік ғимараттары ,сонымен қатар кафе , сауна , таксопарк арналған ғимараттары бар. Кәсіпорын балансында көлік құрал- дары бар.
ФитопрепараттарФК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде:
:: қоймашы,
:: экономист - бухгалтер,
:: басқа да қызметтермен айналысатын қызметкерлері бар.
Әзірге кәсіпорынның негізгі табыс бөлігін жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетіндіктен, кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын күшейтуде жаңа техника мен технологияларды игеру үшін үлкен көңіл бөлуде.
Берілген кәсіпорынмен өзінің қызмет ету барысында үлкен көлемді өндірістік-шаруашылық объектілер енгізілген.Төменде ұйым жұмысының 2004-2005 жылдардағы техника-экономикалық көрсеткіштерін қарастырамыз.
ФитопрепараттарФКжауапкершілі гі шектеулі серіктестігі- нің техника-экономикалық көрсеткіштері.
Көрсеткіштер
2004
2005
Ауытқу:
Өсуі(+)
Кемуі(-)
Өсуі (%)
2004-100%
1
2
3
4
5
1.Тауарларды(қызметтерді,жұмыстарды ) сатудан түскен табыс
2.Таза табыс
3.Өнімнің өзіндік құны
4.Негізгі қызмет бойынша рентабельділік
5.Табыстың бір теңгесіне кеткен шығындар
6.Еңбек өнімділігі
7.Еңбекке ақыны төлеуге кеткен шығындар
8.Негізгі қорлар
9.Қорқайтымдылығы
10.Орташа тізімдік саны
87427509

923569
26376
1,29

0,77

901654
1165933

999818
34,27
38
28166163

764944
24390470
1,31

0,76

711965
4677453

960886
33,34
45
-59261346

-1986136
0,02
-0,01

-189689

3511520
-38932

-0,937
31,21

92,47
102
98,70

78,96

401
96,11

97,29
118


Техника-экономикалық көрсеткіштерді салыстырмалы талдау нәтижесінде тауарларды сатудан түскен табыс 2005 жылы 592611346 теңгеге ,яғни 31,21 пайызға кеміген. Кәсіпорынның пайдасы 764944 тенгеге дейін өскен.2005 жылы өнімнің өзіндік құны 1986136 теңгеге немесе 7,53% кеміген,бұл түсімнің бір теңгесіне кететін шығынды 1,3% төмендеуіне әкелген.
Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі ұйымның рентабельділігің 1,29 пайыздан 1,31 пайызғадейін өсуіне алып келген.
Егер жекелеп қарастыратын болсақ,онда өндірістік шығындардың төмендеуінің бағыттарын боламыз.Негізгі қызмет бойынша жұмытың артық блуы пайда мен өндірістің рентабельділігінің көтерілуін байқаймыз.
2005 жылы еңбек өнімділігінің өспегеніне қарамастан жұмысшылар саны 38-ден 45-ке көбейген.Жұмысшыларға еңбекақыны төлеу шығындары 4677453 теңгеге ,яғни алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 401 пайызға өскен.
Жылдық жиынтық табысты салыстырмалы әдіс бойынша талдау нәтижесінде:
:: тауарларды өткізуден,қызмет көрсетуден,жұмыс орындаудан түскен табыс:
2004-87 427 508 теңге;
2005-28 166 163 теңге.
:: Мүлікті жалға беруден түскен табыс:
2004-116 618 223 теңге;
2005-168 838 261 теңге
:: Мүлікті өткізуден сомасы:
2004-614 909 теңге зиян;
2005-367771 табыс.
:: Басқа табыстары :
2004-1 139 746 теңге;
2005-6 508 905 теңге.
:: Жылдық жиынтық табыс:
2004 - 221 570 569 теңге;
2005-216 942 829 теңге.
Тауарларды(жұмыстарды,қызметтерді)ө ткізу бойынша шығындар:
2004- 141 680 162 теңге;
2005-101 729 457 теңге.
Теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып түсуінен болған шығындар:
2004-591 455 теңге;
2005-0.
2005 жылы жылдық жиынтық табыс 2004 жылмен салыстырғанда 210 337 теңгеге кеміген.Шегерімдер 2 253 291 теңгеге кеміген.

2.2.Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелінеді . Яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметінен түсетін табысы - 28166163 теңге,ал негізгі емес қызметінен түсетін табысы - 188776666 теңге . Сондай-ақ тауарлы-материалдық запастар - сатқаннан, қызмет көрсеткеннен ,кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден,пайыздардан ,роялтиден , және дивиденттерден - 12582597 теңгеден тұрады.
Табыс дайын өнімдерден , сатып алынған таурлардан және көрсеткен қызметтерден алынады,олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта анықталады.Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың(мәміленің)құндарын өлшейді.
Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде , тараптар өздерінің келісім - шартында бухгалтерлік есептің мынандай басты қағидаларына көңіл бөледі : есептеу, алаламау , яғни,екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау тағы басқа . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстардың есебі және аудиті
Шаруашылық жүргізуші субъектілері
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Кірістер мен шығыстар
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Ұйымдағы табыстар мен шығыстардың мәні мен жіктелуі
Шығыс және табыс есебі
Пәндер