Технологиялық ішкешеннің басқару объектісі ретінде сипаттамас


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Андатпа

Қазіргі уақытта күкіртті газдарды бірегейлендірудің негізгі әдісі - күкірт қышқылы өндірісі болып қала береді.

Дипломдық жобада мыс өндіру кезіндегі шығатын газдардан күкірт қышқылын алу үрдісінің АБЖ құруды қарастырамыз.

Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде технологиялық үрдістің және контактілі-компрессорлық аппараттың сипаттамасы келтіріліп, үрдістің математикалық балансы есептелінген.

Арнайы бөлімде мыс өндіру кезіндегі шығатын газдардан күкірт қышкылын алу үрдісінің тәжірибедегі жолдамасы, басқару объектісін реттеп және математикалық қойылымның шешу жолдарын көрсетіп, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілуі толық көлемде көрсетілген.

Экономикалық бөлімде жүйені енгізудегі шығындар мен жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген.

Еңбекті корғау бөлімінде өндірістік қауіптер мен зиянды факторлар талданып, үйымдастыру мен техникалық шаралар және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.

Аннотация

В дипломном проекте рассмотрен процесс получения серной кислоты

из отходящих газов при переработке меди, создана система автоматизации

данного технологического процесса.

В первой части рассмотрена технология процесса получения серной кислоты, структурная схема контактно-компрессорного аппарата и рассчитан материальный баланс.

В специальной части рассмотрены существующие системы автоматизации, приведены математическая постановка задачи, система управления процессом, техническое обеспечение и программное обеспечение системы.

В разделе экономики рассмотрены затраты на внедрение системы и экономическая эффективность ог внедрения системы.

В разделе охраны труда приведены опасные и вредные факторы и пути ликвидаций.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 8

1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 10

1. 1 Жезқазған мыс зауытында күкірт қышқылын өндіруге арналған шикізат . . . 10

1. 2 Шығарылатын газдардан күкірт қышқылын өндіру технологиясы . . . 10

1. 2. 1 Жуу бөлімі . . . 11

1. 2. 2 Құрғату бөлімі . . . 13

1. 2. 3 Контактілі-компрессорлы бөлімі . . . 13

1. 2. 4 Абсорбциялық бөлімі . . . 15

1. 2. 5 Жабдықтар сипаттамасы . . . 16

1. 2. 5. Қысымдағыш құрылмасымен әрекет принцибін қысқаша сипаттау . . . 16

1. 4. Контрактілік аппаратының құрылмасы мен әрекет принципін қысқаша сипаттау . . . 20

2. АРНАЙЫ БӨЛІМ . . . 23

2. 1 Технологиялық ішкешеннің басқару объектісі ретінде сипаттамасы . . . 20

2. 2 Бақылау және реттеу жүйесінің қысқаша сипатамасы . . . 25

2. 3 Тарамдалған ішкешеніннің басқару мәселесінің құрылымын анықтау . . . 27

2. 3. 1 Басқару жүйесінің қызмет етуінің жалпы алгоритмі . . . 29

2. 3. 2 Автоматтық қамтамасыздандыру . . . 35

2. 4. ТҮАБЖ техникалық қамтамасыздандыру . . . 36

2. 5. Бағдарламалық қамтамасыздандыру . . . 37

2. 6. Автоматтандырудың функционалдық сұлбасының сипаттамасы . . . 40

3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 42

ТҮАБЖ ендірудің экономикалық тиімділігін негіздеу . . . 42

3. 1 Автоматтандырылған жүйені құруға жұмсалған шығындарды анықтау . . . 42

3. 1. 1 Автоматтандыру кұралдарын және есептеу техникасын сатып алуға жұмсалған шығындар . . . 42

3. 1. 2 ТҮАБЖ эксплуатациясына жұмсалған шығындар . . . 43

3. 1. 2. 1 Амортизациялық шығындар . . . 45

3. 1. 2. 2 Күнделік жөндеуге жұмсалған шығындар . . . 46

3. 1. 2. 3 Электр энергиясына жұмсалатын шығындар . . . 47

3. 1. 3 Қызмет көрсетуші персоналдың жалақысына жұмсалатын шығындар . . . 49

3. 2 ТҮАБЖ экономикалык тиімділігін және акталу мерзімін есептеу . . . 49

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . . 53

4. 1 Өндірістік қауіптер мен зияндарды талдау . . . 53

4. 2 Еңбек қорғау бойынша үйымдастыру шаралары . . . 54

4. 3 Техникалық шаралар . . . 56

4. 3. 1 Ауа алмасуды ұйымдастыру . . . 57

4. 3. 2 ЭЕМ машиналық залында өндірістік шуды төмендету шарасы . . . 57

4. 3. 3 Жеке қорғау құрлымен қамтамасыздандыру . . . 58

4. 4. Табиғи және жасанды жарықты ұйымдастыру . . . 59

4. 5. Өртке қарсы шаралар . . . 61

4. 6. Қоршаған ортаны қорғау . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде шикізатты кешенді түрде өндеу мәсілісі өндеу өндірісінде маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. . Әсіресе, бұл мәселе өңделіп, атмосфераға шығарылатын күкіртті газдарды бірегейлендіру мәселесі маңызды орын алатын көптеген түсті металлургия өндірістеріңе тән. Қазіргі замандағы күкіртті газдарды бірегейлендірудің нсгізгі әдісі күкіртқышқылы өндірісі болып қала береді.

Өндіріс көлемі бойынша күкіртқышқылы химиялык заттар арасында алғашқы орындардың бірінде түр. Кез-келген елде оны өндіру көлемі сол елдің өндірістік даму деңгейінің кәрсеткіші ретінде карастырылады. Күкірт кышқылы бірталай маңызды өнімдерді алу үшін халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылады және оған сұраныс үнемі артык отырады. Сол себепті күкіртқышкылы өндірісінің қуатын арттыруға кои көңіл бөлінді.

Түсті металлургиядан шыгатын газдардан күкіртқышкылын алу күкіртқышқылы өндірісінің маңызды шикізат коры болып табылады. Металлургиялық өндірістен шығатын газдарды өндеу ауа бассейнін ластанудан қорғау мәселесімен байланысты. Күкіртқышқылы құрылғылары түсті металлургияларда шығатын күкіртті газды күкірт кышкылына өңдей отырып негізгі өндірістің зиянды өндірістік қалдықтарынан атмосфералық ауаны тазарту үшін қызмет ететін газтазарту қүрылғысының функциясын атқарады. Сондай-ақ минералды шикізатты толығымен колдану және көтерінкі кешендендіруге байланысты барлык өндірістің экономикалык жұмыс көрсеткіштері жақсарады.

Металлургиялық газдардан алынатын күкірт қышкылының өз күны химиялық өндірістің күкіртқышкылы цехтарында алынатын қышқылдың өз қүнынан әлдеқайдан төмен. Пирит және күкірттен алғанға қарағанда, түсті металлургиялық өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы - мұнда шикізатты алу үшін рудниктердің қажеттігі тумайды, көліктер сәйкес жүктемелерден босатылады, соның әсерінен қаржылы шығындар азаяды. Түсті металлургияның алдындағы мәселелердің бірі -шығарылатын газдар негізіндегі күкіртқышқылы өндірісін жақсарту.

Күкіртқышқылы өндірісін жақсартудың маңызды элементі

Автоматтандыру болып табылады. Ғылыми - техникалық процестің дамуының негізгі шарты болып табылатын кешендік автоматтандыруға көп көңіл бөлінді. Бақылау мен реттеу автоматизациясы мен технологиялық процестер арқылы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу еңбек пен кұрылғының өнімділігін арттыруды және оның орнықты жүмыс істеуін, шығарылатын өнімді арттыру, оның сапасын көтеру, өз кұнын төмендетуді, шикізат шығындарын азайтуды камтамасыз етті, сондай-ақ адамдарды өндіріс процесіне тікелей катысуынан босатты және химиялык, әсіресе күкіртқышқылы өндірісінде аса маңызды орын алатын қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын құру мүмкіндігін береді.

Түсті металлургиялык өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы оның металлургиялык шектік режиміне тәуелділігі. Күкіртқышқылы цехына түсетін газдардың көлемі түрақты емес, SО 2 концентрациясы кең ауқымда өзгереді. Күкірткышқылын алудың технологиялық режимін орныкты етіп ендіру үшін кіріс айнымалыларының ауытқулары болмауы керек, өйткені олар контактілік аппаратының жылу балансын бұзады, ал оны колдан реттеу мүмкін емес, себебі оптималды режимнен сәл ғана ауытқу процестін автотермиялығының бүзылуын, яғни көп шығындарды тудырады.

Осыған байланысты жұмысты орныкты ету үшін және тиімділікті көтеру мақсатымен күкірткышқылы өндірісін басқарудың

автоматтандырылған жүйесін кұру маңызды және кажетті мәселе болып отыр.

Бұл жобада Жезказған мыс зауытында контактілік және компрессорлық бөлімде ТҮАБЖ кұру қарастырылды.

1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Жезқазған мыс зауытында күкірт қышқылын өндіруге

арналған шикізат

Күкірт қышқылын өндіруге арналған шикізат ретінде электр пештер -ден (8О 2 концентрациясымен 3% дейін және 50 мың м 3 газ шығынмен) және конверторлардан (8О 2 концентрациясымен 10% дейін және 60-70 мың м газ шығынмен) шығатын шаң ұстау бөліктерде шаңдардан тазартылған газдар, сондай-ақ күкірт жағушы құрылғыларда карапайым күкіртті жаққанда алынатын газдарды айтады.

Күкірт қышқылы өндірісіне келетін газдардың химиялык күрамы 1-кестеде келтірілген.

1 -кесте

Күкірт: Күкірт
:
Химиялық құрамы, %: Химиялық құрамы, %
Күкірт: қышқылы өндірісі үшін газдар
: SO;
Химиялық құрамы, %: 3
O 2
N 2
Н2О

шаң

г/м 3

Күкірт: Металлургиялык газдар
: 2-6
Химиялық құрамы, %: 0, 05-0, 1
14
78, 2
3. 5
0, 2
Күкірт: ССУ-дан газдар
: 11-13
Химиялық құрамы, %:
6-9
81

1. 2 Шығарылатын газдардан күкірт қышқылын өндіру

технологиясы

ЖМЗ күкірт қышқылы цехы жуу бөлігінен (ЖБ), қүрғату- абсорбциялык (КСБ), контактілі-компрессорлы бөлімінен және дайын өнімдер қоймасынан тұрады. Контактілік әдісімен Н 2 SO 4 алу процесі келесідей негізгі амалдардан тұрады:

1. тазартушы күкірт қышқылы мұнараларында шаңдарды, мышьяк, фтор қоспаларын ұстау арқылы газдарды жуу және оларды дымқыл электро сүзгілерде Н 2 4 тұмандарынан тазарту;

2. мұнараларда насадкамен толтырылған мұнараларда концентрацияланған күкірт қышқылы дымқылынан газдарды құрғату;

3. Контактілік аппаратында ванадий катализаторында күкірт диоксидін триоксидке тотықтыру;

4. моногидратты сорғышта SО 3 -ді жүту (абсорбция) .

1. 2. 1 Жуу бөлімі

Құрғак электро сүзгілерде тазартылған 200-350 С температурадағы газаход бойынша жуу бөлігіне (ЖБ) түседі.

Жуу бөлімінде күкірт кышкылы калдық шаңдарды, зиянды қоспалардың (Аs, Ғ, Н 2 О булары) бөлінуін жою және кұнды сыңарларды алу үшін тазаланатын газға қарағанда температурасы анағүрлым төмен күкірт қышқылы арқылы өңделеді.

Газды ерекше тазарту мышьяк және фтор қоспалары үшін қажет. Олар каталитикалық у бола отырып, катализатор белсенділігін және шығарылатын кышкылдың сапасын төмендетеді.

Жуу мүнараларында газды жуу жағдайларында температураның төмендеу кезінде шығарылатын газдардың күрамында мышьяк үштотығы буы (А S 2 О 3 ) түрінде кездесетін мышьяктың бір бөлігі конденсацияланып, бүркү қышқылында ериді, қалған бөлігі күкірт қышқылы тұманына айналады да, дымқыл электросүзгілерде бөлінетін газ ағынымен кетеді. Газ Құрамында фторлы сутек және төртфторлы кремний (НҒ, S іҒ 4 ) түрінде кездесетін фтордың пассивтенуі Рашиг сақиналары есебінен болады. Фтор белсенділігі аз (SіҒ 6 ) -2 ионына өтеді. Газ құрамында тотық түрінде кездесетін рений Ке экстрактылық жолмен алу үшін сирек кездесетін металл бөліміне түсетін формүнараның жуу қоспасына өтеді.

Жуу бөлімінде газды тазарту жеке аппаратурада тізбектей келесі

ұстаным бойынша жүзеге асырылады ( аппаратура - технологиялық сұлбаны

кара) .

Қалдық шаңның негізгі бөлігі 1- ші формүнарада жойылады. Осы мүнарада газдан жылудың непзп бөліп алынады (газ 200-350 С- ден 50-80 С температураға дейін төмендейді) . Температураның күрт төмендеуі нәтижесінде күкірт қышқылы, рений тотығынан және зиянды қоспалардан (Ғ өте аз көлемде) түратын түманның негізгі бөлігі түзіледі. Фтор қоспаларын толығымен жою үшін газ формүнарадан керамикалық Рашиг сақиналарымен толтырылған реакторға түседі. Газ реактордан бірінші және екінші жуу мүнараларына өтеді, (2 және 3) . Мұнда газ әрі қарай коспалардан тазартылады, суытылады да ( I жуғышта 40-60 С дейін, II- жуғышта 30-35 С дейін) түманның қосымша болігі түзіледі. ( қышқыл газбен анағүрлым тығыз байланысуы үшін II жуу мүнарасы ангилиталык Рашиг

сақиналарымен толтырылған) . Бұл мұнараларда түманның аз бөліп ғана жүтылады, бірак оның негізгі бөлігі бірінші сатылы дымкыл электросүзгілерде үсталады, сонан -- соң газ құрамында түманның майда тамшылары ғана қалады. Әрі қарай тазарту мақсатымен бүл тамшылардың өлшемін үлкейту үшін газ дымкылдайшы мүнараға түседі. Бұл жерде ол қосымша суытылады, ал тұман судың буларын жүту есебінен үлкейеді. Тұманның үлкен тамшылары екінші сатылы дымкыл электросүзгілерде жеңіл тұнады.

Күкірт қышқылы тазартылғаннан кейін формүнарадан және I жолменжуу мұнарасынан ағып келіп кейіннен РМУ-да айдалатын шкамды тұндыру үшін тұндырғышқа түседі. Қышқылдың ағартылған ерітіндісі жинағышқа беріледі, сонан соң айналмалы насостар көмегімен тазарту тоңазытқыштарына өтіп қайтадан тазаруға бағытталады. Екінші Дымқылдаушы мүнарада түндырғыштар жоқ. Бірінші және екінші сатыға электросүзгілерді конденсат екінші жуу және дымқылдау мұнарасын тазартатын қышқылға біріктіріледі.

Шаңнан және тұманнан тазартылған, бірақ дымқыл газ кептірілугн жіберіледі.

1. 2. 2 Құрғату бөлімі

Күкірт қышқылын құрғатудың технологиялық әдісі су буларын қаркынды жұтқыш күшті күкірт қышкылы қасиеттеріне негізделген. Құрғату кептіргіш мұнараларда екі сатыда жүзеге асырылады. Ол мұнараларда газ концентрациясы 93-93, 5% тазартылушы күкірт кышқылына қарсы жылжып осы мұнараның кондырушыларының бетінде беттеседі.

I құрғату мұнарасында газ құрамындағы барлық ылғалдың 90 пайызы жұтылады. Сонан соң газ II құрғату мұнарасына өтеді. Тазартылатын қышкыл мнараның төменгі жагына жиналып, өз бетімен жинағышка түселі. Онан кейін қышкыл тоңазытқыштары аркылы насостар көмегімен тазартылуға жіберіледі. Н 2 О 4 түракты концентрациясын сақтау үшін оны моногидратты сорғыш циклындағы 98, 3% концентрациялы моногидратпен біріктіреді. Газ мұнарада кептірілгеннен кейін қондырғы типті бүркінұстағышқа бағытталады. Қышқыл бүркінлері бүркінұстағышта тұнып өзбетінше қышқылөткізгіш бойынша II кептіргіш мұнарасының жинағышына түседі. Бүркінұстағыштан кейін газ сығу бөлімі алдындағы жалпы коллекторға өтеді.

1. 2. 3 Контактілі-компрессорлы бөлімі

Барлық жүйе бойынша газды тасымалдау үшін компрессорлы бөлімінде 65000 нм 3 /сағ өнімділікке ие Н- 1050-12-1 - типті жеті газ айдағыш Құбырлар орналастырылған. Олардың төртеуі жұмыс істейді, үшеуі қосарда болады. Жеті газ айдағыш түтіктің 630 КВт қуатты асинхронды

қозғалтқышы бар және ол абсорбциялық-қысымдау үстанымы бойынша жүмыс істейді. (контактілік аппараттары және абсорбциялык бөлімі сығылған, газ жолының қалған бөлігі сиретілген) . Компрессорлы бөлімінен

кейін 50- 60 С температуралы газ контактілік аппаратының алдындағы жалпы коллекторға беріледі.

Контактілік бөлімінде 5 төртқабатты контактілік аппараттары орналастырылған, олардың өнімділігі 305 т/тәулігіне (100% қайта санауда Н2SО 4 ) . Контактілік аппараттарында екі сыртқы, екі шығарылған және бір ішіне ендірілген жылуалмастырғыштары бар. Газ жүктемесі 35-50 мың м 3 /г. Жоба бойынша БА алдындағы SО 2 қүрамы- 6%, ал практикада мыс еріткіш өндірістің жұмыс режіміне байланысты маңызды мәнге ауытқиды. Контактілік әдісімен Н 2 4 әндірісінде католизатор ретінде байланысушы ванадий массасы БАВ (барий- сульфид- ванадий) колданылады, оның құрамында У2О5 - 7, 5% және жану температурасы 423° С.

Контактілік коэффициент жоғары дәрежесін алу үшін әрбір кабаттан кейін газды 440-450° С температураға дейін суыту керек. Жалпы коллектордағы газ (50-60°С) майбөлгішке бағытталады. Ол жерде май мен қышқыл бүркінділері түнады және I сыртқы жылу алмастырғыш (ЖА) түтікаралық кеңістігіне беріледі. Жылу алмастырғышта 210° С- ге дейін қыздырылып, сыртқы ЖА түтікаралық кеңістігіне (2) өтеді, ол жерде газ 370° С-ге дейін қыздырылып, 2 қабаттан кейін шығарылған ЖА-ға беріледі, онда 400°С-ге дейін қыздырылып, бір қабаттан кейін шығарылған ЖА- ға келеді. Сонан соң 440-460°С температуралы газ БА бірінші қабатына бағытталады. Ол жерде SО 2 3 -ке тотығып, сондай-ак оның температурасы 520-580° С°- ге дейін көтеріледі. Бірінші қабатта SО 2 70 пайызға дейін тотығады. 1- ші қабаттан кейін газ шығарылған жылу алмастырғыштың түтік кеңістігіне бағытталады, онда 440-460°С -ге дейін суытылып, 2-ші қабатқа беріледі. Жылу алмастырғыштың түтік кеңістігіне газ 440° С- ге дейін суытылып 3- қабатқа беріледі. Тотығу нәтижесінде температура қайта көтеріліп, 470° С- ге дейін жетеді. Суыту ішіне ендірілген ЖА- да 430° С- ге жетеді, сонан соң 4- ші қабатқа беріледі. Контактілік пайызы 96-97 % - ды кұрайды.

Төртінші қабаттан соң, газ (430-440° С) сыртқы ЖА (250-320 °С) түтік кеңістігінің (2) төменгі жағына, содан кейін сыртқы ЖА (120-150° С)

жоғарғы бөлігіне (1) бағытталады да әрі қарай соруға жіберіледі.

Контактілік аппараттарын жүктеу және қыздыру үшін 3 жүктеуші қыздырғыштар орнатылған. Ол ЖА огтығынан, жүктеуші қысымдауыштан және бусорғыштан түрады. Жүктеуші қыздырғыштар оттығы мазутты жағу үшін арналған. Түзілетін оттық газдары (660-650° С) ЖА түтік кеңістігіне бағытталады және түтін түтігіне шығарылады. Контактілік аппаратын жүктеу немесе тоқтату үшін күкіртті газ немесе ауа ЖА түтік аралық кеңістігіне түседі, түтін газдары есебінен 440-460° Г температураға дейін қыздырылады, сонан соң контактілік аппаратына түседі.

1. 2. 4 Абсорбциялық бөлімі

Контактілік аппаратынан соң SО 3 және SО 2 аз көлемінен тұратын газ абсорбциялык бөліміые түседі. Оыда SО 3 моногидратты сорғышта Н 2 4 моногидратымен 98, 3 пайызға дейін жүтылады.

Газ мұнараның төменгі жағындағы газ қорабына өтеді. Насос арқылы қышқыл кысымды бакқа беріледі, ол жерден сорғыштың барлык қимасы бойынша таралады. Н 2 4 тазартылғаннан кейін мұнараның төменгі жағында жиналады да, өз бетінше жинағышқа беріледі, сонан соң тоңазытқыштар арқылы насос көмегімен қайтадан тазартылуға жіберіледі. Құрамында азғана SО 2 және SО 3 бар, сондай-ак бүркінді қышкылдан түратын өңделген газ қоспасы сорғыштан шығып, артқы бүркінді ұстағышқа бағыттылады, сонан соң металлургиялық цехтың құбырана шығарылады.

Бүркінді ұстағыштағы конденсат моногидратты сорғыштың жинағышына ағып келеді, онда Н 2 4 (98, 3%) түрақты концентрациясын ұстау үшін бірінші кұрғату мұнарасы циклынан кышқыл беріледі.

1. 2. 5. Жабдықтар сипаттамасы

Қысымдауыш құрылмасы мен әрекет принципін кыскаша сипаттау

ЖМЗ -ға газды жылжыту үшін 64800 м /сағ өнімділікке ие Э-1050-13-4

типті қысымдауыштар орнатылған. Қысымдауышқа түсетін газ суытылған және коррозия тудыратын, сондай-ақ қысымдауыш жұмысын бүзатын қоспалардан тазартылған.

Э-1050-13-4 типті қысымдауышының техникалық сипаттамасы (газ тығыздығы р=1, 4 кг/м 3 , кірісіндегі сиретілген қысымы 4, 9 кПа) .

Көлем бойынша өнімділік 1680 мҮмин

Жалпы қысым 2800мм. су ст.

Электрокозғалтқыш қуаты бЗОкВт

Қысымдауыш валдың айналу жиілігі 2975 айн/мин

Кірістегі газдың температурасы 50 и С

Өлшемдері: іргетастың үзындығы 5000мм.

Іргетастың ені ЗОООмм.

Қысымдауышты электроқозғалтқыш айналдырады. Ротордың айналу бағыты сағат тіліне карсы болады.

Қысымдауыштың болат корпусның ішінен подшипниктерге орнатылған болат вал өтеді, оған жүмыс дөңгелегі отырғызылған. Газ сорғыш құбыр бойынша қысымдауыштың абсорбциялық камерасына (кіріс құбырына) келеді, сонан соң жүмыс дөңгелегі қалақшалармен түзілген арналар бойынша айналмалы жүмыс дөңлегінің ортасына түсіп, сығылады да ғаз ағынын жинау үшін және оны қысымдауыш қүбырғы әкелу үшін корпусқа бағыттылады. Лабиринттік нығыздау есебінен қысымдауыш атмосфералық ылғалды ауаны сормайды және ортаға SО 2 шығарылмайды. Қысымдауыш корпуспен өткізуші кұбыр арқылы жалғанған. Ол кұбыр аркылы лабиринттік нығыздауға аз көлемде газ беріледі, ол ауаны соруды азайтады. Өткізгіш құбырда монометр орнатылған, оның көрсеткіштері бойынша осы құбырда краннның ашылуы реттеледі.

Вал подшипниктері арнайы құбыр майымен үнемі жағылады және

салқындатылады. Ол май қысымдауыш валдан жеткізілетін насос арқылы беріледі. Жағылытын май өз кезегінде май жинағышта орналастырылған змиевиктерде айналатын су аркылы суытылады.

Қысымдауыш беретін газ көлемін реттеу үшін сорғыш және қысымдауыш құбыр өткізгіштерінде задвижкалар орнатылған.

Қысымдауышты косқанда абсорбциялык сызығындығы задвижка жабылады және толу сызыгындағы задвнжкалар ашылады. Электродвигателдің қалыпты айналу санына жеткен соң қысымдауыш газдың кажетті көлемін бермейінше абсорбциялык линиясындағы жадвижка біртіндеп ашылады. Газдың жылжуын одан әрі реттеу абсорбциялық линиясындағы задвижка көмегімен жүзеге асырылады. Берілісті азайту үшін қысымдауыш линиядағы газдың бір бөлігі байпас ашылатын клапаны арқылы абсорбциялык кұбырына қайтадан түседі.

Қысымдауыштың жүмысын сипаттайтын негізгі шамалар - өнімділік, Q (беріліс) және кысымның кұлауы Р.

Q (АР) тәуелділігінің графикалык өрнегі қысымдауыштың қысымдык сипатамасы деп аталады. Тұрақты және белгілі бір жұмыс дөңгелегінін айналу санымен n жұмыс істейтін орбір накты машина үшін қысымдық сипаттама зауыттық сынақтар негізінде тәжірибелік түрде алынады және техникалық құжатқа жатқызылады.

1. 5-суретте келтірілген диаграмамдан қысымдауыш өнімділігінің артуымен пайдаланылатын қуаттың артатынын көреміз және алдымен артады, сонан соң пайдалы әсер коэффициенті төмендейді. Егер жүйенің жалпы гидравикалық кедергісін төмендетсек, қысымдауыш өнімділігі жоғары болуы мүмкін.

Пайдаланылатын қуат N, кВт

2- пайдалы әрекет коэффициент

1-қысымның көтерілуі

1. 5-сурет Қысымдауыштың сипаттамалары

1. 4. Контактілік аппаратының кұрылмасы мен әрекет принципін қысқаша сипаттау

ЖМЗ- дағы SО 2 - нің SО;, -ке тотығуы реакциялык құрылғыда-катализаторының төрт көлденең түракты кабаты бар және жылу алмастырғыштарында жылу бөлінетін К-39-4 контактілі аппаратында жүргізіледі.

К-39-4 контактілі аппаратының техникалык сипаттамасы.

Өнімділік SО5т/с

2 концентрациясы 6, 5%

Айналу дәрежесі 96%

Газ көлемі 65 мың м

Өлшемдері (диаметр, биіктік) 6, 8 х 18м.

Аппараттың корпусы тік цилиндр тәрізді, төменгі жағы кеңейтілген (контактілік массасының төменгі қабаттарының гидравликалық кедергісін азайту үшін) болып келеді. Аппараттың ішкі диаметрі 6 м, жалпы биіктігі 18 м. Контактілік массасы апппарат қабырғаларына бекітілген торларда орналасқан.

Контактілік массасының бірінші, екінші және төртінші қабаттан кейін газ шығарылған жылуалмастырғыштарды суытылады.

Жылуалмастырғыш болат құбырлар ввалцованы жоғарғы және төменгі торлары бар тікболат цилиндрден тұрады. Контактілік аппаратынан ыстық газ жылу алмастырғыш құбырлар бойымен төменгі жақтан кұбыраралық кеңістікке түсетін (немесе керісіише) суық газга қарама- қарсы бағытта жоғардан төменге қарай жүреді. Катализатордың ең соңғы қабатында араларына тік спираль ажыратқыш орнатылған екі көлденең пластиналардан тұратын пластикалық жылу алмастырғыштар орналасады. Суық газ спираль арна бойымен, реакциялық қоспа пластиналарды біріктіретін патрубка бойымен жоғарыдан төменеге жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газбен келетін жылу
Автоматты реттеуіштер
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Өнімділігі жылына 250 мың.т болатын күкірт қышқыл өндірісінің цехын жобалау
Әлеуметтанулық зерттеулер
Жер ресурстары
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Компьютерлік графика жайлы
Басқару аппаратының бюрократиялық себептері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz