НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

2006 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына Жолдауында : “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады.

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық"/1/, - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.

Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялар мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.

Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк операцияларында жаңа технологиянын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi - несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелік операцияларын қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орын санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.

Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Кейiнгi жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайюы бұрын болған несие ресурстарының тапшылығын қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң құрылымдық саясаты, қоғамдық сенiмдi арттырып, мемлекеттiң банк секторының динамикалық дамуына мүмкiншiлiк туғызды. Несие ресурстары мен несие операцияларының тиiмдiлiгi бәсеке жағдайында өсуiнiң нәтижесiнде Қазақстан банктерi пайыздық мөлшерлеме және мерзiмге байланысты банктiк қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылыс жасауда.

Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен - пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.

Бұл жағдайда отандық және шетелдiк банктiк тәжiрибенi салыстырудың өзiндiк мәнi зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды iске асыру үшiн нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк iсiнiң даму тәжiрибелерiн қолдану қажет.

Несиелiк қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келедi, сонымен бiрге ол экономиканы реттеу құралы ретiнде шешушi септiгiн тигiзедi. Ол тиiмдiлiкте банктiң сенiмдiлiгiн бағалайтын және оның несиелiк саясатына әсер ететiн түрлi факторларды айқындау әдiстерi iс жүзiнде пайдаланылады. Несие берушi мен алушының арасындағы қарым-қатынастар дамуының бҰрынғылардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Қазiргi әдiстер шетел тәжiрбиесiнiң нәтижелерiн бiздiң өмiрiмiзге енгiзiлiп көру. Несие берушi, пайда табу мақсатын көздейтiн Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы кәсiпорындарды қалыптастыра отырып, өзiнiң iс-әркетiнiң спецификасына байланысты нарықтық ортаның негiзгi элементi болып, оны тиiмдi, реттеп жүргiзу арқылы әсерлi құралдары болып табылады.

Несиелiк қарым-қатынастардың даму деңгейi әр өңiрдiң мамандануы ерекшелiгiне тiкелей байланысты. Өңiрдiң өндiрiстiк даму деңгейi банктердiң несиелiк әлеуетi салым мехнизмi арқылы және өнеркәсiптiң есеп шотындағы қалдықтары жүзiнде көрiнiп тұрады. Банктiк несиелердiң осы тұрғыдағы әмбебаптылығын ескере отырып, банктiң тактикасы мен стратегиясын құрған кезде, оның болашақта даму қабiлетiнiң ерекшелiктерi алдын ала айқындалады. Банктiң несиелендiру процедурасы, оны ұйымдастыру, түрлi кезеңдер мен қадамдардан тұрады. Несиелендiру процесiн реттейтiн мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заң шығарушы және нормативтiк-құқықтық актiлер арқылы жүргiзiп отырады. Банк әрекеттерiнiң барлық сфераларында тәртiптерiн белгiлейтiн нормативтiк-құқықтық базаның құрылуы мен қабылданатын заңдардың тәжірибелік пәрмендiлiгiн қамту, несиелендiрудiң барлық формаларын қолдануға нақты негiз жасайды.

Елiмiз нарықтық қатынастарға көшкен сәттен бастап мықтап көңiл бөлiнген мәселенiң бiрi банктердегi несиелiк операциялар жұмысы болды. Алғашқы кезеңде банктер негiзiнен кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсетiп, соларға қысқа мерзiмдi несиелер берiп келдi. Бiрте-бiрте әр банктiң тұрақты клиенттерi iрiктелiп, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдары көбейе түстi. Сонымен бiрге көптеген несие алушы заңды тұлғалардың онша жақсы емес несиелiк тарихы да банктер үшiн оңайға соққан жоқ. Сол себептi банктер соңғы жылдары жеке тұлғаларға көбiрек көңiл аударатын болды.

Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.

Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуы барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің сапасының өсуі - неси жүйесінің қалыптасыру операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында Қазақстан Республикасындағы банктердің несие жүйесінің қалыптасуын басқаруды жүзеге асыратын процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: несие жүйесі қалыптасу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және несие механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктердің несие жүйесінің қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.

Зерттеудің міндеттері:

  • несие жүйесінің қалыптасуын зерттеу;
  • банктің басқару жүйесіндегі несиенің қозғалысын зерттеу;
  • несие жүйесінің қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды зерттеу; .

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - “Тұран-ӘлемБанк” АҚ-ның несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жетiлдiру жолдары. Несие жүйесінің қалыптастыру мен дамытуда, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.

Зерттеу пәні - несие жүйесінің қалыптастыру мен даму барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен несие қатынастардағы қабілеттілігі, несие жүйесін қалыптастыру мерзімділігі, төлемділігі және экономиканың негізгі құралдар болып табылады.

Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: «Коммерциялық банктер және олардың несие жүйесінің қалыптастыру мен даму қызметі туралы» ҚР Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2006 жылғы халыққа Жолдауы, белгiлi экономист ғалымдарымыз: Көшенова Б. А., Сейiтқасымов Ғ. С., Кемел Н., Мақыш С., Көшербаевтардың банктердегі несие жүйесінің қалыптастыру мен дамыту қызметтерiнен жазған еңбектерiн терең талқылай отырып, өз тың ғылыми-сараптамалық тұжырымдамамды ұсынамын. Халықаралық банктер арасындағы заңды тұлғаларға несиелiк қызмет көрсету бағдарламаларын салыстыратын экономикалық көрсеткiштерi бар кестелер келтiрiлдi.

Дипломдық жұмысты орындау кезiнде құқықтық-нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулықтар, жоғарыда аталған отандық және шетел экономистерiнiң ғылыми еңбектерi қолданылды.

Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың өзектілігі - банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілеттілігінің әдістемелерін жаңарту қажет.

Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілеттілігінің талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді шешуде келесідей міндеттер қарастырылуы қажет:

Диплом жұмысын жазудың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік нұсқаулары, “Тұран Әлем Банкі” және «Темірбанк» АҚ-ның несиелік саясаты мен ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттіктің мәліметтері.

Теориялық негізі болып - несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.

1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері

Бірінші тарауда несие жүйесінің қызмет етуінің теориялық негіздеріне тоқталып, атап айтқанда несие жүйесінің тарихы, мәні, түсінігі, құрылымы, сонымен қатар қазіргі кездегі несие жүйесінің үш маңызды элементі: Орталық (эмиссиялык) банк, коммерциялық банктер, мамандандырылған несиелік мекемелер қарастырылды.

1. 1 Несие жүйесі туралы жалпы түсінік

Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі - несие-қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының калыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әртүрлі топтарына қарызға береді.

Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әртүрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с. с. көптеген операцияларды жүзеге асырады.

Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т. б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы-орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.

Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда 3 / 4 бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.

Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрады.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік катынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.

Несиелік катынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау - несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен иесие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.

Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардын мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

Несие екі формада болады: тауарлық және акшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды акша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Несиелік қатынастардың несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.

Тар мағынадағы несие жүйесі - бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік катынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны калыптасады: мемлекеттік мекмекемелер және мемлекеттік несие - қаржы мекемелері.

Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердін үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінін интенсивті процесіне байланысты болады.

Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т. б. ) ірі коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.

Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкі, Аймақтық Даму банктері және т. с. с.

Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады. Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол -"банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕШЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz