Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тіл және әдебиет институты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
АВТОР:
(аты-жөні, тегі) (қолы, мерзімі)
ЖЕТЕКШІ:
(аты-жөні, тегі) (қолы, мерзімі)
Петропавл қаласы, 2018ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Қазіргі поэзиядағы тәуелсіздік келбеті . . . 4
2. Егемендік танытудағы символ . . . 14
3. Тәуелсіздік танымындағы метафора . . . 18
4. Азаттық жырларындағы ұлттық-мәдени ерекшелік . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Рефераттың өзектілігі. Бұл рефератта егемендік пен тәуелсіздік ұғымының мәніне, қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аударылған және еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдарда аталған тақырыптың қазақ поэзиясында жаңа мазмұнға ие болуын әр қырынан қарастырылған. Тәуелсіздік жылдарынан қазіргі кезге
дейінгі аралықта егемендікке арнап қалам тартқан ақындардың туындылары, ғылыми тұжырымдары рефераттың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу нысаны: Серік Ақсұңқарұлы, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов, Ғалым Жайлыбай, Танакөз Толқынқызы, Руслан Нұрбай, Алмас Темірбай, Серік Сағынтай, Бағдат Мүбәрак, Ақберен Елгезек, Құралай Омарова, Қалқаман Сарин, Рахат Әбдірахманов, Бауыржан Қарағызұлы, Ерлан Жүніс, Аспанбек Шұғатай, Мерей Қарт, Саят Әбенов, Самрат Құскенов сынды қалам қарымымен танылған тегеурінді толқынның тәуелсіздік келбетін түрлі тәсілдермен жырлаған туындылары.
Рефераттың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты- Егемендік пен тәуелсіздік ұғымының мәніне, қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аудару және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда аталған тақырыптың жаңа мазмұнға ие болуын әр қырынан ашу көзделген.
Алдыңғы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер келіп туындайды:
-қазақ поэзиясындағы «егемендік» танымы, тәуелсіздікті жырлаған тұлғалар, қазіргі жас ақындар мен алдыңғы толқын-ағалар поэзиясы мен қазіргі поэзиядағы тәуелсіздік келбеті қарастыру;
- тәуелсіздік жырларындағы символдың рөлін, метафоралық қолданыстарын айқындау, қазақ поэзиясына тән идеялық-көркемдік ізденістерді, ұлттық-мәдени ерекшеліктердің қолдануын қарастыру.
Рефераттың дереккөздері: Рефератқа Шериаздан Елеукеновтың «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» еңбегін, Вконтакте, Инстаграм әлеуметтік желілерін басты бағдар еттім. Сонымен қатар, қаламгерлердің өз жинақтарын пайдаландым.
Рефераттың ғылыми жаңалығы: Қaзipгi қaзaқ пoэзияcындaғы тaлaнтты ақындардың opнын aйқындay, әлeyмeттiк caяcи тaқыpыптapдың cypeттeлyi, жaзyшылық шeбepлiк жaйлы әртүрлі қырларынан, тереңірек зepттey жұмыстың ғылыми жаңалығы деп есептеймін.
Рефераттың практикалық маңызы: Аталмыш рефераттың нәтижелері «Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет» пәні курстарында пракикалық сабақтар, семинар материалы бола алады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар легі өз туындыларында егемендік келбетін түрлі тәсілдер арқылы көрсетті;
- Туындыларының мәні бүгінгі күні ұлттық тәрбиедегі, яғни Отанды сүюге, патриоттық сезімге жетелейтін басты бағдар бола алады.
Рефераттың құрылымы: Реферат кіріспе, қазіргі поэзиядағы тәуелсіздік келбеті, егемендік танытудағы символ, тәуелсіздік танымындағы метафора,
азаттық жырларындағы ұлттық-мәдени ерекшелік және қорытынды сияқты бөлімдерден құралған. Рефераттың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Қазіргі поэзиядағы тәуелсіздік келбеті
Ақын лирикада басты тұлға етіп өзін көрсетеді. Ол өлеңнің авторы, объектісі мен субъектісі, қан тамырын соқтыратын жүрегі. Алдымен оттай басылатын
жаңалық, лирикалық ақын образының бұған дейінгі қай уақыттан өзгеше
арынды көрінуі, ағын судай тасуы, асқаралы шындай асқақтауы. Кеңес
поэзиясының лирикалық кейіпкері «азатпыз», «бостанбыз» деп шалқымағаны баршамызға белгілі, себебі де айқын. Шалқымау себебі, әлеуметтік бостандық пен ұлттық бостандық ұғымдарының арасы көш жер. . Қызыл империяның отаршылдық ызғары ұлттар теңдігін аяқасты етті. Ал бүгінгі лирикалық қаһарман «азатпын», «бостанмын» деуінің жөні басқа. Т. Медетбек «Тәуелсізбін» атты көлемді өлеңін былай деп шарықтатады:
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта бойлығым мен ендігім.
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім! [24, 18 б. ]
Ақын «Тәуелсізбін» деуінен, бойға қуат, көңілге шербет енеді. Кенет
зорайып, барша қазақ болып сөйлейді. Ондай стилистикалық жаңа рөл атқаруға күш қосатын қайнар - жаңа уақыт ақиқаты, азат ұлты. Кеңестік бостандық өлеңінің авторы я лирикалық кейіпкері «өңкей сорлы, езілегеннің» сөзін сөйлесе, яғни бір қазақты екіге жарып, «байларды қойдай қу қамшымен» деп ұран тастаса, қызыл жалау бар қазақтікі болмай шықса, Көк байрақ жөнінде олай дей алмайсың. «Тәуелсізбін!», «Азатпын!» - деп жар салушы Т. Медетбек өлеңінде - тұтас ұлт, яғни байы да, орташасы да, кедейі де. Ақын «мені» енді ұлттық сипат алған. Жеке бағамы көпшілік көңілінен табылып, ұлт бағамына айналып мейлінше зорайған. Ақын асып-тасқан көңілмен, тау қопарар қуат-күшпен, шалқыған шабытпен жыр нөсерін төккен. Тауым да, орманым да, көлім де, далам мен балам да, жарым да, әнім де - бәрі-бәрі тәуелсіз, азат, бостан дейді шартарапқа шаттық құсын ұшырған арқалы ақын.
Тәуелсізбін! - танып тұрмын өзімді,
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп,
Ешкім енді шұқымайды көзімді [24, 18 б. ], - десе, мұны асылық айтты деуге болмайды, қайта осы ой біздің де көңіл сарайымызды жаңғыртып
тұрғанын аңғарып, қосыла жырлағымыз келеді. Т. Медетбектің «Тағдырлы
жылдар жырлары» кітабы еліміздің өміріндегі тұтас бір кезеңді, үмітті де ауыр шақты, өтпелі де қиын кезеңді бүкіл жарық-көлеңкесімен, жақсы-жаманымен, қуаныщ-қайғысымен қаусыра қамтыған туынды болып табылады.
«Ашуымды сапырып
намыс мені жеңгенде -
ұлы Каспий аһ ұрып
толқып тұрар кеудемде» [24, 95 б. ], -деп өзі айтқандай, ақын өлеңдерінен ұлы теңіздің бірде буырқанған, бірде тыншыған, бірде күрсінген алып тынысы сезіледі. Адам - Қоғам - Заман - Уақыт дейтін ұлы ұғымдардың мән-мағынасын, тақырып-мазмұнының сыр-сипатын ашуда ақынның бұл еңбегі күрделі шыққан. Жылдар ғана емес, сол жылдарда туған жырлар да тағдырлы. Жыр жинағының тақырып аясы кең. Бір шоғыр өлеңдер тікелей азаттық, бостандық, тәуелсіздік тақырыбын қозғайды. Солардың қатарында жоғарыда аталып өткен өлең де бар. Ақынның тағдырлы өлеңдерінің бірі - «Бостандығым туралы сөз». Бұл өлең тағдырлы болатын себебі - егер еліміз тәуелсіздік алмаса, бодандықтан шықпасақ, ешуақытта жазылмас еді. Ойша орайластырып, қиялмен қиыстыруға көнбейтін өлең. «Бостандығым» деген сөзді айталмай М. Өтемісұлы арыстандай арпалысып өткен, «бостандығым» деген сөзді айта алмай А. Байтұрсынов аһ ұрып ғұмыр кешкен, «бостандығым» деген сөздің шын қуатын М. Мақатаев та сезіне алған
жоқ. Арғы-бергі ақындарды түгендеу мақсат емес, осы «Бостандығым» деген сөзді айту бақыты бұйырған ұрпақтың атынан сөз алған Темірхан ақын
қатардағы қоңыр өлең емес, образға оранып, өлең сөзбен сомдалған Бостандықтың бейнесін былай деп мүсіндейді:
Қарашы оған: кетеді адам аяп.
(Айттым мұны тұрсам да қаламай-ақ!) -
Бостандығың келіп тұр, Бостандығың!
Жалақ ерін,
жалаңбас,
жалаңаяқ [24, 73 б. ] !
Бостандық бейнесі, біріншіден, адам жаңында аяушылық пен мейірімді
оята отырып сомдалған. Екіншіден, тағлым мен өнеге тарататын дәстүрлі қазақ поэзиясының көркемдік тәсілдері сәтті қолданылған. Үшіншіден, азаттық бостандық, тәуелсіздік идеясының жеңісі шағын ғана өлеңнің бойында шымыр- шымыр қайнап шындалған. Сондықтан да бұл өлең ұзақ уақыт есте сақталады, қайталанбайды, дара. Тәуелсіздік кезеңінің лирикасы тарихты ұлт мүддесі тұрғысынан сөйлетеді. « Кеңес кезінде қазақ ақынының миы құдды локаторға ұқсайтын. Мәскеу жақтан мезгелген ойды қағып алып қазақшалайтын. Кеңес кредосы былайша талап қоятын: «Жаңа заман, жаңа дүниеге жарамсыздарды бүгін әшкерелеу керек; Ертеңге қалдырсаң кешігесің. Онда сен партия мүшесі, халық жазушысы емессің» деп социалистік реализмнің басты принциптерінің бірін қазақ ақыны, ғалымы Ә. Тәжібаев сөз етіп отыр [10, 193 б. ] .
Темірхан Медетбек:
«Қырылдық қой қорғап біздер Мәскеуді, ал Мәскеуден қорғана біз алмадық», - деп ашына ақтарылса, мұнда кешегі өткен Кеңес дәуірінің тарихын таразылау барын аңғарамыз. Мәскеуді қазақ өз астанам деп қорғап қанын төкті. Ал, сол астанасы бара-бара қазақтың тілін аяқ асты етті, діліне дақ салды, дінін құртуға тақады. «Менің елім, менің жерім», - деп ән салған жастардың төбесіне әңгір таяқ ойнатты, иісі қазақ желтоқсан ызғырығынан бүрсең қақты. «Шемен болған шерлі үннің» [10, 195 б. ] ырғағында талай сыр бүгулі.
Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезеңдегі сүйінші сұрасу үстінде лириканың декламацияға берілуі де заңды. Марфуға Айтхожаның «Аңсау» кітабы:
Мүмкін бе Ата-текті жасыруым,
Күмістей төгіл сен де
Ашыл үнім!
Өз еркі,
Өз тағдыры
Өз қолында,
Мен Тәуелсіз қазақтың -
Ақынымын!» [10, 196 б. ] - деген өлеңімен басталады. Кейінгі жылдары
жарық көрген аталмыш жинағы және «Аққу-жүрек», «Алатаудың ақ батасы»
атты кітаптарында ақын Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. Ұлттық тарихымыздан медет сұрау - тәуелсіздік дәуірі поэзияның қабырғалы тақырыбы. Нұрлан Оразалин сақтардан талып естілетін көне үніне құлақ тосады. «Күмбірлеген көк түріктер кезеңін» сағынады.
Сағын!
Сағын!
Сағынышың өлмесін,
Шалқарыңда ұлы аруақтар көлбесін.
Тәңірқұт пен күнбилерің сөйлесін,
өлмес тарих: Өзіңе - сын, Елге - сын.
Күні кеше қызыл империя өшіруге тырысқан тарихымыз қайта тірілді.
Оны арзандатып алмауға керек. Бұл - бәрімізге сын, дейді ақын. Сондықтан да Нұрлан ақын жинағы қам көңіл. Өзіне қояр сауалы көп: «Өзімнен өзім
шошыдым мен?» «Неге? Неге? Көзімнен жас тамбайды? Ақын жүрегі күпті.
Жинақтың соңындағы «Келер ғасыр . . . Болады қандай ғасыр?» өлеңінде ақын
өзін баураған ауыр ойлардың бір ұшығын шығарады [10, 198 б. ] .
Жүрек төрі - көк жалын . . .
Ең ыстық үн:
Кімдер?
Қалай тойламақ Жеңіс Күнін?
Кең Даласын қазақтың кімдер жайлап,
Қандай тілде сөйлемек Кеңістігім?
Уайымым - осы шын, жасыра алман.
Тілім аман қалар ма бәсіре алған?
Дінім аман тұрар ма?
Келер ұрпақ!
Сені қандай күтеді ғасыр алдан? [10, 198 б. ]
Н. Оразалин уайымшыл, күйрек ақын демесек те, «Ғасырмен қоштасудағы»
мұң-шерін түсінуге тиіспіз . Қай заманда да тағдырға қояр сауалын тауыса алмақ емес. «Көне уақыттың халқымызға көрсеткен зәбірі, тартқызған тауқыметі аз ба? Әлі күнге мемлекеттік тіл Конституциядағы һұқын жүзеге асыра алмай келеді. Неге мәжбүрміз?» деген сауалдар Н. Оразалин өлеңінің ауа райына әсер етпей қоймады Әсерді публицистика тіліне аударсақ, ол: Құдай рақымымен қолға тиген тәуелсіздік бәрін шешеді деп құр босқа далақтамауға керек дейді. Ояу қазақтың ойлануға тиісті нәрсесі көп. Ұшығына жете алмай уайымдайды. Сонымен бірге қазақ өлеңі өзінің өр бітімінен арылып қалмау жағын да естен шығармайды. Зарлы ән, мұңды күй, біздің пешенемізге мәңгі жазылып қоймаған шығар. Қазіргі заман зар заман емес, ар-намыс заманы дейді. Бұл ақиқатты түсінудің поэзиядағы көрінісі М. Өтемісұлы, М. Жұмабаев дәстүрлерін жаңғыртудан байқалады. Мысалы ретінде Т. Медетбектің «Абылай хан», «О Махамбет, пірім-ай!», «Мағжан-жыр» өлеңдерін атауға болады. Темірхан Медетбек те «талықсып жатқан» діні, ділі, тілінен хауіп ойлайды. Әдебиеттік әсірелеу сияқты көрінгенмен, «Шайқалып тұр ғой, шайқалып Қазақтың қалың ордасы» деп қамығады. Махамбет, Мағжан ақындардың романтикалық дәстүрінің ізімен өршіл, өктем өлең рухын демдейді.
Тәуелсіздіктің туына қол жеткізу бар да, сол туды құлатпай, мәңгілік
желбіретіп ұстап тұру бар екенін әсте ұмытпауымыз керек. Жұртшылықты торығу, ертеңгі күнге сенбеушілік, өзін қоғамнан сыртқары қалғандай сезіну, ешкімге керегі жоқтай, дүниені өзгертудің кілтін әлдекім ұрлап әкеткендей дәрменсіздік билеп тастағалы біршама уақыт болғаны да мәлім. Еліміз егемендік алғаннан кейін де мынадай өлеңдер
жазылып жатты:
Айтамын кімге мұңымды,
Түсірді уақыт құнымды.
Иектен сақал жұлынды,
Сүйектен етім сылынды.
Өксітті өмір жасымды,
Өш болып өңкей жырынды . . .
Болашағым да болжаусыз
Болған соң бұлдыр бұрынғы.
Осылай заман бүлінді.
Керегім болмай қалған соң,
Көремін қайтіп күнімді! [16]
Қоғамдық жүйе алмасып, империялық құрсау күрт босап, елдердің бәрі
егемендікке ұмтылып, шаруашылықтарды, кәсіпорындарды басқару тетіктері
істен шығып, аласапыран дүние басталып кеткен уақытта «Осылай заман бүлінді» деп ақын Серік Тұрғынбековтің торығуы да орынды.
Қараңғы мен жарықтай кереғарлық
Жағдайына қалай тез келе қалдық . . . деп ақын Хамит Ерғалиев шерлі өлең-толғауларында заман - қоғам - адам арасындағы үйлесімнің, бұзылуының себеп-салдарын анықтай алмай дал болады. Кереғарлықтың тамырын әріден іздеген ақын тарих қойнауына тартады:
Баса-көктеп Жайыққа орыс келген,
Жерді тартып алмақ па?
Ол істелген.
«Қазақ» деген ұлт атын және тонап,
Құм-тақырдан «киргизге» қоныс бөлген [16] .
Дәл осындай ақиқаттар егемендікке қол жеткізбей тұрғанда айғайлап,
жұртқа жеткізіп, айтылмады, оның себебі, қызыл саясатқа қайшы, қиғаш-тұғын. Енді жылдар бойы отарлық езгіде жүргенде шеккен азап, көрген қиянат, тартқан қысастық - бәрі-бәрі бұрқ етіп сыртқа шықты. Ал мұның заман мен қоғамдағы әрбір құбылыс, оқиғаларды жүрекпен қабылдап, сезім сүзгісінен, ақыл безбенінен өткізіп, бір сәт те маза-тыныш таппайтын ақындарға жай оғындай тигенін де жасырмаймыз.
«Алмағайып тіршілік басталғандай,
Сананың сахнасы бос қалғандай» деп, ақын Сатыбалды Қосалыұлы «Егемен Қазақстан» газеті арқылы елге осылай мұң шағады, шер бөліседі.
Дүние-ай, дала қандай, аспан қандай,
Арасы ала бұлтпен ластанғандай
Аспан да, Дала да, Бұлт та бұрынғадай,
Өзгерген ештеңесі жоқ. Бірақ жан-дүниесі алай-дүлей, қамығып, қайғы жұтқан ақынға бәрінің де өңі қашқан, сұрықсыз. Ала бұлт көк аспанды кірлетіп, айғыздап тастағандай. Алабажақ.
Егемендік, тәуелсіздік алып жатқан 1990, 1991 жылдары Қазақстандағы
қазақтардың жалпы саны 50 пайызға жетпегенін білеміз. Қызыл төңкеріс, күшпен ұжымдастыру, байларды кәмпескелеу, шекара асып жат елдерге ауу, аштық, репрессия, соғыс жалмаған қайран Қазақ елінің жер бетінен мүлде құрып кетпей, қалай аман-сау қалғанының өзі таңқаларлық. Содан да шығар, ақын Қуандық Шолақовтың:
Азшылықпын,
Қиғаштыққа толы ортам,
Оралардай мойыныма ала арқан.
. . . Әлденеден сескенеді жүрегім,
Әлденеден шымырлайды жон арқам - деуінен Егемендік алғаннан кейін де
алғашында елдің еңсесі көтерілмегенін, әлі де жүрегі әлденеден сескенгендігін байқаймыз. Қайта қолдағы барынан айрылып,
тапқан тиын-тебені күнкөрістік талғажау жасауға жетпей, ауыл азып, қала
тозып, бағыт-бағдарын жоғалтқан ескексіз қайықтай тағдыр-теңізде шарасыз
хал кешкен халық қатты күйзеліске ұшырады.
Көңілімді дауыл шайқады,
Тағдырдың бүріп толғағы.
Кер заман көктей жайпады,
Үзіліп түсіп қолдағы
Үміттің алтын балдағы -
Міне, ақын Несіпбек Айтов осы « Торығу» атты толғауында кезең сипатын «Кер заман» деп айқындайды. Үзіліп түскен «Үміттің алтын балдағы» не? Бұл - кешегі келешекке деген көзсіз сенім болатын. Ол «алтын балдақ» па, жоқ па - уақыт бағасын берер. М. Шаханов мына бір өлеңінде:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана!
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - сатылмайтын байлығы,
ТУҒАН ДӘСТҮР, САЛТ-САНАСЫ - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да - деп тәуелсіз ұлтымыздың негізгі төрт тірегін дәлме-дәл атап көрсеткендей[16] .
Ақын С. Иманасовтың осы аттас өлең жинағын оқып отырғанда алар
әсерің осындай. Жыр жинағын парақтап отырсақ, оның маржан жолдары
түгелдей тарихи Тәуелсіздік дастанына арнап жазылған үзінділер немесе
еліміздің сол Тәуелсіздік төріне қарай қадам басқан аяқ алысының жол жазба
шежіресі десек қателеспейміз. Қағаз бетіндегі сиясы әлі кеуіп үлгірмеген жаңа жырлар екенін байқауға болады.
«Ана тілім құрыр болса мен де сол:
өмір сүріп керегі не?!» - дер едім дейді Сәкен Иманасов.
Содан соңғы ой түйіні мынадай:
«Сөз аяғы айналды деп ұранға,
Тарпаң інім тағы да бір сыңар ма, -
Қайтем бірақ,
Қаным бірге тілменен,
Әнім бірге,
Жаным бірге шығады».
Ана тілін осылай ардақтай келіп, ақын сол қасиетті тілдің қадірін кетіріп,
кәкір-шүкір өсек-аяңға, арзан саясатшыл сөзуарлыққа салып жүргендерді
«Қазақы әңгіме» дейтін өлеңінде қағытып айтатыны да орынды естіледі [9] .
Өз халқының жүрегінің төрінен әлдеқашан орын алған келесі бір ақын - К. Ахметова - Күләш апамыз қазақ жырына ешкімге ұқсамайтын өзінің ерекше өрнек- кестесімен келіп, бірден биіктен көрінді.
«Құт» кітабына ақынның соңғы он бес-жиырма жыл көлеміндегі әр
кездерде жазылған өлеңдері енгізіліпті. Соңғы жиырма жыл ішіндегі ел
басынан өткен тебіреністі сәттердің бәрі Күләш жырларынан көрініс тауыпты. Әсіресе, ғасырлар бойы күткен Тәуелсіздік келгеннен кейінгі халқымыздың көңіл-күйі, өтпелі кездердегі қуаныш-қайғысы «Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық» толғауында бар болмыс-бітімімен әдемі өрілген. Ақын Тәуелсіздікке тағзым ете отырып, Бостандықтың іргесін бекіту жолында алдымызда әлі де қиын асулар, тар жол, тайғақ кешулер тұрғандығын бар дауыспен жеткізеді. Сол жолда елдің Елбасыға арқа сүйейтінін, тағдыр тізгінін, ел аманатын да сеніп қапсыратынын төгіле толғайды:
Қайтып жатыр оралып түз алтыны,
Алда - биік асқар шың, мұзарт ұлы.
Президент!
Қазақтың дербестігін
Бүкіл дүние таныды Сіз арқылы!
Ұзай алмас шідерін үзбеген ат,
Ұлы жолда қатса да мұзға қанат.
Тұқыртқанға көнбеді тұлпар-тағдыр,
Сол тағдыры халықтың Сізге - аманат!
Президентке салмақ сала сөйлей отырып, халық болашағына алаңдайтынын
да жасырмайды. Ел ішіндегі кейбір келеңсіз жағдайларды ашына да ашық
айтады. Сонысымен де Күләш ақын поэзиясы парасатты, қадірлі, құнды.
Елге барсам - құрулы қақпандар көп,
Ептілерге жем болып жатқандар көп.
Момынның ақысын жеп жатқандарға
Айғайлағым келеді: «Тоқтаңдар!» - деп.
Біз ұшырдық үміттің құсын кеше,
Дұшпан оғы жерге атып түсірмесе . . .
Азаттықтан не пайда,
Баламның тілін әкем түсінбесе?!
Тіл тағдыры - ел тағдыры, мемлекет тірегі. Осы тұста халқын, ұлтын
сүйетін, ұлт бесігінде тербелген әрбір ұл мен қыздың туған тілдің келешегі
үшін күресуі керек екенін, туған тілсіз Азаттықтың да көк тиын құны жоқ
екендігін қатты ескертеді.
«Құт» кітабы - Күләш ақындығының шыңы, бүгінгі қазақ жырының
олжасы. Оған кірген Тәуелсіздік жырлары көркемдігімен де, ой мен сезімге
кемелдігімен де тәнті етеді [9] .
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жырларда ақындардың қуанышы, күдік,
күмәні түйіседі. Отаршылдық кезеңімен салыстыра отырып халіміздің
жақсарғанын бағамдайды. Дегенмен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
туындылардан ақындардың күмәні, бірденеден қауіптенетіні сезіледі. Дін, тіл
мәселелерінің шешіле қоймағанының қазіргі ақындардың көпшілігінен аңғару қиын емес. Осындай қуаныш-қайғысы аралас сезімді жыр етіп төккен ақындар шығармалары өз алдына құнды дүниелер екенін аңғарамыз. Аз жылдың ішінде көптен күткен тәуелсіздікті шығармашылығына арқау ету айтқызбай-ақ түсінікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz