БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ


- Бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі
- Бюджет жүйесінің құрамы және құрылымы
- Шет мемлекеттердің бюджет жүйесі
- ҚР жергілікті деңгейдегі бюджеттік қаржыландыру динамикасын талдау
- Аймақта білім беру саласының қаржыландыру динамикасы
- Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қамсыздандырудың қаржыландыру ерекшеліктерін талдау мен бағалау
- ЕЛДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫҚоғамдық қаржыны басқару мен тұрақтандырудың -экономикалық даму барысындағы бюджеттік мәселер және оны қаржылық қамтамасыз ету жолдары
КІРІСПЕ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатты жолдауында: «Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет; бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», -деп болашаққа нақты бағдар сермеген болатын. Осы орайда елдік мақсаттардың орындалуы - мемлекеттің қуат күшінде, қуат күштің негізі - мемлекет бюджетінде жатыр. Олай болса біздің басты мақсатымыз - мемлекеттің бюджеттің механизмін жетілдіре отырып, 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру [1] .
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет кез келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Орталықтандырылған экономикада бюджет толығымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына тәуелді болып келеді, сондықтан да қандай да бір өзіндік маңызды мағынаға ие емес. Мұндай әрекет, жоспарлы экономикадағы материалдық заттық факторларға басты рөлдің берілуі, ал қаржылық факторларға жанама рөл берілу үрдісіне байланысты.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі келісімге келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі: бюджеттің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі екендігінде, оның көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттар қорларының құрылуында және мемлекеттің жалпы маңызды міндеттерін орындауын қамтамасыз етуінде, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асыруында көрінеді.
Диплом жұмысының мақсаты: шетелдік және отандық тәжірибені сараптау арқылы жергілікті бюджеттің маңызы мен ерекшеліктерін қарастыру, осы негізде дәйектелген ұсыныстар көрсету, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік шараларды бюджеттен қаржыландыру ерекшеліктерін қарастыру.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
- бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөліне тоқталу;
- бюджет жүйесінің құрамы және құрылымын қарастыру;
- шет мемлекеттердің бюджет жүйесінің ерекшеліктері;
- жергілікті бюджеттік қаржыландыру динамикасын талдау (Қызылорда облысы Қармақшы ауданы мысалында) ;
- аймақта білім беру саласы мен әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған қаржыландыру ерекшеліктерін талдау мен бағалау(Қызылорда облысы Қармақшы ауданы мысалында) ;
- сараптама нәтижесінде дәйектелген ұсыныстар көрсету.
Диплом жұмысының әдістемелік және практикалық негізі: тақырыптың өзектілігіне байланысты бірқатар отандық зертеушілердің назарын аударған бұл тақырып бойынша дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей деректер қаралды:
- Мельников В. Д., Ли В. Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 220бет. /Оқу құралын қазақ тіліне аударғандар: э. ғ. к., доценттер Б. Ж. Ермекбаева, М. Ж. Арзаева, С. Өсербайұлы, аға оқытушы Қ. Алтынбекұлы, оқытушы А. Қ. Мұстафина
- Өсербайұлы С., Қалымбекова Ж. Қ., Қаржы менеджменті: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 92 бет.
- Финанcовый механизм бюджетного обеcпечения регионов: автореф. диc . . . канд. экон. наук: ; [науч. рук. Ли Виктор Доикович] . - Алматы: [б. и. ], 2009
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми-интернет ресурсы. http://www. karmakshy. gov. kz/index. php?option=com_content&view=article&id=64&Itemid=58&lang=kz
- 2012 жылға арналған Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің бюджеті («2012-2014» жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың №310 шешімі) .
- 2013 жылға арналған Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің бюджеті («2013-2015» жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың №61 шешімі)
- 2014 жылға арналған Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің бюджеті («2014-2016» жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың №140 шешімі)
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде бюджет жүйесінің мәні мен рөлі, оның құрамы мен құрылымы және дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесі туралы айтылады.
Екінші бөлімде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджет шығыстарына талдау жүргізіледі. Сандық көрсеткіштер Қызылорда облысы «Қармақшыаудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сіне сүйене отыра алынды. 2012-2014 жылдарға арналған Қармақшы ауданының бюджеттің атқарылуы туралы есептемесінің негізінде аудан бюджетінің орындалуына жан-жақты талдау жүргізілді.
Жұмыстың үшінші бөлімі аймақтық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қаржылық қамтамасыз ету жолдарын қамтиды, жұмыс барысында анықталған тиісті нәтижелер мен ұсыныстар жазылған.
1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
- Бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі
Бюджет кез келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Капитализмге дейінгі құрылыста мемлекеттік табыс негізінен табиғи сипатта болады. Қажеттіліктердің көп бөлігі табиғи жиындардың борыштары мен түсімдерінен құралды. Ресурстардың нақты жұмсалу бағыттарын негіздеу үшін арнайы жекелеген шығыс және кіріс сметалары жасалынды. Шығындар мен кірістердің біртұтас сметасын құрастыру талпынысы алғаш рет XVII ғ. Англияда жүзеге асып, бюджет деген атқа ие болды (budget - ағылшын сөзінен ақшасы бар қап, қазынашының сөмкесі дегенді білдіреді) . Қаржы байланыстарының үлкен алуан түрлілігінде жекелеген жалпы қасиеттерге ие оқшауланған салаларды бөліп қарастыруға болады. Осылайша, жалпы қоғамдық өнімнің құндық үлестірілуінің ерекше облысында мемлекеттің шаруашылық субъектілер мен халық арасында қалыптасқан қаржылық қатынастар құралады. Бұл қатынастарға ортақ тән қасиет олар міндетті қатысушысы мемлекет болып табылатын бөлу үдерісінде пайда болады және қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қаржы қорының құрылуы және пайдаланылуымен байланысты болып келеді. Аталмыш қаржылық қатынастар жиынтығы «мемлекеттік бюджет» түсінігінің экономикалық мазмұнын құрайды.
«Бюджет» термині «ақшасы бар қап», «ақша салатын, сақтайтын әмиян» сияқты тікелей мағынасында екі түрлі түсінікке ие. Бір жағынан, бұл азамат, жанұя, корпорация, аумақ, мемлекет сияқты кез-келген экономикалық субъектінің меншігіндегі қаржылық ресурстардың көлемі, қаражат жиынтығы.
Екінші жағынан, бюджет - белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың сәйкестігін сипаттайтын экономикалық субъектінің кіріс және шығыс арасындағы қатынасы, оның қаражатының теңдестігі, бюджет сөмкенің ішіндегі қаражаттың бар-жоғын да, қаражаттың толтырылуы шығындалу өкілдігін де, ақшаның келу-кету жолдарын да анықтайды.
Орталықтандырылған экономикада бюджет толығымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына тәуелді болып келеді, сондықтан да қандай да бір өзіндік маңызды мағынаға ие емес. Мұндай әрекет, жоспарлы экономикадағы материалдық заттық факторларға басты рөлдің берілуі, ал қаржылық факторларға жанама рөл берілу үрдісіне байланысты [2, 89-90б] .
Мемлекеттік бюджет жиынтық ұғымнан тұрады, яғни оны экономикалық категория, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, бәріне міндетті заңның бірі, негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттейтін механизм ретінде де қарастыруға болады.
Мемлекет бюджет саясатын, яғни әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдаланубойынша шаралардың жиынтығын жасайды. Бюджет саясаты бюджет жүйесі арқылы іске асады.
Бюджет жүйесі - елдің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.
Бюджет жүйесі мына қағидаларға негізделеді:
- Біртұтастылық: бұл қағида бойынша бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттер біртұтас құқықтық базамен, біртұтас бюджет сыныптамасын пайдаланумен, біртұтас мемлекеттік қаржы статистикасымен, келісілген бюджет процедураларымен, барлық бюджеттердің қайта бөлу қатанастары арқылы қалыптасатын арақатынасымен қамтамасыз етіледі.
- Бюджеттің толықтылығы мемлекеттік заңнамамен анықталған барлық түсімдерді міндетті және толық көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
- Нақытылық бюджеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуімен, бюджет салаларының орындалуымен сәйкес болуын білдіреді.
- Жариялылық: Үкімет пен жергілікті билік органдары өз бюджеттерін жариялауға міндетті. Бұл қағида шаруашылық саясатта байқалатын қателердің алдын алуға, бюджет баптарын ашуға мүмкіндік береді.
Бюджет жүйесін құрудағы басты құжат - ел Конституциясы мен бюджет жүйесі туралы Заң.
Бюджеттік реттеу - жоғары тұрған бюджеттің төменгіге ресурстардың бір бөлігін және керісінше теңдестіру мақсатында беруімен сипатталатын қайта бөлу жүйесі. Реттеу механизміне мыналар жатады: субсидия, субвенция, реттеуші табыс көздері.
Реттеуші табыс көздері бекітілген және реттеуші болып бөлінеді.
Бекітілген табыстар - бюджет қаражаттарының толық немесе бір бөлігінің нақты бюджетке берілуі.
Реттеуші табыстар - жоғарғы тұрған бюджеттің төменгіге бағыттайтын қаражаты. Бекітілген және реттеуші табыстардың тізімі бюджет жүйесі туралы заңда реттеледі. Егер жиынтық бюджеттегі түсім көлемі әрбір деңгейдегі биліктің функциясын жүзеге асыруға жеткілікті болса, онда бюджет вертикальды теңдестірілген болып есептеледі. Горизонитаальды теңдестірілу - жекелеген аймақтардағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзара тең болуы. Вертикальды теңдікке қол жеткізу - жалпы теңдестірілудің бірінші кезеңі, ал горизонтальды теңдестірілу екінші кезеңі болып табылады, ол Қазақстанда бюджеттік алу, субвенциялар арқылы жүргізіледі [3, 142-144б] .
Бюджет - ол жалпы қаржы категориясына қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы ла келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі фукнциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері және тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол өз алдына жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді [4, 6-8б] .
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заңнамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің қағидаттары ескерілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оның негізінде бюджеттікүдерістегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджеттік үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған, жаңа Бюджеттік кодекстің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтердің пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді [5, 380-383б] .
Экономикалық әдебиеттерде «жоспар» мен «бюджет» түсініктері арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі. Бірінші термин кеңірек мағынада қарастырылып, кейбір мақсаттарға бағытталған іс-әрекеттердің тәртіпке келтірілген барлық шеңберін қамтиды. Сонымен қатар, бұл іс-әрекеттер тек рәсімделген сапалық бағалаудың көмегімен ғана емес, рәсімделуі мүмкін емес процедуралардың қатарын атап көрсету жолымен де сипаттама алады. Бюджет - іс-әрекеттердің жоспарын құндық тұрғыдан сандық көрінісін сипаттайтын тар мағынадағы түсінік.
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны көп қырлы, оның құрамы әртүрлі экономикалық түсіндірмелері бар түрлі үрдістерден тұрады. Осы тұрғыда мемлекеттік бюджет экономикалық құбылыс ретінде ғылыми көзқараспен мынадай сипатқа ие: экономикалық санат ретінде, қаржы жүйесінің орта буыны ретінде және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде.
Мемлекет пен басқа да өндіріс үдерісінің қатысушылары арасындағы көрсетілген қаражат бөлу қатынастары мемлекеттік бюджет деп аталатын ерекше қаржы санатының мазмұнын құрайды. «Бюджет» термині белгілі бір кезеңдегі қаржы кірісі мен шығысының жазылған тізімін білдіреді. «Мемлекеттік» деген анықтама аталған тізімнің мемлекет иелігінде екенін айқындайды, яғни, мемлекеттік бюджеттің өміршеңдігі сол мемлекеттің бар болуымен алдын ала анықталған.
Бюджет нақты, объективті түрде негізделген бөлу қатынастарының экономикалық формасы болып, оның мемлекеттік-аумақтық құрылымын және қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қоғамдық мақсатын орындай отырып, дербес экономикалық, нақтырақ айтқанда, қаржылық санат ретінде қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік бюджет бөлу қатынастарының айқындаушы бөлігі ретінде базистің элементі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз - қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтитын, ең алдымен көп қырлылығымен, кең өрісімен сипатталатын ерекше экономикалық санат. Бюджеттің мұндай қасиеттері оны басты қаржы құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық санат ретінде, жалпымемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін орталықтандырылған ақша қорын құру мен бөлу арқылы, ұлттық табыс пен ұлттық өнім құнын жоспарлы бөлу бойынша қаржы қатынастарының ерекше саласын айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz