МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ МӘНІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . . 3
1МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ МӘНІ . . . 5
2 Жарнама . . . . . . 5
2. 1 Жарнаманың атқаратын қызметтері . . . . . . 6
2. 2 Жарнаманың түрлері . . . 7
2. 3 Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылар . . . 9
2. 4 Жарнаманы тарату құралдары . . . 13
3 Арнайы сату әдісі . . . 13
4 Тауар өтімін ынталандыру . . . 16
5 Қоғаммен байланыстар . . . 18
6 Коммуникация стратегиясы . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
КІРІСПЕ
Рынок қатынастары шаруашылық қарым қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді шеруді, ол оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресупстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Рынокта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал оның талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат рынокта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы тағысын тағы болжамдық талдау үшін қолдалынады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингісіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан басқару жүйесінде оның әрекетін ұтымды реттеу ісіеде қазіргі кезде маркетинг жетекші роль атқарады.
Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғ-дан бастап қолданылына бастады. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірлуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене түсуінде. Сондықтан да ХХ ғ- дың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолдалынып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алады. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан маркетингтің мәні оның алдында қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді десекте болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарларды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Бұл жерде есте сақтайтын нәрсе, кейде маркетингке сүйенген фирманың өзі уақытша пайдасыз немесе шығыны көп болуы мүмкін.
Маркетинг коммуникациясы кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені маркетинг кешені ол ең белсенді бөлім болып табылады.
Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту үшін фирма қолданатын әдіс-амалдары.
Кәсіпорын тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдіс-амалдарын пайдалануы мүмкін: жарнаманы, арнайы сатуды, өтімді ынталандыруды, қоғаммен байланысты.
МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ МӘНІ
Маркетинг коммуникациясы кәсіпорынның өндіріс өткізу жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені маркетинг кешенінің ол ең белсенді бөлімі болады.
Коммуникация дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту үшін фирма қолданатын әдіс-амалдары.
Кәсіпорын тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдіс-амалдарын пайдалануы мүмкін: жарнаманы, арнайы сатуды, өтімді ынталандыруды, қоғаммен байланысты.
Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер қолданылады. Алайда олардың пайдалану мақсаты бір маркетинг концепциясын табысты енгізу үшін стратегиялық және тактикалық мәселелерді дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Коммуникация элементтерін дұрыс қолдану арқылы рынокта тауарды ұтымды жылжытуға болады. Тек қана төменде аталған шарттарды сақтау нәтижесінде коммуникация жүйесінің әсерлі нәтижесіне жетуге болады:
- көзделген шаралар жүйелі түрде орындалуы тиіс;
- коммуникация кешенін құру кезінде тауардың ерекшеліктері
және оның өміршеңдік кезеңдері есепке алынуы тиіс.
2 Жарнама
Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. "Жарнама" латын тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare) ұғымын сипаттайды.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегеніміз тауарларды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған "кез келген" әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, әлеуетті тұтынушылардың назарларын жарнамалау обьектісіне аудару үшін орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама ерекшеліктері:
- қоғамдық сипаттама алады;
- үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
- мәнерлік түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
- иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
2. 1 Жарнаманың атқаратын қызметтері
Рыноктағы жарнама бернесі:
• экономикалық бернесі сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы "сату алу" үдерісін тездетеді;
• ақпараттық бернесі тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;
• коммуникациялық бернесі маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз етеді;
• бақылау бернесі рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
• түзетім бернесі өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;
• сұранысты басқару бернесі нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
2. 2 Жарнама түрлері
Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесі оның әмбебап сипатын көрсетеді және оның жеке түрлерін бөліп талдауды қажет етеді. Жарнаманың түрлерін айыруда көптеген белгілер қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz