А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИСТІК САРЫН.

АВТОР:
__________

(аты-жөні, тегі)
(қолы, мерзімі)

ЖЕТЕКШІ:
__________

(аты-жөні, тегі)
(қолы, мерзімі)

Петропавл қаласы, 2018 ж.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИЗМ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .4
1. Қазіргі қазақ прозасындағы
постмодернисттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..8
II.А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Ағаш үй Тобылғысай әңгімелеріндегі кейіпкердің сана
ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2 Жазушы шығармаларындағы постмодернизмнің исламдық сарынмен
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе:
Постмодернизм бастау алатын барлық әдеби ағымдардың түрлері әдебиетте
XX ғасырдың II жартысынан бастау алады. Постмодернизм терминінің тура
аудармасы модерннен кейінгі даму. Постмодернизмге әдебиетте де басқа өнер
салаларындағыдай толық анықтама берілмеген, бірақ оның алдына болған
стильмен салыстыру барысында оның тәсілдері анықталып, ерекшеліктері таныла
бастады. Ол қазақ әдебиетіне тек термин ретінде таныс емес. Ал барлық әдеби
ағымдардың түбірі терминнин таралады. Терминдердің өзі көне жанрлардың
өзгеріске түскен үлгісі. Көне жанрлар ғасырлар мен қоғам дамуына байланысты
оқырманға қарай өзгеріске ұшырайды, сондықтан батыстық сана батыстық ойлау
деп изм деп жақтырмаудың өзі қате пікір.Осы пікірді дәлелдеу мақсатында
рефератта көптеген қазақ жазушы шығармалары мысал ретінде келтіріледі оның
ішіндегі қазіргі постмодернисттер қатарынан суырылып шығып өз ойын айқын
көрсете білген Айгүл Кемелбаеваның шығармашылық лабараториясына шолу
жасаған жөн.
Постмодернизмнің теориясы қазіргі күнгі ең беделді философтардың бірі
сонымен қатар мәдениеттанушы, әдебиеттанушы, семиотик, лингвист Жак
Дерриданың концепциялары негізінде туған. Дерриданың пікірінше, "әлем -
мәтін,", "мәтін - шынайылықтың жалғыз ғана мүмкін моделі".
Постструктуализмнің екінші бір негізін қалаушы деп философ, мәдениеттанушы
Мишель Фуко танылады. Оның ұстанымдарын көбіне ницшелік ойлау желісінің
жалғасы деп қарастырады. Осылайша, Фуко үшін тарих - адамзат ақылсыздығының
ең көлемді құбылыстарының бірі, санасыздықтың тотальды бей-берекетсіздігі.
Дерриданың теориясын Францияда - Жиль Делез, Элия Кристева, Ролан Барт
секілді теоретиктер,өздерінше түрлендіріп қолдануда.
Постмодернизмнің теоретиктерінің басты жұмыстары -  ғылыми еңбектер
емес, көркем туындылар болатыны, ал оны жасаушылардың атағы постмодернистер
лагерінен  Дж. Фаулз, Дж.Барт, Ален Роб-Грийе, Рональд Сьюкеник, Филипп
Соллерс, Хулио Кортасар, Мирорад Павич сияқты ірі прозаиктердің атағынан
асып түкендігі кездейсоқ емес. 
Қазіргі таңда постмодернизм дәуірінде туындаған іргелі концепцияларды
саралап, талдап, маңыздылығын айқындау Әдебиетіміздің әрі қарай дамуын
болжау үшін қажетті, осыған байланысты тақырыптың өзектілігі танылады.

I. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Қазақ әдебиетінде әлемдік тенденцияға айналып, философия мен өнердің
бар саласын қамтыған  постмодернизм жайлы іргелі де толыққанды зерттеулерді
былай қойғанда, толықтай постмодерндік сипатта жазылған шығармалар некен-
саяқ.Десек те интеллектуалды әдебиеттің жарқын көрінісі Айгүл Кемелбаева,
Т.Әбдіков,   Асқар Алтай, Роза Мұқанова, Дидар Амантай,Думан Рамазан орыс
тілінде жазатын Аслан Жақсылықовтардың  шығармаларында постмодерндік сипат
көптеп танылады.
Әдебиеттанушы ғалымдардың қазақ әдебиетіндегі постмодернизм құбылысы
туралы пікірлерін келтіріп көрелік Филология ғылымдарының докторы,
академик С.Қасқабасов постмодернизм туралы өз ойын былайша білдіреді.
Постмодернизм – өндірісі қатты дамыған постиндустриялы елдерде кең
таралған. Өйткені, олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз
болсақ, классикалық реализмнен, классикалық әдебиеттен қол үзгеміз жоқ.
Одан қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық қоғам құрылған
жоқ. Сондықтан постиндустриялық қоғам болмай тұрып, постиндустриялық
қоғамның өмірін суреттей алмаймыз. Алайда, постмодернистік тәсілді меңгеріп
алған біздің кейбір қаламгерлердің ісі сыртқы көрініс қана деген. [10,4]
Бір қарағанда, постмодернизм түрлі измдердің бір нұсқасы сияқты
көрінеді. Қолдан жасалған нәрсе іспетті көрінуі де мүмкін. Көкейімізде
біздің әдебиет реалистік бағытта дамуы тиіс деген сауалдың да жатқаны
жасырын емес. Бірақ, өмірдің өзін суреттейтін әдебиет реалистік болумен
қатар, сондай-ақ адамның қиялын да суреттеуі керек. Өмірде жоқ нәрсені
көрсетумен де әдебиет – өнер.Қазіргі қазақ поэзиясына бұлқыныс, сілкініс
керек. Поэзиямызды неғұрлым тезірек модернизациялауымыз керек. Қазақ
поэзиясы, әсіресе, жас ақындарымыз әлемдік поэзияға жіті көзбен қарап,
ескіні есте сақтауға қалдырып, модернизм жолына түсуі керек, жастар жаңаша
жазуға ұмтылуы жөн. Бұл қолдан келмейтін нәрсе емес. Өзімізде бәрі бар. Сол
бар нәрсені іске қосу керек. Поэзиямызды модернизациялағанда есте болатын
ең маңызды проблема, жаппай науқаншылыққа жол бермей, өзіміздің ұлттық
дәстүрімізді, әсіресе өлеңдегі ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық ұғымымызды,
ұлттық философиямызды берік ұстануымыз парыз. Жаңа өлеңдегі жаңа формаға,
жаңа өлшемге, жаңа логикаға әр ақынөзінше бірте-бірте көшкені дұрыс болмақ.
Әлем елдері поэзияның жаңа бағытына көшіп алса да, біздің қазақ поэзиясы
ескі әләулаймен әлі келе жатыр.Біз әлі төрт жолы бір шумақтан тұратын ескі
өлең құрылысынан шыға алған жоқпыз, [6,10] - дейді ғалым Әубәкір Нілібаев.
Ал, ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі мазалайтыны рас.
Мұның бәрі қазақ әдебиетінде де постмодернистік бағыттағы өкілдердің бар
екенін, осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын
және олардың бәрі саналы түрде емес, шығарманың ішкі көркемдік тұтастығынан
туындап, ішкі үндестігінен, табиғи заңдылығынан шығып отырғанын да
көрсетеді. Демек, қазіргі өлеңтанудағы көрініп отырған жанрлық өзгерістерге
шығарма көркемдігін әр түрлі тропатар жүйесімен тұтастырып тұрған сипатты
тануға болады.
Қазаққа шығарма, шығармаға ақын, жазушы көптік етпейді. Олардың дені Т.
Әбдікәкімұлы, Е. Раушан, С. Ақсұңқарұлы сияқты арнайы саналы түрде
эксперимент жасап, постмодернистік стиль қалыптастыруға, соған лайықты сөз
құрап, ойлау жүйесін жасауға талпынған таланттардың өзіндік табиғи
талантынан, суреткерлік шеберліктерінен, көркемдік бейнелеу құралдарын
шебер ойната білуінен туындап жатқан даралық сипат екенін ескерген жөн.
Бүгінгі поэзиямызда Маралтай Райымбекұлы, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс,
Ұларбек Нұрғалым, Ырысбек Дәбей, Азамат Тасқараұлы сияқты ізденіс үстіндегі
бір топ ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен
қуантады. Өзін-өзі тануға ұмтылыс жасап жатқан ақындарымыздың түрлі
ізденіске баруының астарына үңіліп көрейік.
Қазіргі қазақ ақындарынан постмодерндік ағымына алғаш қалам тартқан –
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне
ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер. Ақпан прозасы
Филология ғылымдарының докторы, профессор,сыншы Б.Майтанов- Қазіргі
дәуірдегі модернизм мен постмодернизмнің қазақ әдебиетіндегі көріністері
тұтас бағыт деңгейіне көтерілмеген, олар өзара ара-жігін де ашып
дараланбағандықтан, бүгінгі күн бедерінде көркем-әдеби ағым ретінде өмір
сүруде. Орнына қарай дәстүр, үрдіс, көрініс, стиль терминдері қолданылуы
мүмкін. Біз бұл үдерісті жылдамдатуға да, кідіртуге де құқылы емеспіз.
Тақсыр уақыт пен әдеби тәжірибе негізгі сөздің тұтқасын ұстамақ. - деген
пікірде болған. Демек бұл ғалымдар қазақ әдебиетіндегі постмодернизмді
уақыт тезіне кояды да, бұл құбылыстан біздің мәдениет пен әдебиет қалыс
қала алмайтындығын айтады. Ал филология ғылымдарының докторы профессор,
Дандай Ысқақұлы  постмодернизмді ұлттық әдебиет пен дүниетанымның жауы
көреді. Сөз дәлелді болу үшін мына пікірін келтірелік: Бүгінгі қазақ
әдебиетін батыстан келген постмодернизм деген жаңа ағым елеңдетіп,
назарын өзіне аударып тұр. Постмодернизм – адамға көркемдік, эстетикалық
ләззат бағыштап, адамгершілік тәрбие бере алмайды. Меніңше постмодернизм –
ұлттың рухани құндылықтарын жоққа шығарудың бірден-бір құралы. Қашан да
көркем әдебиетте басшылыққа алынып келген ұлтқа қызмет ету, әдеби дәстүр,
ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, адамдарды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлт
болашағына қызмет ету деген сияқты ұлы идеялардың барлығына бүгінгі
адамдар күмәнмен қарауға дағдыланып барады. Мұның өзі әдебиетіміздің даму
қарқынының әлсіреуіне ықпал етуде. Батыстық жаһанданудың ұлттық рухани
байлығымызға қауіп төндіріп тұрғаны тағы шындық- дейді.
Бұл қазақ әдебиетіндегі постмодернизм жайлы  пікірлердің бір парасы, ал
жалпы постмодернизмнің бейнелеу әдіс-тәсілдері қандай,ерекшелектері неде?
деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Постмодернизмдік шығармаларға тән дүние- метамәтін. Француз философы
Жан-Франсуа Лиотар және американ әдебиеттанушысы Фредерик Джеймсон
"нарратив", "метамәтін" теориясын ойлап тапқан. Лиотар бойынша
"постмодернизм деп метаәңгімелерге сенбеушілікті түсіну керектігі" жөнінде
айтады Олар оның метабаяндаудың әлсіздігі мен мағынасыздығын көрсету
үшін  пародия формасына жүгінеді.
Шизоталдау. 60-70-жылдардағы студенттік толқулар теоретиктері және
"шизоталдау шеберлері"  -Жиль Делез бен психоаналитик Феликс Гваттаридың
ойынша: шизофрения- ессіздіктің жоғары формасы ретінде тұлға еркіндігінің
қайнар көзі және қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Шизоидтық сананың
бөлшектенуі өзінің табиғатымен-ақ метамәтінді жояды.
Ендігі бір постмодернизмге тән құбылыс - автоматты хат, сана ағыны,
"мимикалық реализм" (О.Дарк). . Сана ағымы - адамның ішкі жан дүниесіне
талдау жасау. Сана ағымы қат-қабат тізбектеліп, бірін-бірі толықтыра
келетін ойлар ағыны болады, яғни көркем туындыдағы кейіпкер ойына, ішкі
дүниесінің арпалысына, санасындағы процестерге негізделінген шығармалар
сана ағымында сомдалғаны даусыз.
Интермәтін. Әдеби постмодернизмді көбінесе "цитаталық әдебиет" деп
атайды. Мысалы, Жак Ривэ "А.-дан келген Барышня" роман-цитатасы  (1979) 408
автордан алынған 750 үзіндіден тұрады. Цитаталармен ойнау интермәтінділікті
туғызады. Бірақ бұл идея жаңашыл емес: Рим империясы құлаған уақыттарда
әдебиетке сол кездегі үздік философиялық, фольклорлық және өзге де
шығармалардан жинақталған түрлі үзінділер – центондарды кіріктіріп шығарма
жазу үрдісі белең алған болатын.
Тағы бір ерекшелік оқырманға ой тастау арқылы шешімді оқырманға
қалдыру тәсілі,бұл постмодернизм теориясында бұл Р.Барт енгізген "автор
өлуі" терминімен сипаттала бастады. Ол әр оқырман автор деңгейіне дейін
көтеріле алатындығын, ойластыруға, құрастыруға заңды құқығы бар екендігін
білдіреді. Мысалы, Милорад Павич "Хазар сөздігі" ("Хазарский словарь" атты
кітаптың алғысөзінде :" оқырман өзіне қалай ыңғайлы болса, солай пайдалана
алады. Біреулері одан қазіргі сәтте өздерін қызықтыратын  сөздер
іздейді,  басқалары бұл сөздікті кітап санап, оны бастан-аяқ оқуы мүмкін".
Бұл көпнұсқалылық постмодернистердің тағы бір ережесімен байланысты: Барт
бойынша, хат, соның ішінде әдеби туынды жеке тұлғаның жасағаны емес, ол -
жалпы" хаттың" ерекше көрінісі.
Өмірді қалай көрсе сол күйінде беру- эстетикалық әдісі және "пастиш".
Пастиш (ит. тілінен ауд. Попурри) Яғни өткен оқиғалар мен
жағдайларды,сюжеттерді,стильді көшіру,дәлірек айтқанда  соның бейнесіне
кіру әдісі. Пастиштің плагиаттан немесе пародиядан айырмашылығы сол-
түпнұсқадағы ойды қайтақұрылымдай отырып оны ирониялау.[4,123]
Американдық əдебиеттанушы Ихаб Хассан əдебиеттегі жəне өнер
философиясындағы концепциялардың дамуын тұжырымдай келе, посмодернизмнің
төмендегідей негізгі қағидаттары мен құндылықтарын бөліп көрсетеді:
• анықталмағандық, түсініксіздік (неопределенность);
• үзіп алынған сəт (фрагментарность);
• барлық канондарды жоққа шығарады, барлық конвенциялық беделдерге қарсы
болып табылады;
• субъект өлімі, дəстүрлі Менді жоғалту (утрата Я);
• постмодернизм ирреализм құқығын  ұстанады:əр кезде көрсетілуі,
бейнеленуі,сипатталуы мүмкін болмайды;
• ирония — постмодернистік бейім-бағдарлардың бірі. Ойын, ирония,
аллегория əдебиет пен өнердегі жетекші бағыт ретінде саналады;
• гибридизация, жанрлардың бірігуі мен алмасуын меңзейді;
• постмодерн сипаттамасы үшін карнавализация термині қолданылады;
• өнердің конструктивті сипаты аталады [1]
Ресей теоретигі М.Н.Эпштейн постмодернизм мəдениеті сипатталатын ұғымдардың
ішіндегі айқын терминдердің көп кездесетіндерін былайша анықтап отыр. Олар:
білдіретінсіз білдіретін (означающие без означаемых), симулякр
(түпнұсқасыз ұқсастық), интертекстуалдылық, цитаталық, деконструкция,
іздер ойыны, шындықтың жоғалуы, автор өлімі, эпистемиологиялық
сенімсіздік, қатысу метафизикасының сыны, артық əңгімелеудің жойылуы
(əлем модельдерін жалпылайтын), антиутопизм жəне постутопизм,
рационализм мен универсализмнің күйреуі, логоцентризм мен
фаллоцентризмнің күйреуі (еркектер ұлтшылдығы), фрагменттік,
эклектика, плюрализм, релятивизм, мəндерінің таралуы, қосарлы
оппозицияның күйреуі, айыру (различение), басқа (другое), көп
мəдениеттілік (многокультурность), скептицизм, кекесін (ирония),
пародия, пастиш (немесе центон, көбінесе пародия мақсатында
цитаталардан құрылған көркемдік композиция) т.б. [16]
Ал, əдебиетшілердің қолданатын негізгі теориялық түсініктері: əлем –
хаос, постмодернистік сезім, əлем мəтін ретінде, яғни əлем əр түрлі
мəтіндерден ғана тұрады, сана мəтін ретінде, интертекстуалдылық,
авторитеттер кризисі, авторлық маска (мир как хаос и
постмодернистская чувствительность, мир как текст и сознание как
текст, интертекстуальность, кризис авторитетов и эпистемологическая
неуверенность, авторская маска, двойной код и пародийный модус
повествования, пастиш, противоречивость, дискретность, фрагментарность
повествования (принцип нонселекции), провал коммуникации, метарассказ) т.б.
болып табылады. [14]
Осылайша постмодернизмге пікірлер және әдебиеттанушылардың тұтымды
ойларымен көзқарастарын қарастырып қоймаймыз, себебі постмодернизмнің
орнығып орнауы оқырман мен қоғам сұранысындағы мәселе.

1.1 Қазіргі қазақ прозасындағы постмодернисттер

Оқырман көңілінен шығып қазақ әдебиетінен өзіндік орын тауып жатқан
постмадернисттер баршылық. Алғашында модернизммен де күрескен ол бізге жат
деушілерде көп болған. Бірақ ол жат па жоқ жат емес пе оны шешетін оқырман
екенін біз ұмытып жатамыз.
Жоғарыда аталған суреттеу тәсілдері Т.Әбдіковтың әңгіме,повестерінде
көптеп кездеседі мысалы: Ақиқат шығарамасындағы сана ағымын талдап
көрейік.
Шығарма бас кейіпкері Роберттің үзік-үзік санасындағы жаңғырықтар
абсолютті шындық, адам мен әлем, жаратылыс пен мәңглілік т.б. іргелі
философиялық толғамдарына құрылған. Повесть қарапайым ғана сюжетке
құрылған, тіпті фабулалық қисынмен түзілген. Қаламгерге оқиғалар қоюлығы,
сюжет дамуының логикасы аса маңызды емес. Роберттің телепаттық қасиетін өз
мақсатына пайдаланушы профессормен, жындыханадағы көршісі священникпен және
дәрігермен болатын диалогтық қарым-қатынастар ғана сюжеттік желілер түрінде
көрінгенімен, олардың байланыстары да әлсіз. Олардың ортасындағы диалог
полемикалық тұрғыда басталғанымен, бара-бара Робертпен диалогқа түсуші
субьект ығысып, орталық образдың субъективті толғаныстары күш алып кетіп
отырады. Өйткені ішкі монологтың күрделенген типі, ой мен сезімді
бейнелеудің модернистерге тән техникасы – сана ағымы доминанттық сипат
алады. Профессор-Роберт диалогының бір үзіндісіне жүгініп көрейік:
– ...Болашақ тұнып тұрған фальсификация. Шындық пен жалғанның шекарасын
таба алмаймыз. Өйткені бәрін қолдан жасаймыз.
– Бұл сұмдық қой, – деді профессор сыбырлап. – Адамзаттың санасымен
жасалған осыншама заттың бәрін жоққа шығаруға бола ма?..
– Мынау өмірдегі мән-мағына, қасиет, әділет деп жүргендеріміздің бәрі
адамдардың өздері ойлап тауып жүрген дүниелері. Әйтпесе олардың жаратылыс
заңының негізін құрауға еш қатынастары жоқ... [4, 425 б.]
Ал қазақ әдебиетіндегі үздік шығармалардың бірі Парасат майданы
шығармасы  интертекстуалдық тәсілге құрылған туынды деуге негіз
бар. Шығарма Гамлеттің монологы және американ ақыны Роберт Пенн Уоренннің
сөздерін эпиграф етіп ала отырып,Абай, Ницше, Бальзак, Ганди сияқты 17
ғұламадан цитата келтіреді. Шығарманы оқи бастағаннан-ақ суреткер
Әбдікұлының талай кітаптың шаңын жұтып, өз ақиқатын дәлелдеу үшін айтысатын
ізгілік пен зұлымдықтың қисындарын бақайшағына дейін зерттегенін аңғарасың.
Оқиғаның фабуласы да қызық. Жындыханадағы жігіт пен дәрігерлерден басқа
кейіпкер де жоқ. Бірақ тұлғаның екіге жарылуын өте сәтті қолдана
отырып,адамзаттың болашағы жайлы толғанысы мен қорқынышын  автор жазылған
хаттар арқылы жеткізе біледі.   Парасат майданы күтпеген жерден қайғылы
аяқталады. Ауыр қасіретті арқалап, жан азабын кешкен науқас, ақырында,
ешқандай да бейтаныс хат жазушының жоқ екені, өзінің біресе ізгілік, енді
бірде зұлымдық болып айтысып жүргені туралы ащы ақиқатқа көзі жетіп, өзіне-
өзі қол салып өледі.Повесттің басты кейіпкері қаза тапты. Бірақ рух
тазалығы үшін болған шайқас әлі жалғасып жатыр. Зұлымдық салтанат құрып,
үстемдігін жүргізіп тұрған замандағы парасат майданында сол ұлы ұрыста
қиналып, азапқа түсетін бір жұмбақ әлем бар. Ол – адамның жаны. Жан өлген
күні – Ізгілік өледі. Өмір өледі. Біз өлеміз..
Постмодернисттерде кездесетін тағы бір ерекшелік жалғыздық сарыны
туралы Г.Пірәлиева Жалғыздық қашанда жеке адамның басындағы қайғы-
қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік
беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі
бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс- бітімінен сыр берер,
оның харекетін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені,
адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық –
адамға өз ойымен болуға, еске алу, елестету, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір
шешім қабылдау, т.б.секілді толып жатқан философиялық, психологиялық
категориялар мен процестерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан
кешетін кезең. Жалғыздық сарының Асқар Алтай шығармаларындағы көрінісі
қандай болмақ.Асқар Алтайдың осы уақытқа дейін белгілі сыншыларымыздың
назарына іліккен туындыларының бірі – Кентавр әңгімесі. Әңгіменің желісі
бас адам тәрізді дене тұрқы жылқы іспеттес сәбидің дүниеге келу. Ата-
анасының бір перзентке зар болып жүріп тапқан ұлдарын ел көзінен таса жерде
өмірге әкеліп, өсіреді. Алайда күн санап өскен жылқы-жігіттің жалғыз екенін
түсінуін автор былай жеткізеді. Түзде тағы өскен құлын-бала құнан-жігіт
шықты. Тұрқы зорайып, қуаты толысты. Бұла көркі көз тартып, бұғанасы
бекіді. Тарлан Тарбағатайдың тағы аюын да алды, бұла бөрісінің белін де
үзді. Тұнық табиғатта Басарыстың санасы сараланды... өзінің тірі пендеге
ұқсамайтын жалғыз екенін түсінді. Жат екенін сезінді. Әкесі мен көкесі
ескерткен, шешесі көз жасын төгіп айтқан: Тірі пендеге жолама! Көздеріне
түспе! деген сөзді берік ұстанды. [13,13]
Ал Асқар Алтайдың Альпинист шығармасындағы тау шыңына шығуды өзінің
рухы, жан рахаты көретін Тайшынның қалаға сыймай әрдайым тауға қарай аңсары
ауып тұрады. Қаладағы бейберкетсіз тіршіліктен жалығады. Автор кейіпкердің
ішкі жай-күйін терең түйсінеді. Оның қаумалаған адамдардың ішінде әрдайым
жалғыз сезінуін жеткізеді. Екеу елеусіз ғана иек қағысады. Иек астынан ащы
тер тамшылайды. Бірін-бірі көздерімен ұғысады. Нағыз адамдық асыл қасиет
тау басында ғана оянады... деген ой келді Тайшынға. Таудағы достық –
бәрінен биік. Таудай биік, таудай қатал, таудай төзімді. Таудан төмен
түскен жерде пендешілік бой көтереді. Төменде достық дегеннің өзі
қастық дегенмен қатар жүреді. Ойда достыққа да, қастыққа да орын бар.
Тауда орын жоқ. Тау-тарпаң. Тайшынға бұл таңсық ой емес. Құз қиясында
қырандай қанаттасып қатар жүрген, бар қиындықты қара нардай бірге бөліскен
альпинистер етекке түскенде бұзаубас кесірткедей құбылып сала береді. Қар
құлайтын, мұз жылайтын жалама беткейлерде адамдық жанашыр сезімдеріне сызат
түспестей, сына қағылмастай боп көрінгенімен, қалаға кіре бере бқлғақсыз
бауырмалдығы қорғасындай суынады. Адам атаулы бір-біріне суық қана жымиып,
ішін бермейтін қаланың қалың қатпарлы тіршілігімен беттескен сәтте бәрі де
әдіре қалып, тау төсіндегі сәбидей пәк сезімдері лезде ластанып қоя береді.
Шың басындағы кешегі қара тастай берік достық, альпинистік адал сезім
сынған хрустальдай шыл-шыпыры шығып, әрқайсысы бөтен біреулерге айнала
жөнеледі. Тайшын осыны түсінбейді... ойға түсе көңілі күңгірт күздей
құлазиды, жапанда қалғандай жалғызсырайды. Ал бозбала Сұңғат оны қайлан
білсін?! Ол – әзірге әсершіл. Бір сәт алаңдадың ба әңгіменің мәнісін
басқаша түсініп қалуға ұрынасың. Асқар Алтай әңгімелерінің құдіреті де
осындама деген ойға қаласың... Қазіргі қазақ прозасы болып толған, өзінің
ұстаздық-тәлімгерлік орнын әлем әдебиетінен алған және бұрынғыдай ұлттық
поэзияның тасасында қалып қоюдан мүлдем арылған. Өзгеден үйренуді доғарып,
өзге үйретуді бағыт етіп ұстанған милет мақтанышы. Әңгіме жанры әдеби сын
мен әдебиет назариятын өзінің жаңашылдығымен қуантып жүр. Заманалық қазақ
әңгімесі оқырманына мәтін ләззатын сыйлап жүр десек, артық айтқанымыз емес.
Бір кездегі ұлт әдебиетіндегі ашыла жазуға, көсіле жазуға заманы
мүмкіндік бермеген модерндік әңгіме үлгісі, 40-50 жастағы сақа
прозашыларымыз тарапынан қазіргі дәуірде постмодерндік әңгіме үлгісіне
айналды. Постмодеріндік өкілдері болып саналатын прозашылар шоғырының
әңгімелерін ұғыну үшін олардың постмодерндік бағытының тереңіне үңілуіміз
керек-ақ. Бұрынғыдай мынау сюжет, анау композиция деп белгілі процесті
қаздың баласындай бірізділікпен қайыра айтып салып, жарыса жазудан тізгін
тартып, аян нәрсені қайтара жайып салудан бойды аулақ ұстайтын кез келді.
Осы сала рефераттық жұмысымызға арқау болғандықтан біз бұл мәселелерді
теориялық жақтан шешіп алмай, қазіргі қазақ прозасындағы Жүсіпбек
Қорғасбек, Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Думан Рамазан, Нұржан
Қуантайұлы, Айгүл Кемелбаева әдебиет алыптарының шығармашылығының есігінен
қарай алмаймыз. Ең бастысы беллетристика мен классикалық әдебиеттің
сюжеттерін түзілетін мотивтерге белгілі бір фабулалық кестелеулердің
өзектенуін топтастыруда сюжет табиғатын біршама айқындай түсуге септігі бар
тақырыптық қағидатқа арқа сүйеген жөн. Және әрбір фабулалық кестелеуге
Асқар Алтайдың Казино әңгімесі бойынша мысал келтіре дәлелдеуді хош
көрдік. Казино әңгімесі – заманалық қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі
ерек құбылыс. “Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат
емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, дертті сана ақылға қонақ
бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ” деген автор уәждауы “Бай-
шонжарлардың мырзаларының” қоғамдағы алатын орнын айқындайды.
Қазақ постмодернизімінде жалғыздық сарынымен жалт еткен тағы бір
жазушы- Дидар Амантай. Д. Амантай романын зерттеушілер модернистік және
постмодернистік эстетикамен ұштастырады. Жазушы шығармалары түрлі
туындылардан алынған фрагменттерден құрастырылғандай әсер қалдырады.
Шығармалары көбінесе көлемі шағын болып келеді. Дәстүрлі мағынадағы сюжет
үлгісі кездеспейді. Қаһарман бүкіл әлемде  өзін жалғыз сезінгенде, өмірден
баз кешкенде, оның басты серігі, көңіліне медет тұтары – кітаптары мен
гүлдері.
Жалпы Гүлдер тарауы көлемі жағынан шағын болғанымен, мұнда
эсстетикалық, публицистикалық толғамдар, гүлді күтуге байланысты
натуралистік ақыл-кеңестер де  араласып кеткен. Сонымен қатар Кітаптар
тарауында  автор  әлем әдебиетінде  танымал  жүз шақты кітаптардың тізімін
санамалайды. Қаламгер тарауында да  жазушыларды атап шығады. Шығарманың
екінші бөлімінде  түркілердің ежелгі тарихы, олардың пайда болуы
туралы  жиырма бес жыр  кірістірілген. Бір жыр –
ойлары  үтірлермен  бөлінген бір сөйлемнен тұрады дейді автор.  Әрине,
бұны  постмодернистік  танымнан тамыр тартқан автордың рухани тәжірибесі
деп бағалауға болады.
Романның  қаһарманы Әлішердің бойынан  жазушының жеке тұлғасы бой
көрсетеді. Автордың демі, тынысы, көзқарасы  айқын сезіледі. Д.Амантай
қоғам мен жеке тұлғаның тұрмысында модернизм мен постмодернизм құбылысының
тереңдеп енуінің салдары  туралы Таңбалардың ойыны мақаласында: Қазір
өзін фәлсафашы, ойшыл, жай ғана адам санаған  тұлға постмодернистік
нигилизм сырқатына ем іздеудің үстінде. Оны табамыз ба, жоқ па, белгісіз.
Бірақ ізденістің нәтижесі қайткен күнде  де адамзаттың тағдырына тікелей
әсер ететіні сөзсіз дейді .
Д. Амантай  шығармада мәні мәңгілік мәселелерді  сауалдар формасына
көмкеріп, оған жауап іздей шарқ ұрады, қаһарманымен бірге сергелдеңге
түседі. Сонымен бірге өзінің рухани  ізденістері мен  философиялық
толғамдарына оқырмандарын да тартып, ортақтастырады.  Әлішер өмірдің мәні,
тұлғаның кемелденуі, жетілуі, моральдық принциптер мен болмыстың мәңгілік
заңдылықтары турасында сергелдең ойға беріледі.Әлішер бір жағынан әлеммен
үйлесім іздейді, екінші жағынан ол постмодернистік дәуірдегі адамның
рухани құлдырауына, азғындауына алаңдайды. Содан келіп қаһарманның
жалғызсырауы туады. Зерттеуші Ә. Бөпежанова Әлішердің мінез ерекшелігі
турасында: Ол – адам санасының тұтастығы  жойылған, әлемнің кіндігі –
адам қағидасы  белгілі бір деңгейде мағынасынан айырыла бастаған,
бұқаралық мәдениеттің жеңіп, адамның, қоғамның өмірсалты, тіпті
дүниетанымы озық технологиялар аясында қалыптасып отырған
кезеңнің  кейіпкері деуге болады; белгілі философ-мәдениеттанушы
А. Наурызбаева постгуманистік кезең деп анықтама беретін кезеңнің
кейіпкері; алайда рухани болмысы мықты, бойына өз заманының да рухани-
мәдени мұрат-идеалдарын жинақтаған кейіпкер  деп сипаттама береді.
Осы шығармаларды оқи келе   қазақ әдебиеті тоқырауда, классикалық
кезең артта қалды, алыптар сарқылып бітті,жазатын тақырып пен жан
сүйсіндіре жазатын жазушы қалмады, постмодернизм өгей әке секілді ештеңе де
бермейді деушілердің сөзі бекер екен деген түйінге келесіз.Қазақ
әдебиетінде постмодернді толықтай меңгерген,сол постмодерндік тәсіл арқылы
ұлт мұңы ғана емес адамзат қамын ойлай да, жаза алатын жандар бар деген ой
толғамға келесіз. Сол постмодернисттердің ішіндегі шоқтығы биік, орны бөлек
жазушы ол - Айгүл Кемелбаева.
II. А. КЕМЕЛБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ.

Қазіргі таңда есімі ерекше аталып жүрген жас қаламгердің бірі – Айгүл
Кемелбаева. Ол шыншыл әрі шынайы жазушы. Прозаның хас шебері. Қазіргі кезде
Айгүл қазақ әдебиетінің белді өкіліне айналған. Көркемдік әлемі бар- лық
туындыларда басты арқау етті. Өйткені көркемдік шексіз. Жазушы шығармалары
жанрлық, композициялық, жалпы тілдікстилистикалық жағынан ерекшеленіп
тұрады. Туындылардағы ерекше тілдік өрнектер қаламгердің суреткерлік
шеберлігін айқын аңғартады. Қаламгердің шығармашылығы туралы баспасөз
беттерінде бірнеше пікірлер айтылып жүр. Шығармашылығын, қаламгерлік
тағдырын терең білген білікті әдебиет сыншысы Г.Пірәлиева жазушыны жоғары
бағалай келе, мынадай пікір айтқан: Бұрын-соңды қазақ прозасында байқала
қоймаған жақсы бір талпыныс, тың бір көркемдік көрініс – оның әрбір теңеуі,
әрбір салыстырулары әлемдік әдебиет әлеміндегі көркемдік құбылыстармен,
ондағы кейіпкерлер өмірімен, тіршілігімен, іс-әрекетімен іштей үндесіп,
үйлесіп жатады [12,11] . Жазушы А.Кемелбаева шағын жанрдан көлемді
еңбектеріне дейін көркемдік мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Атап
айтар болсақ: (Қоңырқаз, Жан иесі, Майя, Ер Төстіктің дүниеге
келуі, Космос, Дедал, Күміс инелер, Тобылғысай, Алмұрт,
Ғибадат, Ағаш үй) т.б.
Қоңыр қаз – Айгүл Кемелбаеваның ең үздік шығармасы. Туғаннан
қамкөңіл ми, человек – это падший ангел) деген, Інжілден бұрын болған
әфсаналардың бірінен алынған ізгі идеяға құрылған. Шығарма, тұтастай
алғанда, бүгінгі адам әлі адамның 
толық тұлғасы емес екенін, адам, түптеп келгенде періште нәсілінен екенін
қайыра айтатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
А. Жақсылықов прозасындағы постмодернисттік сипаттар
Аслан Жақсылықовтың өмірі мен шығармашылығы
Көркем шығармалардағы психологизм
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТ
Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Пәндер