Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні: Бейнелеу өнері негізі мен оқыту әдістемесі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ермексаздың қасиеттері және ыдыс түрлері дайындауға үйрету.

Орындаған:------------------------- -----
----------

Орал – 2017

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Ғажайып ермексаз әлемі
1.1. Ермексаз тарихы және
қасиеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ермексазбен жұмыс жасау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Балабақшада  мүсіндеудің  әдіс-тәсілін  үйрету
2.1.Түрлі жастағы  топтарда  мүсіндеу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .11
2.2. Ермексаздан жапсырмалау тәсілдері, құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Мүсіндеу оқу қызметінің жас ерекшелігі бойынша әдістері
... ... ... ... 22
2.4. Менің сүйікті кейіпкерлерім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..35

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мүсіндеу  балалардың  сезінуін, қабылдауын және 
көрнекі  түсінігін дамыту  үшін  қажет. Нақты  дүние заттарын  тануда 
көру   басты деп саналады,  бірақ  балаларда бейне қалыптасуының  алғашқы
кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И.М. Сеченов:
Заттардың  денелік  пішінін  көзге қарағанда қол басқаша айқындайды  және
де біз қолдың алақанын әрдайым  көзден біршама таса заттардың бүйір
беттеріне, сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына  тигізе
алудың арқасында ,  оны  толығырақ  айқындайды.    Мектеп жасына дейінгі
балаларға затты білу ұшін   оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті  
Мүсіндеу алдында  затты  белсенді зерттеу — балалардың сезімдік тәжірибесін
ұйымдастырудың  педагогикалық   әдісі.
Ата - бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек таза заттардан,
яғни емен, қайың, арша, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған. Ағаш
ұсталары ыдыс - аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен
қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те,
шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың
пішіні, оюлары нені елестеді?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таң
қалдырып, қуаныш сыйлайды.
Көне ыдыстар олар: тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар
болатын, сонымен қатар жез құмғандар, терілерден жасалған торсықтар.
Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек
теріден және ағаштан жасалған, себебі азық салуға және ас дайындауға
сынбайтын ыдыс қажет болды. Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын,
қымыз құюға арналған торсықтар жасалған. Торсық тек қымызды құю үшін ғана
емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз
қашанда бабында сақталады.
Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, қағаздан,
пластмассадан және т. б. материалдардан жасай бастады.
Зерттеу обьектісі: ыдыс-аяқтардың қалай жасалғандығын практика жүзінде
ермексазбен көрсету.
Зерттеудің мақсаты: Ермексаздан жасалған ыдыс-аяқтарды таныстыра отырып
және де мультфильм кейіпкерлерін мүсіндей отырып, оларды жаңа қырынан ашу.
Түрлі қызықты ыдыстарды жасап олардың маңызын түсіндіріп, ал
мультсериалындағы кейіпкерлерінің қасиеттерін жаңа қырынан ашып көрсету.
Ермексаздан оларды мүсіндеу арқылы ішкі сезімдерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Ермексазбен жұмыстың баланың шығармашылық дамуына пайдасын көрсету.
- Ермексазбен жапсырмалау тәсілдерін көрсету.
- Сүйікті кейіпкерлерді мүсіндей отырып, оларды жаңа қырынан көрсету.

Зерттеу болжамы. Егер мектеп жасына дейінгі балаларды кішкене кезінен
мүсіндеуде әр түрлі техникасын үйретсе, онда олардан болашақта іскер адам
шығуы мүмкін.
Зерттеу әдістері. Мультсериалды көру, салыстыру, практикалық жұмыс.
Зерттеу көздері (Курс жұмысын зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер: зерттеу,
оқулықтар, мерзімді басылымдар, мектеп оқулықтары тақырыбына талдау жасау
т.б.
Зерттеу базалары: Балалар ұйымдар, ересектер тобы
Зерттеудің жаңашылдылығы: Ермексазбен ыдыстарды мүсіндей отырып, оларды
жаңа қырларынан тану.
Зерттеудің практикалық маңызы: Ермексазбен жұмыс барысында саусақ
моторикасы дамиды. Баланын жазу каллиграфиясы жақсарады.
Саусақтардың қозғалысы тереңдік қат ынасын өлшегенде ыдыс-
аяқтарды сомдап үйрету, салыстыру, практикалық жұмыс.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.

І. Ғажайып ермексаз әлемі
1. Ермексаз тарихы және қасиеттер

Ермексаз - мүсіндеу үшін арналған шикізат. Ол тазаланып және ұнтақталған
саз ұнтағына балауыз, церезин, май және басқа да құрғап қалудан сақтайтын
заттардың қосылуы арқылы жасалады. Ол әр түрлі түстерге боялады. Оны 1897
жылы Англяның өнер мектебінің оқытушысы William Harbutt студенттері мүмін
жасау кезінде кеуіп қалмайтын материал ретінде жасап шығарды. Патент 1899
жылы алынып, ермесказ 1900 жылдан бастап Bathampton зауытында өндірісте
шығарыла бастады. Бастапқыда оның түсі сұр болатын, кейін төрт түсті етіп
жасалды. Ермексаз мүсіндеу үшін өте ыңғайлы, қолға жабыспайды. Балалар
қолдануына өте қолайлы. Ермексаз - дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан
жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және
оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен
сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра
отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру
керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты
дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін
меңгеру.
Ермексаз тарихы. Палеолит термині (гректің палайос-көне, литос тас)
деген сөзі, көне тас ғасыры. Палеолит әйелдерінің жүз елуден астам
статуэткасы әр елден, ал оның едеуір бөлігі Ресейден табылды. Мезолит-
орта тас ғасыры (шамамен б.э. 12-18 мың жыл), неолит ғасыры-өңделген тас
ғасыры. Мезолитте көп кескінді композициялы өнер туындады, онда адам енді
басты роль атқарады. Эрмитажда жоғарғы палеолиттің Сибирьдегі аңшылар
жұртынан табылған азу тістің кішкентай сынығындағы малеонттың ойып салынған
суретін қараңызшы. Бұл бейне аңның бүкіл қуатты тұлғасы соншалық жақсы
айқын берілген десеңізші! Ласко, Альтамир және басқа көптеген үңгірлерде
табылған өнер шоқтықтары осылай туған. Европада архитектураның алғашқы
монументтер мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар
болды. Олар – тас тақтадан жасалған төртбұрышты құрылыстар, кейде
рельефпен көмкерілген тік бағандар. Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты
күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйренеді. Керамиканың
пайда болуы-неолит дәуірінің негізгі белгілерінің бірі, оны кейде керамика-
ғасыры деп атайды. Бұған дейін адам табиғат тек дайын күйінде бергенді
пайдаланды: сазды күйдіре отырып, ол жаңа, табиғатта белгісіз материал
жасады. Керамика эстетикалық сезімнің дамуына зор ықпал етті, өзі жасаған
ыдыстарды шытырман әшекейлеп, өзінің шығармашылық шабытынан туындаған
барған сайын геометриялық сымбатымен, бояулар мен сызықтар ырғағымен
ерекшеленіп, осы өнерін біртіндеп жетілдіре берді. Керамиканы ертеректе
адамдар құрылыс материалы ретінде пайдаланған, кейінірек одан сәндік
бұйымдар дайындай бастады. Керамикадан да мүсін жасалынады. Ол үшін саздан
істелген мүсінші үлгілері арнайы пештерде күйдіріледі, түрлі-түсті жылтырақ
(майолина, фаянс, фарфор, кейде бисквит деген түрі) жалатылады.
Пластилиннен не саздан үлкейтіліп көшіріледі. Кейінгі кезде тұзды керамика
өте кеңінен қолданыла бастады. Оны тұзды қамырдан жасайды. Ұнмен тұздың
тепе-тең пропорциясынан жасалынады, әрине бұл массаға су қосылады. Сөйтіп
бір текті масса алуға болады. Бұл массаны жақсылап араластыру керек. Бұл
масса жұмсақ, әрі қолға жұқпауы керек. Тұзды керамикадан жасалынған мүсін
өте ыңғайлы, нәрсенің пішінін сақтай отыра кебеді. Бұл нәрселерді де саздан
жасалған мүсіндер сияқты күйдіріп кептіруге болады. Ағашты пайдаланғанда
қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланылады. Мүсіншісі Коненков және
В.Мухина не бір әсем шығармаларын ағаштан қашап жасаған. Мысалы: Орман
адамының мүсіні. Бірінші Петрдің ескерткішін атақты фрацуз мүсіншісі Этьен
Фальконе жасаған. Оның шәкірті мүсінші әйел Мария Калло (1766ж.).
Ермексаз ол тазартылған, жұмсақ әрі ұсақталған балауыз қосылған
саз ұнтақ, жануарлар майы мен түбі кептіру алдын алу және және
басқа да заттардан жасалады. Қазіргі уақытта, балшықтан өндірістік
жоғары молекулалық салмағы полиэтилен, поливинилхлоридті, резенке және
басқа да жоғары технологиялық материалдар ермексаз жасау үшін
қолданылады.
Қатты саз медалімен белгісін жұмыс істеу үшін ең қолайлы болып табылады
T, мұнай өнімдерінің (бренд С.С.) тұрады - 32% парафин (T) - 8%, қарағай
канифоль (A) - 4,5%, машина майы (45) - 3,97% мырыш белила (М-1) -4.8%,
каолин (бренд R-1-C) - 46,5%, техкөміртек - ермексазға сұр түс береді
(0,23%). Жасыл түсті алу үшін сажа газын хром оксидімен ауыстыруға болады.
Ермексаздың басқа түрі - жұмсақ, мына компоненттерден тұрады (M)
петролатум (ПС) - 37,7%, парафин (Т) - 4,9%, қарағай понифолі (A) -
1,067%, қозғалтқыш майы (45) - 4,9%6 каолина (Р-1-С) - 49,9%, хром оксиді -
0,5%.
Ермексаздың өзге түрі - жұмсақ (M) - ол мырыш оксиді қосылғаннан кейін
арнайы жұмыстарға жұмсалалы. Мырыш оксиді ермексаздың өзіндік құрамында
болмайды. Одан әрі қаттылық алу үшін аз мөлшерде күкірт қосылады.
Ақылды ермексаз, немесе оны атайды - hendgam (сөзбе - Қолмен CUD, Eng)
- зат силиконға негізделген, сағызға ұқсас сезіледі, бірақ тиксотропты
сұйықтардың қызықты қасиеттері бар. Осыған байланысты, ол үгіледі,
жыртылады, сынады, ағады. Магниттей тартыла алдаы, жарық шығара алады,
түсті өзгерте алады, ағады.
Саз - ол шапшаң кебеді, пішінін сақтайды, икеліге көнгіш, белгілі
беріктілігі бар, кез-келген бояумен бояуға болады. Саз-шөккен тау жынысы
(порода). Сумен араласқанда жабысқыш және қалыпқа түседі. Саздан жасаған
мүсінді ары қарай өңдегенде оларды күйдіреді. Күйдіру мүсінді мықты, әрі
берік қылады.
Ермексаз - жасанды пластикалық саз массасы, балауыз (воск), май (сала)
және басқа да заттар қосылады. Ол жұмсақ, илеуге тез көнеді, бірақ баяу
кебеді. Нәрселерді жапсырмалауға әр уақытта дайын. Жапсырмаланған дене
деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. Бірақ пластилинмен жұмыс жасағанда,
ол балалардың қолына жұғады, күйдіруге келмейді. Бірақ бұлардан (саз,
балауыз, пластилин) жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен
көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында болашақ образдың қаңқасы темірден,
ағаштан, сүйектен жасалады, соған аталған материалдың бірін жапсыру арқылы
мүсінші ойындағысын жасайды. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушысы Д. Вазарий
пластилиннің орта ғасырда пайда болғандағын дәлелдейді. Қатқыл пластилин
жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін
балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады.
Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, пластмасса, сұйық
(ерітілген, араластырылған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады.
Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді.
Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.) ағаш және
сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың ішіндегі қажетсіздерінің
бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға
саймандар (тескіш, кескіш, балға т.б.) қолданылады.

1.2. Ермексазбен жұмыс жасау әдістері

Домалақтау (скатывание) - бір кесек материалға шар типтес пішін
береміз, оның беті тегіс болуы керек. Бір кесек материалды алақанымызға
саламыз және ақырындан шар пішініне келтіреміз. Мысалы, қызанақ. Бір кесек
пластилиннен биіктігімен ұзындығын қызанақтың үлкендігіне сәйкестеп алып,
шар пішініне келтіреміз. Екі жақ бетіне шұңқырлап жасап қызанақтың пішініне
келтіреміз.
Тегістеу (раскатывание) - бір кесек материалды жұмыртқа пішініне және
цилиндр баған пішініне келтіреміз. Жаңағы кесекті алақанымыздың арасына
салып, алақанымызды арлы-берлі қозғаймыз, сонда бір кесек материал цилиндр
пішініне келеді. Жұмыртқа пішініне келтіру үшін, алақанымызды көлбеулеу
ұстап, арлы-берлі ыспалаймыз. Мысалы, сәбізді жапсырмалағанда домалақтап
аламыз да, оны жұмырлаймыз, одан ыспалау арқылы ұзын конус аламыз. Сонда
сәбіздің пішіні шығады.
Жаймалау (сплющивание) - бір кесек материалды бірқалыпты алақанымыз
арасына салып қоямыз, сонда тығыз пішінді материал пайда болады. Осы шарды
алақанымызбен не саусағымызбен жаймалаймыз, шелпек пішініне келтіреміз.
Мысалы, қызанақты (помидорды) жасау үшін, оны алдымен шар пішініне
келтірдік емес пе, одан кейін нәрсенің пішінінің белгілерін сипаттадық,
яғни оны жаймаладық.
Шымшу (пришипывание) - жапсырмалау кезінде ұсақ детальдарын жасау үшін
қолданылатын әдіс. Үлкен кесектен қатты шымшу арқылы, екінші деталь
жасалынады. Мысалы, клюкваны жапсырмалағанда, құйрығын жасау үшін шымшу
және тарту (оттягивания) әдісі қолданылады. Егер пластикалық материалдың
бір бөлігін шымшу арқылы тартып алып, оны өзімізге қарай соза тартсақ, және
одан нәрсенің бір бөлігін жасасақ-бұл әдіс тарту деп аталады (оттягивание).

Үтіктеу (заглаживания) - жазық, тегіс беттерді кескіндеу үшін, үстіне
мата салып саусағымыздың ұшымен тегістейміз. Саусағымызды арлы-берлі қозғау
арқылы тегістейміз. Нәрсенің бетін аздап суланған мата арқылы, матаның
сыртынан тегістейміз. Бұл әдіс нәрселерді бір-біріне қосқан кезде, жұмысты
аяқтау кезінде қолданылады.
Тәсілдері. Күрделі құрылымдарға пішін беру үшін, көбіне саусағымызды
пайдаланамыз. Бірнеше бөлімдерден тұратын (адамның фигурасы және жан-
жануарлардың) нәрсеге пішін беру үшін, мынадай бірнеше тәсілді пайдалануға
болады.
1. Пластикалық тәсіл
2. Конструктивтік тәсіл
3. Аралас тәсіл
Пластикалық тәсіл. Бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не
тұзды қамырдан жасалады. Бұны - скульптуралық тәсіл деп атайды. (Бала
бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға
болады). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың
болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың
керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек
пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне
келтіреміз. Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және
басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.
Конструктивті тәсіл. Конструктивті тәсіл – мүсін жеке-жеке бөліктен
жасалады. Мысалы, қуыршақтың денесін (кеудесін) конус типтес етіп
жұмырлаймыз, ал басын шарик сияқты, ал аяғымен қолын баған тәрізді етіп
жасаймыз. Бас киімін, жағасын және тағы басқа ұсақ детальдарын
жапсырмалаймыз. Басына бас киім кигіземіз, істек (стека) арқылы көзімен
аузын, кішкене шардан мұрнын жасаймыз.
Аралас тәсіл. Бұл тәсіл-пластиналық тәсіл және конструктивті тәсілдің
қосындысы. Нәрсенің негізгі бөлігін бір кесектен жасайды. Мысалы, пүліш
аюды алайық. Үлкен кесектен денесінің пішінін жасаймыз. Кішкене кесектен
басын домалатамыз. Басынан құлақ, мұрынды созамыз. Тағыда екі кесектен аяқ-
қолын жасаймыз да, оларды бір-біріне жапсырамыз.

ІІ. Балабақшада  мүсіндеудің  әдіс-тәсілін  үйрету

2.1. Түрлі жастағы  топтарда  мүсіндеу ерекшеліктері

Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін
дамыту үшін қажет.
Нақты дүние заттарын тануда көру  басты деп саналады, бірақ балаларда
бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып
табылады. И.М.Сеченов: Заттардың  денелік  пішінін  көзге қарағанда қол
басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса
заттардың бүйір беттеріне, сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы
жақтарына тигізе алудың арқасында,  оны  толығырақ айқындайды.  Мектеп
жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін  оның кейбір жалпы белгілері ғана
жеткілікті.  Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу - балалардың сезімдік
тәжірибесін ұйымдастырудың педагогикалық  әдісі .
Бұл кезеңді шартты түрде  төрт  кезеңге  бөлуге болады:
1 кезең – бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол жоғары нүктеден бастап
төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтарме н көздің бір
қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат  әрдайым  белгілі  бір күйде тұрады
(сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда
қозғалыссыз тұра алады).
2 кезең – Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін
саралаумен және олардың қасиеттері айқындау мен қоса жүреді,
саусақтардың қозғалысы тереңдік қат ынасын өлшегендей болады және
бөлектердің кеңістіктегі өзар қатынасын анықтайды.
3 кезең – заттың ең ұсақ  бөліктерін  көрсету  және оларды формасынының,
көлемінің, негізгі  бөліктерге  қарағанда  кеңістіктегі  орнын  анықтау.
4 кезең – затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысымен
жоғарыдан  төмен  қарай көзбен сезімдік шолып шығу   жолмен  алынған 
деректерді  тұтас  бейнеге  біріктіруге  мүмкіндік береді.
Зерттеу заттың еткі  жағы  құрлымын  саралауға  да  бағытталуы 
мүмкін. Бұл жағдайда қолдың барлық саусақта ры жұмыс істеуі тиіс.
Материалдық  құрылымын анықтау үшін заттың бетін е қолды батыруға тура
келеді. Мүсіндеу кезінде  заттарды  зерттеуге өзіндік  ерекшелігі  бар,
өйткені мүсіндеуде заттың формасы көлем күй інде беріледі.
Мүсіндеу алдында затты зерттеудің ж оғарыда ұсынылған жүйесіұйымдастыры лған
оқу қызметі ойын немесе арнаулы жаттығулардың барысында жүзеге асады.
Бұл  жағдайда затты зерттеуге, яғни затты жедел қабылдау мен бақылауды
үйретуде екі жастан  бастаған  жөн. Затты қабылдауда, сондай-ақ затты
ажырата  білуге  мүмкіндік беретін оның  кейбір қасиеттерін  тануға 
балаларды 2-3 жастан үйрету қажет. Мұндай жаттығулар өткізе отырып,
 тәрбиеші зат сапасын  анықтайтын  бейнелі  сөздерді  іріктейді. Мәселен
ол балаларға алманы қолына ұстауды,  оны қолмен сипауды,
оның салмағын, тығыздығын (алма ауыр, үкен, домалақ) сезінуді  ұсынады,
заттпен  таныстықтан  кейін  баланың  өзі осындай домалақ  алма (немесе
осындай  жұмыр  допты  және  т.б.) жасау керек. Затты бейнелеуден бұрын оны
 зерттей  отырып, біз бала назарын осы затқа аударамыз, оныңнақты 
қасиеттерімен  таныстырамыз, яғни
баланың сенсорлық тәжірбиесін қалып тастырамыз. Тәрбиеші төрт және бес жасқа
аяқ басқанда балаларды тұтас заттарды, ал содан кейін заттың жеке
ерекшеліктерін бейнелеуге мүмкіндік беретін  қасиеттерін  қабылдауға
үйретеді. Мүсіндеген  кезде  балалар әдетте негізінде
геометриялық пішіндермен  бар затта рмен жұмыс істейді.
Мүсіндеуді  Ойлан, тап, мынау не?, Дүкен, Осындай затты тап,
Жасырылған затты тап, Ғажайып дорба деген дидактикалық
 ойындармен бастаған жөн. Тірі обьектілерді жүйелі  бақылаған жөн.  Мысалы:
Тасбақамен таныстырғанда ең алдымен балалардың  назарын тасбақаның  сыртқы
пішініне  аударған  мақұл, содан  кейін  тасбақаны  топта  қалдыру  керек.
Екінші оқу қызметте  балалар тасбақаны тұла бойын  тұрпатын,  дене
бөлшектері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді, қол аяғын жиғанын-созғанын
жіті бақылайды. Содан кейін балалар тасбақаны жасауға кіріседі. Төменгі,
ортанғы топтарда балалар мүсіндеудің мынандай қарапайым операциясы болып
табылатын негізгі қозғалыстарын игеруі тиіс: жаю, домалақтау, жалпайту,
тарту, созу, бүктеу, қосу, шымшу. Кейде заттың түрлі формасын, мәселен,
дөңгелек формаларды (жұмыртқа, қияр, картоп) мүсіндеу кезінде  мүсіндеудің
бірнеше формасын бірден  қолдануға  тура келеді. Бұл жерде мынадай
тәсілдерді: шиыршақтап орауды, содан кейін аздап жайып жіберуді неғурлым  
дәл форма шығару үшін саусақтармен жөндеп қоюды қолдану керек.
Бірінші кіші топта  қолына иленген саз балшығын ала отырып, олар
барлық саусақтарымен сықпалай  бастайды, оны үзіп-үзіп, тақта үстіне
жайғастырады және оны қайтадан  оны тұтас етіп жинайды, саусақтарымен шұқыр
жасайды. Шын мәнінде балалар сазбен ойнап отыр. 2-3 жасар балаларды
оқытудың  әдістері сенсорлық зерттеу жолымен  заттардың формасын меңгеруге,
оқу қызмет үстінде эмоциялы көңіл-күй  орнықтыруға  бағытталады, мұның өзі
мүсіндеу кезінде балалар бойында образ жасау нышандарының байқала
бастауына  байланысты  болады.
Бірінші кіші топтағы пішіндеу ұйымдастырылған оқу қызметінің өзінде-ақ
тапқырлықты дамыту жөніндегі міндеттерді қоюға болады. Мәселен, балалар
бірнеше форманы бейнелеуді, меңгергеннен кейін, оларға тәрбиеші күні бұрын
жасалған шардан, дискіден, цилиндер-таяқшадан кез келген заттың пішінін
жасауды ұсынады. Мұндай тапсырма балалар заттарды бейнеленген кезде
бөліктерді өздігінен  қиыстыру үйретілуі тиіс. ұйымдастырылған оқу
қызметінің алғашқы нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді, бірақ білімді
жинақтай келе бала қарапайым заттарды бейнелей отырып, дербестік көре
бастайды.
Екінші кіші топтағы мүсіндеудің сипаты үш жасар балалардың жасағанымен
салыстырғанда әлде қайда мәнді. Бірақ мүсіндеудің бастамасында түпкі ой
болмайды. Бала өз бұйымдарын тақта үстіне бір-бірден орналастырады немесе
бірінің үстіне бірін  үйіп, жинай бастайды: егер тәрбиеші дер кезінде
келмесе, бала өз бұйымдарын жалпы саз кесегіне айналдырып,  бәрін мыжып
тастай салады. Бұл топтардағы сабақтардың  әрдайымғы басты міндеттерінің
бірі балалардың зеректігін, ойлау шапшаңдығын және дербестігін дамыту болып
табылады. Мәселен балалар бағандарды мүсіндейтін болса,  тәрбиеші оларға,
бұлардан  не жасауға болатынын анықтауды ұсынады. Үлкендердің көмегімен 
бағандардан, көпір, үй, самолет және тағы сол сияқты заттарды жасайды.
Тәрбиешімен баланың бірлескен жұмысы бүкіл сабақ бойы жалғаса береді.
Тапсырылған тақырыпты әрқайсының жүзеге асыруына көмектесе отырып, ол
балаларға сұрақ береді, ой салады. Мүсіндеу барысында кіші топтағы
балалардың біршама дербестік, белсенділік көрсетуі үшін оларды жұмыс
нәтижесімен ынталандырып қойған жөн. Мәселен, балалар жасаған балапанды
жасыл қағаз парағы үстіне қоюға болады, құламайтын қуыршақ жасаған кезде
қолдарына жалауша ұстатып қою керек. Сәбіз жасаған кезде қоянды әкеліп қою
керек. Бұл қосымша заттарды тәрбиеші алдын ала дайындап қояды.
Естияр  топтарында балалар жасаған образдардың  екінші кіші топтағы
балалар жасағандардан айырмашылығы шамалы болады. Мусіндеп жасалған екі, үш
кескінін немесе түрлі ыңғайда  басқа заттарды көрсете алады. Заттың
қимылына немесе қалпына байланысты бөлшектер орналасуының  өзгеретінін
балалардың көруі қажет.
Образды жасау балаларға оның мазмұнының қалай түсіндірілген іне
байланысты болады. Мәселен, қоянның кескінін жасаған кезде балаларға
олардың біреуі түлкі жортып келе жатқан жоқ па екен деп елеңдеген қоянды,
ал басқалары қорыққан  қоянды (бірінші қоян құлағын  делдитіп, тыңдап тұр,
ал екіншісі құлағын арқасына басып, тыныш отыр) жасайтындығын айтуға
болады. Мүсіндеу әдісін көрсетпеуге де болады, бірақ сабақтың бастамасында
фарфордан немесе ағаштан жасалған қоян тұлғаларын, ал егер олар жоқ болса –
түрлі қалпында бейнелеп, тәрбиеші жасалған қоянның екі тұлғасын міндетті
тіүрде көрсету керек. Мүсіндеудің мұндай әдістемесі ортаңғы топтағы
балалардың оқу қызмет түсіндіру  үстіне белсенді болуына тәрбиешіні
тыңдауға, оның сұрақтарына жауап беруге, мүсіндеу үшін тақырыпты өз бетінше
таңдай білуге үйретеді. Сонымен, бұл тапсырмаларда оқып үйрену сәті де,
шығармашылық сипат сәті де бар. Олар балаларды қай затты  бейнелейтінін
және қалай бейнелейтінін ойластыруға және оны шешуге мәжбүр етеді.
Мүсіндеудегі образдылыққа жете отырып, тәрбиеші балаларға тұлғаның беткі
 жағын өңдеудің әдістерін көрсетеді. Мәселен балықтың пішінін көрсететін
болса, тәрбиеші таңба таяқшамен белгілей отырып, қабыршықты қалай
бейнелеуге болатынын көрсетеді. Өңделген фигура тартымды, сәнді болып
шығады. Одан әрі балалар бұл әдісті өз бетімен пайдалана алады және
ол жөнінде тәрбиеші  тек еске салып отырса болғаны. Ыдыстарды бейнелегенде,
ортаңғы топтағы балаларға заттың беті саусақтармен қалай тегістелетінін
көрсетуге болады. Бірте-бірте олар жасалған заттың беті кейде тегістеуді
қажет етедігінде, ал кейде мәселен, жануарларды бейнелегенде, ол кедір-
бұдырлы болатынын түсінеді. Мүсіндеу  іскерлігінің шындала түсуі жыл
ортасына қарай түпкі ой бойынша өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметінде
балалар дербестігінің  көрінуі үшін зор мүмкіндіктері ашады, бұл кезде
ұйымдастырылған оқу қызметі сипаты біршама өзгереді. Образдарды көз алдына
елестету және жабыстыру тәсілдеріне үйрету жөнінде балалармен жүиелі жұмыс
жүргізілсе,  онда балалар бейнелеу әдістерін еркін пайдалана бастайды,
тіпті шағын  компазициялар да  жасайды. Балықты жасап, бала оның төңірегіне
бірнеше ұзын таяқшалар қояды. Ол, мынау теңіз, толқып жатыр, ал балық
жүзіп келеді - деп түсіндіреді. Екінші бала сол ұйымдастырылған оқу
қызметінде құсты жабыстырып шығарды, ал оның жанына дән салынған ыдысты
қояды. Айқынырақ болуы үшін ол бірнеше дәнді ыдыстың айналасына тастайды.
Мұнысын құс шоқығанда, балалар шашылып қалды деп түсіндірді.
Бұл мысалдар ортаңғы топтағы балалардың образды терең шешуде  инициатива 
көрсетуге  қабілетті екенін  білдіреді, бірақ әдетте олар қозғалысты
өздігінен сирек бейнелейді: олар пішіндеген тұлғалар көбіне қозғалыссыз
қалпында болады.
 Ересек топтарында балалар  пішінді анықтауда  онша назар аудармайды, тек
оны бөлшектермен толықтырады. Балалар тарту мен қысу тәсілдерін әрдайым дәл
орындамайды, қателерін көбіне түзетпейді. Мұны былай түсінуге болады: бір
жағынан, образ жасауға еліккен олар  фигура бейнеленетін затқа ұқсасын деп,
оны қажетті бөлшектермен тезірек толықтыруға талпынады, екінші жағынан,
балалар үшін негізгі сыртқы белгілері (бастың, дененің, қолдың және тағы
басқалар) зор роль атқарады, ал барлық ерекшеліктерімен форманы, оның
құрлымын егжей-тегжейлі бейнелеу балаға қиын. Бес жастағы балалар өздерінің
жұмыстарын әрқашан өздері немесе үлкендердің басшылығымен
бақылаған образдан бастайды, бірақ бейнелеу үстінде  үйлесімділікті сақтау
жолында қателіктер жіберіп алады. Мәселен олар адамның немесе жануардың
басын қазандай, аяғын шидеи етіп жасап қоюуы мүмкін, өйткені бөлшектерді
өзара салыстыру оларға оңай түспейді, бірақ оларда қол-аяқтың денеге
қарағандағы ұзындығын салыстыру қажеттілігін қалыптастыруға болады және
қалыптастыру керек те.  Бейнелеу құралдарының ішінен балалар таяқшамен
(тереңдетілген рельеф) бейнелеу немесе бетіне саздың ұсақ кесектерін салу 
арқылы фактураны өңдеуді жие қолданады. Балалардың бұл талпынысы олардың
бейнелеу қызметінің образды екенін көрсетеді, зат қандай болса, сондай етіп
орындауға ниет білдіреді. Жасалатын образды ұсақ тетіктермен толықтыра
отырып, балалар  көлемді бейнелеумен жие әуестенеді. Мәселен, олар  көзді
екі кішкентай шарик түрінде, құлақ, ауыз, балық қабыршағын жалпиған күйінде
жабыстырады. Бұл жастағы балалардың пішінді мұқият өңдеуге
талпынбайтындығына  байланысты, оқу қызмет кезінде олардың басқа немесе
біртекті  заттардың (мәселен, мысықты жасай отырып, бала бір мезгілде
табақты немесе сүт құятын ыдысты жасай алады) пішінін жасауға уақтылы
қалады.
Ересек  балалар тобындағылар сазбен  жұмыс істеу ұқыптылықты 
қажет  ететінін: сазды стол үстіне шашып тастауға, еденге түсіруге
болмайтынын жақсы біледі. Кіші  топ пен ортанғы топтағы  балалар
пішіндеуде тақтада жасаса, бұрынғыдан күрделірек  бейнелер талап етілетін
ересек балалар тобында стол үстінне қойылатын айналмалы станоктарды
енгізуге болады, олар мұны жақсы орынды пайдалана алады. Станокта жұмыс
жасау мүсінді қолмен айналдырмай-ақ оның барлық жағынан өңдеуге мүмкіндік
береді. Оның үстіне мұның  өзі балаларға қызғылықты болады, олар станокпен
қуана жұмыс істейді. Сонымен, біз ортанғы топтағы  балаларға
қарағанда, ересек топ балаларының шығармашылық  мүмкіндіктері  кең  екенін
көреміз.
Қортындылай  келіп, түрлі жастағы  топтарда  пішінін  жасау  жөніндегі 
оқу қызметтерде балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің
сан алуан әдістері және ең алдымен  балалар дербестігін, белсенділігін,
инициативасын көтермелейтін, бала қиялы  мен  түсінігін  дамытатын әдістер
қолданылады  деп айтуға болады. 

2.2. Ермексаздан жапсырмалау тәсілдері, құралдары

Дөңгелек, бұны қолда немесе алақанда жапсырмалауда болады. Екінші тәсіл
тиімдірек, өйткені алақанда дөңгелектер формасы жақсы шығады. Дөңгелек
бөлшегін көбінесе жануарлардың, құрт-құмырсқалардың басын дайындауда
қолданады. Дөңгелекті былай жасауға болады:
1. Ермексаздың бір түйірін тақтайшаға қойып, пластик пышағымен керек
мөлшерін кесіп алу керек
2. Алақанды сулап алу керек.
3. Ермексазды алақандардың арасына қойып, кесіп алған бөліктің шеттерін
дөңгелете оң алақанымен бірнеше рет айналдырып қозғау керек.
4. Тақтайшаны дымқыл матамен сүртіп, дайын болған бөлікті үстіне қою
керек.
5. Дайын болған қалыпты тақтайшаның үстіне қойып оң алақанымен күш
түсірмей үстінен басу керек.
Байырғы заманнан бастап ата-бабаларымыз баланың тәрбиесіне бей-жай
қарамаған және де қазақы қасиеттермен, салт-дәстүрмен баулыған. Сондықтан
да білімнен бұрын тәлім-тәрбие бірінші тұрады. Қазіргі кезде білім жүйесі
жан-жақты дамыған. Әр бір инвидив толыққанды жалпы орта тегін білім алуға
құқылы.
Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда
тек теріден және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Жылқының,
өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтар жасалған.
Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес, сонымен қатар оны бабына келтіріп
ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында
сақталады.
Саба-қымыз ашытатын ең үлкен ыдыстүрі болып саналады. Ол – тұтас теріден
жасалады.
Мес-емдік қасиеті бар, алысқа апарылатын ақты ешкінің тұтас терісінен
жасалған. Жылқы және ірі қара терісінен шелек, басқа да ыдыстар жасалған.
Ата-әжелеріміздің ауылында осы көне ыдыстардың сирек түрі ғана сақталып,
қолданылуда. Балалар мына менің қолымда сондай ағаштан жасалған.
Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, қағаздан,
пластмассадан және т.б. материалдардан жасай бастады.
• Балалар ыдыс- аяқтардың өмірде қандай пайдасы бар?
• Табаққа ет салып жейміз.
• Кесеге шәй, сүт құйып ішеміз.
• Стакандарға түрлі сусындар құйып ішеміз.
• Тостақ пен тәрелкелерге тамақтар салып жейміз.
• Қасық , шанышқыларды да тамақ жеу үшін пайдаланады екенбіз.
• Гүл өсіру үшін де пайдаланады.
Балалар бүгін біз ермексаздан ыдыс – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектепке дейінгі мекеме балалары
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Бейнелеу өнерінің тарихы
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Созылмалы түрі
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың 9 тіршілік әрекетін ұйымдастыр
«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» БАҒДАРЛАМАCЫ
Пәндер