Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау


ЖОСПАР
Кіріспе
І тарау. Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері және мемлекеттің рөлінің негізі
- Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
- Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі
- Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
2. 1 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайының ерекшелігі
2. 2 Дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсерін талдау
2. 3 Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы.
3. 1 Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары
3. 2 Мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс - шараларын талдау және бағалау
3. 3 Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан шығуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе.
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәлімдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес. АҚШ өзінің шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді. Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты.
Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын қаржылық міндеттемелердің жинақталуы.
Объективті себеп біреу - ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан құрылымдық жүйенің дағдарысы. Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы қоғамын қалыптастыру болып табылады.
Дағдарысты бастаушы болып бай мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы мемлекеттерде капитал толық тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық қаржылық дағдарыстан қорғану үшін мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ айтсақ, экономика салаларын ұлттық базаға көшіру керек дейді.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекеттің артқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Мемлекет нарықты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Мемлекетке «түнгі күзетші» рөлін беру XVII ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы еркін кәсіпкерлікке негізделген капитализм мен еркін нарық кезеңінің әлеуметтік-экономикалық қалыптасу және даму жағдайларымен байлынысты.
Дағдарыс күшіне енгеннен бері, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орны артып келеді, оның басты себебі үкіметтің жағдайды одан әрі құлазымауы үшін, компаниялармен қаржы ұйымдарынының, өндіріс орындарының белгілі бір бөлігін сатып алып немесе оларға қаржы құйып, тіпті мемлекеттендіріп, сол себепті аталған ұйымдарда мемлекет үлесін арттыру саясаты болып отыр.
Магистрлық жұмыстың мақсаты бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс - бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылысқа қарсы шараларды түбегейлі қарастырып, бұндағы мемлекеттің рөлін айқындау.
Магистрлық жұмыстың міндеттері:
- Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы;
- Экономикадағы мемлекеттің рөлінің теориялық негізі;
- Дағдарыс кезінде ғалымдық тәуекелдің орын алуы;
- Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайының ерекшелігі;
- Дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
- Дағдарыстан кейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау;
- Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары;
- Мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларын талдау және бағалау;
- Жағдайдың жақсаруына байланысты мемлекет экономикадағы өз орнынан шығуы
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайы және дағдарыстың әсерлерін жетік қарастыру. Мемлекеттің экономикадағы рөлін және алатын орнын анықтау. Шетелдегі әлемдік дағдарыстың жағдайы. Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау. Елбасының дағдарысты алдын алу шараларын және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың мәнін қарастыру.
І ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс.
Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.
Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.
Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, жаңғыртулық циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа. [1]
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі. Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.
Ол белгілі бір саяси себептермен 1-сызбада түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты. Оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.
Дағдарыстың себептері
Қайнар көзі: Мировая экономика. Ломакин В. К. 1998г., 727стр.
1-сызба
Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [2] .
Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жұмсартып немесе оны өршітуі мүмкін.
Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (2- сызба) .
Дағдарыстың мүмкін болатын салдары
Қайнар көзі: История кризиса. Гришин Л. Л. Казанский университет. 1991г., 169 стр.
2-сызба
Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типтілігі және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.
Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.
Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.
Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың жақсы немесе жаман көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.
Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:
Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.
Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, ұдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [3] .
Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан.
Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саяси экономия алдында айқын қарыздар» [6] . Цикл кезеңінің кезекті қысқарулары, қазіргі әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.
Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатьшен байланыстырмай басқа да себептерін ұсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз тұтынуы. Жеткіліксіз тұтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды.
Дағдарыс дәрісі ретінде тұтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ тұтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ экономистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда болуы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сұранысты ынталандыру) туындайды.
Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық циклдың фазалары берілген, 3- сызбада көрсетілген [7] .
Экономикалық цикл
Қайнар көзі: История кризиса. Гришин Л. Л. Казанский университет. 1991г., 169 стр.
3- сызба
3- сызбада экономикалық цикл көрсетілген. а, в және с нүктелері орналасқан толқын тектес қисық өндіріс көлемінің өрлеу және құлдырау кезіндегі динамикасын сипаттайды.
Бірінші фаза - дағдарыс (құлдырау) . Бұл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономиканың дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айырмашылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші салаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.
Екінші - депрессия (стагнация) . Бұл фаза (ұзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады.
Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капитал салымдары басталып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшері өседі. Жандану ең алдымен өндіріс құралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бұдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады.
Төртінші - көтерілу (бум) . Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар бағамы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды.
Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табы-стың азаюы, шығындар мен сүраныс қысқарады. Алғашқы жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және несие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін.
Екі ғасыр бойы көптеген мемлекеттердің экономикасында және әлемдік индустриалдық қоғамның дамуында, қалыптасу кезінде дағдарыс болып тұрады, яғни өндірістің төмендеуі және құлдырауы, нарықта қалыптаспаған тауардың көбеюі, бағаның түсуі, өзара есеп айырысу жүйесінің, банктік жүйенің, сауда фирмаларының құлдырауы, жұмыссыздықтың көбеюі болды. Көптеген әдебитеттерде экономикалық дағдарысты тауар мен қыметке сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңдіктің өзгеруі, бұзылуы деп мінездейді. Бастапқы кезде дағдарыс ауылшаруашылық өнімнің жеткілікті дұрыс өндірілмеуінен, ал ХІХ ғасырдың ортасында төлемқабілетті сұраныс пен өндірістік өнеркәсіптің арасындағы теңдіктің бұзылуынан болды.
ХХ ғасырға дейін экономикалық дағдарыс бір, екі немесе үш мемлекетті қамтып, сонан соң халықаралық сипатқа ие болатын. Соңғы он жылда экономикалық дағдарысты болдырмау бойынша механизмдерді қалыптастырса да әлемде дағдарысты ешкім алдын ала болжай алмайды және одан қашып құтылуға болмайды.
Еуразия және америкада екі ғасыр ішінде жиырмаға жуық экономикалық дағдарыс болған.
Бірінші әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-тың, Германияның, Англияның және Францияның халық шаруашылық жәнеқоғамдық өміріне соққы берді. 1857 жылдары дағдарыс АҚШ-тан басталды. Теміржол компаниялары мен акция нарығында жаппай құлдырау себеп болды. Осы жылы дағдарыс Англияны, сонан соң Еуропаны жаулап алды. Дағдарыс кезінде АҚШ-тың шойын өндірісі 20 пайызға, ал мақта өнімін тұтыну 27 пайызға азайды. Германияда шойын тұтынымы 25 пайызға, Францияда мақта тұтыну 13 пайызға төмендеді. Ал Ресейде шойынды еріту және мақта-қағаз мата шығару 14 пайызға азайды.
1914 жылы бірінші әлемдік соғыс салдарынан халықаралық қаржылық дағдарыс болды. Себебі, әскери іс-әрекетті қаржыландыру үшін АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия басқармасы шетелге эмитент қағаздарын жеңілдікпен сатты. Бұл дағдарыс басқа дағдарыстарға қарағанда бірнеше елдерде бір мезгілде басталып, соғысып жатқан жақтар шетелдік активтерді ликвидтендірді. [8] .
Келесі дағдарыс соғыстан кейінгі дефляциямен байланысты. Бұл құбылыс Данияда, Испанияда, Норвегияда, АҚШ-та және Ұлыбританияда банктік және валюталық дағдарыспен байланысты болды. Бұл дағдарыс 1920-1922жж. болды. Ал 1929-1933 жылдары Нью-Йорктік қор биржасында акцияның тез түсуі үлкен экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Бағалы қағаздар құны 60-70 пайызға түсті және негізгі әлемдік валюта үшін алтын стандарты жұмысын тоқтаты. Акция ұстаушылар 15 млрд долларларынан айырылды. 1929 жылдың аяғында бағалы қағаздар құны 40 млрд. долларға дейін жетті. Зауыттар мен фирмалар, банктер жабылып, жұмыссыздық көбейді. 1933 жылы 32 дамыған елдерде жұмыссыздардың саны 30 млнды құрады.
1973 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталды. Дағдарыс кезінде АҚШ-тың өндірістік өнеркәсібі 13 пайызға, ал Жапонияда 20 пайызға, Францияда 13 пайызға, Италияда 14 пайызға азайды. Акцияның құны 1973 жылы желтоқсан айынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін АҚШ-та 33 пайызға, Жапонияда 17 пайызға және Францияда 33 пайызға, Италияда 28 пайызға түсті. 1974 жылы мұнай бағасы 12 долларды құрады.
1998 жылы Ресей дағдарысы. Ресей тарихындағы ең қиын, үлкен дағдарыс болды. Ресейдің үлкен соммадағы мемлекеттік қарызы, шикізатқа әлемдік бағаның төмендігі және мемлекеттің қысқа мерзімді облигацияларының пирамидалылығы себеп болды. 1998 жылы рубльдің долларға шаққандағы бағамы 3 есе түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz