Әлемнің жеті кереметі



1. Мысыр пирамидасы
2. Галикарнас кесенесі
3. Артемида ғибадатханасы
4. Александрия маягы
5. Семирамиданың аспалы бағы
6. Зевс мүсіні
7. Родос алыбы
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
1. Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де - осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі - 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы - көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида - Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

2. Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

3. Артемида ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған.
Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.

4. Александрия маягы
Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі - 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы - Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-сына ол: Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым, - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айша бибі мазары
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Әлем халықтарындағы жеті саны
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Әлем кереметтері
Әлемнің жеті кереметтері
Домбыра құрылымы
Әлемнің көне жеті кереметі
Әлемнің жеті кереметі туралы
Пәндер