Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы «Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Ойын іс-әрекетінің негіздері . . . 5
1. 1 Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы . . . 5
1. 2 Ойын іс-әрекетінің негізгі әдіс-тәсілдері . . . 11
1. 3 Ойын іс-әрекетінің принциптері, түрлері мен қолдану ерекшеліктері . . . 18
2. Ойын іс-әрекетінің сабақ барысында пайдалану туралы жалпы сипаттамасы . . . 23
2. 1 Ойын іс-әрекетінің ғылыми әдістемелік негіздері . . . 23
2. 2 Ойын іс-әрекетінің сабақ барысында қолдану ерекшеліктері . . . 27
2. 3 Оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері . . . 31
Қорытынды . . . 38
Қосымша №1 . . . 40
Қосымша№2 . . . 41
Қосымша№3 . . . 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 45
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты: жоғары білімді, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі мектептерде балалар белгілі бір білім ғана алып, біліктілікке үйреніп қана қоймай, сондай-ақ алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс. «Өзін-өзі тану» сабақтары оқушылардың өздерінің және өзгелердің іс-әрекеттеріне адами баға беру, адамдарды нақты қалпында қабылдау, оларға шыдамдылық пен мейірімділік таныту үдерісінде педагогтың оқушылармен тұлғалық қарым-қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізуге талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: Ойын іс-әрекетінің ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез - құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
- қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
- өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
- коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
- өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
- көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қарым-қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнамды), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Зерттеу объектісі: Ойын іс-әрекеті
Зерттеу пәні: Тұлғаны қалыптастырудағы ойын іс-әрекетінің негіздері.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- Әлеуметтік - психологиялық тренингтердің мінез- құлықы жаңа білімдерді, ойларды және дағдыларды оқытатын жан-жақты дамыған оқу формасы анықталса;
- Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталса, сонымен бірге топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым - қатынас тренингтерін, тұлғалық өсу тренингтерін мектепте, қолдануға қалыптасса;
- Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуына мүмкіндік болады.
Зерттеудің практикалық маңызы: тұлғаны әлеуметтік ортаға қалыптастыру мақсатында ойын іс-әрекетінің жүргізілді.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және тұлғаны қалыптастыруға байланысты әлеуметтік - психологиялық тренингтерге эксперимент жасадық, сұрақнама, салыстыру, әңгімелесу, бақылау әдістерін жүргіздік.
Зерттеудің тірек орындары: Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев орта мектебі.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудаң, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшлардан тұрады.
І. Ойын іс-әрекетінің теориялық-әдіснамалық негіздері
1. 1 Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
1970-ші жылдары ГДР-да М. Форвергтің жетекшілігімен ол әлеуметтік-психологиялық тренинг деп атаған әдіс жасап шығарылды. Біздің елге де тренинг осы атауымен келді. Біздің елімізде тренингтер қарым-қатынас тренингінен басталды. Қарым-қатынас тренингі іс жүзінде кез келген басқа тренинг үшін базалық бағдарлама болып табылады. Басқа бағдарламалар (өз-өзіне сенімділік тренингі, келіссөздер тренингі, сауда-саттық тренингі, топ қалыптастыру тренингі, жанжалсыз мінез-құлық тренингі және басқалары) жасап шығарылғанда, бұл бағдарламалардың негізіне әлеуметтік-психологиялық тренинг алынды. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренинг атауы әлеуметтік-психологиялық тренинг қағидаттарында құрылған басқа тренингтік бағдарламаларды белгілеу үшін де жиі пайдаланылады. [1]
Егер Артур Ребер құрастырған «Үлкен түсіндірмелік психологиялық сөздікке» жүгінетін болсақ, тренингтің мынадай анықтамасын көреміз: «Жалпы тренинг дегеніміз - олардың жүзеге асырылуы нәтижесінде қандай да бір белгілі реакцияға (реакцияларға) немесе қандай да бір күрделі, шеберліктерді қажет ететін қызметке қатысуға қабілетті организм түріндегі ақырғы өнімді алу үшін жасап шығарылған процедуралар жиынтығы немесе кез келген оқу бағдарламасы». Бұл кез келген, соның ішінде адамды ғана емес, оқытуды қамтитын өте кең анықтама. Бұл анықтаманың негізгі ойы тренингтің жаттығу, дағдылар мен шеберліктерді жинақтау болып табылатындығында. [2]
Тренингтің тағы бір анықтамасын Ю. Н. Емельянов берген: «Тренинг дегеніміз - қызметтің кез келген күрделі түріне, соның ішінде қарым-қатынасқа үйренуге және оны меңгеруге қабілеттіліктерді дамыту әдістерінің тобы». [3]
И. В. Вачков тренингтің мынадай анықтамасын ұсынады: «Практикалық психологияның өзін-өзі тану және өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің жиынтығы». [4]
«Психологиялық сөздікте» (1990) әлеуметтік-психологиялық тренинг (ары қарай ӘПТ) «Практикалық психологияның қарым-қатынастағы хабардарлықты дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағдарланған саласы» ретінде анықталады. Бұл анықтама тренинг ұғымын қарым-қатынас тренингіне әкеліп саяды да, оның аясын одан әрі тарылтады. Көбінесе «әлеуметтік-психологиялық тренинг» атауы қарым-қатынас тренингінің, іскерлік қарым-қатынас тренингінің, әріптестік қарым-қатынас тренингінің және т. б. синонимі ретінде қолданылады. [5]
Тренинг дегеніміз - жаттығу, және топ қатысушыларына жаттығуға мүмкіндік беру қажет. Өз жаттықтырушысына әрбір жаттығуда өзінің бұлай жүгіре білетіндігін және жүгірудің қандай да бір жаңа тәсілін үйренгісі келетіндігін мәлімдейтін жүгіргішті елестетіп көріңіздерші. Нағыз шеберлік қайта-қайта жаттыға отырып қалыптасады, тренингтің өзі де осы үшін керек. Тренинг сырттай қарағанда қатысушылар көп күліп-ойнайтын қандай да бір әншейін ойындардың жиынтығы сияқты көрінуі мүмкін, және бұл жұмысқа ұқсамайды. Жаттықтырушы, терапевтік топтарда болғаннан кейін, өз тренингіне терапевтік жаттығуларды қоса бастайды. Нәтиже әрқашан біреу: қатысушылардың біреуі көз жасына ерік береді, осылайша, онымен жұмыс істеу аяқталады, өйткені кәдімгі тренингте бұл жағдайды ары қарай өрбітуге уақыт жоқ, және көбінесе шеберлік те жоқ. Сондықтан жаттықтырушы осы тәсілдердің арасындағы айырмашылықты анық түсініп, оларды ешқашан бір бағдарламада араластырмауы тиіс. Бұл - әр түрлі жұмыстар.
Топ - әлеуметтік психологияның негізгі түсініктерінің бірі. Зерттеу тақырыбы және нысаны ретінде ол көптеген белгілі ғалымдардың және практиктердің назарында болып келген. Бірақ бұл құбылысты белсенді түрде зерттеу ХХ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастаған еді. Дәл осы кезеңде психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көп мағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю. Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке адамның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады. [3]
Г. А. Ковалев әлеуметтік-психологиялық тренингті белсенді түрде әлеуметтік-психологиялық білім беру әдістемесінің кешенді әулеметтік-дидактикалық бағыты ретінде қарастырады. [6]
Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік - психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л. А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады. [7]
Б. Д. Парыгиннің пайымдауынша, топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту әрекеті. Б. Д. Парыгин топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту деп бейнелей айтады. [8]
Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады. Ал, С. И. Макшанованың жұмыстарынан бұл терминнің тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу процесін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық мінездемеге ие «әсер ету» түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды. С. И. Макшанов ұсынып отырған «мақсатты түрде өзгерту» термині адам мен топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік мінездемесін ашып, тренингтің «субъект- субъекті» мінездемесін айқындайды, оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты. Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп анықтауға болады. [9]
Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет Бетеледе (АҚШ) К. Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және олар Т-топ деген атқа ие болған. Оның негізінде адамдардың көпшілігі топтасып өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы топтың жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар оған қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К. Левин адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа формаларды қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған. [10]
Т-топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған геторогендік индивидтердің жиыны ретінде болды. К. Левинің оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-дағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады. Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде, оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды. Т-топтарында басқарушы қызметкерлерді, менеджерлер мен саяси көшбасшыларды өзара тиімді қарым-қатынасқа, ұйымдардағы қақтығыстарды шешуге, басқару шеберлігіне, топтық бірлестікті нығайтуға оқытты. Кейбір Т-топтарындағы оқытулар адам өмірінің құндылықтарын анықтауға, өзінің жеке жетілу сезімін күшейтуге бағытталған еді. Мұндай топтар 1954 жылы құрыла бастады және сенситивті топ деп аталған еді. 60 жылдардың аяғы мен 70 - жылдардың басында Т-топтары мен сенситивті топтар көптеп бой алды. Олардың негізгі мақсаты жұмысшы топтарындағы қақтығыстарды шешу және жұмысшы мен қызметкерлер арасындағы кәсіптік қарым- қатынасты нығайта түсу болды. 1964 жылы Т-тобының дамуындағы 17 жылдық тәжірибенің нәтижесі көрініс тапқан жинақ жарық көрді. Онда негізінен төрт мәселе: жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, Т-тобының әдістемесін жаңарту, зертханалық емес жағдайларда зертханалық әдістерді қолдану және теориялық зерттеу мен дамудың шыңдалуы жан-жақты қарастырылды. 60 - жылдары менеджерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында гуманистік психология дәстүріне сүйенген «К. Роджерстің» әлеуметтік және өмірлік қабілеттіліктердің (social/life skills training) тренингі қозғалысы пайда болды.
Өмірлік қабілеттіліктер тренингінде негізінен тренингке қатысушыларға өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш модель пайдаланылды. Бірінші модель өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни: мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын дамытуға сүйенді. Екінші модель тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік қабілеттіліктің төрт категориясын, яғни: жеке адамдар арасындағы қатынас, денсаулықты қолдау, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалды. Үшінші модельге эмоциялық өзін-өзі бақылау, жеке адам аралық қатынас, өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзін-өзіне қолдау көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.
70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М. Форвергтің басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді. Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды. М. Форверг ұсынған әдістердің практикалық қосымшасы ретінде өндірістік кәсіпорындардың жетекшілерін әлеуметтік-психологиялық дайындау болды. [1]
Әлеуметтік-психологиялық тренинг Ресейлік психология практикасында да кеңінен таралды. Әлеуметтік-психологиялық тренинг теориялық және әдістемелік аспектілеріне арналған алғашқы монографиялық еңбек 1982 жылы жарық көрген Л. А. Петровскаяның монографиясы болды. Бұл әдіс балалармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби мамандарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерімен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті пайдалану тәжірибесі Ю. Н. Емельянованың, В. П. Захарованың, Г. А. Ковалеваның, Х. Миккинаның, Л. А. Петровскаяның, Т. С. Яценконың және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты - қатынастағы тиімділікті арттыру- міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке адамның қатынас жүйесін шындай түсу және дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның вербальді және вербальді емес әрекеттерін әр түрлі түспен әрлендіретін бейне болып келеді. Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе перцептивті қабілеттер және т. б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір тренингтік топтың жұмысы барысында әр түрлі міндеттерді пайдалану дұрыс емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады, сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана өзгертуге болады. Адамдарға психологиялық көмек көрсету тәсілі ретінде топтық тренинг алғаш рет шет ел психологиясында қолданылды. К. Левин қалыптастырған негізгі ой: «Адамдар өздерінің бойындағы адекватты емес белгілерді анықтау және мінез-құлықтың жаңа түрлерін қалыптастыру үшін өздерін басқалардың көзқарасымен көре білуді үйренуі қажет» - деген мазмұнда болды. [10]
Алғашқы тренингтік топты (Т-тобын) жаратылыс ғылымдары саласының бірнеше мамандары құрды. Олар 1946 жылы негізгі әлеуметтік заңдарды (мысалы, жұмысқа алу заңы) зерттеу, шешімдердің оңтайлы варианттарын іздеу үшін қолданылды. Оларды қолданумен байланысты әртүрлі жағдайларды «ойнату» үшін іскер адамдар мен кәсіпкерлерді жинаған. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс алу көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игерді. Адамдардың кез-келген тобы шынайы өмірді, қарапайым адамдардың өмірінде бар қарым-қатынастарды бейнелейді. Алайда, жасанды түрде құрылған зертхана шынайы өмірден келесі белгілерімен ерекшеленеді: Психологиялық тәжірибе саласында белгілі мамандар Т-тобының басқа түрдегі топтардан айырмашылығы қалай үйрену қажеттілігін баулуға негізделеді деп жазады. Мұнда топтың мүшелерінің барлығы жалпы өзара үйрену процесіне тартылады және сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады. Т-тобында оқыту жетекшінің түсіндіруі және нұсқауларынан бұрын, топтың өз тәжірибесінің нәтижесі болып келеді.
Т- тобының басқа да басымдық жағы:
өз-өзін таныстыру
кері байланыс
эксперименттеу
сияқты элементтерді шамалаған процестің сипаттамасына байланысты. [10]
Топтық психологиямен және «топ нәтижесін» жеке адамға арнайы әсер ету құралы ретінде пайдалануға байланысты нәтижелі жұмыстар қатарына көп жағдайда А. Адлердің, К. Левиннің, Дж. Мореноның, Дж. Праттаның, К. Роджерстің еңбектері жатады. Топтың жеке адамға кәсіби әсер ету құралы ретінде, отандық психологиялық көмек тәжірибесінде, ХХ ғасырдың басынан бері қолданылады деп айтуға болады. Топтық жұмыстар әдістемелеріне деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылық таныту Ресейде тек осы ғасырдың 90- жылдарында ғана арта бастады. Ресей ғалымдарының арасынан топтық жұмыстардың мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда талдаған алғашқы ғалым ретінде Лариса Андреевна Петровскаяны атауға болады. Оның монографиясы 1982 жылы жарық көрді. Өзінің еңбектерінде ол тренингті (нақтырақ айтқанда, әлеуметтік-психологиялық тренинг ӘПТ) қатынас саласындағы білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:[7]
а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталғандар;
б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталғандар;
Әрине, отандық тренинг мектептерінің көбі батыстан келген теориялық тұжырымдамаларға сүйенеді. Топтық психологиялық жұмыстардың формаларының өзі бүгінгі күнге дейін шетелдік үлгілердің өзгертілген нұсқасы болып табылады.
Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің бірігуі болып табылады. Сонымен бірге, автор тренингтік әдістердің клиникалық психотерапия аясында неврозды, алкоголизмді және бірқатар соматикалық ауруларды емдеу барысында қолданумен қатар, психикалық жағынан сау, алайда жеке басында психологиялық проблемалары бар адамдармен жұмыс істеу кезінде, оларға өзін-өзі жетілдіруде көмек көрсету мақсатында қолданылатындығын баяндайды.
Тренингтің мәніне түсінік беретін көзқарастарға шолуды түйіндей келе, аталмыш ұғымға жалпылама анықтама берілетін тағы да бір көзқарасқа тоқталайық. Этностық толеранттықтың және осы контексте тренингтік топпен жұмыс жүргізу әдістері мен шарттарын ұйымдастыру мәселелерін шеше келе Н. М. Лебедева, О. В. Лунаева, Т. Г. Стефаненко тренингті белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған арнайы үлгіде ұйымдастырылған топтық жұмыс ретінде қарастырады.
1. 2 Ойын іс-әрекетінің негізгі әдіс-тәсілдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz