Бастауыш мектеп оқушыларының рухани қасиеттерін қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш мектеп оқушыларының рухани қасиеттерін қалыптастыру

Орындаған:
Жетекші:

2016 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I-ТАРАУ. ОТБАСЫ - ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ
1.1 Отбасы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Отбасы негіздері мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Қазақ отбасындағы тәрбиенің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ-ТАРАУ. ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ ЯДРОСЫ
2.1 Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ..25
2.2 Отбасы ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.3 Теріс тәрбиенің бір бөлігі ішімдік пен нашақорлыққа әуестенудің алдын алу шараларының негізгі - отбасы тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдық жаңару кезінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады.Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымды дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі тағы басқа жағдайлардың отбасы тәрбиесіне оның құрлымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратынын белгілі. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екеніне айқындала түседі.Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі.1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі ретінде қазіргі күні Қазақстанда отбасы және демография, Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры, Ана және бала денсаулығы секілді ұйымдар қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әрқайсысының өз функциясы бар болмағанымен олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу, отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді.
Отбасы - адамбаласының алтын діңгегі. Өйткеніадаммеңалғашқы ретдүниегекелгенсәтіненбастап, осында ер жетіп, отбасыныңтәрбиесіналады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әріқасиетті алтын мектебі. Қазақтардың ХІХ ғасырдағы отбасындағы әдет - ғұрыптардың діни аспектілерін зерттей келе, Р.М.Мустафина отбасы патриархалдық және отбасы - тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытындыжасады.Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті ашық көрсетілген. Қазақстан 2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекімделе түсті. Қазіргі заман отбасының құрлымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі-толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгі өнегесі, писхологиялық ерекшеліктеріне тоқтала отырып, отбасының сәтті және сәтсіз жағын анықтау.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
- Отбасы тәрбиесі түсінігін ашу;
- Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;
- Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
- Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау;
- Мен және менің отбасым әдеби музыкалық кешін ұйымдастыру арқылы отбасы тәрбиесіндегі ата- ана үлгі өнегесін анықтау...
Зерттеу объектісі: отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық.
Зерттеу болжамы:Егер тәрбие процессі біртұтас педагогикалық процесс ретінде бірнеше бағыттардың жиынтығы ретінде танылса, сол сияқты отбасы тәрбиесі жалпы тәрбие процессінің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан оны зерттеусіз тәрбие процессі нәтижесіз сипатта болады, тек отбасында ата ананың қолайлы үлгі өнегесін игерген бала жан жақты дамыған жақсы тәрбие алған тұлғаға айналады.
Тәжiрбиeлiк мәнi. Зeрттeу жұмыcының тәжiрбиeлiк мaңызы рeтiндe жaңa мaтeриaлдaрды oқып мeңгeру жәнe жұмыcтың тeoриялық мaңызы бoлып тaбылaды.
Курстық жұмыcтың құрылымы мeн көлeмi. Кiрicпeдeн, eкi бөлiмнeн, қoрытындыдaн, қoлдaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.

I-ТАРАУ. ОТБАСЫ - ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

0.1 Отбасы түсінігі
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын зерттеп қарастырды[1]. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы қалыптасты.Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады[2].
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.Қарым-қатынас - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады[3].
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс - салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтікинститут ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады:
1)некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар;
2) отбасының әлеуметтік қызметі;
3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар;
4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген:
1) ерлі-зайыптылық;
2) бала туу немесе бала асырап алу.
Отбасы мүшелері бір шаңырақтың- астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары - мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан - ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды[4].Отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық және полимамдық түрлері болған.Ерлі - зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда - некелікэндогендік яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік және экзогомдық бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады сияқты категорияларда болды.Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген [5]. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.Отбасының рөлдік атқаратын қызметі құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже - нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді [6].

0.2 Отбасы негіздері мен принциптері
Отбасы ұғымы кез-келген пендеге жылулық сәулесін тигізіп, тәтті сезімге ұялалататыны хақ.Себебі отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы.Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байласныстарға тоқталамыз[7].Әйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шашесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады [8]. Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар.Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасыда қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ көңілі, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ отбасында тәрбиеленеді. Жұмсақ мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған "бір кісілік орын бар" деген мақал осының куәсі. Отбасы мүшелерінің әрбір іс-әрекеті, тындырған не тындыра алмаған жұмыстары әртүрлі жағдайда көрсеткен мінез-құлқының қырлары, бір-біріне тигізетін көмегі, не зияны түгелдей халық дәстүрінің сынынан, елегінен өтіп "дүрыс", не "бұрыс" деген бағаларын алады. Отбасында жарасымды орнын тапқан салттар мен дәстүрлер аса тиімді тәрбие құралына айналады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: "Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі - құрбы-құрдасынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады". Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен отбасыда алады. Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін отбасыдағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті.А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбаесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді [9]. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Олар баланы тәрбиелегнеде қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуес. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне ата-аналар түсінбейдінемесе онша мән бермейді. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетін тәсіл. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, үйде болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды.. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ған айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға менмендікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады. Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына көкіректік көрсетіп, әкесінің лауазымын, аналарының талантын айтып, мақтанады. Кейбір ата-аналар балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну арқылы айтқандарын тыңдатады.Әрине отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін емес, ата-анасынан сыйлық алу үшін деп ұғып, үлкен сыйлық алу мақсатында олар саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейтін болып өсуі мүмкін. Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал.Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып ішінде оқушылардың қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, мектептегі сабаққа ынта-жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктерді ескеру. Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әртүрлі қабылдап жатады [10]. Бірі ерекше ілтипат көрсетсе кейбіреулері жақтырмайды. Сынып жетекшісі, психолог екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыруы керек. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының масат міндеттері бір екенін ата-аналар жақсы түсіністе болуы қажет.Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қаблетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйрету барысында меңгерілетін психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова т.б. көптеген психологтар еңбектерінде жан-жақты талдаған. Өткен ғасырдың 70-шіжылдарынан бастап психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы соңғы кезде балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы нормативтердің өзгеруі. Сонымен қатар оқыту процесінің мазмұнының өзгеруі және оған негіз болатын барлық факторлар талданды. Дегенмен бұл еңбектермен ата-аналар өзбетімен танысып, баланың ақыл-ойының дамуын ғылыми негізде басқаруға барлық уақытта мүмкіншіліктері болмайды. Сондықтан психологиялық ағарту жұмысы барысында үйрету процесінің ақыл-ой тәрбиесіндегі ерекшеліктерін психолог жете біліп ол білімін көпшілікке жеткізуі керек[11].Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ойкертпелеріне дөрекілікпен, қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сэби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп, жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар үнемі ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз. Мұнда отбасында балалардың өсетініне мэн бермейміз. Отбасындағы байсалды бірқалыпты қарым қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін ұмытамыз. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ғана айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға менмендіктікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады. Осыны көрген, естіген балалар да жолдастарына көкректік көрсетіп, әкесінің лауазымын, аналарының талантын айтып, мақтанды. Кейбір ата-аналар балаларына уәде беру, түрліше сыйлықтар ұсыну арқылы айтқандарын тыңдатады.
Әрине, отбасында баланы мадақтау, оларға түрліше сыйлықтар беру сияқты дәстүрлер болуы мүмкін, бірақ жақсы қылықтар көрсеткені үшін сыйлықтар ұсыну мүмкін емес. Мұндай жағдайда бала жақсы істерді қоғам игілігі үшін емес, ата-анасы үшін деп түйіп, үлкен сыйлық алу мақсатында олардан саудаласуды үйреншікті әдетке айналдырады. Ондай бала отбасы мен мектеп және Отан алдындағы борышын толық сезбейді. Біздің ортамызда еңбегімен, тәрбиеліктігімен көп құрметіне бөленген үлгілі отбасылар қай жерде де аз емес. Олардың есімдерін үлкен мақтанышпен атауға болады. Олардың балалары да еңбекқор, тәртіпті, мәдениетті азаматтар болып өсіп келеді. Түсінігі таяз ата-аналар да кездеседі Оларға балаларыңыздың оқуы нашар, соған көмек көрсетуіңіз керек десең еститінің Оқымаған адамдар да нанын тауып жеп жүр ғой, қайтейін сау болса болар. Бұл әңгіме нан табуда емес, балалардың оқуында, тәрбиесінде болып тұр емес пе? Осындай отбасылардан қандай тәрбие күтуге болады. Ата-ана отбасы ұйытқысы, балаларының бағбаны, сондықтан олар жақсы қасиеттерімен бабалардың келешегіне үлкен әсерін тигізулері керек. Егер ата-анасының біреуі өз міндеттерін орындаудан бас тартса немесе өз құқығын теріс пайдаланса, балаларына қатыгездік жасаса, сондай-ақ, ішімдікке салынып кетсе, ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бала тәрбиесіне салақ қараудың салдарынан кейбір дұрыс оқитын балалар арасынан да өз бетімен жүріп, шылым шегу, ішімдікке үйір болу, ұрлық жасау сияқты жаман жолға түсіп кетушілер кездесіп қалады. Кейде балаларды жалған айтуға ересек адамдар өздері мәжбүр етеді. Сірә, олар ондай өтірікті айта салудың еш қиындығы жоқ деп санайтын болуы керек. Мұның тәрбиеге кері әсері тигізетіні сөзсіз [12]. Бала тәрбиесімен оның анасы ғана айналысатын отбасылар да бар. Мұндай жартыкеш тәрбие де жақсы нәтиже бермейді. Әке өнегесі, әке тәрбиесінің орны қашанда бөлек.Ата-анасына балалардың мінез-құлқын, бейімділігін сынып оқушыларымен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын, коррекция коррекция сабаққа ынта жігерін айта келіп, осы отбасына тән ерекшеліктердіескерту. Мінез түрлілігі сияқты әр отбасы айтқан ойларды әр түрлі қабылдап жатады. Бірі ілтипат көрсетсе, кейбіреулер жақтырмайды. Сынып жетекшісі, мұғалім екіншісі ата-ана болғандықтан олармен тілтабысып отыру керек. Сыныптағы кейде орташа, кейде тым тәуір оқитын оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында байқалатыны ата-аналар пән мұғалімдеріне өкпелі. Күнделікті бағалары мен тоқсан қорытындысындағы бағалары жайлы сөз болғанда олардың дұрыстығын коррекция коррекция сабақтарына қатысу арқылы білуге болатыны қозғалды.
Ата-аналарды шақырып коррекция коррекция сабаққа қатыстырылды. Әрине, осындай тығыз байланыстардан кейін олар дұрыс пікірге келді. Мұндай жағдай да болды. Бір ата-ана тэртіпсіздігімен көзге өрескел, дөрекі мінезді ұлы үшін кемшілігін мойындап ата-аналармен, мектеп басшылығының мүшелерімен кездескен жиналыста өз ойын білдіріп, кешірім сұрады. Ата-анамен жұмыс күрделі, үлгілі оқушылардың ата-аналарымен байланыс жасап, кейбір тәрбие мәселесінде ақыл-кеңес сұрап отыруға болады. Ата-аналар арқылы айтылған сөздің ақылдасқан жайдың нәтижелі болатынын байқадық. Себебі ата-анаға балаларының үлгілі болғаны жақсы. Ата-аналар мен байланыс жасау әр түрлі және олардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. өмірге көзқарасын қалыптастыру, мамандықтарға баулу-бастауыш сынып оқушылары үшін олардың іс-әрекеті және гигиеналық талапты сақтауы мектеп ережесіне қарай реттеледі. Оқушылардың сұрақ-жауап сауалнамасын талдаған кезде өз балаларының келешекте кім болатынына көңіл бөлмейтін ата-аналар бары байқалды. Сондықтан ата-аналар мектепте тек баласының сабағына қатысу үшін ғана емес, тәрбиелік шараларға, кештерге қатысып тұрса, балаларымен екі арада ашық түсініктері орнайды.Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Ата-аналардың балаларға осыншама қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі-бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей білуі.Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бүге білмейтін семьяларда ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі. Ең жаман нәрсе жекелеген ата-аналардың өзімшілдігі, жеке басын күтіп кетуі. Кейде мұндай жаман нәрсе өз баласына деген инстингтілігі, соқыр сүйіспеншілікке айналады. Егер әке мен шеше өз жүрегінің барлық күнін басқаларға беріп олардың тасасынан басқа адамдарды көрмейтін болса, бұл дөрекі сүйіспеншілік ақыр аяғында бақытсыздыққа айналады. Балалардың өз Отанының патриоты болу үшін, туған жер мен еңбекші халықтың қызу сүйетінін, адам, шыншыл, еңбек сүйгіш, ізгі жанды, сергек, сезімтал, жамандық пен өтірікке төзбейтін, қиындықтарды жеңуден ер жүрек, әрі табанды, кішіпейіл, адамгершілігі мол, дені сау денесі шыныққан болуы үшін бәрін де істейтін болды. Балалар ізгі жүректі, сезімталдығы жоғары адам болуы тиіс. Бала отбасының айнасы, бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда солай бейнеленеді. Мектеп пен ата-ананың міндеті- әр балаға бақыт беру. Бақыт алуан қырлы. Ол адамдардың өз қабілетін ашып, еңбекті сүйіп, жасампаз бала білуінде де және қоршаған дүниенің кеңдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасаулар да, басқа адамды сүйіп өзі дебіреудің сүйіктісі болып, балаларды нағыз адам етіп өсіре білуінде. Адам өмірінде ең асыл да тамаша - ана. Балалардың анаға қуаныш әкелген еңбектерінің адамгершілік тамашалығын сезу өте қажет. Адамгершілікті, мейірбандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтін шын мектеп - отбасы, анаға, әкеге, атаға, әжеге, аға-ініге, әпке-қарындасқа қарым-қатынас адамгершілікке сын болып саналады.Ата-аналар мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой дамуы, болашақ өмірі шешуші дәрежеде әке мен шешенің қарапайым мәдениетіне байланысты. Бұл мәдениет өсіп келе жатқан балалардың күрделі жан дүниесін ақылдылықпен түсінуден көрінеді. Ата-аналарға арналған мектептің коррекция коррекция сабақтарында баланы ойлауға қалай үйретуге болады, оның ой қабілетін қандай жолмен дамытуға болады деген мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды қамқорлыққа алуды, балалардың тұрғын жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікір таластарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады. Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сәйкес балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты қасиеттері мен ақыл сөздері, жастардың оларға деген сый-құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай үйде өскен бабалар бақытты, олардың өмірінен алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қаблетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ көңілді, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ отбасында тәрбиеленді. Мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған бір кісілік орын деген мақалы осының куәсі. Отбасы-тәрбиесінің тағы бір артықшылығы, үйдегі адамдардың жас шамасы әр түрлі болса да, бір-бірімен жақындығы[13].
Олар үйде халықтың салт-дәстүрінің алуан түрін өздерінің күнделікті тіршілігінде сәт сайын кеңінен пайдаланды. Отбасы мүшелерінің әрбір іс-әрекеті, тындырған не тындыра алмаған жұмыстары әр түрлі жағдайдакөрсеткен мінез-құқының қырлары, бір-біріне тигізетін көмегі, не зияны түгелдей халық дәстүрінің сынынан, елегінен өтіп, дұрыс, не, бұрыс деген бағаларын алады. Отбасында жарасымды орнын тапқан салттар мен дәстүрлер аса тиімді тәрбие құралына айналды. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттерімен ұштастыра білсек, оның берері мол. Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен, олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек және баланың бойындағы теріс қылықтардың пайда болу себебі отбасыдағы үлкендердің жеке басындағы кемістіктермен байланыстылығын түсінгені қажет. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде олардың ата-аналарына тәрбиелік ықпал жасаудың ролі өте үлкен.Бастауыш сыныптарда оқыту барысында мектеп пен отбасының ортақ күшімен балалардың барлық таным процестері дамып, интеллектуалдық қабілеті көрініс береді. Ата-аналармен жүргізілген кездесулер барысында оларға балалардың интеллектуалдық даму негізінде таным процестері жататыны, үйренудің түрлері және үйге берілген тапсырмаларды орындау барысында, жүре үйрену барысында ата-аналар үлкен роль атқаратыны көрсетілді. Бірінші кездесулер ата-ана жиналыстарының алдында 15 минуттық баяндама ретінде ұйымдастырылды. Бұл баяндамадан кейін бала психологиясына деген қызығушылық пайда болып, ата-аналар жағынан көптеген сұрақтар мен сұраныстар түсе бастады. Психологиялық білімге туған қызығушылықты қанағаттандыру мақсатында психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады және оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Байланыс формаларының екінші түрі - педагогтардың оқушылар үйлеріне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарда ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының үшінші формасы - педагогикалық-психологиялық білімдерді насихаттай, яғни ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беру. Қазір ата-аналар мен қалың бұқара халық арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихаттау барысында оқушыны тәрбиелеу міндеттерін шешу жолдары талқыланып, отбасында шешетін көптеген проблемалардың мән-мағынасы анықталып, оны шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік туады. Сондықтан психологтың осы жұмысының болымды әсері мол.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жастарды ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Халықтық педагогика арқылы оқушыларының - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.Сондықтан да, әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн. Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бүрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алды, арақ ішу, анаша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдырды,өз пікірі жоқтық, біреудің айытқанына оңай ерігіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың етек жайып еркінсуі-халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз. Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір талабы.Егер тарихи зерттеулерге жүгінсек, халықтық педагогиканың үлгі-өнегесі халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеяларды кезінде түрлі ел, түрлі уақыттағы педагогтар да аз айтпағанын байқаймыз. К.Д.Ушинский Біздің тәрбиені ойлап келетіні бос әурешілік, тәрбие орыс халқында өзі қанша өмір сүрсе, сонша ғасыр өмір сүреді онымен бірге істі, өзінде оның бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген. Бұл бірін екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп шыққан топырақ - деді[14].
Халықтық педегогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды деген идеяларын өз тәжірибелерінде А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский кеңінен пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған. В.А.Сухомлинский халық тәрбиесіндегі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге толы аса маңызды қайнар көздері оқушылардың терең танып-білуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы бастауыш сынып оқушыларының сәтті адамгершілік тәрбиесінің шарты ретінде
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Ұлттық рухани - адамгершілік құндылықтар
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Пәндер