Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
С. Сәдуақасов атындағы аграрлы - экономикалық институты
«Қаржы және менеджмент» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ("Цеснабанк" АҚ мысалында)
5В050900 «Қаржы» мамандығы
4 курс ФнК - 41 тобы
Студент (Т. А. Ә) Каркен Ақнұр Жанатқызы
Жетекші: Демесінов Талғат Жұмабекұлы
Кредиттік оқыту жүйесі
Бакалаврларды дайындау
Көкшетау қ. 2018 жыл
Мазмұны
1 Тұтынушылық несиелеудің теориялық және әдістемелік
негіздері
- Тұтынушылық несиелеуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- Тұтынушылық несиелеудің негізгі түрлері мен әдістемелері
- Тұтынушылық несиелеудің шетелдік озық тәжірибесі
- Қазақстанның тұтынушылық несие нарығын кешенді түрде
талдау
Кіріспе
Қазіргі жаһандану дәуіріндегі дүниежүзілік экономикалық қатынастардың интеграциялануы, шаруашылық механизмінің орталықсыздандырылуы, экономикалық саясаттың либерализациялануы заманында ірі қаржы нарықтарында орын алған дағдарыстардың дүниежүзінің басқа бөліктерінде орналасқан нарықтарға да таралу мүмкіндігі зор.
Нарықтық экономика - күрделi, әрi жан - жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Банктер - қазіргі заманғы ақша шаруашылығының ажырамас бөлігі, олардың өндіру қызметі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Банктер, ел экономикасын жұмыс істейтін нарықтық механизм негізін құрайды. Коммерциялық банктер барлық ақша ағынының, бірінші кезекте несиелік, қозғалысын реттеуге арналған, қоғамның қаржы ресурстарын және салымдарды қайтару максималды болатын, ел шаруашылығы салаларына капиталды құюын дұрыс қолдануға ықпалын тигізу үшін құрылған.
Жалпы экономикалық тұрақсыздық, бюджеттік тапшылығы, инфляция, банктік жүйенің дағдарысы жағдайында банк қызметінің сапасын талдау мәселесі ерекше өзектілікті алып отыр. Оның нақты жағдайын анықтау банк үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген акционерлер мен инвесторлар үшін де үлкен маңызға ие. Олар белгілі бір банктің дамуы оларға нақты пайда әкелетін, сол банктің қаржылық әл - ауқатына сенімді болуы тиіс.
Банктер, негізгі операциялары несиелендіру, есептеу, депозиттік, кассалық және т. б. болып табылатын коммерциялық ұйымдар сияқты оларды орындау кезінде әр түрлі тәуекелдерді өткізеді: берілген несиенің қайтарылмауы, ссуда бойынша пайыздардың төленбеуі, есептік, валюталық, пайыз ставкаларының тәуекелдері т. с. с. Банктік операциялардың жоғарғы тәуекелділігі, негізінен, оның клиенттерінің шарттарымен және қызмет нәтижелерімен байланысты.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы болып келеді.
Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай - ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Осы тұрғыдан келгенде таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі айқын.
Елімізде болашақта банктердің қаржылық өтімділігінің, соның ішінде сауда - саттық саласын несиелеудің дағдарысына жол бермеу тұрғысынан және оның алдын алу шараларын жүйелі түрде құру мақсатында несие нарықтарындағы дағдарыстардың табиғатын, алғышарттарын, себеп - салдарын жан - жақты, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеудің мәні өте зор.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Бұл тақырыпты зерттеуге осы саладағы белгілі ғалымдар Лаврушин О. Н., Жуков Е. Ф., Сейітқасымов Т. С., Искаков У. М., Пещанская И. В., Мақыш С. Б., Савицкая Г. В., Чернявский В. С., Уткин Э. А. және басқалар үлкен үлес қосқан. Дегенмен, таңдалған тақырып толық зерттеліп болмаған, тың тақырып болғандықтан біз зерттеу барысында дүниежүзінің қазіргі белгілі экономистері мен саясаткерлерінің көзқарастарын да зерделедік.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты етіп қазіргі қалыптасқан несие нарықтарындағы дағдарыстың теориялық негіздерін, себеп - салдарын, қазіргі жағдайын және даму проблемаларын жан - жақты және терең зерттеу арқылы тұтынушылық несиелер нарығындағы дағдарысқа жол бермеу және одан шығу шараларының жиынтығын ұсыну.
Жоғарыда қойылған мақсатқа жету үшін біз өзіміздің алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
- Дүниежүзілік несие нарықтарының қызмет етуінің ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан айқындау;
- Несие нарықтарындағы дағдарыстың банк активтеріне, соның ішіндегі тұтынушылық несиелеуге ықпалын және экономикалық - қаржылық салдарын анықтау;
- Қазақстанның экономикалық даму үрдістеріндегі банк жүйесінің қазіргі таңдағы даму жағдайын зерттеу;
- Банктің қаржылық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі факторлары болып табылатын дағдарысқа қарсы басқарудың шаралар жүйесін құру.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері мен банк жүйесінің жүйе құрушы ірі банктерінің бірі болып табылатын «Цеснабанк» АҚ - ын таңдап алдық.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - несие нарықтарындағы дағдарыс жағдайындағы банктермен олардың тұтынушылық несие саласындағы клиенттері, мемлекет, қарыз берушілері және басқа қатысушылары арасында қалыптасатын қатынастар жиынтығы, банктердің дағдарысқа жол бермеу және одан шығу жөніндегі шаралар кешені.
Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалықтарына төмендегі ұсыныстар, тұжырымдар және шаралар кіреді:
- Дүниежүзілік несие нарықтарының қызмет етуінің шетелдік тәжірибені зерттеу барысында анықталған ҚР - на тән несие нарығының ерекшеліктері;
- Тұтынушылық несие нарығындағы дағдарыстың банк активтеріне ықпалының дәрежесін және экономикалық-қаржылық салдарын анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері;
- Қазақстанның экономикалық даму үрдістеріндегі банк жүйесінің алатын орнын анықтауға бағытталған зерделеу қорытындылары;
- Банктердің қаржылық тұрақтылығын қалыптастыратын негізгі факторы болып табылатын дағдарысқа қарсы басқару шараларының ұсынылған жүйесі.
Зерттеу жұмысының теориялық - әдістемелік негізіне несие нарықтарындағы дағдарыс мәселелерін зерттеуге сүбелі үлес қосқан шетелдік және отандық ғалымдардың, мамандардың еңбектері, ҚР - ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері, «Цеснабанк» АҚ - ның қаржылық - шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері, кезеңдік баспасөз материалдары және ғаламтор көздері жатады.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық мәні зерттеу барысында алынған негізгі тұжырымдар мен қорытындылардың және нәтижелердің осы бағыттағы болашақ зерттеулерге арқау болуында жатыр.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні - зерттеу нәтижелерін, ұсыныстарын, тұжырымдарын және қорытындыларын, сонымен бірге жұмыста ұсынылған банктің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен банктің болашақтағы пайда мөлшерін болжау әдісін еліміздің банк мекемелерінің болашақтағы қызметінде тиімді пайдалану мүмкіндігі.
Дипломдық жұмыс құрылымы:
- Кіріспе;
- 3 тарау;
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
- Қосымшалар.
- Тұтынушылық несиелеудің теориялық және әдістемелік негіздеріТұтынушылық несиелеуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Нeсиe - aқшa сияқты тaрихи экономикaлық дәрeжe болып тaбылaды. «Крeдит» дeгeн сөз, «қaрыз», «нeсиe» деген «kredo» - сeнeмiн дeгeн мaғынa бeрeтiн лaтыншa «kreditum» дeгeн сөздeн шығaды. Oл экoнoмикaлық дәрeжe рeтiндe әр түрлi экoнoмикaлық қoғaмдaрдa қызмeт eтeдi. Нeсиe қaтынaстaры aқшa қaтынaстaры сияқты үнeмi дaму үстiндe. Aлғaшқы нeсиe тaбиғи (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарызды өтеу үшін ұсынылған. Тауар - ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жeткiлiкciз шaмaдa несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен aуыспaлы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалй қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым - қатынастар туындайды. Түрліше несие қарым - қатынастарындағы несиенің мән - маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады. [1]
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым - қатынасты білдіреді.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, яғни несие беруші мен қарызға алушылар жатады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалаумен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.
Сызбанұсқа 1 Несиенің құрылымы
Ескертпе: [1] әдебиет көзінен алынды
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі немесе несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:
- Қызмет ему саласына қарай- ұлттық және халықаралық несие;
- Несие мәмілесінің объектісіне қарай- ақшалай және тауарлық несие;
- Несие қатынасының субъектісіне қарай- банктік, коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Сызбанұсқа 2 Несиенің негізгі формалары [1]
Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай - ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді. Бұл арада кәсіпкерлік қызметі үшін жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтыну несиесіне жатпайды.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда арындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Тұтыну несиесі негізінен қымбат тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т. б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма - қол төлеу шартымен сатылады.
70 - жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесінде кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты - клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай - ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ - пен және Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға «дербес несиелер» деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады, бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар:
- Дербес несиелер - бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар;
- Бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады;
- Делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.
КСРО - да тұтыну несиесі 60 - 70 жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1 - 2% жылдық мөлшерлемемен 6 - 24 айға берілді.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге несие мекемесі, сондай - ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.
Нaрықтық экoнoмикaлы eлдeрдe xaлыққa қoлaйлы әрi пaйдaлы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды, сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, пайыз мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған. Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз - жинақ шоттары ашылады. Қарыз - жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін) экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
- Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесі.
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.
Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен, сондай - ақ, бөліп - бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беру жүзеге асырылады. Мәселен, несиелер мыналарға:
- Құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
- Ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге;
- Мал төлдерін сатып алуға және асырауға берілді;
- 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа аса қажетті тұтыну несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Жинақ банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қолданатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді. [2]
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиелентін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.
Азаматтардың құрылыс салуына (реконструкция) және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz