ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 1
3: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
КІРІСПЕ: 1. 1
3: Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері
5
КІРІСПЕ: 1. 2
3: Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі
10
КІРІСПЕ: 1. 3
3: Коммерциялық банктер қызметін бағалау және талдаудың методологиялық аспектілері
18
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 2
3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
КІРІСПЕ: 2. 1
3: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау
24
КІРІСПЕ: 2. 2
3: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқа банктермен қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау
39
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: 3
3: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОҒАРЫЛАТУ
КІРІСПЕ: 3. 1
3: Банк пайдасын ұлғайту жолдары
51
КІРІСПЕ: 3. 2
3: Коммерциялық банктердің табысын басқаруды жетілдірудің мәселелері және жолдары
57
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 63
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 68
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
3:

КІРІСПЕ

Қазақстанда банктік жүйе экономикалық процессте қайта құрулуда маңызды рөлі ойнайды. Коммерциялық банктердің қолында қаржылық, инвестициялық, өндірістік және басқада көптеген экономикалық салаларға әсер ететін тетіктер бар. Коммерциялық банктердің өз қызметінің жүзеге асыруы сәйкесінше қажеттіліктер мен және мемлекеттің экономикалық мақсатының тәуелдігі, оларды басқарумен байланысты. Банктің қызметінің арасындағы теориялық және практикалық мәселелерінде - табысты, шығындар мен қаржылық нәтижелерді қалыптастыру және олармен басқару. Оның мазмұнының құрылуы, коммерциялық банктердің тиімді жұмыс істеуі белгіленген шартында және жетіспеген мәліметтерді орналастыру барлық қолжеткізген инвестициялық қаражаттар құрылуы негізінде, максималды табысты қамтамасыз етеді. Коммерциялық банктердің оңтайлы өтімділігі ішкі және сыртқы шектеу есепке алынуы.

Банктің тұрақты және ырғақтылық табыстарының өсуі банктің мамандандырылған басқару нәтижесі болып табылады және керісінше активтер операцияларының басқаруының төмендеуі табыстар өсімімен көрсетіледі. Банктің барлық алынған табыстары талдануы және реттелуі керек.

Банк алдындағы осы жоспарда тұрған тапсырманы келесі екі негізгі орынға жатқызуға болады. Біріншіден, бірнеше жылдың динамикасында жиынтық табыстың құрылымы және деректер көлемін үнемі бағалау қажет, олардың түрлерінің әр түрлілігінің арасындағы арақатынасты анықтау, табыстың жалпы сомадағы әрбір табыстың салмағын, тұрақты көздердің есебінде табыстың негізгі массасын отандық қамтамасыз ететін және болашақта шолуда осы көздерді қолданылатын мүмкіндікті, операцияларды анықтау. Мұнда банктің жұмысының қалыпты куәлігі болып ең бастысы олардың тұрақты (берілген емес және спекулятивті емес) көздерінің банктегі жалпы табыстың қарқыны және өлшемдердің айқын тәуелдігі және негізгі қызметтен табыстардың өсу қарқыны ырғақтылығын санауға болады.

Екіншіден, банк жетекшілері табыстылықтың максималды қамтамасыз ету тұрғысынан жобаланған кезеңде көбенесе маңызды болып саналатын оның қызметінің қандай бағттары, сонымен қатар табыстарды табу механизміне қандай өзгертулер қажет екенін үнемі анықтауға міндетті.

Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің қызметінің мәні және Қазақстан Республикасында банктер қызметінің ұйымдастыру негізі қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан республикасының комерциялық банктерінің қаржылық жағдайын талдау және оны басқару қарастырылған.

Ал үшінші бөлімде коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын табыстылығын жоғарлату қарастырылып және мәселелері де баяндалған.

Тақырыптың өзектілігі - екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу жолдары халықаралық стандарттарға сай болуы - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметін талдау және банктердің қазіргі таңдағы қаржылық жағдайын басқару.

Бұл мақсаттарға жету жолында келесідей мәселелер қарастырылды:

  1. Банктердің қызметін реттеу қажеттілігі;
  2. коммерциаялық банктерінің қаржылық-шаруашылық тұрақтылығына қаржы дағдарысының әсері;
  3. Банктің қаржылық жағдайын жоғарлату жолдары.

Мен бұл дипломдық жұмысты орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесі құжаттар: «Қаржы Қадағалау Агенттігі туралы», «ҚР Ұлттық Банкі туралы», «Бағалы қағаздар туралы» заңдар, Екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу мәселелеріне қатысты қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектерін пайдаланылды.

Қазіргі кездегі Қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақсыз болып келеді, бұл әлемдік тоқырауға байланысты. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған негізгі мәселелер - қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ҚР Қаржылық нарық, ҚР Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі табылады.


КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ
Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады. [1]

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

Кесте 1

ҚР-ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы (кезеңнің соңына) *
Банктер түрлері
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
Банктер түрлері: Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:
2002: 82
2003: 71
2004: 55
2005: 47
2006: 44
2007: 36
2008: 35
Банктер түрлері: соның ішінде:
2002:
2003:
2004:
2005:
2006:
2007:
2008:
Банктер түрлері: Мемлекеттік
2002: 6
2003: 1
2004: 1
2005: 1
2006: 2
2007: 2
2008: 2
Банктер түрлері: Мемлекетаралық
2002: 1
2003: 1
2004: 1
2005: 1
2006: 1
2007: -
2008: -
Банктер түрлері: Шетел капиталының қатысуымен
2002: 22
2003: 23
2004: 22
2005: 16
2006: 16
2007: 17
2008: 17
Банктер түрлері:

Еншілес

Банктер

2002: 7
2003: 11
2004: 12
2005: 12
2006: 11
2007: 11
2008: 10

* Дерек көзі: ҚР Ұлттық банктің N 1. 2002-2008жж. Статистикалық бюллетенінен алынған.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенситвтік өсуімен байланыстыруға болады.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетгі саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуга Ұлттық банктен рұқсат aлy;

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа) ;

- банктің жарғысы ( түп нұсқа) ;

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы маліметтер (Ұлттык банктің белгілеген тізімі бойынша) ;

- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін) ;

- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жузеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т. с. с;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;

- нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;

- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мөліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді. [2]

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты бсруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кореспондентік шот­тарын ашу және жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

- төлем карточкаларын шығару;

- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

- төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын) ;

- чек кітапшаларын шығару;

- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттөмені орындау;

- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орын­далуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;

- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық; - клирингтік. . [3]

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңғейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жузеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:

- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мөліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтары алуы мүмкін:

- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;

Қазақстандык төжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылык капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.

Жарияланған -жарғылық қордың 50 %-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материялдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттык банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттерінің бірі - сәйкес банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.

Сәйкес қашықтан (дистанционды) қадағалату әдісі және инспекциалық әдісі.

Қашыктан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жургізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.

Қашықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.

Сурет 1. Қашықтан қадағалау механизмі

Ақпараттык, есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді. . [4]

Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық түрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.

2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған үқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сүрақтарды камтиды:

1) капитал;

2) активтердің сапасы;

3) пайдалылық пен рентабельділік;

4) өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.

Капиталды талдау.

Капитал - банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жанжақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.

Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қальптастыратын талдаушы мынадай сүрақтарды ескеруі қажет:

- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?

- Ең төменгі мөлшерде асқан жағдай бар ма?

- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?

- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз ссептеуге алынған тәуекелдер бар ма?

- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?

- Банк капиталының сапасы қандай?

Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін түрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?

Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын кайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың түрақсыздығы банк капиталын кебейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себсптердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Банк өтімділігі
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz